Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу әдісі



Pdf көрінісі
бет67/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Төртбұрышты кәмпитсалғыш тоқу әдісі
Төртбұрышты кәпмитсалғышты тоқу үшін 200 гр қырлы төртбұрышты моншақ, № 
8 лесқа қажет.
Моншақтың әр түрлі түсін де қолданса болады.
Мына суретте 3 түрлі моншақты санап отырып, өрнек салып тоқыған.
Орындалу реттілігі
1-1,5 метр № 8 лесканы қиып алып 4 моншақ 
өткіземіз. 4-ші моншақта жұмысшы лесканы 
кері қайта өткізу қажет (1-суретте қызыл 
сызықпен көрсетілген). Сосын лесканың 
екінші көмекші үшын (көк сызықты) пайда 
болған ілмектен өткізіп бекітеміз. 
Бекіткенен соң жұмысшы қызыл сызықпен 
белгіленген лескаға тағыда 3 моншақ өткізіп, көк сызыкпен белгілеген лескамен 
айналдырып бекітеміз
1-сурет 2-суретте көрсетілгендей қызыл сызыкпен 
белгіленген лескаға тағы 3 моншақ өткізіп көк сызыкпен белгіленген лескаға айналдырып
бекітеміз. Енді қызыл лескаға 2 моншақ өткізіп, көк лесканы айналдырып бекітеміз.
Осы 
ретімен айналдырып қажетті мөлшерге дейін тоқимыз. Төменде көрсетілген суреттегідей түрі 2- 
сурет дайындалады
Ал жаны түбін орындағандай болады, оның биіктігін қалағаны бойынша тоқып шығаруға 
болады. Төменде көрсетілген үлгі бойынша санап отырып әр түрлі етіп орындауға да болады.
Ең бастысы көңіл қойып, алдына мақсат қоя білу қажет. 
* * * * *
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ОЙЫНДЫ БАСҚАРУ МІНДЕТТЕРІ
Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы,
«Балбөбек» балабақшасының әдіскері Мұқанова Гүлсім Бақытқызы
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сол жас тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы
баспалдағы- балабақша. Кез-келген бүлдіршін үшін балабақша тәрбиесі ата-анасынан берілген тәлім-тәрбиені жалғастыра
отырып, жандандыратыны сөзсіз.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «
Мектепке дейінгі тәрбие- үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.Ол баланың жеке жас ерекшелігін ескере отырып
дамытатын орталық» деп атап көрсеткендей мектеп жасына дейінгі балаларды оқыта отырып, тәрбиелеу балабақша 
тәрбиешілеріне үлкен жауапкершілікті жүктейтіні сөзсіз. «Тәрбиеші әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш,
қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек.
Мектепке дейінгі жаста балалар қоршаған орта жайлы көптеген мағлұмат алады.Олардың ой-өрісі кеңейе Әр түрлі
ойындар, серуенге экскурсияға шығару мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзінше сабақ болады. Бұл жұмыстар балалар
бақшасында белгілі бағдарлама бойынша жүргізіледі және балаларды әрі қарай мектепке оқуңа дайындайды. Бала өзінің 
айналасындағы заттармен, олардың маңызымен және өмірде не үшін қолданылатынымен танысады. Мектепке дейінгі 
балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады.Осы кезеңде ойын жетекші іс-әрекет ретінде
қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. А.Н.Леонтьев бұл жайында мынадай пікір білдіреді: 
“Ойын баланың жетекші іс-әрекеті болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек,ол үшін ойынның даму заңдылықтарына 
бағыну қажет, олай болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады.”
Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педогогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда. Осыған 
орай, іс-тәжірибеде бірқатар әдістер қолданылады: олардың біразы жекелеген авторлардың ұсыныстарынан алынады.
Мектепке дейінгі педогогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар.Ойынды кешенді басқаруға оның 
қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады. Оларды төмендегідей 
сызба арқылы көрсетуге болады:
Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының әр түрлі кезеңдерінің балалардың ойындық тәжірибесін байыту 
ерекшелігіне арналған .Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты балалардың ойындық 
тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарынан табуға болады.
Балалардың ойындық тәжірибесін қалай дамытуға болады?
Міндетті түрде қойылатын талап- баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек адам ойнап , балалар тек қарап отыратын 
ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын барысында баланың орнына ештеңе орындамауы керек, ол тек көмек бере 
алады! Үйрету ойын түрінде , білінбей өтуі қажет.
Ойын процесінде тәрбиешінің балаларды белсендіретін қарым –қатынасын ұйымдастыруына қойылатын негізгі 
талаптар:
1. Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады.Педогог ойын барысында балаларға 
өзін көрсетуге еркіндік беру қажет.
2.Қарым-қатынас мақсатты , дәлелденген болу үшін тәрбиеші оны алдын-ала ойластыруы қажет,яғни қарым-қатынасты 
ұйымдастыру алдын ала жоспарланады.
42


3.Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе бұрынғы ойын дағдыларын 
қолданатын кезде кірісу қажет.Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың қасында болып , бәрін байқап тұруын қажет етеді.
4.Ойын кезінде балалардың ойларын бұзбау үшін және ойынның сюжеттік және психологиялық мазмұнын байыту 
мақсатында ойнаушыларға дұрыс бағыт беру үшін тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісуі қажет.
Ойын міндеттері- ойында көрініс табатын өмірден алынған кішігірім оқиға. Осы жаста ойын міндеттері мазмұны 
бойынша қарапайым болып келеді –қуыршаққа тамақ беру , оны ұйықтату, т.б. Ойын міндеттерінің мазмұны қоршаған 
ортадан алынады.Ойындарды балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл қоршаған орта туралы алған әсерлеріне тікелей 
байланысты: олар неғұрлым бай болса , ойын міндеттері соғұрлым көп болады. Бүлдіршіндермен үйрету ойындарды 
өткізу барысында тәрбиеші төмендегідей талаптарды орындауы қажет:
-балаларды ойын жағдайына міндетті түрде енгізу;
-балалар өздері әлі шеше алмайтын, ересек адамның көмегін қажет ететін жағдайлар ұсыну;
- балаларды белсенді түрде ойынға қатыстыру.Ойындарды үйрету кезінде алған білімдері мен тәжірибесін балалар өз 
бетінше ойнайтын ойындарда пайдаланады. Айналамен таныстырудың ең тиімді түрі- бақылау болып саналады, себебі 
бүлдіршіндердің қабылдауы тура, ойлау қабілеті нақты болып келеді. Қоршаған ортамен таныстыру процесінде балалардың 
пассивті бақылаушы болмауы өте
Сюжеттік-көрсету ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек.Шынайы өмірде біз балалардан «Өзім 
істеймін!» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар. Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін 
дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:
-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту,
-балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға 
ынталандыру.Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барасында қалай дамытуға болады?
Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруда нақты бірізділік болу керек.Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда , оған ересек 
адаммен ынтымақтастық қажет.Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге 
болатынын көрсетеді.Мұндай жағдайда ересек адам ынтасын білдіреді, ал баланың әлі өз бетінше жұмыс істеуі білінбейді, 
себебі оның ойын дағдылары толық қалыптаспаған.Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс 
істеуге барынша мүмкіндік беру керек.
Ойынды басқару бағыттары:
1.Ойын мазмұнын байыту ,ойын міндеттерін шешудегі заттық тәсілдерді қалыптастыру,өз бетінше жұмыс істеуін 
дамыту,ойында өзара әрекетке ынталандыру
Ойынды басқару міндеттері:
1.Күнделікті өмірдегі оқиғаларды ойында қолдануға ынталандыру және заттардың қасиеттерін меңгерту.
2.Балаларға әр түрлі ойын міндеттерін қоюды үйрету (жекеленген және байланысқан, репродуктивті және қарапайым 
инициативті) 
3.Ойын әрекеттерін әр түрлі « орынбасар» заттармен уақытында қалыптастыру
4.Ойын әрекеттерін әр түрлі мазмұнды ойыншықтармен байыту
5.Кейбір ойын әрекеттерін сөзбен ауыстыруы тиімді екенін түсіндіру
6.Ойын міндеттерін қоюда балалардың өз беттілігін дамыту.
7.Құрбыларының ойындарына қызығушылығын көтермелеу
11.Бір-біріне кедергі жасамай ойнауға үйрету.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру 
ойынды өткізу болып табылады.Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардыңбелсенділігі және олардың іс-
әрекеті болып табылады.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану 
үлкен нәтиже береді.Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері 
қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет