Сергіту сәті.
Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды
«Ойлы болсаң,озып көр» ойыны Оқулықтағы №7 тапсырмаға ауызша жауап беру
«Иә» немесе «Жоқ» ойыны Топпен жұмыс.
•
18 санын 6-ға арттыратын болса, 25 шығады;
•
7 саны 20 санынан 17-ге кем;
•
100-ден 30-ды азайтқанда 70 шығады
•
егер 35 санын 10-ға кемітсе, 25 шығады;
•
26 мен 7 сандарының айырмасы 18-ге тең;
•
4 дм-де 40 см бар
•
азайғыш - 24, азайткыш - 8. Айырманың мәні 16-ға тең;
•
15 саны 7 санынан 9-ға артық.
•
1кг-да 1000 г бар
ҮІ. Сабақты қорыту. Ауызша жаттығулар орындау
Үйге тапсырма: №5есеп
ҮІІ. Бағалау.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы №77 Хамза атындағы
жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Эманова Манзура Азатбековна
Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 6 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Оқушылардың ауызша және
жазбаша есептеу дағдыларын арттыру, ойлауын, танымдық қабілетін, белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін
арттыру.
Оқушыларды мақсатқа жетуге, ұйымшыл болуға, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өзіндік және ұжымдық жұмыс, салыстыру, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд, диск, сандар қатары, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз ешқашан
Талап, жігер бойымда
Білім алу ойымда.
Қызығушылықты ояту. Үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдатып, қосылып айтқызу.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан өзгеше. Өйткені біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегі
тыңдауға қалай қарайсыңдар.
-Бүгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісінде болмақ.
-Ендеше, кім осы ертегіні баяндап береді?
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Мақта қыздың тапсырмасы.
Оқулықтағы №4 тапсырманың орындалуын тексер! Бұл тапсырманы оқушылар үйден орындап келген еді, ендеше мақта
қыздың айтуы бойынша есепті оқып тексерейік.
2.Сиырдың тапсырмасы. «Өткенге көз жүгіртпей, жаңаға ұмтылма!»
-Ендеше, сиырдың бұйрығы бойынша өткенге көз жүгіртіп, еске түсірейік.
Өткенді еске түсіруге тапсырмалар орындатылады.
ІІІ.Жаңа сабақ. Ағаштың тапсырмасы. «Білгеніңнен көп екен білмейтінің,
Анық оны білмесең, жүрмейтінің».
-Ағаштың тапсырмасына мысыққа енді мен көмектесейін. Көрнекі құралдың көмегімен 6 санын қосу және азайту тәсілін
түсіндіру.
3. Қыздардың тапсырмасы. №2 тапсырманы орында. Кестені жаз және жатта.
Сергіту.
4.Дүкеншінің тапсырмасы. Есепті толықтыр және шығар.
Бұтақта 7 құс қонып отыр. 2 құс -------------? Неше құс ---------?
Ш: Бұтақта-7 құс
Ұшты-2 құс
С: Қалды-? Құс
Ш: 7-2=5
Ж: 5 құс қалды.
5.Тауықтың тапсырмасы: математикалық диктант. Топтық жұмыс.
І-топ ІІ-топ
10+0 10-5 7+2 9-3
5+4 8-2 5+0 6-2
1+5 6-4 4+3 5-3
Сергіту сәті: Кім тез есептейді? Ойыны. Логикалық есеп.
10 асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
156
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Бесбайда бар 5 іні
Естайда бар 2 іні
Қоссаң 5 пен 2-ні
Неше болар шешуі?
6.Тышқанның тапсырмасы. Артық па, кем бе, әлде айтшы тең бе?
Тапсырманы орындағанда «Спорт» сөзі шығады.
ІҮ. Сабақты бекіту. Допты лақтыру арқылы 6 санын қосу мен азайту туралы білімдері тиянақталады.
-Енді балалар мысық келген жолымен кері қайтып келе жатса, алдынан доп лақтырып ойнаған бір топ балалар кездесіпті.
Олар бүгінгі білген-түйгендерін ортаға салып жатыр екен. Мысық балаларға біраз қызыға қарап тұрып, тауыққа қарай бет
бұрыпты. Әрі қарай жалғастырылады.
Ү. Қорытындылау.
-Бүгінгі саяхат сабақ ұнады ма?
-Саяхат сабағымызда санға нешені қосу мен азайтуды үйрендік?
ҮІ. Бағалау
Үй тапсырмасы №5
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы
мектеп-гимназиясының еңбек пәні мұғалімі Имамалиева Наима Азадбековна
Сабақтың тақырыбы: Құрақты тігіп дайындау және қолдану.
Сабақтың мақсаты: Құрақтың түрлерімен танысу, Құралған бұйымды астарлау жолын үйрену. Тарауды
қорытындылау.
білімділігі: Құрақ құрау өнерінің шеберлігімен, ұлттық өнермен танысу.
дамытушылық: Құрақ өнерін жетілдіруде оқушылардың ою – өрісін дамыту.
тәрбиелілік: Құрақ өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез - келген затты қиюластыра білуге, ерінбеуге шебер болуға
баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пән аралық байланыс: Математика, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі — түсті маталар, астарлық мата, мақта, көшпелі тақта, қоржын, асық,
құрақ үлгілер буклеті, қайшы, бор, өлшегіш таспа, ине, жіп, қалам, бағалау
бетшесі, т. б. керекті құралдар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
ә) Сабаққа дайындығын тексеру құралдарын толықтыру.
б) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
в) Бағалау бетшесін таныстыру.
ІІ. Кубизм әдісі. Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары.
Пысықтаңыз. Сұрақтар.
ІІ Суреттеңіз. Құрақ түрлерін ата.
III Салыстырыңыз. Венн диаграммасын қолдану.
IV Анықтаңыз. Сарамандық жұмыс.
III. Сарамандық жұмыс.
1 Кіріспе нұсқа.
1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.
2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.
3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу.
4. Ашық жерлерін біріктіру.
5. Буйымды дайындау.
2 Ағымды нұсқа.
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2. Құрақ бұйымын астарлық шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызып аламыз.
3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.
4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу.
5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.
6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.
7. 10 – 15 см тігіс жерден бұйымды оң бетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен
тігу.
IV. Қорытындылау.
V. Бағалау, үйге тапсырма.
Сабақтың жүрісі. Тақтадағы сабақ жоспарын таныстыру.
Бағалау бетшесімен таныстыру.
____________
Бағалау бетшесі.
Оқушының аты – жөні.
Пысықтаңыз. Суреттеңіз. Салыстырыңыз. Анықтаңыз. Қорытынды.
5, 10 ұпай. 10 ұпай. 5, 10 ұпай. 15, 20, 25 ұпай. ұпай.
157
ІІ. Кубизм әдісі.
Пысықтау.
Оқушылардың білімін бақылау сұрақтары.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құраққа мата қалай таңдалады?
5. Құрақтар бір – біріне қалай біріктіріледі?
6. Құрақ неліктен ортасынан бастап құралады?
7. Жиектеме не үшін қажет?
8. Сүреттегі құрақтарды ата.
9. Құрақтардың ерекшеленуі.
10. Құрақ құрағанда қандай талаптарды орындау қажет?
11. Құрақ құрау өнерінің неше түрі бар?
12. Құрақ құрау өнері тек қазақ халқында ма әлде...?
13. Құрақты қию үшін қандай құралдар қажет болады?
14. Құрақ бұйым әдемі болу үшін не керек?
Суреттеу.
Ботакөз құрақ. Математикалық фигуралары бар, ортасы төрт бұрышты шетіне үшбұрыш тігілген, жиектеме тігісі бар үш
түрлі матадан тігілген ботакөз құрақ.
Гүл құрақ. Алты қырлы фигурадан тұратын, жиектеме тігісі бар, үш түрлі матадан тігілген гүл құрақ.
Бауырсақ құрақ. Ромб, үшбұрышты, төрт бұрышты фигуралардан құралған шетінде жиектеме тігісі бар, бес тірлі матадан
тігілген бауырсақ құрақ
Салыстыру. Венн диаграммасы.
Ши құрақ. Ортақ қасиеті. Жұлдызша құрақ
1. Мата. 3 түрлі 1. Мата. 3 түрлі
2. Ұзындығы көлеміне 2. Ұзын. көлеміне байланысты
байланысты ұзарады №2 ұзарады
3. Ені. енсіз өзгермейді. №3 3. Ені. енсіз өзгермейді.
4. Ұсақ бөлшектері №4 4. Ұсақ бөлшектері
5. Тігілуі. ортасынан басталады №5 5. Тігілуі. ортасынан басталады.
6. Жиектеме тігісі бар №6 6. Жиектеме тігісі бар
III. сарамандық жұмыс.
Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды орналастырамыз. Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық
бойынша қиып алынады. Қиылған астармен құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп шетіне 1см тігіс есептеп сызып
шығамыз, сызылған сызық бойынша көктеу керек. Ал құрақ көрпешенің арасына мақта және жүн салу үшін бір шетінен 10-
15см тігілмеген жер қалдыру керек. Бұйымның ашық жерінен жүн немесе мақта салынады. Егер жүн салатын болсақ
жақсылап жуып, тазалап кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп көрпеше ішіне тегістеп салу керек. Көрпешенің жүнін
салғаннан кейін ашық жерін ішкі тігіспен тігеді. Үлкен көрпеше болса, көрпешенің үстінен ұзыннан тепшіп тігеді.
IV. Қорытындылау.
Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке
тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен,
тігін тігумен айналысқан жөн.
Ал жақсы оқушылар мынадай сұрақтарға жауап берейік.
1. Құрақ өнерін астарсыз тігуге болама?
2. Астарды қалай қиямыз?
3. Бұйымды тіккенде тігіске неше см алу керек?
4. Көрпеше тігу үшін ішіне не салынады?
5. Оны қалай саламыз?
6. Жүнді жуу қажет пе?
7. Ал мақтаны ше?
V. Бағалау. Үйге тапсырма. Құрақты тігіп аяқтау.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы
мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі
Сарманов Абдивали Мусиртаевич
Сабақ тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Мүшелерде астың қорытылу құбылысын, ас қорыту сөлдерін,
ферменттердің әсері туралы түсінік бере отырып, асқорытудың адам
денсаулығына қажеттілігін ұғындыру;
Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында оқушылардың
дүниетанымын ойындар ойнату арқылы дамыту;
Тәрбиелілік: Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы
салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Асқорыту жүйесінің құрылысы суреттері, тірек – сызбалар,
158
электрондық оқулық.
Пәнаралық байланыс: медицина, әдебиет
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Сәлемдесу;
Түгендеу;
Бейімдеу
«Тазалық – денсаулық кепілі, денсаулық – байлық негізі»
«Жақсы көңіл күй» тренингі. Сіздерге арналған текшелер
Сабақ барысында мақал – мәтелдерді қолдана отырып, әр бөлімге көшіп отырамыз.
Үй тапсырмасы: мәнжазбаларға шолу жасау
«Дені саудың жаны сау»
«Миға шабуыл» үй тапсырмасына арналған сұрақтар
1.Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?
2.Тамақ өнімдері дегеніміз не?
3.Қоректік заттар дегніміз не?
4.Ас қорыту дегеніміз не?
5.Адам ағзазы үшін тамақтың маңызы қандай?
6.Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?
7.Дәрумендердің ағза үшін маңызы
«Денсуалық ауадан аумайды, барында кім оны ойлайды»
«Сөзжұмбақ»
1.Бұл фермент майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыртады
2.Адам организімінің дене салмағының 60% құрайды
3.Бұл қоректік зат жасуша мембранасының құрамына кіретін қандай материал
4.Нәруыздар, майлар, көмірсулар, су, дәрумендер бұлар
5.Организмнің негізгі құрылыс материалы
6.Организімде тамақ өнімдерінің қандай процестері жүреді
7. Нәруыз текті заттар
8. Организмдегі негізгі энергия көзі
«Шынықсаң – шымыр боларсың»
«Білгенге маржан» жаңа сабақ түсіндіру
Асқортыу мүшелерінің құрылысы. Асқорыту жолына жеке – жеке тоқталамыз.
1.Асқорыту жүйесі.
2.Ауыз қуысы
3.Жұтқыншақ
4.Өңеш
5.Асқазан
6.Ашішек
7.Тоқішек
8.Бауыр
9.Ұйқы безі
10.Бауыр
«Ұйқы – тынықтырады, жұмыс – шынықтырады»
«Кім жылдам»
1.Адамда асқорыту жолының ұзындығы:
А) 3-5 м ә) 8-10 м б) 15-18 м
2.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда ә) ұрттың сілемейлі қабығында б) тілде
3.Асқорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
а) Ауыз қуысында ә) жұтқыншақта б) өңеште
4.Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасқан?
а) ашішек Ә) тоқішек б) ұлтабар
5.Тоқішектің бөлімдері
А) ашішек, жиекішек, тікішек
Ә)соқырішек, ашішек, мықынішек
Б) соқырішек, жиекішек, тікішек
6.Ашішек бөлімдері
А)ұлтабар, тікішек, ашішек
Ә)ұлтабар, ашішек, мықынішек
Б)Соқырішек, жиекішек ,тікішек
«Ауырып ем іздегенше, ауырмауды жолын ізде»
ң
«Жина тау»
қ
1.Сіздерге суреттер беріледі сол суретті ретімен орналастырып, атын тақтаға жазу.
2. Сұрақты суретте
1.Орналасқан жері ауыз қуысы, өзі тағамды ұнтақтауға көп көмек көрсетеді
2.Бұл ішектің бір бөлігі тұйықталып, бүйен деп аталады да,құрт тәрізді өсінді – соқырішек түзеді
3.Ас қорыту бездерінің ішіндегі үлкен без.
3. Биологиялық диктант
159
Асқорыту жолының қабырғасы ішкі, ортаңғы, сыртқы үш қабаттан тұрады.Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі бөбешік түрінде
болады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тартылып, өңешке жалғасады.Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы
деңгейінде асқазанға ашылады. Асқазанның ішкі сілемейлі қабығындағы қатпарлар арасында көптеген ұсақ бездер
болады. Соқырішекте құрт тәрізді өсінді - ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Асқорыту қызметінен басқа ұйқы безі ішкі
секрециялық қызметін де атқарады. Бауыр – күрделі түтікшелі без.
4.Ас қорыту жүйесі кесте толтыру
5. Жолдастарыңды салауатты өмір салтына шақыр.
.......................................жатпаңдар,
........................................тастаңдар.
........................................жадырап,
......................................бастаңдар.
Үйге тапсырма: §43 Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Денсаулық туралы мақал – мәтелдер жинақтау.
Қорытынды: бағалау
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОҚО, Сайрам ауданы, Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы
мектеп-гимназиясы физика пәні мұғалімі Касимбекова Хурсанай Мадкаримовна
Физикалық кеш
«Біле бер анша білсе – та ы тіле,
қ
ң
ғ
Жетерсі ма саты а біле, біле». Ж.Баласа н.
ң
қ
ң
ғұ
Сыныптан тыс уақытта ойын түрінде өткізілетін білім сайысы оқушылардың білімін шыңдап, пәнге деген
қызығушылығын оятады. Төменде физикадан өткен білім сайысының үлгісін ұсынып отырмын.
Ойынға қатысушы топтар:
«Электрон» тобы, «Атом» тобы.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сайыстың мақсатымен, оның өткізілу түрлерімен ойын шарттарымен, ойынға қатысушылармен
таныстыру.
2-сайыс. «Иә» не «жоқ»
«Иә» десең белгіні көтересің, «жоқ» десең көтермейсің. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
Сұрақтар:
•
Аттас зарядтар бір-бірімен тартыла ма? (жоқ)
•
Заттар үш күйде бола ала ма? (иә)
•
Кедергінің өлшгеу бірлігі секунд. (жоқ)
•
Кедергінің өлшеу бірлігі секунд. (жоқ)
•
Электролиз заңын ашқан ғалым Фарадей. (иә)
•
Жылдамдық өлшем бірлігі м/с. (иә)
•
Температураны өлшейтін құрал динометр. (жоқ)
•
Массаның өлшем бірлігі кг. (иә)
•
Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
3-сайыс. Эксперименттік сайыс.
Тапсырма. Денелердің көлемін есептеп өлшеу.
а) мензурка арқылы (1-топ)
б) сызғыш арқылы (2-топ)
4-сайыс. «Кім жылдам?» Оқушы жауабы 5 балдық жүйемен бағаланады.
1-топ.
1. Бір тонна мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?
2. Оттегі, азот сұйық күйде бола ала ма?
3. Қоянның жылдамдығы 15м/с, ал дильфиннің жылдамдығы 72 км/сағ. Олардың қайсысы үлкен жылдамдыққа ие болады.
2-топ
1. Сынап, темір, қорғасын газ тәріздес күйде бола ала ма?
2. 3 сағатта 20 км жол жүргеншаңғышының орташа жылдамдығын есептеп шығар.
3. Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: Кең аяқ киімнен бе, әлде тар аяқ киімнен бе? Неліктен?
5-сайыс. «Ойынды жалғастыр»
1. Бірлікті бірді жығыр ... (білімді мыңды жығар)
2. Бір елі ауызға ... (екі елі қакпақ)
3. Жүз сомың болғанша ... (жүз досың болсын)
4. Отыз тістен шыққан сөз ... (отыз рулы елге тарайды)
5. Бір кісі қазған құдықтан ... (мың кісі су ішеді)
6. Жеті жұрттың тілін біл ... (жеті түрлі білім біл)
7. Екі жақсы қас болмас ... (екі жаман дос болмас)
8. Білгенің бір тоғыз, ... (білмегенің тоқсан тоғыз)
Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.
6-сайыс. «Кім көп формула біледі?»
Қорытынды. Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Көп ұпай жинаған оқушыға
«Озық ойлы оқушы» атағы беріледі.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
160
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбек Күлпаш Сапарқызы
Тақырыбы:Қазақстан Республикасының рәміздері
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру.
Дамытушылығы:Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін
ұғындыру,ой өрісін кеңейту.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.
Түрі:ашық сабақ
Әдісі:түсінік беру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы
Көрнекілігі:презентация ( Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік монументі, ҚР рәміздері, ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР
рәміздерінің авторларының портреттері)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, кезекшімен сұхбат, сабаққа даярлау
Саба ты аза стан Республикасыны н ранымен бастау
қ
Қ
қ
ң ә ұ
(әнұран орындалады)
Психологиялық дайындық.
Әрбір адам – туысым, досым, бауырым
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық
II.Үй жұмысын сұрау
Ш. Сариевтің “Тәуелсіздік монументі” өлеңін жатқа айту, мазмұнын түсіндіру.
Тәуелсіздік монументі– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған
сәулетжәнемүсінөнері ескерткіші.
1996 жылы
Алматыдағы
Республика алаңында
Қазақстан
тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск
түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитекторШ.Уәлиханов(топ жетекшісі),
мүсіншілеріН.Далбай,Ә.ЖұмабаевсәулетшілеріҚ.Жарылғапов,Қ.Монтақаев,
т.б.
бас
конструкторыС.П.
Каламкаров.Тәуелсіздік монументісол жылы 16 желтоқсанда ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатынаҚазақстан
РеспубликасыныңПрезидентіН.НазарбаевпенТүркияпрезиденті
С. Демирельқатысты.Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқантәуелсіздік монументініңнегізгі ортасында
композициясы ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 м-ге жетеді. Көк аспанға қарай
шаншыла бой көтерген орталық діңгектің ұшар басы қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді жұмырланып мүсінделген әрі
оған Қазақстанның елтаңбасы ойылып түсірілген. Оның үстіңгі жағындағы қоладан құйылған қанаттыбарыстыңүстінде оң
қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорамсағындағы сауыт,
бұзаралтынғамалынған жебелері бар дулығалы жас сарбаздың құрыштай мығым бітім-тұлғасы (биіктігі 6 м, ал салмағы 4 т)
аса айбарлы кейіппен,тәуелсіздік монументініңберіктігі мен ауқымдылығын айқын аңғартады.
Тәуелсіздік монументініңекі қапталын айнала қазақ халқының тарихи өткен өмір белестерінен сыр шертетін шағын
архитектор-мүсіндемелік бедерлі бейнелер, яғни сонау сақтар дәуірінен тәуелсіздіктің жариялануына дейінгі тарихи
кезеңдерді:Томирисзаманынан бастапәл-Фараби, қазақ хандығының құрылуы,Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама,жоңғар
шапқыншылығына қарсы күрес,қазақпенорысхалқы арасындағы байланыстар,ұлт-азаттыққозғалыстары,2-дүниежүзілік
соғыс,Желтоқсан көтерілісімен Тәуелсіздіктің жариялануын көрсететін ұтымды шешім тапқан көрініс-суреттер орналасып
әрі олар бір-бірімен жымдаса жалғасып, көркем жарасым тапқан.
Діңгектің төрт жағында орналасқан төрт мүсіндік бейне де тәуелсіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін
дәл тапқандығымен ерекшеленеді. Дала данасы ақылгөй абыз ата мен жүрегі мейірімге толы ақ жаулықтыЖер-анажәне
олардың алдыңғы жағындағы құлыншаққа мінген бала мен қыздың бейнесі ескерткіштің сәулетті символик. мазмұн-
сипатын ашумен қатар, ұлттық рухы мен сыр-сымбатын айқындап асқақтата түседі. Ол 20 ғасырдың соңына қарай
ұлттықсәулет өнерітарихында өз орны бар мүсіндік және сәулетшілік ой шығармашылығы тоғыстығынан туған
озықархитекторжәдігерлерінің біріне айналды.
Тіл дамыту сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?
аза стан Республикасыны мемлекеттік тілі – аза тілі
Қ
қ
ң
қ
қ
2. Қазақстан қандай мемлекет ?
аза стан к п лтты, егеменді мемелекет
Қ
қ
ө ұ
3.Қазақстан халқының саны қанша ?
аза стан хал ыны саны – 17 млн
Қ
қ
қ
ң
4. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?
аза стан Республикасыны т
ыш президенті Н рс лтан Назарбаев
Қ
қ
ң ұңғ
ұ ұ
5.Қазақстан қашан тәуелсіз болып жарияланды ?
аза стан 1991 жылы 1желто санда т уелсіз болып жарияланды
Қ
қ
қ
ә
6.Теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енді ?
Те гені жа а т рі 2006 жылы арашаны 15-інде айналым а енді
ң
ң
ң
ү
қ
ң
ғ
7.Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.
аза станны бас аласы ж не астасы - Астана
Қ
қ
ң
қ
ә
8.Қазақстан жері неге бай ?
аза стан жері пайдалы кендерге бай бай
Қ
қ
9.Бүгінгі күні Қазақстан қандай ел ?
161
Б гінгі к ні аза стан білімді, дербес, жо ары м дениетті, дамы ан ел
ү
ү Қ
қ
ғ
ә
ғ
10. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?
аза стан Республикасыны р міздеріне Ту, Елта ба, н ран жатады
Қ
қ
ң ә
ң
Ә ұ
Сергіту сәтті
III. Жаңа сабақ
1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
Автор туралы түсінік: Тұманбай Молдағалиев (20 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарасу”
совхозы – 10 қазан 2011, Алматы қаласы) – қазақтың біртуар ақыны.
1.Мәтіндіндерді оқып, түсідіру. Оқушылар тізбектей оқиды.
Мемлекеттік ту
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі1992 жылы Мемлекеттік Туды бекітті. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
ШәкенНиязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің
негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер
училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Ту неліктен көк түсті ? Оның себебі, бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге
бөлінгенмен, аспан ешқашан бөлінбейді.Күн де бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Ал
қыран болса, киелі, қасиетті құс деп есептелген. Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын дегенді білдіреді.
Тудағы ою-өрнек қазақ елінің танымын, өзіндік ерекшелігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасынды шаңырақ тұр.
Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген. Жылқы, жүйрік ат қазақьа ерекше бағаланған. Пырақ – мал
шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық бейне. Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.
Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның
авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов.
Жандарбек Мәлібеков ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда
обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері
факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының
жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Шотаман Уәлиханов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының
иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.
Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев жазған.
Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың
Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»
атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық
рухымен жаңғыртып келеді.
Әнұранның әнін Шәмші Қалдаяқов жазған
Шәмші Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм ауданында туған. Ол жас кезінен-ақ тамаша әндер шығара бастайды.
Шәмшінің әндері ерекше жұмсақ. Оның әндері қазақ эстрада музыкасын байытты. Әлемдік музыкада Штраус, Шопеннің
вальстері қандай орын алса, Шәмшінің вальстері да сондай әсем.
IV. ҚортындылауСендер бүгінгі сабақтан не алдыңдар ?
Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?
Тудың авторы кім ?
Ту неліктен көк түсті ?
Туда нелер бейнеленген ?
Елтаңбаның авторлары кімдер ?
Елтаңбада нелер бейнеленген ?
Әнұранның сөзін жазған кімдер ?
Әнұранның әнін жазған кім?
V. Бекіту Сендер бүгінгі сабақтан кейінҚазақстан Республикасының рәміздері туралы көп мәлімет алдыңдар деп
ойлаймын . КелешектеҚазақстан Республикасының патриоты болып, Қазақстанда тұратынымызды , Қазақстан
Республикасының рәміздерін мақтан ететіңдерінді сенімдімін.
Үйге тапсырма:Өлеңдерді мәнерлеп оқып, үзінді жаттау.
Бағалау
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
162
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Циолковский атындағы
№84 жалпы орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушысы Туғанбаев Бейбіт Махмутұлы
Жетекшісі: Математика пәнінің мұғалімі Мадарбекова Асел Аширкуловна
Іші - бауырымыз құрысып - тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан,
киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен -
жегені нағыз дәрумендердің көзі екен. Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен
жылқының қымызы – дәруменнің, күш - қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына
“ірімшік” деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да
татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер көрсеткендей,
сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22, 85 - 34, 52% болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың
мөлшері 40 - 42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 4, 52%- тен аспайды, ал ірімшікте ол 10, 93% болады. Адам
ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік
құрамында фосфор 0, 51%, ал кальций 2, 3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268, 8 -
401, 38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408, 4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала
дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14, 5 - 18, 6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай –
52, 6%. Ал 100 грам сүзбе 87 - 227 - ге дейін қуат берсе, құрттан 370, 1 қуат алуға болады.
Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1
тәулікте орта есеппен 50 мг. С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200 - 260 мг. С дәрумені бар. Қымызда
сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның
жасалуына қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу - тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, А
дәрумендер тобы, липоид, бар. Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін тежейді. Шіріткіш
микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек,
дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін
сауықтыру орталығы ашылған.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді.
Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу
тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген
құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген
іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі
күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін - әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып
араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып,
құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақтайшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай
біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт
жыл бойына, кейде 2 — 3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін
немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе
кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық -
бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай - ақ одан тері
илеу үшін малма жасайды.
Қ ө б і к. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт
болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған
сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі
үлгімен бөлшектеліп тақтайшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел
ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып
суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға
салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және
кенеулісі.
А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық
түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
К ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе
жеңіл - желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да кұрт - май деп
аталады.
Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.
Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес - құрылым өкілдері де
осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар
десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның
атын шығаратын не екені белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес. Ал, Алматылық Айдар
Шалбарбаев уақытын текке өткізіп жүрген жоқ.
163
Айдар Шалбарбаев 19 жыл бойы құртқа ұлттық бренд мәртебесін беруге ат салысуда. Әлі нәтижесіз.
– Ұлттық бренд туралы сөз қозғалған кезде, мен тыс қала алмаймын, – деп Айдар Ақаралұлы атап кетті. – Мен қазақтың
байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мыңжылдық тарихы бар, және бүгін құрттың
дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа
аудармасқа?! Бір кездері құр көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ
сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. Мен өзім де құртты жеп өстім.
1990 жылы Айдар Ақаралұлы құрт және оның мәртебесі туралы күрделі ойлай бастады.
– Менің алғашқы білімім – мүсінші - суретші, сондықтан бастапқыда, суретші ретінде, мені құртың мүсіні қызықтырды.
Және мен сыйға тартатын құрт құру бойынша жұмыс істей бастадым, - деп жалғастырды. – Ол кезде тағамның құрамы мен
сапасы туралы, оның жасалу технологиясы туралы ойлаған жоқпын. Менің бірінші ойлап шығарған құртым үшбұрышты
боды, және әр бұрышы үш жүзді білдірген. Осы бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі – киіз үй, қойлар, жылқылар,
түйелер. Сонымен қатар, сыйлық ою түрінде де әзірленген. Бұл Қазақстанға келген әр шетел азаматына өте жақсы сыйлық.
Басқа шетелде демалыста болып, сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу – бұрынғы туристік дәстүр. Түркиядан біз
әлемге әйгілі пахлавасын, Үнді елінен шайларын әкелеміз. Әр елде достарына сый ретінде әкелуге болатын, ерекше
тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына алады? Тек базарда кемпірлермен тауарсыз түрінде сатылатын құрттан басқа ештеңе
жоқ.
Жылдар бойы құрт тақырыбын зерттеген Айдар Шалбарбаев тұзды домалақтардан ерекше тауар шығаруын біледі.
– Егер мен бастапқыда тек мүсіні туралы ойласам, кейін мені құрттың дайындалу технологиясы қызықтырды, – дейді Айдар
Ақаралұлы. – Мен ұлттық ащы сүт өнімдерінің өндірісін зерделедім. 2004 жылы осы зерттеуіме патент алдым. Осы патент
қазіргі заман технологияларын қолданып, шетелдерге мақтанышпен шығарылатын сапалы құрт шығаруға мүмкіндік береді.
Мен біздің құрт голландықтардың ірімшіктері, түркілердің йогурті сияқты әлемдік асханада өзіне лайық орын алуы қажет
деп ойлаймын.
Айдар Шалбарбаев құртты өндірудің үш бағытын ойлап шығарды. Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколадпен
қапталған және жаңғақ қосылған.
Екінші бағыт – етті құрт(жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата - бабаларының әдісі бойынша жасалады. Үшіншісі
– балық құрт. Бұл өнімді сыра ішетіндер жақтайды деп ойлайды зерттеуші. Осы құрт балықтың әр түрінен жасалып, балық
мүсінінде болады.
Айдар Ақаралұлы өз зерттеулерімен көптеген жерлерге барып, көмек сұрады, бірақ жолы болмай жүр. Жақында, ол премьер
- министр Кәрім Мәсімовтың блогі туралы біліп, премьер - министрге ұлттық брендті құрғаны туралы хат жазды. Жауабын
әлі алған жоқ.
– Мен, өзім де құртты өндіретін цех ашар едім, – дейді зерттеуші. – Бірақ, қазақтың байырғы тағамын ұлттық бренд бола
алмас еді. Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет.
Қорытынды Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы
бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт
туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен
таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да
осыған көз жеткізді.
Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне
қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана,
өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал
егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды
тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ
орта мектебі МДШО» КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Умержанова Ритта Орысбаевна
Тақырыбы: Қош бол, Әліппе
Мақсаты: Оқушыларға бар білімнің білімнің бастауы әліппе оқулығының қадір қасиетін білуге, ата-аналармен бірге
мерекелік көңіл күйі арқылы білімге құштарлыққа талғамдарын тереңдете түсуге ана-тілін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертеңгілік
Сабақты көрнекілігі:Әліппе макеті,шарлар, пәнге арналған көрнекіліктер.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің сөзі ____________________ «Жетпіспен жеті» көрінісі.
Авторы:Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«қайда әлгі мектеп?» деп
Жетпіс келді сүрініп,
Жеті келді жүгіріп.
Ата: Балам балам жақсы бол,
Міне сенің мектебің
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім
Немересі: Уайымдама аташым,
Улкен болды балашың.
Тентектікті қоямын ,
Жақсы бала боламын.
164
Мұғалім:Сәлеметсіз бе, ата. Немереңізді мектепке алып келген боларсыз. Қандай көмегім керек.
Ата: Қырғауылды қазақ орта мектебінің 1 «а» сыныбына қабылдаған еді апайын қалай таба алады екенмін.
Мұғалім: Адаспай дәл таптыныңыз ата 1 «а» сыныбының жетекшісі: Өміржанова Рита боламын. Ата сабақ басталатын
уақыт болып қалды. Жүреғой балақай!
Ата: Ее-е-ей заманай кеше ғана менде осындай бала едім, зымыраған уақытқа не шара.
Авторы: Жеті кетті жүгіріп,
Жетпіс қалды кідіріп.
Мұғалім: Өсті міне бойларың,
Өсті ойлар ақылың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Құрметті ата-әжелер кеше ғана үлкен тебіреніспен жүрексіне мектеп табалдырығын аттап балалар осы белестен өтті,араға 4-
ай уақыт салып 42 әріппен танысып өздері жазып оқи алатын оқушы болды. Бүгінгі күнде сүйікті әліппемен қоштасқалы
отыр. Олай болса «Қош бол,әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіз. Осы тойымыздың иелері 1 «а» сынып
оқушыларының биін тамашалаңыздар «бальс»
(оқушылыр ортаға шығып орналасады)
Мұғалім: Келесі кезекті тобымыздың кішкентай жүргізушілері; Нұрғали, Алан, Айданаға берейік.
1- жүргізүші: Қайырлы күн халайық!
2- жүргізүші: Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз.
3- жүргізүші: Армысыздар мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсаламыз сіздерді,
Би де билеп, әнде бүгін шырқалар.
1- жүргізүші: Шашу шашу шашамыз
Ақ сандықты ашамыз,
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
2- жүргізүші: Я халайық халайық
Мұнда назар салайық
Қайсы күшті кім биші
Талабына қарайық
3-жүргізүші: Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне әліппемен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби бөпелер.
1-жүргізүші: « Қош бол Әліппе» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер
2- жүргізүші: Достар! Осы мен Әліппемен қоштасуды жөн көрми отырмын.
3-жүргізүші: Ой! Не болды? Неге олай дейсің.
1-жүргізүші: Менің жылағым келіп тұр
2 -жүргізүші: Мен білемін, неге жылығың келіп тұрғанын себебі сен әліппені қыймай тұрсың.
3- жүргізүші: Иә иә әліппемізге рахмет айтсақта, қыймай тұрмын.
1- жүргізүші: Жарайды одан да әліппені ортаға шақырайық.
-Оқушылар ( әліппе әліппе, хормен)
- Ортаға қораптан жасалған әліппе шығады
Әліппе: Армысыздар жас достар ,
Армысыздар ата- ана
Бүлдіршіндер балғындар.
Менің аттым әліппе ,
Міне өзіңді дәріпте
Міне осылай ержеткен
Ағаң менен апкеңде.
Армысыздарма балалар! Біз бірге әліппені бітірдік. Сендер менен үйренгендеріңді ана тіліне көрсетіп мені ұятқа
қалдырмаңдар жарайды ма? « хормен жарайды».
1-жүргізүші: Балалар енді біз әліппені ренжітпей әндерімізбен өлеңдерімізді арнайық.
Хор әліппе
Мұғалім: Әліппе біздің балалардың сізге арнаған тақпақтары бар. Соны сізге оқып берсін
1-ші оқушы: Алфабиттың А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадыңба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
2-ші оқушы: Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том том қалың кітаптың
Басы болар әліппенің.
3-ші оқушы: Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
4-ші оқушы: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қәзір ертерек,
Үйреткен осы әліппе.
5-ші оқушы: Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
165
6-ші оқушы: Әліппем менің Әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппе рахмет көп рахмет!
7-ші оқушы: Енді біз оқи аламыз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе.
8-ші оқушы : Нүкте, үтір, жақшаны білдік,
Азат жолмен жазуды білдік.
Бас әріптен бастап сөйлем жаздық
Нүкте қойып аяқтадық.
1-ші оқушы : А деген аналарғой ардақты
2-ші оқушы : Ә деген әкелерғой салмақты
3-ші оқушы : Б деген балаларғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі ( хормен барлығы бірге )
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол бер деген
Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Атам менің иәрқашан
Әділеттібол деген
Ата сөзі санауда
Журем тура жолменен
Әліппе: Оу балалар менің әріптерім қайда?
Оқүшылар: Біз мұндамыз ( балалар хормен)
А. А деген анағой.
Ана деген дана ғой,
Ә. Ә деген ол әкелерғой салмақты.
Б. Б дегенің балағой,
Жұмсаса апаң барағой.
Г. Г дегенің гу деп алғаш бөбектер ,
Гуілдейді бөбектер.
Ғ. Ғалым ғылым ғасырды ,
Ғ білімге асырды.
Д. Достарым сөздеріңнің бәрі дұрыс,
Д дыбысы даналықтың белгісі.
Е. Е елге есті ер керек,
Ер жет өсіп ертерек.
Ж. Жан жақсының жақсылық,
Жатыр Ж дан жаралып.
З. Зау зау ұшады зырылдап,
Зымыранша зырылдап.
И. Ирина изденді,
Инжинер мына біз деді.
К. Кекілік ау кекілік
Кетіп қалма секіріп.
Қ. Қартқа қол бер
Жасқа жол бер.
Л. Лашын биік самғайды
Лашын көкті шарлайды.
М. Мектеп берген біліммен
Марқаясың жас улан.
Н. Наурыз айы келгенде
Наурыз тойы тойлансын.
П. Бала отыр партада
Оқы бала шаршама .
Р. Әріпте бар Р деген діріл дыбыс
Мұның сырын әрине білген дұрыс.
С. С әріпі сұлулықтың сымбаты
Сыпайылық сан алуан сын тақты.
О. Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
Ө. Өсті міне балалар
Өсті ақыл ойларың.
Х. Келіп тұрған хат хабар
Х әріпінен басталар.
Ы. Ыдысты саздан жасаған
Ықылас біздің жақсы адам.
І. Інісіне бағалы
Іңкәр ішік алғанды
Т. Т дегенім жеңімпаз
Туымыз ғой қолдағы.
2 жүргізүші ; Ризабек Самалдың орындауында ән «Әліппе» (Хормен Қош бол Әліппе)
Әліппе: Қош болыңдар балалар!
Хор. « Рахмет саған әліппе»
Ана тілі: Балалар мен сендерді жаңа достарың Ана- тілі боламын. Менің ішім қызыққа толы.
Менде келдім дамылда тойыңа,
Оқы талмай санаңа түй жас бөбек
Сыр құямын, нұр қиямын бойыңа,
Таза ұста мені қастерле.
Ана тілі Балалар мен сіздерді сынағалы отырмын . сіздер 42 әріп танып оқуды санауды жақсы меңгерген екенсіңдер менің
тапсырмамды орындауға дайынсыңдарма.
(оқушылар дайынбыз)
Ана- тілі: Жарайсыңдар
Келесі тапсырма :Әліппе сендерге не үйретті?
1-ші оқушы: Оқуды, жазуды, есеп шығаруды,ән айтып, би билеуді.
2-ші оқушы: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізді, елімізді, қорғауды үйрендік.
3-ші оқушы : Отанды, ата анамызды, достарымызды, табиғатты, мектебімізді қорғауды үйрендік.
4-ші оқушы: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата ананың ақылы болашаққа деген сенім.
Ана тілі: Жарайсыңдар балалар, енді 3ші тапсырма қандай өлеңдердің, өнерлерің бар, ортаға салыңдар.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ана тілі: балалар өнерлерің күшті маған қатты ұнады өнерлерің өрге жүзсін.
1 жургізүші: Ендігі сөз кезегін сынып жетекшімізге береміз.
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -------------------------------------сөз беріледі.
Бастауыш сыныптың оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________________________ сөз береміз.
Қорытынды сөз; -------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
166
Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ
орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі Кузембаева Кырмызы Каимовна
Сабақтың тақырыбы: «Әке мен бала» Ы.Алтынсарин
Мақсаты: Білімділігі: Тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин өмірі мен оның шығармашылығы туралы білімдерін
қалыптастыру.Әке мен бала әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
Дамытушылығы: Балалардың тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктері мен байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын
тұрғысынан ойлай білуін, ойын ашық айта білуге , орынды қолдануға үйрету.
Тәрбиелілігі: Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы
қарым – қатынасты нығайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа, ақылды, тіл алғыш болуға, жақсы жолдас бола
білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің суреті, мақал-мәтелдер, венн диаграммасы
Әдіс-тәсілдері: «Сын тұрғысынан ойлау » технологиясы, ойын
Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Ой қозғау
II. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенге шолу
Тез жауап бер.
- Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Жауабы: 42 әріп, 40 дыбыс бар
- Әріп дегеніміз не, дыбыс дегеніміз не?
Жауабы: Әріпті көреміз, жазамыз. Дыбысты естиміз, айтамыз.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауабы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар
- Дауысты дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жуан дауысты дыбыс, жіңішке дауысты дыбыс.
- Жуан дауысты дыбыстарды ата?
Жауабы: (а, о, ұ, ы)
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
Жауабы: (ә, е, ө, і, ү)
1) «Ақсақалдың ақ батасы» өлеңі жатқа сұралады
Бата туралы айту
Батаны тойларда үлкен кісі береді. «Бесікке салу» «Тұсау кесу» «Сүндет той» тағы басқа тойларда беріледі. Ас ішіп
болғасын бата береді.
2) Ойын: «Жалғасын тап!» Мақалдарды жалғастырып айту.
Ата –бәйтерек Батамен ер көгерер Атадан бала туса игі,
......-................... ........-......................... ..............-....................
3) Ойын: «Жұбын тап!»
Жұп дауысты дыбыстарды тапқызу
А-ә, о-ө,ы-і, ұ-ү жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.
III. Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
49-жаттығу: Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу. Берілген сөздердегі а, ә дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын
анықтау.
«Ішіне-сыртына» әдісі арқылы жуан-жіңішке айтылатын сөздерді бөліп жазу. (бары-бері, сан-сән, ар-әр)
1. Ы.Алтынсарин туралы мәлімет беру: Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында дүниеге келген, әліппе жазған, балалар
әдебиетінң атасы, алғаш мектеп ашқан, ағартушы, ұстаз, жазушы.
2. «Әке» деген сөз қандай жақын,қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін
әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат,ең қымбат адамым ол- сүйікті әкешім. Кішкентайдан ақылшым, қамқоршым.
Әкешім бақытты аман-сау болуыңызды тілеймін.
Әке-асқар тау ( тау суреттері ілінеді)
Ана- қайнар бұлақ ( бұлақ суреті ілінеді)
Бала жағасындағы құрақ ( құрақ суреті ілінеді)
3. Мәтінмен жұмыс: «Әке мен бала» мәтінімен таныстыру. Мәтінді бөлімдерге бөлу. (бала, әке, шие, ұста,таға, тиын, егін )
1. Бір адам он жасар баласын ертіп егіннен жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көріп, баласына айтады:
- Балам,анау тағаны ала жүр. Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын ?- дейді.
167
Әкесі үндемейді, тағаны өзі еңкейіп алады да, жүре береді.
2.Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі манағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз
жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады.Сонымен, шиені орамалына түйіп,
шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре береді.
3. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен,
жерге түскен шиені жалма-жан іліп алып, аузына салады.Біршамадан соң және бір шие, онан біраз өткен соң таңы бір шие,
сонымен әр жерде бір әкесінің қолыннан түскен шиені он шақты рет иіліп жерден алып жейді.
4. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиенің жерге
түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.
5. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең, көптен де
құр қаласың,- депті.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Екі қолды созамыз.
Оңға, солға бүрылып ,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып аламыз.
IV. Бекіту.
Ой толғау : Мәтін мазмұнын талдауға байланысты сұрақтар қою.
- Әкесі мен баласы қайдан қайтты?
- Олар жолда нені көрді?
- Әкесі баласына не деді?
- Бала әкесіне қалай жауап қайтарды?
- Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
- Әкесі шиені неғылды?
- Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
Венн диаграммасын құру.
Әке: Бала:
Үлкен кісі Жас бала
Тағаны алады Тағаны алғысы келмейді
Ақылды адам Ақылсыз бала
Шие сатып алады Шие сатып алмады
Еңбектенеді Еңбектенбеді
VI. Қорытындылау
Мақалдармен таныстыру.
1. Еріншек екі істер
2. Еріншектің ертеңі бітпес
Осы мақалдың қайсысы мәтінге сәйкес келеді, тапқызу, дәлелдеу.Мақалдың мағынасын ашу, талдау.
«Талаптыға нұр жауар» мақалын түсіндіру, екі баланы салыстыру(оқулықта берілген суреттегі бала мен кейіпкер баланы
салыстыру)
Кейіпкер бала: еңбектенген жоқ, тағаны алмады, ақылсыз бала, сатып алмады.
Суреттегі бала: еңбектенеді, мақсат қояды, ақылды бала.
Ұқсастығы: Жас бала
VII.Бағалау. Білімдерін бағалап, мадақтау.
VIII.Үйге тапсырма: Мәтін «Әке мен бала» түсініп оқу, мазмұндау, мақал-мәтел жазу, жаттау
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп психологы Мусабекова Шакизат Дуанбаевна
Тренинг : «Біз бір командамыз!»
Мақсаты :
1. Хроматикалық түстердің ұнамдылығына байланысты топтағы қарым-қатынасты бағалау.
2. Қарым-қатынасқа түсу барысында көңіл-күйді, эмоцияны сезіне білуге жұмылдыру.
3. Топтағы белсенділікті арттыру.
Қажетті құралдар: плакат, 7х3 см тіктөртбұрышты түрлі түсті қағаз дайындау, маркерлер, лента, газет орамдары.
I Ұйымдыстыру кезеңі:
Қатысушылар бүгінгі күнгі жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетуді өтіну.
А) екі алақанын ашып жүргізушіге көрсету. Бұл белгі «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайынмын».
Б) екі алақанын өзіне қаратса, «мен бүгін белсенді жұмысқа дайын емеспін» - белгісін білдіреді.
В) егер де бір алақанын ашық, екінші алақанын өзіне қаратса, бұл белгі: «мен жаттығуға дайынмын, бірақ көңіл-күйім онша
емес» - дегенді білдіреді.
II Негізгі бөлім:
«Көңіл – күй түстері»
Н с ауы:
ұ қ
Үлкен плакатқа тіктөртбұрышты түрлі – түсті қағаз ретімен жабыстырылады. Плакаттың жоғарғы жағына белгілі
бір көңілді білдіретін сандар жазылады, яғни
Өте-өте ұнайды – 5
Өте ұнайды – 4
168
Ұнайды – 3
Кейде ұнайды – 2
Кейде ұнайды, кейде ұнамайды – 1
Әрбір топ мүшесі түстер маңындағы сандарды қалауы бойынша ретімен «Х»белгісі арқылы белгілеп шығады. Жүргізуші
әрбір қойылған белгілерді есептеп, сатылық деңгей түрінде нәтижені шығарады. Тиісті мінездемелерді қалыптастырады
(мысалы күлгін түс көп ұпай жинаса, онда топта эмоционалдылық, көтеріңкі көңіл-күй орнаған).
Плакат үлгісі
Өте-өте ұнайды –
5
Өте ұнайды – 4
Ұнайды – 3
Кейде ұнайды – 2 Кейде ұнайды, кейде
ұнамайды – 1
Көк түс
Қызыл түс
Қызғылт түс
Жасыл түс
Сары түс
Күлгін түс
олданылатын
Қ
т стер:
ү
1. Көк - тұрақтылық, суықтық
2. Қызыл - ашушаңдық, белсенділік
3. Қызғылт сары – суықтық, сенімділік, тұрақтылық
4. Жасыл – зейінділік, топтық сезу
5. Сары – эмоционалды тұрақтылық, жылулық
6. Күлгін – эмоционалдылық, көтеріңкі көңіл-күй.
« Атыспақ»
Н с ау
ұ қ : Бөлменің ортасын лента арқылы немесе қандайда бір белгімен екіге бөлеміз. Қатысушылар екіге бөлініп белгінің
екі жағына шығады. Алдын ала дайындалған газет орамдары (қарды дөңгелектегендей газетті скочпен орап дөңгелектеу) екі
топқа бірдей көлемде беріледі. Қатысушыларға тапсырма өз жағындағы газет орамдарын арғы бетте тұрған қатысушыларға
лақтыру. Ойын соңында қай бетте аз газет орамдары қалса сол топ жеңіске жетеді.
III Қорытынды:
Жанды анкета
- Бүгін өзіңізге не алдыңыз?
- Не ұнады?
Әр қатысушымен талдау жасай отырып, қажеттілігінің деңгейі қандай еді, қандай нәтиже берді, салыстыру.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы
«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі Ералиева Ақниет Айжарыққызы
Саба ты та ырыбы:
қ
ң
қ
Мен елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.
Саба ты ма саты:
қ
ң
қ
1. «Мен елімді сүйемін» мәтінінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру. Сырбай Мәуленов өмірімен,
шығармашылығымен таныстыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттыру, сөйлеу дағдысынжетілдіру. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру,
білімге құштарлығынарттыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып ,туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге
тәрбиелеу.
Саба ты к рнекілігі :
қ
ң ө
Білім ордасының суреті, слайд.
Саба ты т рі :
қ
ң ү
Аукцион сабақ
Саба ты дісі:
қ
ң ә
Сұрақ –жауап ,түсіндіру, ой тастау
Саба ты ж рісі:
қ
ң ү
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ Гүл. 2-топ Күн. 3-топ Жер.
Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Ізгі, әрі нәзік жанды, мейірімді,
Жүрегімде басып ұстап қаламын
Болып кетер сонда дереу жан жағым.
- Балалар, біздер білімді болу үшін бізге не керек?
- Біз білімді қайдан аламыз?
- Ендеше балалар, бүгінгі біздің сабағымызда
₺Білім ордасын₺ аукционға саламыз. Осы білім ордасынан біздер алдағы
уақытта керекті білімді алатын боламыз. Аукцион дегенміз бұл ең көп ақшаға сату деген сөз.
169
- Ал, бүгін біз, ақшаның орнына білімімізді сала отырып, ең көп ұпай жинауға тырысамыз. Көріп тұрғанымыздай аукцион
бірнеше сатыдан тұрады. Әр сатыдан өзімізге тиісті ұпай санын алып отыруымыз керек. Ең көп ұпай жинақтаған топ,
бүгінгі білім ордасының иесі болып табылады.
1-саты.
₺ Ой жина тау₺
қ
сатысы Бұл жерде біздер үй тапсырмасын тексереміз.
Үй тапсырмасы :
1. «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесінің мазмұнын айту.
2. Сұрақтарға жауап алу.
а) Әңгіменің авторы кім?
ә) Бердібек Соқпақбаев кім?
б) Бердібек Соқпақбаевтың әңгімесінде не туралы айтылған?
в) «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесінде қандай маман иелері жұмыс істейді?
ӀӀ . Жаңа сабақты түсіндіру
2-саты.
₺ Ой оз ау сатысы₺
қ ғ
-Балалар, туған сөзіне сөз тіркестерін айтайықшы. Қандай сөздерді жалғап айта аламыз? (күтілетін жауаптар: туған ел,
₺
₺
туған жер, туған өлке)
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Туған жер, туған ел тіркесін қалай түсінесіңдер?
( Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.) Мұғалімніңтүсіндіруі.
- Дұрыс айтасыңдар,туған жер дегеніміз туып-өскен жерің. Қазір барлығымыздың тұрған жеріміз қалай аталады?
–Ендеше бұл біздің туған жеріміз. Алматы қаласы Алатау бөктерінде орналасқан. Бейне көрініске назар аударайық. Қандай
әсер алдық.
– Енді балалар, көптеген ақын- жазушыларымыз өздерінің туған жеріне арнап өлеңдер, шығармалар жазған. Сондай
жазушыларымыздың бірі Сырбай Мәуленов атамыз.
3- саты. Ма ына тану.
ғ
Біздер қазір мағына тану сатысына көтерілеміз.
1. Сырбай Мәуленовтің өмірімен таныстыру. Слайд арқылы түсіндіру.
2. Мәтінді мәнерлеп оқу арқылы түсіндіремін. Оқушыларға оқытамын.
4-саты. Топтастыру.Орталықтармен жұмыс.
а) Әдебиет орталығы. Туған жер тақырыбында:
1 топ. Өлең құрастыру.
2 топ. Шығарма жазу.
3 топ. Сурет салу.
2.Мақал-мәтел жарысы. Туған жер туралы мақалдар айтып жарысу.
ә) Дүниетану орталығы.Болашақта үлкен азамат болғанда туған жеріміздің табиғатын қалайша қорғар едің? (Оқушылардың
пікірін тыңдау)
б) Театр орталығы. Көрініс Кімнің мекені жақсы?
₺
₺
- Сонымен балалар, кімнің мекені жақсы болды?
- Әрбір адамның туған жерінен артық жер жоқ екен. Мейлі ол салқын болсын, мейлі ол шөл болсын. Сондықтанда балалар
әрқайсысымыз туған жерімізді қадірлеп, оның табиғатын қорғай білейік.
Жеңімпаз топты анықтау.
ӀӀӀ. Сабақты қорыту
-Бүгін балалар, біз қандай тақырыппен таныстық?
- Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қорыту үшін маған шаңыраққа уықтарды қадауға көмектесулерің керек.
- «Мен елімді сүйемін» мәтінін кім жазған?
-Сырбай Мәуленов кім?
Үйгетапсырма:
1. «Мен елімді сүйемін» мәтінін мазмұндау.
2. Туған ел-алтын ұям тақырыбына шығарма жазу.
₺
₺
3. Мәтінге байланысты сурет салу.
Оқушыларды бағалау
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алматинская область Карасайский район КГУ «Средняя школа село
Кыргауылды с дошкольным мини цетром »
Учитель русского языка и литературы Тлеуова Роза Саримсаковна
Достарыңызбен бөлісу: |