Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет273/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)


Жұмыстың мақсаты:
Ара балының жалпы қасиеттеріне тоқтала отырып, оның құрамы туралы мәліметтер жинау. Табиғи балдың түрлерімен
танысып, оның адамға тигізетін жағымды әсерлерін зерттеу. 
Жұмыстың міндеттері: 
 1. Табиғи балдың түрлерімен танысу;
 2. Балдың емдік қасиеттерін зерттеу
Жұмыстың өзектілігі : 
 Ара балының құнды қасиеттерін , оның табиғаттағы, адам өміріндегі алатын орны. 
Болжамы: 
Араның адам баласына тигізетін зиянын ғана қарастырмай, оның балының құндылығын тереңірек түсінуге
болар еді. 
Жұмысшы бал арасының гүді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың тәтті сұйықты бал деп
атайды.Және де бал арасынан электротехникада пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады.Аралардан
прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт
дайындалады.Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке
баулиды. 
Бал арасының үш тобы. Ара – ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы
кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Ара патшасының денесі ұзын, қанаты
қысқа, көбею органы ерекше жетілген. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы кішкене келеді. Ара топтасып тіршілік
етеді. Ара үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген арадан және он мыңдаған жұмысшы аралардан құралады.
Ара патшасының бірден бір міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз шығарту, ұя салдыру,
балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу, ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады. 
Табиғи балдың түрлері
 
1.Түйебұршақ балы. Балдың бұл түрі қантқа бай. ішек ауруларына пайдалы. 
2. Шайқурай балы. Жасыл сары түсті сұйық болады. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараға пайдаланылады. 
3. Жөке балы. Бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ,
тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
4. Шабындық балы. Бұл бал арқылытыныс алу,жүйке,жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. 
5. Таңқурай балы. Түсі ақ болады. Балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. 
6. Қарақұмық балы. Қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Қарақұмық балы түрлі қан ауруларын емдеуге 
пайдаланылады. Тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады. 
Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай: қол-аяқ жансызданғанда, тері
қышымасына, ыстық, суықтан тіс қақ-сағанда, балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде, іш қатуға, улы жәндіктер
шаққанда, шиқан, сыздауық шыққанда, ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, жеңіл күйікке, құлақ ауруларына, улы жәндіктер
шаққанда, қан қысымы өрлегенде, ұйқысыздықтан құтылу үшін суық тигенде, тұмауратқан кезде, асқазан, ішек
науқасына шалдыққанда, жөтелді басу үшін, жүрек аураларында. Мысалы: тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал
мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады. 
Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай
204


қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада
емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық
сүтке, немесе лимонның шырынына қосып ішкен дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет