Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Арнұр:  «Абдолла» немесе «Ақын туралы жыр» поэмасынан үзінді.  Жансәуле



Pdf көрінісі
бет229/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Арнұр: 
«Абдолла» немесе «Ақын туралы жыр» поэмасынан үзінді. 
Жансәуле: 
Семья- шағын мемлекет.
Мен – президент, сен – премьер.
Арттым саған көп міндет,
Премьер жолдас, бер пример. Тұнып тұрған юмор. Қасым отбасын жоғары бағалаған жан. Бағалап қана қоймай, отбасына 
үлкен қамқорлықпен, зор ілтипатпен көңіл бөле білген. «Сақыпжамал» - Бауыржан, «Дариғашым» - Сымбат.
Арнұр: 
«Ақ сәулем» әні. Орындайтындар 5-класс оқушылары. 
Жансәуле: 
Әдетте,ақын дүниеден озғаннан кейін оның соңында өлмей өлеңдерімен бірге аңыз қалады. Қасым |Аманжолов
туралы айтылатын аңыздар да аз емес.
Соның бірі, жұрттың бәрі бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай қайталап айта беретіні- оның елден ерек шатақ болғаны. 
Мінезі сәл нәрсеге шарт кететін шамашыл, шәлкес екен. Шамына, арына тиген адаммен, кім екеніне қарамай, «қап
бәлем,кейін бір оқсатып ретін келтірермін-ау» деместен, дәл сол жерде шат-шәлекейі шығып, ұстаса кететін көрінеді. Тіпті 
жығылса да шаптан тіреп жатып алады екен. Ешкімді басынан аттатпаған, ешқандай сөзді басынан асырмаған. Тарс еткізіп
162


атқан, қарш еткізіп шапқан. Иілу, бүгілу дегенді мүлде білмеген, шатырлаған найзағай құсап шарт сынған. Өзі де «бұлт
болып арпалысам, жалын шарпып» деген ғой. Мұндай мінезге ие ақынға өмірдің қыспағы да, қысталаңы да көп, кім-кімді
да манекен сияқты қатырып-семдіріп қоятын қатыгез қоғамда өмір сүру қандай қиын болған десеңізші?!
Берсең бер, бермесең қой, баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің жылуымен жылытамын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды, - бір шенеуніктің кабинетінде айтқан бір ауыз өлеңінің өзі аңызға айналған ақын
ШЫНДЫҚТЫ қолдаған, қорғаған. Олай болса, бүгінгі қонақтарымыздың арасында Қасым туралы естелік атқысы келетін 
ұстаздарымыз бар ма екен? Сол кісілерге сөз берелік.
Арнұр:
Әдебиетке отызыншы жылдардың орта шенінде келген Қасым Аманжолов бұғанасы бекімей жатып Ұлы Отан
соғысына аттанды. Соғыстан кейінгі өмірінің 3-4 жылында ол төсек тартып жатты. Бұл кезде бұрынғы жинап –тергендерін 
бір ізге түсіріп, реттеуден әріге бара алмады. «Арнадым жинағымды бәріңізге» деген жолдың астарында жүрек шошырлық 
сыр бар еді. Сонымен, оның білек сыбанып жұмыс істеген мезгілі- он жыл шамасында. Оның ішінде сапалы жазғаны соғыс
жылдары мен соғыстан кейінгі жылдар. Бұған шейінгі шығармаларын «Шимайлаппын көп қағаз» деп сынай қарайды.
«Сен айтсаң мен де айтайын айым-қайымның» деп бастан кешкенін мойындайды. Әдебиетте көштен қалмау бар да, көш
бастау бар. Абай айтқан керуен басына айналу үшін парасатқа тәжірбиенің қосылуы шарт. «Аяғының желі бар, алынбаған
тері бар» деген дәстүрлі сөз ақын –жазушының жас шағына арналады.
Қабырға сөккен қазақтың мұңы тербеткен, 
Қара бала едім қараша ауылда ержеткен. 
Қаратау жақтың қара талының шыбығын, 
Ат қылып мініп түскенмін жолға сен кеткен. 
Көсіліп жатқан куә ғой қырат, сай мына, 
Қырандар көкке қанатын бірден жайды ма? 
Мәңгілік өмір іздедім мен де өзіндей, 
Қаршадайымнан айналып Асан қайғыға. 
Жырақта қалып жылдарым сауық құратын, 
Басында тұрмын, қасында тұрмын, ұлы ақын. 
Қасым боп ашқан дүниенің мынау есігін, 
Сұрапыл жылдар сырларын бізден сұра, түн. 
От-жалын кештің кешпеген мынау еш пенде, 
Жабықтың ба екен ескі шинельді шешкенде. 
Жұмақ-ау шығар ол жақта сенің мекенің, 
Көп көріп едің тозақты ғұмыр кешкенде. 
Алқара кектей, дариға-ай, сол бір қайда арман, 
Қиялың қалқып аспанда жүзген айды алған. 
Сене алмай тұрмын көздерім менің бұлдырап, 
Қасым ба мынау ақ топыраққа айналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет