Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет65/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

 БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ - КІТАП
Атырау облысы Атырау қаласы №24 орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі Маева Гульжан
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі десек,солардың бірі
кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – 
алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді
Ғабит Мүсірепов. Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі – білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Олай болса, біздің барлық іс - әрекетіміз осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. 
Ел Президентінің «XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыттауымыз
керек» - деген сөздерін тірек ете отырып, жас ұрпаққа түрлі бағыттағы әдебиеттерді насихаттап, жасөспірімдердің Отанға
деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойындағы ана тіліне бағытталған сүйіспеншілігін кітап оқу арқылы нығайту,
40


әлемдік білім кеңістігіндегі озық технологияларды енгізу.
Атам қазақ «Білімнің бастауы – кітап» десе, Қазақтың бас ақыны данышпан Абай атамыз «Артық ғылым кітапта,
ерінбей оқып білуге» дейді. Ұлы Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат» деп кітаптың құдіретті екенін атап
көрсетеді. Кітап адамды ізгілікке, ізеттілікке, адам болуға, арды аттап, жат қылыққа бармауға тәрбиелейді. 
Кітап - барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы. Кітап сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші,
ұлы үйретуші. Яғни, кітап ұстазға да ұстаз бола аларлық қасиет иесі . «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» 
деген дана сөз тегіннен – тегін айтылмаған. Бұгінгі көңілі ояу, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті
рухани нәр алады. Әрбір оқырман кез – келген шығарманың кейіпкерлерінің жақсы ісіне сүйеніп, оған еліктеп, өзіне үлгі 
етіп, жаманнан жирене жүреді. Ең қасиетті сөздердің бірі - кітап сөзі. Кітап - білім нәрімен сусындатар сарқылмас қазына,
рухани байлықтың қайнар көзі, рух дәрумені. Білім бұлағы саналатын кітаптың қастерлі қасиетін таныған шығыстың жарық
жұлдызы Әлішер Науаи «Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген бағалы сөздерін айтып кеткен екен.
Сондай – ақ «Кітап - заманалар толқынында тербетіліп, көкірегіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп 
келе жатқан ой – кемесі», - деп ағылшын философы Френсис Бекон айтқандай, кітап дәуір шындығын, халық тағдыры
менарман – мұратын, дүниетанымын, ел тынысын, ұлттық әлеуметтік тіршілігін, ұлттық сезімін танытып, ұлттық негізде 
тәрбие берер құнды құрал. 
Осындай әрбір ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше кітаптың оқуға баланың құштарлығын арттыру жолдарына нақты
мысалдармен, ұтымды пікірлермен ақын М.Әлімбаев «Ғұмыр бойғы құштарлық» мақаласында тоқталған. Онда «кішінің
құштарлығын кітапқа аудару – ересектердің ісі» деген пікірін ұстазының өздеріне елеусіз ғана айтқан әңгімесінің әсеріне
тоқтала ғана отырып дәлелдеген. Ұстазының осы бір қағидасын өзі де ұстанып, нәрлі тәлімі бар кітапты төңірегінділерге 
таныстырып, оқып шығуға мәслихат бере жүретінін айтқан. Білімге, адамгершілікке баулуда кітаптың көтерер жүгі зор
деп бағалаған, автор. Баланы кітапқа қызықтырудың бір жолы – шығарманы жатқа, мәнерлеп оқу екенін нақты
мысалдармен түсіндіре білген. Ол нағашы ұстазы Ғ.Сұлтанов орыс әдебиеті сабағында Евгений Онегинді жан
дүниесімен тебірене жарты сағаттай жатқа айтып, керемет әсер қалдырғанын мақаласында мысал етеді. Осыдан кейін
бәрі де романды тауып оқып, оқытушыларына еліктеп, «Евгений Онегинді» кезек – кезегімен жатқа айтатын болған.
Баланы кітапқа қызықтырудың тағы бір жолы – ата – аналардың өздерінің кітапшыл болып, біліктілікпен, биік талғаммен 
оқып, от басы, ошақ қасында әңгіме – дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ете білу. 
«Е, кітап оқыса болды да» деп қанағат тұтып, нені оқып жүргенін, жалпы көркем әдеби, ғылыми немесе фантастикалық 
туындыларға құштарлығын біздің бірталай ата – аналар қадағалай бермейді. «Дүние – малға құмар біреулері ондай қажетті
рухани азықты сатып әперуден пұлын аяп, өзі ұрпағын ұлы үлестен құр қалдыратынын да жасырмай айтуымыз қажет», - 
дейді абыз ақын М.Әлімбаев. 
Алайда қазіргі күнде ақпараттандыру процесі қарқынды дамып, электронды жүйеге көштік дегенімізбен, тіпті соны 
мақтаныш тұтқанымызбен, ақыл - ойдың негізі кітап болып қала бермек. Кітап дегеніміз – адам психологиясына әсер ететін
үлкен күш. Әр адамның дербес ойлануына, өзімен - өзі қалып сырласуына, сыртқы дүниемен көркем қарым - қатынас
жасауына мүмкіндік беретін бірден - бір құрал – кітап. Кітап рухани, мәдени өмір қайнары, білім көзі.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет