Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет274/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Қорытынды.
Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде, мен ара балының бағалы қасиеттері туралы біліп, табиғатты 
аялай білудің маңызын түсіндім. Оның түрлерімен танысып, әрқайсысының адамға тигізетін пайдасын зерттедім. Емге 
қалай пайдалануға болатынын үйрендім. 
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Дүниетану оқулықтары. 
2. Интернет желісіндегі материалдар. 
3. «Денсаулық » журналы.
4.Егемен Қазақстан газеті,2013ж 
* * * * *
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РОЛІ
Муханова Айнұр Лұқпанқызы
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының 
I-ші санатты кітапхана меңгерушісі
I.Кіріспе
Оқушылардың бойына рухани – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру.
II. Негізгі бөлім. 
Ұлтымыздың жас ұрпақтардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуға, ізгілікке, имандылыққа, 
адалдыққа тәрбиелеуге мектеп кітапханасының ролі. Мектеп кітапханасында оқушыларға рухани – адамгершілік тәрбие 
беруде әртүрлі қызмет түрлері.
III. Қорытынды. 
Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.
Кіріспе. 
Рухани адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. 
Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын орны зор. Адамның адамгершілігі – оның 
жоғарғы қасиеті. “Адамгершілік” – адамның санасындағы, оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе 
биік шыңы. Адам баласында адамгершілік қасиеті қараптан – қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет отбасында, мектепте, 
айналадағы адамдармен қарым – қатынасындағы қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады. Халықта “Ұяда не көрсең, ұшқанда 
соны ілесің” деген мақал бар. Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері, 
ең алдымен, дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы қарым –қатынаста болу, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу. 
Өз қолыңнан келгенше көмегінді аямау, біреудің жақсылығын бағалау, оны қанағат тұту.
Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады. Заман өзгеріп отырған сайын, адам да 
өзгереді. Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстауы тиіс.
“Көргендінің қылығы көңіл марқайтады”, - деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр адам өзін мәдениетті ұстаса, өз 
ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан, сөйлеген сөзінен 
көрінеді. Ең бастысы – адамгершілікті бойға сіңіре білу.Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз 
білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді. Сондықтан да білім берудің барлық 
кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез – құлқы жетілген, саналы адам 
қалыптасады. Жетілген мінез – құлық үш нәрсенің: жүректің, ақылдың, қолдың келісімі.Бала өзінің жүрегін тыңдауға 
үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса, өмірден өз орнын таба алады деп сенемін.
Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте, тәрбиелік іс – шараларда, ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев “Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз 
рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз” – деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет