Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау (СТО)



Pdf көрінісі
бет6/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау (СТО)
атты
 
Халықаралық білім 
жобасына қатынасушы елдердің қатарына еніп, бұл жобаның әдістерін оқыту үрдісінде қолданудың үлгілерін көрсетуде.
Мәселен,
Орал
қаласындағы №30 мектептің мұғалімі С.Ізмұханбетова әдебиет сабағын оқытуда екі жақты, үш жақты 
түсіндірме күнделігін жаздыру әдісін қолданған. «Абай жолы» эпопеясын оқыған кезде оқушылар үш жақты күнделік
жазады: бірінші бағанада – шешендік сөз, екінші бағанада – менің ойым, үшінші бағанада – мағыналас мақал;
Семей
қаласындағы №6 мектеп-гимназияның мұғалімі Г.Селезнева жазуды жетілдірудің қызықты түрлерін келтіреді: 
шығармадан алынған үзінді мәтінде сөздерді жасырып, сөйлемнің қандай мүшесі екендігі туралы белгі береді. Зерттеуге
табиғатты суреттейтін мәтін беріледі. Әрі қарай салыстыру жұмысы жүреді: оқушы өз сөзі мен автор сөзін талдау арқылы 
сөздің мәнін тереңінен түйсінуге мүмкіндік алады. Осы әдістің келесі кезеңінде оқушылар мәтінді өздері таңдайды, сөздерді
жасырады. Мұның өзі оңай тапсырма емес. Мұндай сабақта мұғалімнің өзі оқушы ролінде болады. Оқушылардың өзбетімен
мәтін жазу жұмысы берілді. Бұл тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды, өйткені жасырылатын сөздер барын 
алдын ала біле отырып, сөз саптауға ойлана отырып кіріседі.
Павлодарлық аға оқытушы Т.Маняпова Интернет жүйесін қолдану арқылы жазу стратегиясының үлгісін ұсынады:
«Интеллектуальная идентификация студентов, участвующих в интернет-письме, не есть конечная цель учебных 
мероприятий. Здесь гораздо важнее то, что у преподавателя есть возможность проследить динамику мнений, идей, оценок
по предмету исследования.» Кезінде М.Әуезов Құнанбай бейнесін идеологиялық цензурадан өткізу үшін қарама-
қайшылықта сипатта беруіне мәжбүр болды. Тапсырма:ынтымақтасушы топтар мүшелерінің әр түрлі пікірлерін салыстыра 
отырып, аналитикалық таблицаны толтыру арқылы өз көзқарасыңды дәлелдей біл. 
Біздің пікірімізше, осындай жұмыс түрлері оқушыларға сөздің де адам тәрізді зейінді, көңіл бөлуді қажетсінетінін және
4


автордың осындай сөздер арқылы оқырманын пікірталастырып, бірге ойлануға шақыратынын көрсетеді. М.Әуезовтің сөздік 
қорындағы сырласушы сөздерді іздеу мақсатындағы жұмыстарымыздан мысал келтіретін болсақ, «Кек жолында» тарауында 
жылқыларды сипаттайтын мәтінді келтірдік: «...Астарына мінгендері жарау аттар емес, төңкерілген ту биелер. Және 
көбінше ұзын жалдары көзін жапқан, тізелеріне дейін төгілген құрайғырлар екен. Терлетпей, аяңдап жүрген семіз 
сәйгүлектердің жал-құйрықтары қыраулатып, кекілдері
шалбастанып
тұр». Осы үзіндіде «шалбастанып» деген сөзді 
жасырдық. Білімгерлердің ұсынған сөздері: бұйраланып, ақша бұлттанып, тұманданып, мұнарланып, күмістеніп,
ұлпақарланып...Ал автордың бұл сөзді қолданудағы мақсаты ат кекілінің қар мен желдің әсерінен үлкейіп, ағарып
тұрғандығын көрсету болса керек, сол мағынада қолданылса, білімгерлер тарапынан ұсынылған альтернативалар дұрыс. 
Біз аталған жобаның «жазу жұмысы» стратегиясын қолданудағы мақсатымыз білімгерлерді логикалық ойлауға бағыттау,
бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыру, ой қорытындысын жасауға баулу, әр баланың табиғатында негізі бар
шығармашылық көздерін ашу арқылы ізденіске талпынысын қуаттау. Логикалық ойлауды дамыту үшін ғалым Дж.Дьюи 
ұсынған
есте сақтаудың жеті тәсілін
білу қажет: өзі оқығанда, естігенде, көргенде, естігенде әрі көргенде, балалармен 
талқылағанда, жүрегімен сезінгенде, өзгелерді оқытқанда. Дьюидің көқарасы мен біз жоғары тарауда келтірген Абайдың
есте сақтау туралы тұжырымы арасында үндестік бар: Абай Дьюидің алғашқы төрттігін ғибрәтләнуге, кейінгі үштігін 
қайтарып ойланып, көңілге бекітуге біріктіреді, ал жетілікті меңгерген адамның «көкірегі байлаулы берік болмақ» және «ой
кеселі нәрселерден қашық болады». Осы салыстыру педагогика ғылымындағы оқу материалын қабылдаудың логикасын еске 
түсіреді: түсіну, түйсіну, бекіту және практикада қолдану. Тек осындай жағдайда ғана ойлау білімгерлердің алған ақпаратын
санаға сіңіріп ақылмен ұштастырады. Ал ақыл адамды ерекшелендіріп тұратын негізгі сапалардың бірі.
Ғалым Б.Әбдікәрімұлының «12 жылдық мектепке өту мәселесінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері» атты
еңбегінде оқытудың
рефлексивті-инновациялық үлгісі
баяндалады. Онда рефлексия ұғымының ерекшеліктеріне түсінік 
берілген: бұл ұғым философия ғылымында пайда болып, индивидтің өз санасында болып жатқан өзгерістер туралы ойлану
процесін сипаттайды; ойлау мен ақылдың өзіне бағытталу қабілеті; жаңа білімді игеру мақсатында білімді талдау; ақыл мен
жанның күйін өзбетінше бақылау; өмірлік әрекеттен ментальдыққа шығу, зерттеушілік акт. Психология ғылымында 
рефлексияны теориялық деңгейде зерттеген ғалымдар: И.М.Сеченов, Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.Л. 
Рубинштейн. Рефлексияны зерттеуге байланысты жұмыстар бұл құбылыстың төрт аспектіде қарастырылғандығын 
көрсетеді: кооперативтік, коммуникативтік, тұлғалық, интеллектуалдық. Кооперативтік аспектіде рефлексия әрекетке 
байланысты сыртқы позицияға «шығуды» түсіндіреді (Г.П.Щедровицкий); коммуникативтік аспектіде дамыған қарым-
қатынас, тұлғааралық қабылдау, адам адамды танудың ерекше сапасы ретінде танылса (А.А.Бодалев), тұлғалық аспектіде
қайта ойлану арқылы адам «менінің» қайталанбас тұтастыққа айналуы; интеллектуалдық аспектіде субъектінің өз әрекетін
жағдаятпен сәйкес талдау іскерлігі. Сонымен қатар, рефлексивті оқыту үлгісінің негізгі идеялары сипатталған: тәжірибе 
арқылы оқыту; үздіксіз рефлексия негізінде оқыту. Бұл процестің өту барысын бес қадамдық түрде көрсетуге болады: іс-
әрекет; іс-әрекетке, жағдаятқа ойша қайту және оны нақты сипаттау; жағдаяттың неғұрлым мәнді жақтарын анықтау; іс-
әрекеттің альтернативтік жолдарын дайындау; іс-әрекеттің альтернативті жолдарын жүзеге асыру. Біздің пікіріміз бойынша 
оқытудың рефлексивті әдісін қолдану арқылы білімгерлердің ойлауын, дүниетанымын, құндылықтар жүйесіне бағытталуын
жаңартуға болады. Ол үшін рефлексивті-инновациялық ортаны құру мақсатында екі қағиданы басшылыққа алған жөн:
білімді және практикалық әдістерді өзіңнен өткізу (проживание знаний и практических методов перед их теоретическим
осмыслением и анализом – И.А.Бочкарева); қатысушылардың қызығушылығын ескеру. Тек осындай жағдайда ғана білімнің 
беріктігі сақталады. 
Қорыта айтар болсақ, оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолдану тәжірибесі білімгерлерге білімді табу жолдарын
таңдау еркіндігін, оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын, танымдық, шығармашылық қабілеттерін іске асырудың мол 
мүмкіндіктерін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет