ТАҚЫРЫБЫ: «ҚЫРАН ҚАНАТТЫ ҚАСЫМ АҚЫН»
Дәулетова Жансәуле Дәулетқызы
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Тақырыбы:
«Қыран қанатты Қасым ақын» (Қ.Аманжоловтың шығармашылығына арналған әдеби кеш)
Мақсаты:
Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы:
ақын мен поэзияның үндесуіндегі шынайылық, ақын поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасын таныту.
Тәрбиелік:
адами ізгі қасиеттерді сүюге тәрбиелеу, қиындықты жеңе білуге үйрету.
Кештің барысы:
Жансәуле:
Аты шулы шығып тұр
Қасым деген бір ақын!
Киіп-жарып, басып жүр,
Болды-ау мынау қыратын!
Шығып тұр ғой бұл күнде
Қасым деген бір ақын, - десе, бірде:
Арнұр:
Қазақтың әні мен өлеңін
Найзадай көтеріп келемін.
Шығыстың аласа аспанын
Түндіктей түріп бір тастадым.
деп
ақын өзі жырлап кеткендей, жалпы біз Қасым ақын туралы не білеміз? Біздің білгеніміз мүмкін аз болар, мүмкін
жеткілікті болар, бірақ көп болмасы анық! Ендеше
Қасым туралы Мұқағали не деді екен, Гүлзаттың
оқуында тыңдап
көрейікші.
Жансәуле:
Көрнекті ақындарымыздың бірі Қасым Аманжоловтың үлкен бір қасиеті сол, ылғи жүрегінің қалауымен ғана
жазады. Сондықтан да оның шығармалары отаншыл болды. Шамалап айтқанда, Аманжоловтың әдеби мұрасы көлемі
жағынан 75 баспа табақ. Қасымның аз жылдың ішінде осыншалық мол мұра жасап кеткенін енді ғана біліп отырмыз.
Көзінің тірі кезінде өлең жинақтары сирек шығатын бұл ақын өзін-өзі қайталамаушы еді. Бұл - ақынның өз басына қойған
талабы сондайлық жоғары болғанын да танытса керек. - деп көз көрген қаламгерлер сыр толғайды.
Арнұр:
Оның «Балалық шақтан бір елес» деп аталатын ұзақ өлеңін бар болмыс- бітіміңмен егіліп-езілмей, алқымыңа
жұдырықтай тас тұрып қалғандай тығылып, кеудеңе өксік кептелгендей демікпей оқи алмайсың. Ол бұл өлеңінде ағасы
Тайжанның он бір, өзінің алты жасында тұл жетім қалғанын, екеуінің қаншама азапты да мехнатты күндерді бастарынан
кешкендерін шерлене баян етеді. «Қасқырдай үйге түскен аштық жетті. Арадан қарындасты алып кетті. Бездіріп құсты
ұядан, жасты үйінен, елсізде ебелектей тентіретті» дейді ол. Қос жетімнің барар жер, басар тауы қалмайды. Қол ұшын
созып, бауырына басар, пана болар ешкім жоқ:
Жолаушы дұға
оқып жаяулайтын,
Қалжырап келе жатқан ұзақ жолдан,
Дозақтай түсі суық бейіттер де
Біздерге әке үйіндей мекен болған.
Бейуақта не бейіттен, не қорғаннан,
Біздерді көрген жандар естен танған
«Ойпыр- ай, Тайжанбысың, сайтанбысың», -
Деген сөз ел аузында содан қалған.
Қандай қиын, қандай ауыр тағдыр! Басқаша қалай айта аласың?! Әйтпесе, құйтақандай екі баланың түн ішінде тентіреп,
ескі қыстаулар мен бейіттерді пана етіп жүргендерін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Бұл көрініске енді сіз күні бойы жер
ошақтың жанынан жүргізбейтін «қоқиланған мырзаның» қорлығы мен бастарына «шымшуырмен салып қалатын» қатыгез
әйелдердің зәбірін қосыңыз. Жаның жылап, жүрегің қақ айырылады! Осындай өмір азабын қарғадай кезінен тартып өскен
ақынның балалық шақты аңсауы орынды құбылыс, олай болса,
Достарыңызбен бөлісу: