Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет85/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

2-жүргізуші:
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңші. Ұлағатты ой иелері де, арман отты жүрегінде 
алаулаған жеткіншектер де, парасаттық қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Алғаш әліппенің бетін 
ашып,әріп танытқан, өмірдің қырын -сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе
нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да дихан сияқты. Ол 
әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексиз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. 
Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.
Сондықтанда ұлы Абайдың!
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық етпес жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің 
еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат 
аттандырған артық абырой құрмет жоқ шығар, сірә!
1-оқушы: 
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегуріні темір балқытқан жұмысшы 
да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты 
ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметтеп бас иеді. 
2-оқушы: 
Қымбатты біздің ұстаздар! Алтын күздің саясында жарқыраған жүздеріңіз бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. 
Сіздер секілді мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәттен сан тарапқа қанат қағамыз. Бірақ аяулы 
мектебімізде білімнің қайнар көзіндей қалған мүғалімдерімізді еш уақытта ұмытпаймыз. Суретші болсақ, ең әсем бейнені 
ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстазға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді 
ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.
1-жүргізуші:
Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз! 
Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,
Артсын сенің абыройың, берекең,
Осы күні ұлы тойды тойлайық,
Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет