Сергіту сәті: «Сиқырлы қалпақ».
Мақсаты: Қуаныш сыйлау іскерлігін меңгерту.
Дөңгелене тұрады. Әуен бойымен қалпақ бір-біріне беріледі. Әуен тоқтаған кезде, кімде қалпақ қалса, сол адам шеңбердегі
бір адамға жылы сөз немесе комплимент айтады.
4.«Сиқырлы қарындаш» жаттығуы.
Шарты: Шарларға бала тәрбиесі жайлы жағдаяттар жазылып ішіне салынады.Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып,
шарларды сиқырлы қарындашпен кезекпен жарып, ішіндегі жағдаяттарды оқып, ата-аналар бірлесіп шешеді.
Ата-ана мен балаға байланысты жағдаяттарды шешу.
Үрленген шардың ішінде жағдаяттар жазылған. Сіздер сол шарды жарып, ішіндегі жағдайды оқып, сол жағдайдан шығу
жолдарын ұсыныңыздар.
1. Сіз балаңызбен саябақта қыдырып жүріп, өсіп тұрған әдемі гүлдердің біреуін жұлып алдыңыз. Сол кезде балаңыз сізге:
«Ана, ол гүлді неге жүлып алдың? олай жасауға болмайды ғой»-деген сөзін естігенде сіз не істейсіз? Балаға қандай жауап
қайтарасыз?
2. Сіз балаңызбен аулаға серуендеп, балаңызбен ойнап келуге шықтыңыз. Ойын алаңында сіздің балаңызбен тектес жасар
балалар ойнап жүр. Сіздің балаңыз да сол балалардың қастарына ойнауға барды. Бірақ басқа балалар сіздің балаңызды
ойынға қоспай тұр. Ал сіздің балаңыз мұңайып, жылап тұр. Сол кезде сіз қандай әрекет етер едіңіз?
5.Ассоциация .
1. Отбасы деген не? (Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен
бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.Отбасы – шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім,
сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады ).
2.«Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай т
үсінуге болады?
Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала
ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
3. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы
қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе жауапкершіліктері мол адамдарболса, баласына үнемі қолдау көрсетіп,
барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса олар өз балаларына өнеге бола алады.
146
5.«Рахмет» тренингі
Нұсқау: Қатысушылар орындарынан тұрып, сол алақанына бүгінгі семинарға қатысардағы сезімдеріңізді салыңыздар, ал оң
алақанға бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді салыңыздар және екі қолдарыңызды жоғары ұстап көтеріңкі көңіл - күймен
3 рет өз - өзімізге қол шапалақтап қояйық!
Қорыта келгенде МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ сөзімен аяқтағым келеді: “Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл
өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен. Келешекте жас ұрпақты бар мейірімі
мен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына ата - ана еңбек етсе, болашақтың тізгінін ұстар, халықтың
үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өсіруіміз керек.
*****
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылы
С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебіндегі
«Балбөбек» шағын ортадлығының тәрбиешісі Ж.Мухатова
Тақырыбы : «Құстар»
Мақсаты:Балалардың құстар туралы түсініктерін тақпақ,тиым сқздер,жұмбақтар арқылыесте сақтауын, ойын арқылы
арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру. Балалардың құстары туралы білімдерін және
олардың немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік
қорын дамыту. Құстың бейнесін дұрыс бояуға үйрету.Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік се
зімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Демонстрациялық материалдар, құстардың суреті, тордағы құстың т.б
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Қостілділік компоненті:құс- птица- bird. торғай- воробей-sparrou, қарлығаш- ласточка-swaeeow;тоты құс-папугаи-parrot
Мотивациялық-қозғаушы:
Қонақтармен амандасу
-Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!
“Жылулық шеңбері”.
Балалар бүгінгі күн қандай тамаша!
қане, бәріміз шеңберге тұрып бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік
Күлім қағып қолымды
1,2,3, деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайынан сипайын
Жылы-жылы жүзбенен
Жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақаңыммен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын
І.Қызығушылықтарын ояту/«Insert» әдісі/.
Ғажайып сәт: есік қағылып тоты құс келеді.
Балалармен амандасады.
Балалар біздерге тоты құс қонаққа келіпті
Тоты құстын біздерге тапсырмасы бар екен қане балалар орындаймызба? Тапсырмалар беріледі
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балаларға пишка суырту .Орталықтарға бөлу
ІІ-Мағынаны тану. /Топтастыру әдісі/
І-топ Шығармашылық орталығы
Суреттегі құстарға тоқталу
Құстарды атап.Бояуды тандап алып,суреттерді бояу.
Сен жалғастыру ойыны:
Шарты:
Қарлығаш балшықтан:.......
Торғай балапандарына.........
Аққу өте..........................
Көкек жұмыртқасын.................
147
Қарға бар даусымен.........
Құсқа ұясын табуға көмектес ойыны
(Суретпен)
ІІ-топ Көркем әдебиет орталығы
Табиғаттың бір бөлігі құстарға тоқталамыз.Құстар-бау-бақшаның сәні,әрі біздің досымыз..
Балалар қандай құстарды білесіздер?
Құстардың пайдасы өте көп.Олар ағаштағы ,жердегі құртарды жейді.Құстар ән айтып көңілімізді көтереді Құстар үлкен екі
топқа бөлінеді
Олар үй құстары және дала құстары
Біз бүгін дала құстарына тоқталамыз
біз құстың ұясын бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап
балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді.
Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек. Суреттегі құстарға тоқталу.Суретке қарап
сөйлем құрастыру.
Сендерге жұмбақ жасырайын.
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпандап (қаз)
Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды (балапан)
Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала. (сауысқан)
Балапаның басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс (көкек)
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады (қарлығаш)
Тиымдар мен ырымдар
Аққуды атпа,
Құстың ұясын бұзба,жұмыртқасын алма.
Қыран құстарды атса киесі тиеді.
Саусақ жаттығулары
Обал жасап құстарға,
Торға қамап ұстама!
Құс боп неге жаралды,
Еркін самғап ұшпаса?
Қостілділік компоненті:құс- птица- bird. торғай- воробей-sparrou, қарлығаш- ласточка-swaeeow;тотықұс-папугаи—parrot
Суретте не артық? Ойыны (суретпен жұмыс)
Сергіту сәті
1,2,3 қарлығаш болып ұш,
4,5,6,қарлығаш болып қалқы,
7,8,9,10 өз орныңа қон
Жарайсыңдар,балалар!
Балаларға орындарын ауыстырту (екі топ ауысады)
ІІІ-Ой толғаныс /«Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісі/
Құстар қайда мекендейді?
Құстар неше топқа бөлінеді?
Құстардың бәріне не ортақ?
Құстар немен қоректенеді?
Тоты құстын барлық тапсырмаларын орындадық тоты құс сендерөте риза болып тұр .
Сендерге тосын сыйы достарын көрсеткісі келеді қане тамашалайық
Слайд көрсету
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Балалар құстары туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, құстарының түрлерін, олардың
дыбысталуын біледі
Меңгеруі: Балалар тиым сөздерді өз бетінше айта алады,құстардын балапандарына қамқор болуды меңгерді.
Жасай алуы: Балалар тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей алады. Құстарға деген қамқорлықтарын
күнделікті өмірде пайдалана алады
*****
148
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
«Жігер» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Наженова Кундыз Ибатовна
«Аяулы анашым»
(8-наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік)
Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға Ана туралы түсіндіру. Балалардың тілдерін ойлау
қабілетін дамыту. Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.
Қымбатты әжелер мен абзал аналар, ару қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8-
наурыз аналар мейрамымен құттықтап, тікелей эфир арқылы мерекелік тартуымызды ұсынамыз.
Той тойлап, дала менен қалаларым
Мерекең құтты болсын аналарым,
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін
Құттықтауға келеді балаларың- дей келе көгілдір экранда « Ақ тілектер» арнасын ұсынамыз.Ана өмір ана гүл, анам бар деп
сыйлай біл дей келе алдымен келіп түскен хаттармен таныстырайық.
1 хат. Райхан, Саяжан есімді гүлдер тобының тәрбиеленушілері өзінің әжелерін мерекемен құттықтап, өз тілектерін
білдіргісі келеді екен. Олай болса тыңдап көрейік.
Құттықтауымызды әрі қарай « Гүлдер» биімен жалғастырамыз. Қабыл алыңыздар.
2 хат. Мерлан, Шырын, Айқаракөз есімді бүлдіршіндерден келген екен. Олар өздерінің аналарын мерекемен құттықтап,
жылы лебіздерін өлең жолдарымен жолдасақ деп тілек білдірген екен. Тілектері қабыл болсын деп сөз кезегін берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» әнімен әсемдейміз.
3 хат. Қадіржан, Мадина, Жанель есімді бүлдіршіндерден келген екен. Оларда өз аналарын мереке мен құттықтап , балалық
ақ тілектерін айтқысы келетіндерін айтқан екен. Ұсыныстарын қабыл алып құттықтау өлең жолдарына берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Анашым» әнімен жалғастырамыз.
4 хат. Алина, Тұрлыхан, Адина есімді бүлдіршіндерден келген екен. Олар біз аналарымызды құттықтап өз тілектерімізді
сіздің ақ тілектер арнасы арқылы жеткізгіміз келеді деп жазыпты хат иелері.Олай болса хат иелеріне сөз берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Стирка» биімен жалғастырамыз.
5 хат. Айару, Жандос есімді бүлдіршіндер біздің арнамызға хат жолдай отырып, өздерінің балалық ақ тілектерін өлең
жолдарымен жеткізсек деп ұсыныс білдірген екен. Ұсыныстарын қабыл алып кезекті өлең жолдарына берейік.
Құттықтауымызды әрі қарай «Көктем» биімен жалғастырамыз.
Жүргізуші:
Десекте уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебіреніп,
Аналарға билерін бағыштайды -дей келе, «Гүлдер» тобы өз аналарына « Ана жүрегі» биін сыйға тартады. Қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Арнамыздың Ақ тілектер айдарының көрініс бөліміне де келіп жеттік. Олай болса «Ана» көрінісін
тамашалайық.
Ортада орындықта ана тоқыма тоқып отырады. Даладан баласы жүгіріп үйге келеді. Анасының бетінен сүйіп, анасы
баласын аймалайды.
Баласы: Мама басыңызда үш ақ шаш бар екен? ( анасы жымияды да қояды)
Анасы: Тамағыңды іше ғой құлыным.
Жүргізуші: Бірнеше күн өтеді. Баласы ойыннан үйіне оралады.
Анасы: Айналайын ойыннан оралдың ба?
Баласы: Мама шашыңдағы ақ шаш төртеу болып кетіпті. Үшеу еді ғой тағы біреуі неге ағарып кеткен?
Ана: Ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді.
Баласы: Жүрегің неден ауырады?
Анасы: Есіңде ме? Сен биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой. Мен терезеден көріп тұрғанмын. Сенің жіп-жіңішке
бұтақтың үстінде тербеліп тұрғаныңды көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан шашым ағарды.
Баласы: Мен жуан бұтаққа отырсам шашыңыз ағармас па еді? ( Анасы баласын құшақтайды)
(Бүлдіршіндер аналарына сыйлықтарын табыс етеді).
Жүргізуші: Балалар тек тәтті қылықтарыңмен аналарымызды қуанышқа кенелтіп жүре берейік.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз, - деп бүгінгі тікелей эфир арқылы беріліп отырған « Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз өз
мәресіне де жетті.Аналар әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, жүректеріңіз нұрға толсын. Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыз. Сіздермен бірге болған Ақ тілектер арнасының жүргізушісі Құндыз Ибатқызы.
*****
149
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
«Жігер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі
Қыдырова Шынар Жасқайратқызы
«Ормандағы аңдар»
Мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып,
өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекілігі: Суреттер, ертегі кейіпкерлері.
Әдіс –тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, айту, сұрақ-жауап, қайталау, мадақтау.
Билингвизм: аңдар - животные
«Шаттық шеңбері» Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандасу.
Қол алысып, қане біз,
Достасайық бәріміз.
Армысың алтын күнім,
Армысың балабақшам.
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз,
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Бәріңізге амандасып,
Басымызды иеміз.
Бүгінгі оқу іс –әрекетімізде орманға саяхат жасаймыз.
-Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыс айларын атап беріңдерші?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Табиғатта қыс мезгілінде табиғатты қандай құбылыстар болады?
- Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар басады. Қардан аққала, доп жасап, шанамен сырғанақ
ойнаймыз.
- Балалар тыңдаңдаршы, бір дыбыс шығады! Телевизор қосылып, аңдар балаларды қонаққа шақырады. Ал, балалар орманға
қонаққа барайық па, қандай көлікпен барамыз? Автобуспен барамыз. Жолда балаларға сұрақтар қою.
- Орманда қандай аңдар тұрады?
- Аю, қасқыр, түлкі, қоян.
- Балалар аю қыста не істейді, нені жақсы көреді?
- Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді.
- Ал, қасқырдың, түлкінің, қоянның түстері қандай, нені жақсы көреді?
- Олар етті, сәбізді жақсы көреді.
- Ой, орманның ауасы қандай тамаша!
Тышқан шығады. Тышқан балалармен амандасады.
- Тышқан орман аңдары қайда кеткен? Балалар аңдарды көреміз деп қуанып келіп еді. Тышқан: Мен сендердің келе
жатқандарыңды естіп аңдарды тығып тастадым, менің тапсырмамды орындасаңдар аңдар келеді.
- Балалар орманда қандай аңдар өмір сүреді?
- Аю, қасқыр, түлкі, қоян өмір сүреді.
- Аңдар балалармен амандасып, орындықтарына отырады.
- Балалар біз сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындап қойдық, ол тапсырмалар әр ағаштың түбінде жасырулы, апайларың
сендерге оқып түсіндіріп берсін.
1. Тапсырма
Аңдар туралы тақпақ білесіңдерме?
Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтып береді.
Қоян:
Ақ қоян ау, ақ қоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
Қорқағым деп ат қоям.
Түлкі:
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың
Қанша қулық асырсаңда,
Қасқырдан еш құтылмайсың.
Қасқыр:
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.
Аю:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
150
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
Балалар бойымызды жазып, сергіту сәтін жасап жіберейік.
Қоян, қоян секеңдейсің,
Мұздан қарғып өтем дейсің.
Тайып құлап түстің ,
Не болды үстің?
2.Тапсырма.
«Ненің баласы» ойыны
Мақсаты: Балалардың білімдерін жетілдіру
Шарты: Балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қою.
Түлкі баласы - жәутік
Қасқыр баласы - бөлтірік
Аю баласы - қонжық
Қоян баласы - көжек
3.Тапсырма.
«Не артық» ойыны
Мақсаты:
Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру.
Шарты: Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек. Аю, қасқыр, түлкі, сиыр т.б.
4. Тапсырма. Аңдар туралы қандай ертегі білесіңдер
Балалар: «Үш аю», «Жеті лақ пен қасқыр», «Үйшік», «Бауырсақ»
Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, біз сендерге кішкене қойылым көрсетейік.
Түлкі ағаштар арасынан ірімшік тауып алады. Ол ірімшікке достары да таласады.
Сол кезде оларға ірімшікті тең бөліп жеу керек екендігін тәрбиеші үйретіп аңдарға ірімшікті бөліп береді. Балалар аңдарға
рахмет айтып балабақшаға қайтады.
Тәрбиеші: балалар жол қысқарсын ән айтайық.
Қорытынды:
- Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма ?
- Орманда не көрдік?
- Кімді кездестірдік?
- Орманда қандай аңдар тұрады екен?
- Тағы орманға саяхатқа барамыз ба?
-Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
*****
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Нұрсай ауылы
«Жігер» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі
Жумашева Айгерим Касымовна
Тақырыбы: «Менің сүйкімді отбасым»
Білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту
Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасы мүшелерін, туысқандарын айта білуге үйрету. Отбасындағы
өздерінің орны туралы түсінік беру, есте сақтау қабілеттерін арттыру, әдептілік ережелеріне баулу. Отбасы мүшелерін үш
тілде меңгерту. Отбасындағы сыйластыққа баулу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге үйрету.
Әдісі: сұрақ –жауап, әңгімелеу , ойын, слайд, үш тілді меңгерту.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері.
Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің оқу іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылы
Тыныштық сәті: -Балалар, қане барлығымыз көзімізді
жұмайықшы. (Сол кезде балалардың сыңғырлаған күлкісі
естіледі) -Балалар, жаңа біз ненің дауысын естідік?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл бақытты балалардың қүлкісі.
Ал біздер қасымызда, жанымызда кімдер болғанда бақытты
боламыз?
Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?
-Олай болса, сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Маған да, саған да,
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын.
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш онда.
Бәрі де өз жұртың.
Айтады, қане кім атын?
-Ендеше бұлардың барлығын біз қалай айтамыз?
-Бақытты балалардың, сәбидің
күлкісін естідік.
-Ата-әжеміз, әке-анамыз,
тумаластарымыз.
-Иә.
-Ата,ана,аға,апа,іні.
-«Отбасы» деп атаймыз.
-Олай болса бүгінгі ашық оқу іс- әрекеті осы отбасына
151
Іздену
ұйымдастырушылы
қ
арналмақшы.
Тақырыбы: «Менің сүйкімді отбасым»
-Балалар мына суретке назар салайықшы мына суретте біз
кімдерді көріп тұрмыз?
( отбасының суреті)
-Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір-біріне ыстық
ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы
отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Балалар Отан отбасынан басталады.Үлкен Отанымыз Қазақстан
болса, кіші отанымыз қалай аталады?
-Жыл сайын 8 қыркүйек күні, қандай мерекені атап өтеміз?
Емен ата:-Сәлеметсіздерме балалар!
Мен Емен атамын, сендерді көргеніме қуаныштымын.
Сендердің оқу іс-әрекеттеріңе, сонау Астанадан хабарласып
тұрмын, менің сендерге қояр бірнеше сұрағым бар. Балалар,
менің бірінші сұрағым мынадай.
-Отбасы мүшелері деген кімдер, және оларды кім жеке-жеке
атап береді?
(Слайдтан жеке-жеке сурет шығады)
Тәрбиеші:
-Емен ата, біздің балалардың сізге айтар отбасы туралы
тақпақтары бар.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар, слайдқа назар салайық, емен атаның
бізге тағы қандай тапсырмасы бар екен.
Емен ата:
-Жарайсыңдар, балалар, менің сендерге қояр екінші сұрағым
мынадай.
-Балалар, өз отбасыңда кімдер тұратынын білесің бе және оны
таныстыра аласыңдарма?
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар, өз отбасымызды таныстырып,
отбасымызды қалай жақсы көретінімізді көрсеттік. Ал енді өз
отбасымыздың мүшелеріне қалай мейірімді болу керек екендігін
білесіндер ме?
-Ендеше мына көрініске назар аударып жіберейік.
Көрініс: «Ғажайып сөз».
Сергіту сәті:
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуіміз
Бас бармағын – Атам
Балан үйрек – әжем
Ортан терек – әкем
Шылдыр шүмек – шешем
Титтей бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Емен ата:
Балалар, мен сендерге құр келген жоқпын,менің өзіммен бірге
ала келген ойыным да бар.
Ойын: «Отбасыңды неге теңейсің?»
Ойынның шарты: Біздерге бірнеше суреттер берілген, отбасын
қандай жақсы нәрсеге теңегіміз келсе, сол суретті көтеріп
көрсетеміз.
Тәрбиеші:
Ата, әже, әке, ана...
Сәлеметсізбе, Емен ата!
Алина:
Біздің байтақ еліміз, Отбасынан
құралған.
Елін сүйер сеніңіз,
Өз отбасын, сүйе алған.
Ақсенім:
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар.
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
Мадина:
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар
Балалар көріністі қызыға
тамашалайды.
Шырын:
-Отбасымды күнге теңедім өйткені
отбасымыз мейірімді, жарықты, бар
жылулықты отбасымыздан
аламыз.
Мейрамгүл:
-Мен отбасымды гүлге теңедім,
өйткені отбасым гүлдей әдемі,
мейірімді, нәзік, сұлу сол үшін мен
гүлге теңедім.
Ақсенім:
-Менің отбасым бәй-теректей
саясын көлеңкесін береді, сол үшін
мен талға теңедім.
152
- Шырын, отбасыңды не үшін күнге теңедің?
- Фатима, ал сен не үшін отбасыңды гүлге теңедің?
- Мейрамгүл, сен не үшін өз отбасыңды талға
теңедің?
-Емен ата, біздің балалар отбасы туралы да мақал-мәтелдерін
тыңдаңыз.
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар, ендеше өзіміздің таңдаған суретті алып,
сол суретке отбасы мүшелерін рет-ретімен жапсырайық.
Осы жапсырған суретті тақтаға ілейік.
(Шығармашылық жұмыс:)
-Емен ата, біздің балалар отбасы туралы да мақал-мәтелдерін
тыңдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |