Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет24/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Студент 
Қара өлең 
«Дүние 
»(терме
)
Бес күндік мынау жалғанда,
Алданба, жұртым, алданба.
Көзіңді мынау қызартқан,
Дүние өтер қолдан да.
Уақыттың өтер қонағы,
Адамзат мынау жалғанда.
Бәрі де артта қалады,
Қурайдай кеуіп солғанда.
Қызылды – жасыл дүние,
Көзіңнің отын жандырған.
Жаратқан Ием жар болып,
Нәпсімді бекер қоздырман.
Көрмесе бір сәт сағынып,
Қос өкпесі қабынып.
Алланы бір сәт еске алмай,
Ақшаға кетті – ау табынып.
Дүние деген қу түлкі,
Өзіңді қайран қалдырған.
Дұшпаның келіп басқа ұрып,
Досыңды серттен тайдырған.
Ақылың аспай алтыннан,
Адамдық істен аздырған,
Ислам салған сара жол,
Одан да көзді жаздырған.
Құдайдан тілеп шапағат,
Барыңа еткей қанағат.
Нәпсіңді тыйып сабыр ет,
Сабырдың түбі – ғаламат.
Алланың құлы бәріміз,
Пайғамбарға айтып салауат.
Тілім мен дінім біздерге – 
Бабадан қалған аманат.
Ата-аналарға сауалнама беру және оны талдау.
Психолог:
сауалнаманының қорытындысын шығарып,ата-аналарға жариялады.
Студенттердің үлгерімі мен тәртібін талдау
Алдымен жағымды нәтижелерден бастап,талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс
арқылы түзеуге болатынына көздерін жеткізгендей,сенімді түрде айтылып өтілді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
«Ей, Адамзат!
Тоқта ойлан! Жүре бермей тырысып 
Кетіп қалма залымдармен ығысып.
Сен өзіңе басшы қойып дайында,
Құран деген кітаптардың ұлысың». 
Әрдайым иман жүзді мұсылман болуға тырысыңыздар.Сонымен өз бойларыңа әдептілік,эомарттық,сабырлық,адалдық,ар-
намыс,ұят-абырой,айырмашылықтарын түсінуге ұмтылайық. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелейік,Біздің келешегіміз-
жастардың имандылығында.Сондықтан балаларымызды Отанымыздың адал қамқоршысы болуға тәрбиелейік. Қазіргі 
тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қойнына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын 
адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым қатынас негізіне алып жас ұрпақты тәрбиелеуде 
пайдаланудың сыры тым тереңде жатыр. Әрдайым иман жүзді мұсылман балаларды тәрбиелейік.Біздің көзіміз бен санамыз 
өмірдегі әртүрлі заттарды білу және қоршаған ортамыздан сабақ алуымыз үшін қашанда ашық болуы керек. Әр мұсылман 
ойшыл болуға міндетті. Құран Кәрімнің бірінші аяты «Оқы!» деп түскенін ұмытпайық!
Жас жеткіншектердің түсінігі мен дүниетанымын қалыптастыру мақсатында елімізде атқарылып жатқан іс-шаралар көп.
Біздің келешегіміз –Жастардың имандылығында .Сондықтан да Отанның адал қамқоршысы болатын ұрпақ 
өсірейік.Сонымен өз бойына имандылық,әдептілік пен әдемілік, жомарттық, сабырлық, адамдылық, ар-намыс, ұят-абырой, 
парасаттылық, тәртіптілік қасиеттерін сіңіре білген ұл-қыздарымыз иманды да әдепті танылатыны сөзсіз деп жиналысты 
аяқтай келе ата-аналарға алғыс білдіріп,оқуында не тәрбиесінде қиындық туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1-
минут кідіре тұруын сұрайды.Ондай кемшіліктерді көпшіліктің ортасында айтуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет