Онда Мыстан кемпірдің өзі шығады
Және де ертегіні тыңдай алмай, пирогты да жей алмай қаласың.
Жүргізуші:Айгөлек сенің әңгімеңнің екінші бөлімінде сол үйден балаға неге мейірімді әжей шықпай, Мыстан кемпір
шықты, соны айтшы?
Айгөлек:Ал бұл сұраққа балалар жауап берсін.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Жүргізуші:Ал, әжей балаларға неге тәтті пирог пен шай беріп, неге жақсы ертегі айтып береді?
Айгөлек: Балалар жауап беріңдерші?
Айгөлек: Балалар қане бәріміз тездетіп шеңбер құрып тұра қалайық. "Иә және жоқ сөздерін айтпау" ойынын
ойнайық. Назар аударыңдар, мен қазір әрқайсыңызға сұрақ қоямын, ал сендер жауап бергенде "иә", "жоқ" сөздерін
айтпауларың керек.
Сен қазір ұйықтап жатырсың ба?
158
2. Түнде күн шыға ма?
3. Сен балмұздақты ұнатасың ба?
4. Сенің атың ........... ба?
5.Сен дәрігерге барғанды ұнатасың ба?
6. Дәрігер балалардың шашын ала ма?
7. Сиырлар ұша ма?
8. Сен балабақшаға барасың ба?
9. Қыста ыссы бола ма?
10. Сен жұмыс істейсің бе?
11. Кәмпит тітті ме? 12. Кірпінің инелері ұшты ма?
13. Күннің түсі көк пе?
14. Сен қуыршақпен ойнайсың ба? 15. Сен жүзе білесің бе?
16. Жазда шаңғы тебе ме?
17. Сен мультфильм қарағанды ұнатасың ба? 18. Мұз жылы бола ма?
19. Сен айтқанды тыңдайсың ба?
20. Сен түс көресің бе?
Жүргізуші: Жақсы балалар , енді Айгөлек біздің әртүрлі ойындарымызды өзі тамашаласын.
Ойын: "Кім қалай дыбыстайды"
Мақсаты: Балалардың қабылдау қабілетін анықтау.
Ойынға қатысатын балаларды топтарға бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар итше үріп дыбыстау
керек. Дәл сол сияқты басқа топтар да өз атауларын қорғап шығады.Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ
бірдей өз дыбыстарын шығарады.
Ойын: "Менің көңіл-күйім"
Мақсаты: Ойлау, қиялды дамытуды жетілдіру.
Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп,
әңгімелеп беру керек.
Бой сергіту. Балалар интерактивті тақтаға қарап бой сергітудегі қимылдарды орындайды.
Ойын: "Әр түсті заттар"
Мақсаты: Зейіннің дамуын анықтау.
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атау керек.
Шеңберде отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: сары-балапан, қызыл - алма, көк - машина т.б.
Ойын: "Ойлан да аяқта"
Мақсаты: Ойлау қабілетінің деңгейін анықтау.
–
Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық ...(үстелден аласа)
–
- Екі бірден көп, ал бір екіден...(аз)
–
-Бала кішкентай, ал папа ...(үлкен) т.б.
Айгөлек: Өкінішті, мен сендермен ұзақ қала алмаймын, мен қайтуым керек, мені ертегілерім күтіп қалды.
Жүргізуші: Балалар, қане бәріміз дөңгелек жасап тұрайық, Айгөлекпен бірге бір-біріміздің қолымыздан ұстап, қолымызды
қысып, қоштасамыз. Жақсы, Айгөлек сау болыңыз, бізге қонаққа келіп тұрыңыз!
*****
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылы
«Ақтілек» бөбекжайы ІІ-санатты мұғалімі
Иманғалиева Айнаш Абылхайырқызы
Тақырыбы: «Жомарт көңіл , жарқын күз»
Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Күз байлықтары астық, көкөніс жемістер
туралы түсініктерін толықтыру. Бұл мезгілдің ерекшелігін қойылымдар арқылы дамыту. Табиғатты қорғай біліуге
тәрбиелеу.
Түрі: әңгіме сағаты
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мазмұнды суреттер
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар ж/е « Балапан» тобының тәрбиеленушілері. Бүгінгі «Алтын күз атты мерекеге қош
келдініздер!».
Міне, балалар күз келді.Айналаға қараңыздаршы ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптер де қурап қалған.
Құстар жылы жаққа ұшып барады.
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан деп Абай атамыз айтқандай күз мезгілі де келіп жетті.
Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
( интерактивтік тақтадан күз мезгілінің суреттерін көрсету)
Балалар суретке қараңдаршы күн суытып , жылы киімдерімізді кидік, құстар жылы жаққа ұшып барады, жапырақтар
алтын сары түске боянып саудырап жерге түсуде, жаңбырда жие жауады.
Күзгі еңбекпен таныстыру. ( интерактивтік тақтадан күз мезгіліндегі еңбектің суреттерін көрсету)
Ал балалар мына суретке қараңдаршы !
Барлық адамдар қыс мезгіліне дайындалуда, мал азығын , отындарын жинап барлығы жанталасуда.
Сергіту сәті:
(сергіту сәті музыка әуеніне сай орындалады)
159
Жемісті мол теретін,
Күз дос екен біздермен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді –деп, балалар біздің ең жақсы көретін жемістерімізбен көкөністеріміз де дәл осы күз мезгілінде
тамылжып піседі.Адамдар еккен картоп, пияз, сәбіз секілді көкөністерді жерден қазып жинауда. Аналарымыз банкілерге
қияр, қызанақтарды жинауда, алма ағаштарынан алмалар да саудырап жерге түсуде.
Гүл жайнаған даланың,
Жапырағы солыпты.
Таңырқадым, қарадым,
Танымастай болыпты.
Ойын: «Жапырақ жинау»
Шарты: Жерде жатқан жапырақтарды музыка әуенімен себетке салу.
Дәнді-дақылдар соның ішінде астықтың қалай пайда болатыны туралы сурет арқылы түсінік беру.
Астықтан жасалатын өнім бауырсақ туралы айтып , «Бауырсақ» ертегісін тамашалау
Жүргізуші: Көп күтіп сарғайып кеттім бе?
Сағынып бізге әрең жеттін бе?
Сарғайып әкеттің алқапты
Аспаннан алтын нұр төктің де?- дей отырып, әңгіме сағатымызды аяқтаймыз.
*****
«А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі
Жетпіс Сән Нұрланқызы
Алтын күз
Жүргізуші: Қайырлы кеш достар! Күз патшалығы сіздерді соңғы сиқырлы сәтін күзгі гүлдердің керемет жұпарын,жиналған
жемістердің айқын дасиқырлы сұлулығын, әрине күзге тән ойшыл және сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін
шақырды.
Армысыздар ағайын құрбы- құрдас
Бармысыздар жан күйер әз қауымдас
Бүгінгі кеш әуеніне біз тастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық!- дей келе құрметті көрермендер бүгінгі дәстүрлі «Алтын күз» кешіе қош келдіңіздер
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз сұлу жанбыз.
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлулығымен тән сұлулығын тепе тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратармыз-дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз-дей отырып ортаға қатысушы жұптарды
шақырамыз.
Жүрогізуші:
Әділ-қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты
Бізге айтып береді
Кім өнерлі,кім мықты?-деп әділ қазы алқасымен таныстырып өтейік.
Енді байқау шарттарымен таныстырып өтелік.
1-тур.Таныстыру
2-Өнерің өрге жүзсін
3-Сән үлгісі
4- Көрме.Үздік сурет.
5-Көкөністермен жеміс жидектерден композиция жасау
Сонымен алғашқы сайысымызды бастайық.
Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет
Өлең айтып,би билеп,жасап жатсақ текмет.
Өнеріңді көрсетші құрбыларым қанекей
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп-, дей келе «Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастайық
Жүргізуші:
Модельер болу оңайма?
Қиналып жатсақ мұңайма
Әр мамандық өзгеше
Өз мәнінде шырайда- деп келесі кезекте «Сән үлгісі»
Жүргізуші:
Келесі кезекте Күз кереметтеріне байланысты үздік сурет сайысы.Ата аналармен балалары үйден дайындап әкелген көрмеге
кезек берейік.
Жүргізуші:Ендігі кезекте Көкөністермен жеміс жидектерден композиция жасауда.
Жүргізуші:
160
Осылайша «Алтын күз» сайысы өз мәресіне жетті.Кезекті әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
Келіп тамашалап,қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Қош сау болыңыздар.Келесі жүздескенше ел аман,жұрт тыныш болсын!
*****
БҚО, Казталов ауданы, Қошанкөл ауылы
«Қарлығаш» бөбекжайы МКҚК-ның меңгерушісі
Бултихова Гауһар Аманжоловна
«Ерлік-ел мұраты»
(9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт)
Мақсаты:
9 мамыр - Жеңіс күні туралы, достық, бірлік, жолдастық туралы
балаларға түсінік беру. Отан, туған жер, жеңіс күні арнап өлең-
тақпақтар жаттату.
Балалардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын, сөйлеу мәнерін дамыту.
Балаларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр, ержүрек ата-әжелерін сыйлауға, елін ,
туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, соғыс тақырыбындағы
суреттер, ауылдағы соғыс ардагерлері мен тыл
ардагерлерінің портреттері, т.б.
Өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Барлығыңызды 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштері күнімен және 9
мамыр – Жеңіс күнімен, құттықтай отырып, «Ерлік – ел мұраты» атты кешімізді бастаймыз.
1941 жылы 22 маусымда герман фашизмі біздің елімізге соғыс ашып, біздің ата-бабаларымыз елді жаудан
қорғауға аттанған болатын. Әр минуты, әр сағаты қауіп-қатерге толы болғанын сол жылдары қолдарына қару алып, Отан
қорғауға аттанған майдангер ағаларымыз бен апаларымыз жақсы біледі.
«Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін!» деп еліміз төрт жыл бойы осы ұранмен өмір сүрді.
Жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырда, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Ұлы Отан соғысындағы еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер
рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып есімізге алайық!
Бір минут үнсіздік.
Жанерке: Күн туып ұлы елге,
Ұмытты күлкіні.
Күзетте тұрды ерлер,
Қақпастан кірпігін.
Шұғыла: Отты жыл бедері,
Ескерткіш – құлпытас.
Соғыстың зардабын,
Ешкімде ұмытпас.
Тілеухан : Әркімнің есінде,
Сұрапыл сол жылдар.
Жетімді, жесірді,
Шарпыған сонда ызғар.
Жүргізуші: Балалар, біз өскенде елімізді, жерімізді қорғайтын үлкен азамат
боламыз, солай емес пе?
Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»
Жүргізуші: Төбеден қайта заулап оқ борайды,
Айналаны ал қызыл отқа орайды.
Жеңіс үшін жастығын берген ерлер,
Бейбіт өмір, еліне төкті арайды .
Жеңіс оңай келген жоқ. Жұдырықтай жұмылып, анталаған жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды.
Асқан ерлік көрсетіп, Жеңіс күнін жақытдатқандардың ішінде қазақстандықтар да көп еді. Соғыс көптеген ерлердің атын,
есімін елге танытты. Соның арасында Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Маметова ерліктері туралы
ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
Өмір гүлін жаншып, таптап,
Шаштай сүйреп махаббатты,
Жерімізге жындай қаптап,
Найзағай іліп ар –ұятты,
Келе жатты сұм фашист!
Қоштасу туралы көрініс:
- Туған жерді таптатпаймыз ешкімге, кеудемізде жүрек соғып тұрғанда! («Ел майданға аттанды» әуенімен ауыл
азаматтарын майданға аттандыру сәтінен көрініс)
Ана: Жалғызыма жар бола гөр жасаған ием!
161
Қыз: Күтем сені, жаным, жаным....(қыз жігітіне кестелі орамал сыйлайды)
(Жігіттер ауыл ақсақалының алдына келіп тізе бүгеді)
Ақсақал: Жауды жеңіп оралыңдар, өрендерім!
Майдан даласы:
-Уһ !Тынышталды-ау! (Мәншүк тізесіндегі қағазға хат жазады, бір
солдаттар демалып жатыр):
Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар,
«Сүйгенім сен есіңе ал!»-
Деп жазған оюлап хатты бар.
Майдан даласынан хабар (көрініс):
(пошташыдан үшбұрышты хат алғандардың қуанышы. Сүйгенінен келген хатты кеудесіне басқан қыз: Ашық аспан,
қуанышыма куа бол!- дейді шалқып.)
Пошташы кейбіріне қаралы қағаз алып келіп жатыр.
Ананың баласын жоқтауы.
Құрт майыңды сақтадым,
Тайыңды ат қып , баптадым,
Аңыратып анаңды,
Неге артыңа тастадың. Уһ !
Айналайын шырағым,
Көлде біткен құрағым.
Алла басқа салды ғой,
Сұм соғыстың лаңын.
Келін: Не болды апа? Сұлтанбек пе? Жаман хабар келдіме? Айтыңдаршы!
Сұлтанбек мен сені күтіп жүрмін. Сағындым!Көрініс:
Пошташы бас киімін бұлғақтатып: Жеңіс! Жеңіс! –дейді аптығып.
Санат:
Сүйінші, сүйінші,сүйінші,
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан аға-апамыз!
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті Жеңіспен!
Жеңдік жауды айқаста,
Жасалсын той, мереке!
Ана:Сүйіншіңе бір қозы!
Соғыстан солдаттардың оралу сәтінен көрініс.
-Алақай, алақай әкем келеді.
-Алақай, алақай көкем келеді.
Би :Смуглянка
Нұртілеу : Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлтты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз,
Жаудан елін қорғаған.
Нұртілек : Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз бір жыр етіп.
Әлия апай ерлігі,
Ұмытылмас мәңгілік.
Шыңғыс : Батыр болған бабалары,
Ел бастаған даналары.
Байтақ жерге жау тигізбес,
Сарбаздары қазақтың, сарбаздары.
Айбол : Жас ұрпақ тілегі,
Бейбіт күн асқары.
Ашық боп тұрсын деп,
Әлемнің аспаны.
Гүлзинеп : Достық, тату өмірге,
Дүние жүзі сенеді.
Соғыс өртін өшіре,
Бейбітшілік жеңеді.
Нұрай : Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
Гүлім: Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді, алақай!
Тоя жейтін нан болып.
Айым: Әлем бізді ұққан күн,
162
Жауды ініне тыққан күн.
Батыр атам алдынан,
Әжем күліп шыққан күн.
Ән «Катюша»
Қорытынды: Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен
апаларымыздың рухына бас ие отырып, ол кісілердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау,
күту болашақ мына біздің қолымызда. Халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы
мәңгілік желбіреп тұрсын! Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер!
*****
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы
А. Ұүсайынов атындағы ОЖБМ
"Балдырған" ортаңғы тобының жетекшісі Утепова Ж.И
Білім беру саласы : Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Күз сыйы»
Мақсаты: Күзгі өзгерістерді қорытындылау , білу, көкіністер мен жемістерді айыра біліу , топтау, суреттердегі артық
заттарды табу, айыра білу , тақырып бойынша топтау. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру. Ойлау қабілеттерін ,
сөздік қорларын дамыту .
Құралдар: жапырақтар, көкөністер, жемістер, суреттер, муляждар.
Билингвальді компонент: күз –осенm, жапырақтар- листи, көкіністер- овощи, жемістер- фруктый.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжеуді білмейміз
Қуанайық достарым
Арайлап атқан әр күнге
–Сәлеметсіздер ме балалар!
–Сәлеметсіздер ме апайлар !
Күндей жадырап , суда мөлдір таза көңілмен бүгінгі оқу іс – әрекетерімізді бастаймыз.
Ғажайып сәт: Есік қағылып ішке күз ханшасы кіреді. Балалармен амандасады.
–Сәлеметсіздер ме балалар!
–Сәлеметсіздер бе!
–Мен күз ханшайсымын «Балдырған» ортаңғы тобында «Күз сыйы » деген ашық сабақ оздырылады дегенді естіп балаларға
өзімнің сыйлығымды ала келдім . Егер сіздер сабаққа жақсы қатынассаңыздар сыйлығымды беріп кетем.
–Қош келдіңіз ханшайым отырыңыз . Балалар жұмбағымды шешсе отырайын. (Жұмбақ жасырады.)
Шөп сарғайып
Жер қатайып
Дала құты қашады
Күн бұлттанып
Жаңбыр жауып
Дымқыл тұман басады
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар жұмбақты шешеді . Жауабы: күз. Ханшайым енді отырыңыз біздің балалардың сіз туралы не білетінін көріңіз.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.
Балалар жылдың казір қай мезгілі?
Күз мезгілі. Күз – осень
Күзде неше ай бар ?
Күзде үш ай бар. Оларды атап айтайық. Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Күзде қандай өзгерістер болады ?
Күз айларында бау – бақшалар піседі, теректің жапырақтары сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн
бұлттанып жаңбыр жиі жауады, күн салқындайды, адамдар жылы киініп, үйлеріне от жағады. Кей жануарлар ұйқыға
жатады.
Балалар : бау бақшаларға көкөністер мен жемістерді жапсырады, күзгі терекке жапырақтар жапсырады.
Көкөністер қайда өседі?
Бақшада өседі. Көкөністер – овощи
Жемістер ше?
Бақта өседі. Жемістер – фруктый
Балалар көкөністер мен жемістерді жемес бұрын не істейміз?
Жуамыз әрине жуып жейміз. Көкөністерді көрсету түсін, пішінін сұрау сұрақ қоя отырып әңгімелесу.
Ал сендер білесіңдер ме көкөністер мен жемістер дәрумендерге өте бай. Денсаулыққа пайдасы көп. Егер біз оларды көп
жесек ауырмаймыз, денсаулығымыз мықты болады. Балалар күз сыйлығы бізге үлкен еңбекпен келеді .Біз оларды егеміз,
суарамыз, баптап күтеміз. Піскенен кейін ысырапсыз жинап аламыз.
Дидактикалык ойын: «Ғажайып қоржын»
Мақсаты : көкөністер мен жемістерді ажырата білу, атау және топтау (көкөністерді бір себетке, жемістерді екінші
себетке )
Күз туралы тақпақтар білеміз бе?
163
Ақерке: Күзім,күзім күзім
Пісті алма жүзім
Тұрғанда оны күз беріп
Алайық оны тез теріп
Сезім: Көкөністі көп ектік
Өсіп піссін деп едік
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берді көп өніс
Фатима : Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күмбірлеп
Көз тартады атырап
Гүлсана : Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанда
Күз де келді жар салып
Күзгі суық басталды
Жанәділ: Астық, жеміс жиналды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Дидактикалық тапсырма . «Не артық»
Мақсаты: суреттердің арасынан дұрыс емес суретті тауып, түсіндіру.
35.
Балалар біз бүгін не туралы білдік?
36.
Күз айы туралы білдік
37.
Күз бізге не береді?
38.
Күз бізге мол сый береді екен. Көктемде еккен барлық бау – бақшамыз пісіп оны жинап алады екенбіз. Бүгінгі
сабақ ұнады ма?
Балалардың жауабы : оларды мадақтау , смайликтер беру . Күз ханшасы өзінің риза екенін айтып балалармен қоштасады.
Күз ханшасы әкелген сыйға рахмет айтып бөлісіп дәм татады.
Достарыңызбен бөлісу: |