Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет172/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   285
Сабақты қорытындылау
Парасатты болып туған –
Шыңғыстаудың Абайы,
Ән мен жырын мұра қылған
Сарыарқаның Абайы,
Нақылымен сана құйған –
Қазағымның Абайы деп бүгінгі сабақты қорытындылаймын.
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ. КӨКТЕМ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы 
қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмашева Қазима Төлепбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем.
Сабақтың мақсаты: Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан-жануарлар дүниесіндегі мен құбылыстар 
туралы тереңірек тоқталу. Оқушыларды мәнерлеп жылдам оқуға үйрету, қызығушылығын ояту, тіл байлығын дамыту, таным 
белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа, бірліке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі: 
Балалар, «Ана тілі» пәніне керекті құрал-жабдықтарымызды шығарып, сабаққа жаксы қатысып отырамыз.
ІІ. Үй жүмысын тексеру, қорыту:
-Балалар, біз қазір аспан әлемін саяхаттаймыз. Балалар, қазір біз аспан әлеміндегі жеті планетаны шарлап, планеталардың 
бізге дайындаған тапсырмаларына орындауымыз керек. 
Балалар, біз тапсырмаларды орындаймызба?
-Жауап.
-Ендеше, аспан әлеміне саяхатты бастаймыз.
1. Бірінші Сатурн планетасының тапсырмасы:
1. Үй жұмысын тексеру.
-Балалар, үйге не берілді?
-«Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқу, ғарышкер туралы сурет салып келу.
-Ендеше, кім маған «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
-Өте жақсы, енді, Марс планетасының тапсырмасы. Ғарышкер туралы салған суреттерімізді көрсету және салған сурет 
бойынша қысқаша әңгімелеу.
-Өте жақсы, балалар. Шолпан планетасының тапсырмасы:
«Тұңғыш ғарышкер» өлеңінің авторы кім? 
Ол туралы не айта аласың?
(2-3 оқушыдан сураймын)
-Енді, келесі, Юпитер планетасының тапсырмасы:
Тұңғыш ғарышкер кім?
-Юрий Гагарин
-Жақсы, келесі, Нептун планетасының тапсырмасы:
Егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?
-Тоқтар Әубәкіров
-Енді, Меркурий планетасының тапсырмасы: 
-Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
-1961 жылы 12 сәуірде
-Енді, Уран планетасының тапсырмасы:
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?
-1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты.
-Өте жақсы балалар, біз 7 планетамыздың тапсырмаларына жақсы жауап бердік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет