Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

            ІІІ.Қортынды
    Қорыта   келгенде,Мағжан   поэзиясының   мазмұны   және   түр   ерекшелігі   жағынан   өзіндік   жаңалығы   Мағжан   өлең
мазмұнынан   бөлек,   қазақ   өлеңіне   де   өзіндік   жаңалығы   Мағжан   әдебиетімізге   отты   жырлармен   ғана   емес,   өзіндік
қолтаңбасын   қалдыларлықтай   Қазақ   поэзиясына   мазмұндық-түрлік   тосын   жаңалықтар   әкелген   Мағжан   поэтикасы   енді
«М.Жұмабаевтың педагогикалық психологиялық көзқарастары» атты зерттеуде  қазақтың ХХ ғасырдың басындағы зиялы
қауым   өкілдерінің   таңдаулыларының   бірі,   ақын-жазушы,   ұстаз     Мағжан     Жұмабаевтың   еңбектеріне   педагогикалық
психологиялық талдау жасалады.
Зерттеу жұмысымды қортындай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзім жетті.
  1)Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен танысып,олардың жинағы жасалды.
   2)Халқымыздың шашқа байланысты туған ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт-дәстүр
түрін жинадым.
   3)Шаш күтіміне байланысты өзімнің тәжірбеммен бөлістім.
Ертеден келе  жатқан халықтың бала тәрбиесінің аса  құнды тұстарын  заман талабымен үйлестіре  білудің   жолдарын
ұсынып, тәрбие дамуының тарихи дұрыс жолын қуаттады. Мағжан Жұмабаевтың ұстанымы бойынша өз халқының тарихын
танып, тілін, жерін, өнерін таныған,сүйген,қадірлеген адам ғана өзге халықтарды да сүйе білетін сезім билігіне көтеріле
алады.
М.Жұмабаевтың зерттеулері бүгінгі оқу-тәрбие жұмыстарында зор маңызы бар,өз орнын жоғалтпайтын құнды ғылыми
мұра болып қала бермек және іс жүзінде орындалып жатса өз нәтижелерін бере  бермек.
                       ІV.Пайдаланған әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030 Егемен қазақстан-1996
2.Б.Әбдешев «Мағжан»
3.Мағжан Жұмабаев «Жан сөзі» Алматы «Раритет» 2005 жыл
4. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» Алматы-1993 жыл
5.Әндер жинағы
6.Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы 1995 жыл
7.Қазақтың зергерлік әшекейлері.Алматы «Өнер» 1985 жыл
8.Қазақстан ұлттық энциклопедия Алматы-2002 жыл
54

«БАЛ АРАЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ ӨНІМІ БАЛДЫҢ ТІРІ АҒЗАЛАРҒА ӘСЕРІ»
«ТҮЙМЕДАҚ ТАЗАРТҚЫШЫ»
ОҚО Төлеби  ауданы   Алғабас ауылы
Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі КММ 
Ибадилла Аида    8-сынып
Жетекшісі:   Хатамкулова Гульмира.  Химия биология пәнінің  мұғалімі
Секция:  биология
Абстракт 
Зерттеудің мақсаты:
Ара шаруашылығына үлес қоса отырып, дұрыс пайдалана білуге әсер ету.
Ара шаруашылығының жұмыстарымен таныса отырып, балдың қасиеттерін жан-жақты зерттеулермен дәлелдеу. 
Гипотезасы 
Балдың құрылысы мен қасиеттерімен танысу;
Балдың емдік қасиеттеріне сүйене отырып, өның өнімін пайдалану.
Зерттеу кезеңдері:
І кезең: Ұйымдастыру 
ІІ кезең: Аналитикалық талдау 
ІІІ кезең: Тәжірибелік зерттеу 
ІV кезең: Қорытынды
Зерттеу әдістемесі
2.
Гүл шоғырының тұғыры
3.
Балдың емдік қасиеті
4.
Дәрілік түймедағы 
5.
Балдың өнімдерін өмірде пайдалану
          Зерттеу жаңалығы мен дербестік дәрежесі 
Кәдімгі дәріханадағы зерде-түймедақ гүлі 
Арадан өндірілген жаз айларының балы 
Балдың қасиеттерін жан-жақты зерттеулермен дәлелдеу 
Жұмыстың нәтижесі, қорытындысы 
Балдың қасиеттерін анықтап, «Түймедақ тазартқышы» толық талданып, тексеріліп қолдану жүзеге асса деп ұсынамыз.
Кіріспе 
Бал аралары топтасып тіршілік етеді. «Отбасында» бір ана-ара ондаған мың жұмысшы аралар болады. Ана –ара 
жұмыртқа салады. Одан шыққан дернәсілдер жұмысшы аралардың гүлдерден жинап әкелетін шырынмен өоректеніп өседі. 
Жаздың аяғында жұмысшы аралар қысқа арнап бал қорын дайындайды. Салқын түссе ұядағы барлық саңырауларды 
балауызбен сылап бітейді. Бал арасы денесінің арт жағында шаншары бар.сонымен шағып жауыннан қорғанады. 
Өзектілігі:  Ара шаруашылығына үлес қоса отырып, өнімдерін дұрыс пайдалана білуге әсер ету. Ал екінші жағдайда 
пайдасы бар екенін зерттеп, осы өзекті жан-жақты қарастыруға тырыстым. Дәлірек айтсақ, сабынмен бет жуған кезде 
микробтар түгелдей кетпейді. Ал мен ұсынып отырған «Түймедақ» тазартқышын күнде қолданса, сабынмен кетпеген 
микробтар (кір) түгелдей кетіп, бет ағарады. Барқыттай жұмсақ болады. Мен зерттеу жұмысымды осы тазартқыш жайлы 
қозғамақпын... 
Мақсаты:  Ара шаруашылығының жұмыстарымен таныса отырып, балдың қасиеттерін жан-жақты зерттеулермен 
дәлелдеу. 
Жұмыстың міндеті:
Балдың құрылысы мен қасиеттерімен танысу;
Балдың емдік қасиетеріне сүйене отырып, оның өнімін пайдалану.
Зерттеу кезеңдері:
І кезең: Ұйымдастыру 
ІІ кезең: Аналитикалық талдау 
ІІІ кезең: Тәжірибелік зерттеу 
ІV кезең: Қорытынды
Анықталған нәтижеге аналитикалық талдау. 
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктерінің шырынынан өңдеп шығаратын өнім-қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп 
атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электроника, авиаия өнеркәсібінде пайдаланылатын органикалық зат балауыз 
алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте 
күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, 
еңбексүйгіштікке баулиды.
Ара-ара патшасы, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді. Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, 
кеудесі және жонында сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш жай, екі күрделі көзі 
болады. Ауызы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы үш буынды, орта буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. 
Үш жұп аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4
ке дейін келген қара белдеулер бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады. Мен ара шаруашылығының 
жұмыстарымен таныса отырып, балдың қасиеттерін жан-жақты зерттеулермен дәлелдеп балдың тірі ағзаларға пайдасы бар 
екеніне көзімді жеткіздім. Бал аралары топтасып тіршілік етеді. «Отбасында» бір ана ара ондаған мың жұмысшы аралар 
болады. Ана ара жұмыртқа салады. Одан шыққан дернәсілдер жұмысшы аралардың гүлдерден жинап әкелетін шырынмен 
қоректеніп өседі. Жаздың аяғында жұмысшы аралар қысқа арнап бал қорын дайындайды. Салқын түссе ұядағы барлық 
саңырауларды балауызбен сылап бітейді. Бал арасы денесінің арт жағында шаншары бар. Сонымен шағып жауыннан 
55

қорғанады. Бал арасының да сыртқы құрылысы көбелек пен қоңызға ұқсас. Олардың денесі үш бұнақ бөлімнен тұрады (бас, 
көкірек, құрсақ), үш жұп аяқтан, жұп қанаты және жұп мұртшасы бар. Қоңыз, көбелек,бал арасы бір топқа – 
бұнақденелілерге жатады. Сонымен бунақденелілердің табиғатта және адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екен: біреулері 
адамға азық әрі дәрлік қасиеті бар өнім берсе, екінші біреулері адам еңбектеніп өсірген өсімдіктерді жеп зиян келтіреді. Ал 
табиғатта өсімдіктерді тозаңдандырып, жеміс пен тұқымның өсуіне көмектесетіні де , өсімдіктерді зияндайтыны да бар. Ал 
екінші жағдайда пайдасы бар екенін зерттеп, осы өзекті жан-жақты қарастыруға тырыстым. 
Ғылыми зерттеудің әдістемесі және нәтижесі.
Түймедақ гүл шоғырының тұғыры
Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран 
бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп 
орналасқан.Тілімделген жапырақшалары жіңішке жіп тәрізді,төменгі жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. 
Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді 
гүлсебеттерден тұрады, гүл сағақтары 3см-ге дейін болады, кәрзенкелері шеткі тілше және ортанғы сары түтікше гүлдерден 
тұрады. Гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше 
гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау. Мамырдың ортасынан қазан айына дейін гүлдейді. Дақыл 
талғамды емес. Күншуақта, саздақ, шамалы шіріндісі бар топырақта жақсы өседі. Тұқым арқылы өсіреді, тұқымды көктемде
не күзде жеңіл өңделген жерге шашып себеді,содан соң тұқымның үстін топырақпен жабады. Ал оңтүстік аудандарда 
тұқымды тамыз айына дейін жазда да себуге болады, өйткені 1,5-2 ай мерзімде толық өніп жетіледі. Дәрі-дәрмек үшін 
қолдан өсірілген түймедағының сапасы жабайы түймедағынан тәуір болады. Дәру ретінде түймедағының гүлтабақшаларын 
пайдаланады, оларды ашық күні тілшедей (шеткі) гүлдер көлденең орналасқан кезде жинайды. Гүлтабақшаларын (2 см 
жеткен сыйдамдарымен бірге) олар ашыла бастаған кезде іріктеп жұлады. Жаз бойына бірнеше рет жинауға болады. Дереу 
кептіру керек. Тұқым үшін шеткі гүлдер солғанда жинайды. 
Химиялық құрамы
Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0,2- 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты 
компоненттері матрицин мен матрикарин,осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының 
құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында 
флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді.
Бал арасының үш тобы
Баларалардың түк басқан ірі басының екі жағында екі күрделі 
көзі
, олардың аралығында үш 
жай көзшелері
 болады. 
Алдыңғы жағынан ұзын 
имек мұртшалары
 шығып тұрады.
Балара тіршілігінде сезім мүшелері маңызды роль атқарады.
Қараңғы ұялардың ішінде негізінен мұртшаларына орналасқан сипап сезу мүшелерінің маңызы зор. Балараларға гүл 
іздеуі үшін иіс сезімі мен көру сезімі қажет. Баларалар сары және көк түстерді , адам көре алмайтын ультракүлгін 
сәулелерді ажыратады, бірақ 
қызыл
 түсті көрмейді.
Баларалар ұяшықтар жасағанда балауызды жақсы жетілген кеміргіш жоғарғы жақтарымен илеп өңдейді. Олар гүлдерге 
қонғанда аталықтардан тозаң алады. Төменгі жақтарымен және төменгі ұзын ерінімен балара шірінін жалап, сорады, 
сондықтан баларалардың ауыз мүшлері 
кеміріп жалағыш мүшелер
 деп аталады.
Гүлден сорылып алған шірін көлемділеу келген жемсауға түседі, жемсау бездерінен бөлініп шыққан сұйықтықпен 
араласады. Осыдан соң ара шірінді кәрез ұяшықтарына орналастырады, ол сонда балға айналады.
Балараның көкірегін қалың түк басқан, оның арқасында екі жұп мөлдірлеу жарғақ қанаттары болады. Жұмысшы 
баларалардың аяқтары 
гүл тозаңын
 жинауға, кәрез ұяшықтарын жасауға бейімделген. Жұмысшы балараларда құрсағының 
ұшында шаншары болады. Оны жануарлардың немесе адамның денесіне шанышқанда 
у
құйылып, қатты ауыртады. Ұсақ 
жәндіктер араның уына өліп кетеді.
Балдың құрамы
Ара  балының құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өсен топыраққа, сол жердің  ауа -  райының  жағдайына 
және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмірсутегі, глюкоза, жүзім 
қанты, сахароза, мальтоза, т.б бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сондай-ақ, 
химиялық элеметтер (каллий,кальций,фосфор,хлор,күкірт,натрий,темір марганец,мыс т.б) кездеседі. Бұлардан басқа алма, 
жүзім, қымыздық тәрізді қықылдарда болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, 
ылғалдылығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының ұуаты жоғары. Оның бір келісі 3150 кал 
қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен 
байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада 
сақтайды. 
Жинау мен өңдеу
Жинау мен өңдеу- жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке 
жасалатын балды отқа жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлейді. Бал ақ және сарғылт түсті болады. Жаз, күз мезгілдері
тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс мезгілінде өоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы- тәтті,
дәмді, усыз болады. Бал жинау (медосбор) – бір бал ара үйірінің бір маусымда гүл шірнесі мен тозаңынан жинайтын бал. 
Ара бал сауытына өз салмағының жартысындай шірне жинауы мүмкін. Жұмыскер ара жинаған шірнесін ұядағы жас 
араларға қалдырып, қайта жинауға ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге қояды, ұяны желдетіп, ылғалды жояды.
Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оларды 
балауызымен желімдейді. Бұл балдың ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Б.ж өнімділігі ара үйірінің күйіне, ауа-райына, 
өсімдіктердің ерекшеліктеріне және олардың омартаға алыс жақындығына байланысты. Қазақстан жағдайында әр ұядан 
орта есеппен жылына 15 кг –ға дейін, жекелеген атақты бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды.  
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар
оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. 
56

Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға 
мүмкіндік бар. Ол үшін бір стакан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз( Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол 
кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол балдың құрамында крахмалдың 
бар екендігінің айғағы. Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса сонша ма балдың түрлері бар: 
Түйебұршақ (донник) балы  бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық янтарь түсті болып келетін хош иісі бар 
балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқұрай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға 
пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ 
ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. 
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі 
гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және  ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқұрай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу 
үшін пайдаланылады. 
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жанатын бұл балдың ерекше иісі
бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке 
жүйесіне де қарақұмық балы бірден бір ем. Сондай ақ тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады. 
Қараған (ақ қараған) балы- ең жақсы сорттардың бірі. Сұйық күйінде мөлдір ақ, кристалдандырылғанда (қанттанғанда) 
аарып, қар тәрізді ұсақ қиыршықты болады. Қараған балының құрамында табиғаттағы аса тәтті қант-глюкоза 35,98%, 
фруктоза 40,35% болады. ( қант қызылшасымен қант қамысынан алынатын қанттың сахарозасынан-1,7, ал глюкозадан 2-2,5 
есе тәтті). Бір гектар жердегі ақ қарағанның хош иісті гүлдерінен жиналған тәтті шырыннан аралар 1700 килограмм бал 
шығарады.
Аралар сары қарағанның гүлдерінен де бал жинайды. Бұл бал өте мөлдір, ақ коисталданған қойдың майы тәрізді ақ, 
орташа қиыршықты келеді.  Сары қараған балы таңдаулы сортқа жатады. Бір гектар жерде гүлденген сары қарағаннан 
аралар 350 кг бал жинайды. 
Будяк балы- бірінші сорқа жатады. Ол түссіз немесе сәл жасылдау, алтын түстес немесе ашық түсті болып келеді. Дәмі, 
хош иісті болады. Кристалдандырылғанда ұсақ қиыршыққа айналады. Аралар бұл балды  сабағы тікенекті, сұрғылт 
жапырақты арамшөп будяктың, немесе түйе түйетікенектің таңқурай түсті әдемі гүлдерінен жинайды. 
Гүлкекіре (Василек) балы- жасылдау сары түсті келеді. Миндаль иісіне ұқсас хош иісті, дәмі сәл ащылау болады. Көк 
гүлкекіре мен дала күлкекіресі тамаша балды өсімдіктер болып табылады. 
Сайсағыз (иссоп) балы- өзінің органолетикалық қасиетіне қарай бірінші сорттың үлгілеріне жатады. Аралар оны 
Украинада, Орта Азияда, Кавказ бен Алтайда жиі кездесетін дәрілік әрі балды өсімдік –сайсағыздың көкпеңбек гүлдерінің 
шырынынан тереді. Сайсағызды эфир майын алу үшін ара шаруашылығында құнды балды өсімдік ретінде арнайы өсіреді. 
Мелисса балы- өте дәмді болады. Аралар оны Кавказ бен қырымда жабайы, Украинада қолдан өсірілетін мелисса немесе
лимон иісі аңқып тұратын ашық көк немесе қызғылт гүлдердің тәтті шырынынан жинайды. Бұл өсімдік парфюмерияда және
дәрі жасау үшін кеңінен қолданылады. Аралар мелиссаның иісін өте жақсы көреді, оның әр гектарынан 150кг бал жинайды. 
Сәбіз балы-  хош иісті, тұңғиық-қоңыр түсті болады. Аралар оны екі жылдық мәдени дақыл –сәбіздің қолшатыр іспеттес 
хош иісті ақ гүлдерінің тәтті шырынынан жасайды. 
Жалбыз балы- аралар көпжылдық эфир майлы өсімдік- бұрышты жалбыздың иісті гүлдерінің тәтті шырынынан 
жасайды.  Оның срғыш, янтарь түсі, сүйкімді хош иісі болады. 
Күнбағыс балы – алтын түстес,кристалдандырғанда ашық янтарь, кейде жасылдау түске бөлінеді.Әлсіз хошь иісті дәмі 
сәл кермек татиды.Аралар оны майлы дақыл- күнбағыстың кеңтүтігі алтын-сары гүлдерінің тәтті шырынынан жасайды. 
Аралар күнбағыс егістігін жиі аралап, шырынды мол жинаса оның дәндерінің өнімділігі 2 есе артады. Гүлдеген 
күнбағыстың әр гектарынан жиналған тәтті шырыннан 50 кг бал жасайды.
Асқабақ балы- алтын-сары түсті болады, дәмі сүйкімді, тез кристалданады. Аралар оны асқабақтың үлкен алтын түстес 
гүлдерінің тәтті шырынынан жасайды. Гүл жарған асқабақтың әр гектарынан аралар 30 кг жақсы бал жинайды.
Қызғалдақ балы- қызғылт түсті, сүйкімді хош иісті, дәмі жақсы болып келеді. Аралар оны әсемдік үшін өсірілетін 
қызғалдақ ағашының қызғылт-жасыл гүлдерінен жинайы. Бұл ағаш құнарлы балды өсімдік, өйткені басқа субтропикалық 
балды өсімдіктерімен салыстырғанда ол тәтті шырынды анағұрлым көп береді.Бір қызғалдақ ағашынан аралар 1кг бал 
жинайды.
Қызғалдақ балы-қызғылт түсті,сүйкімді хош иісті, дәмі жақсы болып келеді. Аралар оны әсемдік үшін өсірілетін 
қызғалдақ  ағашының қызғылт-жасыл гүлдерінен жинайды. Бұл ағаш құнарлы балды өсімдік, өйткені басқа субтропикалық 
балды өсімдіктермен салыстырғанда ол тәтті шырынды анағұрлым көп береді. Бір қызғалдақ ағашынан аралар 1кг бал 
жинайды.
Фаселия балы-ашық-жасыл немесе ақ түсті болады, нәзік хош иісті,дәмі сүйкімді келеді. Кристалдандырғанда қамырға 
ұқсайды. Фаселия балы жоғарғы сортты балдар қатарынан саналады Сондықтан да ол тұтынушылар тарапынан жақсы 
бағаға ие болып келеді. Аралар оны маңызды балды өсімдіктердің бірі-фацелияның қөгілдір гүлдерінің тәтті шырынынан 
жасайды.Бір гектар гүлдеген фацелиядан аралар орталық аймақтарда 150 кг, ал оңтүстікте 500 кг дейін бал жинайды.
Мақта балы-мөлдір, кристалдандырғанда ақ түске енеді, ерекше хош иісті, дәм нәзік болады. Әдетте ұсақ 
қиыршықтанып, тез кристалданады да ақ реңге бөленеді. Мақта балының құрамында 36,19 процент глюкоза және 39,42 
процент левулеза болады. Аралардың мақта жапырақтарынан жинаған балының дәмдік қасиеті жағынан, мақтаның ірі 
гүлдерінен жиналған балдан ешқандай айырмашылығы болмайды. Гүл жарған мақтаның әр гектарынан аралар 100-ден 300 
кг дейін бал жинайды. Қарама-қарсы тозаңдандыру арқылы аралармақта өнімінен 40-56 процентке дейін арттырады. 
Шалфей балы-ашық янтарь немесе қанық-алтын түсті, нәзік сүйкімді хош иісті келеді, дәмі жақсы болады. Аралар оны 
Украинада,Кубаньда және басқа жерлерде көптеп өсірілетін көпжылдық шалфей бұталарының сия-көк гүлдерінен жинайды.
Гүл жарған шалфейдің әр гектарынан аралар 650 кг бал жинайды.
Алма балы-ашық-сары түсті, ерекше сүйкімді хош имісті, дәмі жақсы. Құрамында 31,67 процент левулеза болады. 
Аралар оны Совет Одағындағы бақшалардың 70 процентін дерлік алып жатқан алма ағаштары гүлдерінің шырынан 
жасайды. Гүл жарған аклма бағының әр гектарынан аралар 20 кг бал жасайды.
57

Балдың емдік қасиеттері
Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, 
бауыр, өкпе, бүйрек, азқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай ақ қан қысымының көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке 
созылып,, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны 
туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата- бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған. 
Суық тигенде. Суық тигенде, тұмауратқан кезде, ыстық сүтке немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден 
айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал және сары май қосып ішеді. Ал сүт жақпайтын 
адамдар үшін бүтін бір лимонның шырынына 100 грамм бвл қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйықталған соң 
пайдалануға болады. Оны ішкенде екі- үш күндей жылы жатқан жөн. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май 
немесе қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сонымен қатар бір литр суға ұнтақталған 500 гр ниязды, 400 гр қантты және 50 
гр балды өосып, отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық 
тиіп, қатты жөтелген адам күніне 4-5 рет ас қасықпен ішу керек, сонымен қатар қызарып ауырып тұрған тамақты шайуға да 
пайдалы. Сондай ақ шайнекте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын 
басады. 
Асқазан, ішек ауырғанда. Азқазан, ішек науқасына шалдыққан, немесе қышқылы аса көбейіп немесе керісінше азайып 
кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғандары жөн. Әсіресе асқазанда жарасы бар науқас тамақтың алдында бір 
жарым, екі сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал 
қанның құрамындағы гемоглабинді көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол 
қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, 
асқазан қышқылын азайтады. 
Бал жараға да ем. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні
60 гр балға бір шай қасық балық майын өосып, жақсылап араластырып жасайды. 
Жүрек ауырғанда. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына 
қосып та ішеді. Қатарынан бір екі рет үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептеуір жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, 
жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі. 
І- Зерттеу жымысының қорытындысы.
Дәрілік түймедақ әсемдіктен гөрі, көбіне дәрілік өсімдік ретінде белгілі болған. Түймедақ гүл табақшасының негізгі 
құрамды бөлігі-эфир майлары. Дәрілік түймедағының шипалық қасиеті ондағы заттардың жиынтығына байланысты. 
Түймедақтан жасалған дәрілерді ішек түйілгенде, іш кепкенде, іш өткенде, тер шығару үшін де ішеді. Қабынуға қарсы 
антисептикалық дәру ретінде шаюға, ванна, клизма жасауға қолданылады. Косметикалық мақсатта түймедақ қайнатпасымен
шашты жууға (шаш алтындай сарғыш түске енеді) немесе бетті қою шырмен жуады (бет терісі барқыттай болады). 
Түймедақ тұндырмасы қабақтың шаршағанын, қызарғанын басады, жеңілдік береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет