Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет263/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Оқушыларды бағалау.
* * * * *
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ МАҢЫЗЫ
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
Бозой орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Андақұлова Жанат Демесінқызы
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби 
туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу
өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен
күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап 
шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. 
Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін
атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, 
эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-
әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра,
сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын 
танимыз.Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын 
сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Бастауыш класс оқушыларын ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу ұстаздардың 
міндеті болып саналады. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша
қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ 
жаңылтпаштар

бәрі
де
балалар
бақшасында
кең
пайдаланылатын
дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді
саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз
күні
бүгінге
дейін
ұрпақтан

ұрпаққа
ауызша
жеткізіп
келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына 
байланысты
туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар
әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас жеткіншектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, 
тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Халық ауыз әдебиетінің бастауыш класс балаларын тәрбиелеудегі бағыттары:
-
Денсаулық
-
Еңбек пен мамандық
-
Өнер
-
Имандылық пен адамгершілік
-
Патриоттық
-
Эстетикалық
-
Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Педагог міндеті:
22.
Халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту..
23.
Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
24.
Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
30)
Ертегілер
31)
Жұмбақтар
32)
Жаңылтпаштар
33)
Аңыз-әңгімелер
34)
Мақал-мәтелдер
35)
Тыйым сөздер
Бастауыш класс балаларының ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін 
ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген 
сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан 
халқымыздың ауыз әдебиеті – бастауыш класс балаларының ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын 
молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын 
білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
195


Балалардың ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, 
жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды 
таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны 
балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның 
желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам 
өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз 
кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала 
санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Мектепте ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай 
жоспарланады., ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады, оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. 
Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет