Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет210/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

ІІІ. Жаңа сабақ. 
Өсімдіктердің генеративті мүшелері. Гүл бөлімдері
Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша, күлте
Гүл сағағы — жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Гүл сағағы арқылы сабаққа бекінеді.
2. Гүл табаны —— гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.
3. Тостағанша —- көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.
Күлте —— тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтт і шірне бөлетін 
шірнеліктер орналасады.
Аталықтың құрылысы, қызметі.
Аталық, Аталық тозаңқабы, Аталық жіпшесі
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.Аталықтың жіңішкерген
жері – жіпшесі. Тозаңқап бір – бірімен байланысқан екі бөліктен құралған.
Жай гүлсерікте тек тостағанша болып, күлте жапырақшалары болмайды
Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады. Аналық мойны, Аналық аузы, Жатыны
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын- ауыз, ортаңғы
жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде 
теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса,
бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.).
Берілген сұрақтар бойынша әр топ постер жасайды, жасаған постерге түсінік береді.
І топ Өсімдіктердің генеративті мүшелері. Гүл бөлімдерінің құрылысы, қызметі.
ІІ топ. 1. Жай гүлсерікті және қос гүлсерікті гүлдер 2. Аталық құрылысы, қызметі.
ІІІ топ 1. Аналықтың құрылысы, қызметі. 2. Дұрысгүл және бұрысгүлдер.
ІV.Бекіту 
А) Сәйкесін тап.
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. Гүлсағақ
2. Тозаң ұясы бар. Гүлтабан
3. Гүлсерікті құрайды Тостағанша 
4. Шірне бөлетін бөлігі. жатын
5. Жабысқақ сұйықтық бөледі. гүлсағақ
6. Ұшы ілмешекке айналған бөлігі. аналық
7. Екі қабат қабықшасы бар, жасушалар жетіледі. аталық
8. Хош иіс шығаратын бөлігі. Аналық аузы
9. Мойны бар Күлте
Ә) Гүл құрылысының бөлімдерін белгілеу
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет