Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет139/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

3.
Сырбай Мәуленов, «Мұхтар асуы».
Жайылып кең құшақтардай, 
Ірілік мінезіңмен, 
Мінбелерге көтерілдің,
Кесек турап, ұсақтамай.
Шығарса атыңды Абай,
Шығардың атын оның.
Сөнбейтін ақындардай,
Өлмейтін батырлардай,
Өмірде жатыр жолың...
4.
Сәкен Жусуев (қырғыз ақыны)
Көп жүрдіңіз қырғыздың айылында,
Көп ойланып қазақтың арасында.
Құмар болып талай күш, талай жырға,
Көтердіңіз Қырғыздың «Манасын» да,
Көтердіңіз қазақтың Абайын да...
М.Әуезовке арналған ақын-жазушылардың ыстық ықылас сезімдері мен өшпес махаббаттарынан туған дүниелермен 
таныстық.
ІІІ. Жаңа сабақ:
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді.
Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша 
бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің 
көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік.
ІҮ. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» стратегиясы.
Кинофильмнен үзінді көрсету арқылы өтілген материалды еске түсіреміз.
1. Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қызғызфильм» киностудиялары бірігіп түсірген
«Выстрел на перевале» (Асуда атылған оқ») көркем фильмі.
2. Фильм кімнің, қай шығармасы желісі бойынша түсірілген?
М.Әуезовтің «Қ-Қ о» повесі негізінде түсірілген.
3. М.Әуезовтің бұл шығарманы жазуына не себеп болды?
Оқиға аса дәулетті және белгілі байлар басқарған рулардың арасында ұдайы талас-тартыс өршіген таулы ауылдарда 
ХХ ғасырдың бас кезінде өтеді. Жарасбайға адал қызмет етуге тырысқан Бақтығұл кедей, байдың бұйрығы бойынша 
өзімен араз байдың жылқысын айдап әкетеді. Алайда, Жарасбай қастандығының нәтижесінде Бақтығұлды кедей байлардың 
сотына береді, олар түрмеге қамау туралы үкім шығарады. Бірақ Бақтығұл қашып кетеді де, Қараш асуында Жарасбаймен 
есеп айырысады. Міне, Бақтығұлдың яғни, Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты 
100


жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет