5. Хикаяттың негізгі тақырыбы қандай? Хикаятта Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының айқын картинасы, таптық сананың ояна бастағаны сезіледі.
Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.
6. Шығарманың негізгі идеясы қандай? Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын,
жігерін көрсеткен. Хикаяттың басты идеясы осы.
Ү. Мағынаны тану бөлімі. Бұл бөлімде түрлі түсті ұяшықтардың астында жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша
шығарманың проблемасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әңгімелесеміз.
1.
Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр?
2.
Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3.
Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Барымта деген не?
4.
Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
5.
Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
6.
Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
7.
Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
8.
Бақтығұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді, сондағы мақсаты не еді?
9.
Бақтығүл өзінің қателескенін қашан түсінді?
10.
Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
11.
Шығарма неге «Қ-Қ о» деп аталған?
12.
Повесть деген не?
ҮІ. Бақтығұл бейнесін ашу. Мәтінмен жұмыс. 1.
Бақтығұлдың портреті. Бақтығұл өзі кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген. Қалың тік қара мұртты.
2. «Топтастыру» стратегиясы арқылы Бақтығұл кім, қандай деген сұрақтарға жауап беру арқылы топтастыру. Жылқышы
Намысшыл
Қорғансыз
Аңғал
Бақтығұл Панасыз
Батыл
Шыдамды
Сенгіш
Кек алушы күрескер
Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Сорлы
Еңбекқор
3.