Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Ән: «Ақылшым-мұғалім». Орындайтын: Сымбат



Pdf көрінісі
бет86/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Ән: «Ақылшым-мұғалім». Орындайтын: Сымбат.
2-Жүргізуші:
Тархқа көз жүгіртетін болсақ, бүкіл бір ұлттың көсемдері, ұлт ұстаздары болып саналады. Мысалы: Абай, 
Шоқан, Ыбырай, Алаш көсемдері – Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,Сәкен Сейфуллин, 
Бейімбет Майлин, 20 ғасырдағы заңғар ойшылдар – Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев. Әрине, бұлардың бәрі заманалық 
биіктіктен өз орнын иемденген ұлағаттылық иелері. Осы кезде Шәкәрім Құдайбердиевтың нақыл сөздері еске түседі.
Еңбекпенен, өрнекпенен өнер ойға тоқылса,
Қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса.
1-Жүргізуші:
Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал 
өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерең 
еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші:
Математика анасы бар ілімнің,
Алғыс және айтамыз сізге де мың.
Келесі әнді арнаймыз сіздерге,
Құрметтеумен өтсе деп шәкіртің.
3-оқушы:
 Мұғалімдерге арнау
Мектеп анамдай, асыл мектебім,
Құшағы нұрлы көктемім.
Өмірдің аттап өткелін,
Сенде өсіп көктедім.
Бағыңда құстай сайрадым,
Қырыңда гүлдей жайнадым.
Сәулетті дархан бесігім,
Тербеліп жүрмін осы күн.
4-оқушы: 
Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.
Балбұлақ та қоңырау боп кеткендей,
Бүгінгі күн-
Ұстаз күні себебі.
Желпіндіріп,
Желіктірген күш қандай?
Балғындар шат,
Шаттық нұрын құшқандай
Бүгінгі күн-Ұстаз күні
Содан ба,
Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.
5-оқушы: 
Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры
Ұстаз деген шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі
Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
Қимағандар ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.
6-оқушы: 
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдім асқарыңа
59


Біз дегенде ұмытып бас қамын да,
Қас қағымда қасыңнан тастадың ба?
Ертіп кеттің елемей қиындықты,
Асқарына ғылымның бастадың да.
Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына,
Аялы алақаныңнан ұшқанымда
Кім боп, қайда жүрсем де қасымдасың,
Адал еңбек алғысым ұстазыма!
1-Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдын әлі
Ән-шашу әсем әуне, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады,-дей отырып алдарыңызда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет