Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


*****  ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37

***** 
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы 
№100 жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  
Шомансурова Шохиста Абдиламитовна
Сабақтың тақырыбы: Эпостық батырлар және оның ғашықтары
Сабақтың мақсаты: Өнердегі көркемдік бейнелерді айқындау.
Білімділік: Жыр, күй, сурет өнеріндегі батырлардың көркемдік образдары жайлы әңгімелеу.
Дамытушылық: Электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, 
шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ой - өрісін кеңейту. Дәулеткерейдің «Көрұғлы» және халық күйі «Қарасай» 
күйлерін тыңдата отырып, ерекшелігін табу. Ән айту дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақ батырларының ерлігін жырлау арқылы, ерліктерін қастерлеуге баулу. Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, 
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Ой қозғау, баяндау, психологиялық тренинг, тірек - сызба, сұрақ - жауап, сергіту сәті жалғасын тап, ойлан тап.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайдтар, суретшілердің туындылары,
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1. Әндетіп амандасу.
2. Психологиялық тренинг.
- Әрбір адам? Досым, сыныптасым
- Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.
- Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
3. Ой қозғау стратегиясы.
- Балалар, қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды?
- Қандай ерлік, Отан туралы мақал – мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
2. Ой шақыру. «Қазақ батырлары» тірек - сызба арқылы жұмыс
ІІ. Мағынаны тану. Баяндау әдісі.
1. Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі. (Қазақ батырлары туралы видеофильмнен үзінді көрсету)
Қазақ батырлары Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Көрұғлы, Қарасай сынды қазақ 
батырларының есімдері ғасырлар бойы ұлттың мақтанышы болып ел есінде сақталуда. Неліктен дейсің ғой?! Қазақ 
батырлары мыңдаған жылдар бойы ұлан - байтақ туған ата мекенімізді жаудан қорғап, халықтың жауынгерлік рухын 
асқақтатты Батырлардың ерлігін мадақтап жырлаған қазақ жыраулары болды. Қазақ жыраулары батырлармен бірге жауға 
аттанып олардың рухын көтеріп жыр айтты. Батырлардың ерлігін баяндау қазақ өнерінің барлық саласынан көрініс тапты. 
Дегенмен, музыка және сурет өнерінде батырлар бейнесін сомдауда өзіндік ерекшелігімен дараланды.
Күйші өзінің күйіне батырдың бүкіл болмыс - бітімін 2 - 3 минуттан тұратын шығармасына сыйғыза білді. Ал, суретшілер 
болса өзінің бір ғана суретінде батырдың ер жүрек келбетін бейнелей алды. Бұл өнер түрлері бір ғана көркемдік бейнені 
сомдай отыра, әр түрлі қырынан аша түсті.
2. Музыка тыңдау.
Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін «Мұрагер» фольклорлық ансамбілінің орындауында тыңдап көрелік!
Дәулеткерей «Көрұғлы» атты күйінде батырдың өжет әрі қайсар мінезін бейнелегендей әсер қалдырады. Күйді тыңдай 
отыра ер жүрек батырдың рухын, намысы мен жігерін көруге болады.
3. Музыка тыңдау.
Енді халық күйі «Қарасай» күйін тыңдайық.
Ал, «Қарасай» күйін тыңдағанда қан майдандағы ұлы шайқас көз алдыңа келгендей әсерде боласың. Күйде батырдың өзі 
емес, оның жаумен күресі көбірек бейнеленген. Бұл шығарма шайқас үстіндегі талас - тартыс, біріне – бірі беріспей жатқан 
күрес, аттың дүбірі мен қиян - кескі қырғын жанталас сияқты көңіл - күйді білдіреді.
4. Біліп ал!.
Евгений Сидоркин (1930 - 1982) — график - суретші. Қазақстанның халық суретшісі атағына ие болған. Суретшінің басты 
бағыты литография және линогравюра. Е. Сидоркиннің көптеген жұмыстары кітаптарды суретпен безендіруге арналған. 
Суреттерінің тақырыбы: «Қазақ халық ертегілері», «Көңілді алдампаздар», «Қазақ эпосы», «Қазақ халық ойындары», 
«Сәкен Сейфуллинді оқығанда», «Абай жолы» т. б.
220

Е. Сидоркиннің жұмысы қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Себебі, Сидоркин еңбектері ұлттық нақышқа 
толы. Е. Сидоркиннің гравюралары техника жағынан қазақ текеметтері мен сырмақтарында пайдаланатын ақ және қара 
түстерді қолдануымен ерекшеленеді. Е. Сидоркиннің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт 
сынды қалалардағы халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
5. Түсініп ал!
- Графика – тушьпен немесе қарындашпен салған сурет өнерінің түрі. Суретті салуда 1 немесе 2 ғана түсті қолданады.
- Гравюра – графиканың бір түрі. Сурет кескінін ағаш, линолиум, тас немесе металдан ойып оны қағазға басып салу арқылы 
жасалатын сурет түрі.
- Литография – үгітілмелі жұмсаз тасқа сурет кескінін қашап салып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
- Линогравюра – линолиумде сурет кескінін ойып, қағазға басып шығаратын сурет түрі.
6. Галереяға саяхат.
Суретші Сидоркиннің «Батыр» «Жекпе - жек» т. б. шығармаларымен таныстыру.
Батырлар бейнесі Евгений Сидоркиннің шығармашылығында кеңінен орын алған. Суретші эпостық жырлардағы 
батырлардың бейнесін сомдайды. Е. Сидоркин өзінің суреттерінде батырлардың жаумен щайқасып, аттың шабысы, үркіп 
ұшқан құстарды бейнелей келе, асқан жауынгерлік рухты көрсете білді. Барлық образдар қимыл үстінде болғанымен, бір 
сәтке тына қалғандай әсер қалдырады. Суретшінің мұндай нәтижеге жетуі оның гравюра техникасын шеберлікпен қолдана 
білуінде. Ең басты гравюрада батырдың образы сомдалады. Суретші батырлар мен жауынгерлердің шайқас алдындағы 
көңіл - күйі мен ішкі жан тебіренісін, оның қимыл - қозғалысын бейнелеуге талпынады.
Күйді тыңдасаң да, суретті көріп тамашаласаң да нақты бір көркемдік бейнені көресің. Күйде аттың шабысын көбірек 
тыңдасаң, суретте жауға қарсы кұстай ұшуға даяр тұрған сақадай сай сәйгүлік аттарды көресің. Иә, қазақ батырларының 
бейнесін сомдаған музыка және суреттегі қимыл - қозғалыс бір сәтке тына қалып, өткен мен бүгінді жалғастырар мәңгілік 
ескерткіш іспетті болмақ!
ІV. Сергіту сәті. Жалғасын тап!
Мақал - мәтелдің жалғасын табу.
Батыр бір рет өледі.....
Қорқақ мың рет өледі.
Батыр туса – ел ырысы....
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Шешен сөз бастар....
Батыр қол бастар.
Батыр майданда шынығады.....
Болат қайнауда шынығады.
Ойлан тап!
- Аттардың иесін табу
7. Дауыс жаттығулары
8. Ән айту. С. Сейфуллин «Тау ішінде» әнін үйренуді әрі қарай жалғастыру.
- Әнді хормен үйрету.
- Әнді топқа бөліп айтқызу.
- Кейін жеке оқушыларға орындату.
- Әнді аспаппен үйреніп болған соң минусовкамен орындатамын.
ІІІ Ой толғаныс. Сабақты бекіту
Сұрақтар:
1. Таңбалы тастардағы суреттерді графика түріне жатқызуға бола ма?
2. Күйші батырлар бейнесін өз шығармаларында қалай бейнелейді?
3. Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен қыздарымызды батырлар деп айта аламыз ба?. Ия, оларға Кеңес 
Одағының батыры деген атақ берілген.
4. Қазіргі заманда осындай батырлар бар ма?
ІҮ Бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығына, белсенділігіне қарай мадақтай отырып аттың тағасымен 
бағалау. Алтын таға - 5, күміс таға - 4
Үйге тапсырма:
1. «Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі» тақырыбын оқып кел
221

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі  Айтмуратова Замира Нураллаевна
Мұғалімдер: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, оқушылар!
Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариның туғанына 175 жылдығына арналған «Даланың дара ұстазы» атты 
әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1.Ғазиза:  
Өмірімен таныстыру.
2.Райымбек
 «Дала қоңырауы» атаған Ыбырай бабамыздан қалған асыл сөз күллі мектеп атаулының маңдайшасына 
ілініп, зейінді ұрпақты білімге шақырып тұрған ұранның бірі екені даусыз.
Ғазиза:  Ы.Алтынсарин мурасының басым көпшілігі әдеби – көркем шығармалар, ол өлендерін педагогикалық мұрат-
мақсатқа сәйкес жазған.
(Өлендері оқылады)

Кел балалар оқылық.

Ананың сүйюі

Бұл кім?

Өнер білім бар жұрттары.

Балғожа бидің баласына жазған хаты.
1.Райымбек: 
Қазақ балалары үшін қазақ Сахарасында өнер-білім шырағым жағу үшін де, мәдениет үлгілерін тарату 
үшін де, ең қажетті құрал кітап екендігіне көп назар аударған. Мектепте ол кезде оқитын кітаптің жоқтығына алғаш «Қазақ 
хрестоматиясын жазды».
2.Ғазиза: 
Ы.Алтынсарин балалардың бойында ізгі қасиеттер – білім, өнер, еңбек, адамгершілік таза сезім, 
инабаттылық, мейірімділік, адамдық қарым-қатынас, өзі кітапқа балаларға ұғуға онай қасиеттерді дарытуды көздейді. 
Сөйтіп, өзі кітапқа балаларға ұғуға онай мазмұны шағын, бірақ тәрбиелік мәні зор әнгімелерді жазып, оқу білім мен 
тәрбиені қатар қояды.
Көрініс «Орындалған арман»
Райымбек: Ел ішіндегі әлеуметтік тенсіздіктерді, патшаның отарлау саясатынан туып отырған қиыншылықтарды өз көзімен 
көрген аса зор парасат иесі, алғашқы ұстаз  халқына  жайып салып, өз кітабына жазып түсіндірді.
Ғазиза:
Бір перзент өзіндей – ақ іс атқарсың
Іріге айтқыш келер ұсақтар сын.
Осынау тұрысыңмен, ірі ісіңмен,
Келешек ғасырларды құшақтасың. 
Өсиет өлеңдер.
Жәңгірхан  Әсет  Нәзікей  Айнара  Шыңғыс  Сабрина  Алдияр  Жасұлан  Дияс
Ғазиза:  Жаратылысында сезімтал, анғарымпаз және өз халқының ауыр халін көріп, оны жетілдіру үшін көркем 
туындылары арқылы атсалысқан Ы.Алтынсарин еді.
Райымбек:
   Ыбырай өз кезіндегі әлеуметтік  өмірдін жай-жапсарын бақылаушы ғана емес, бүккенін жазып, 
бүркегендерін ашушылардың бірі. Ең алдымен ол қазақ даласындағы тенсіздікті көре білді.
Ы.Алтынсаринның өлендері, әнгімелері және де мақалдар, жұмбақтар жазған.
Мақалдары:
-
Білім тұған жерде, иман тұрады.
-
Талапты ерге нұр жауар.
-
Кең киім тозбас, кенескен ел азбас.
-
Өз елін танымаған, елге би болмас.
-
Қайырымсыз болса ханнан без, өткелсіз болса судан без, асусыз болса таудан без, пайдасыз болса байдан без,  
панасыз болса сайдан без.
-
Соқырдан қарауыл қойсаң, елінді жауға алдырар, наданнан би қойдырсаң, елінді дауға қалдырар.
-
Халық – кеуде, патша – бас.
-
Бассыз елде берекет болмас.
Жұмбақтары:

Екі тері, екеуі де тен тері (аспан, жер)

Кереге басында – ақ жаулық (күн сәулесі)

Жаңы жоқ болса да, ақылды адамның ісін істейді (кітап)

Айдың көлде алтын тас, ау салса да – алынбас. (тіс)

Отыз омыртқа, қырық қабырға барын бастаған ауыс омыртқа (киіз үй)
Ғазиза:  Адам баласының өмір кешіп, еңбек етіп, көңіл-күйін көтеретін бай мұрасы – табиғат. Табиғаттың жайма шуақ 
жазын, айнадай жалтыраған өзен-көлін тамаша суреттеп, сол байлықты тек адам еңбегімен иемденуге болатынына ғибрат 
етеді. 
Райымбек:
Е, Бәсе ардағы сен едің ғой,
Арыстай Арқадағы бел едін ғой.
Сенді ел сенің бір күн шығарыңа,
Жан тегі әділ іске сенеді ғой.
222

Табиғат туралы өлендер
Аязбай Ернар (Өзен)
Рыспай Инабат (Жаз)
Ғазиза: Ы.Алтынсарин «Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасау мен қатар жазушылықпен ұстаздықты аса шебер 
өнерлі түрде қабыстырушы» - деп жазған М.Әуезов.
Райымбек. Ы.Алтынсарин орыстың ұлы адамдары Крылов мысалдарын, Толстойдың, Ушинскийдің әнгімелерін қазақшаға 
аударып жазды. Ол әнгімелерде халқымыздың әдет-ғұрпы, сыпайлық, әдептілік, мейірімділік, талаптылық сияқты ізгі 
қасиеттерді арқау етті.
Ы.Алтынсаринның Крыловтан аударған мысал өлендері.
1.Жанайым
«Қайырымды» түлкі
2.Аяжан
«Қарға мен түлкі»
3.Әсия
«Егіннің бастары»
Ғазиза: Ы.Алтынсаринның шығармаларында адамды тәрбиелейтін, қоғамдық санасына әсер ететін басты құралдардың бірі
еңбек екеніне арнап жазған әнгімелері көп.
Райымбек: Көрініс «Бақша ағаштары»
Райымбек:  Ы.Алтынсарин өмірдегі ең өзекті мәселе, сарқылмайтын мол алтын қазына -  білім-өнер, ол инемен құдық 
қазғандай қиын жол, оны игеру үшін ерінбей еңбек ету, тиянақты оқу білімнің мақсатын түсіну керектігін айтқан.
Би (Адай күйі)
Ғазиза: Қорыта айтқанда, кеменгер бабамыз, Ы.Алтынсарин туған халқына жан аямай қызмет етті, ұрпақтарына үлгі өнеге 
боларлық тәлім аларлық бай мұра қалдырды. 
Райымбек:      Тізесін алдында тұр бүгіп халық,
                          Өзіне көз жанарын тігіп халық.
                          Құрметтеу өткендерді ғажайып іс,
                          Тек осы құрметтеуді ұмытпайық
Оқушылардың орындауында хор: «Ұстазым» әні.
Мұғалім:         Талпынған табиғатты өзгертем деп,
                          Жан болып кетпеймін деп, өмірден тек
                          Білімін қараңғы елге шырақ еткен,
                          Ұрпағым қалмасын деп өнерден шет- деп Ы.Алтынсаринның халқы үшін өмірінің соңғы сағатына дейін 
шындықты жыр етіп өлмес мұра қалдырғанын ескертеді. Ыбырай өсетін ғасырларға ұластырып, келер ұрпақтар естерінен 
шығармайтынына сеніммен қараймыз. 
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  «Ә.Байсалбаев атындағы
 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі  Назарбекова Динара Сериковна
Сабақтың  тақырыбы: Сөйлем мүшелері және олардың байланысы
Мақсаты: сөйлем мүшелері туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, 
тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.Сабақтың 
көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар 
Сабақтың барысы:
 І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3-жаттығуды тексеру ІІІ. Білімді тексеру: 1)Ақ түйе боталады.2)Сәуле киім үтіктеді.3)Ара 
гүлге қонды.4)Бүгін күн жылынды.
IV Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
V Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. 
Мына сөздерді жайылма сөздерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар.
 Балалар балық аулады.т.б Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырыңдар Айару келді.Жаңбыр жауды.т.б 
ә) оқулықпен жұмыс 7-жаттығуды(терең ойлау тапсырмасы) Жайылма сөйлемдерді оқы.Үш сөзден құралған жайылма 
сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып,төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.(оқушылар атақты 
шопанмен кездесті.) б) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту. 
8-жаттығу в) Сергіту жаттығуы Ребусты дұрыс шешсең,мақал шығады.(Ерді намыс өлтірер).Жайылма сөйлем
9-жаттығу Сызбаны толықтыр. 
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүше  Тұрлаусыз мүше
Бастауыш  Баяндауыш
11- жаттығу ауызша орындау(Терең ойлау тапсырмасы) жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады? 1) 
себет жалаң сөлем/Жаңбыр жауды./ 2)себет жайылма сөлем /Лаура кітапханаға ткелді.1,2,3,4сөйлдерді саламыз/
13- жаттығу1)Мақалды түсініп оқы.2)Мақалды сөйлем мүшесіне талда.3) Сөйлем мүшелерінің байланысын тап. Ағынды су 
арнасын табады.
VI. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Тұрлаулы мүшені атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын 
сөйлемді қандай сөйлем дейміз?
VII Үйге тапсырма: 12- жаттығу 6-бет. 
VІІІ Оқушыларды бағалау
223

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы   
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі  Ағыбаева Раушан Кожахановна
Сабақтың  тақырыбы: Шығарма 
Мақсаты: оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға 
үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, дедукция, көрнекілік.
 Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар 
Сабақтың барысы:
 І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту. 3) 
көрнекілікке сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІІІ.Жаңа сабақ: Шығарма «Менің жазғы демалысым» тақырыбында оқушылар өздерінің жазғы демалыста қандай кітаптар 
оқығанын, қандай жерлерге демалуға барғандарын, қандай сәттерді, қызықты оқиғаларды бастан кешкендері жөнінде осы 
шығарма арқылы баяндайды.
ІҮ. Қорытындылау Шығарма дәптерлерін жинап аламын. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Ү. Үйге тапсырма: Ойтолғау «Менің арманым» .
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Мақсаты :оқушыларға сөз жән оның мағынасы жайлы толық мағлұмат бере отырып түсінік беру, сөздік қорын, ауызша 
сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі:қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар 
Сабақтың барысы:
 І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығуды тексеру. Бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жеріне сызықша қою? Абай
қазақ халқының ұлы- ақыны. Күләш қазақ халқының бұлбұл- әншісі.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 
2)Сөздің мағынасы ашу.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш жаздырту. 
19-жаттығудағы Кестеге қарап, білезік сөзі туралы не айта аласың?Білезік әшекей бұйым. Білезікті қыз – келіншектер, 
әжелер, апалар тағады. Білезік күмістен, алтыннан жасалады. Күміс білезік тағып жүрсе көп ауырмайды деген ұғым бар.
20-жаттығу мәтінді оқу, талдау. Сабақ сөзі қандай мағыналарда жұмсалатынын айтып түсіндіру.Сабақ сөзін оқушылар білім
алу деп түсінеді. Сабақ оқу оқушыға үлкен міндет болып табылады. Сабақ оқымаған оқушы болашақта үлкен армандарына 
қол жеткізе алмайды.
22-жаттығудағы өлеңдегі қарамен жазылған бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәолелде. Бұрыш сөзі 
бірінші мағынасында тамаққа қосылатын бұыршты білдіріп тұр, екінші мағынасында үйдің бұрышын білдіріп тұр.
23-жаттығу. «Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздер тобы қандай мағына береді?Топталып бір мағына беретін тағы 
қандай сөздер тобын білесің?Дұшпан сөзінің мәндес сөздерін тауып, неліктен мәндес екенін дәлелде? Қарамен жазылған 
сөздер тобы тойтарыс берген сөзі. Бұл сөз жеңіске жету, жауын қарсы тұру деген мағынаны білдіріп тұр. Топталып бір 
мағына беретін сөздер Сымбатты сөзін алсақ болады. Ол ару, әсем, сұлу сөздерінің мағынасы болып табылады.Дұшпан 
сөзіне мәндес сөздер жау деп алсақ болады.
24-жаттығу Кестені толтыр.
Мағынасы мәндес сөздер
Мағынасы қарама- қарсы сөздер
Дыбысталуы бірдей, бірақ беретін 
мағыналары әр басқа сөздер.
Сұлу, ару, әсем, көрікті
Ұзын-қысқа,аласа-биік
Ара,бас,көз.
ҮІ Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
ҮІІ Үйге тапсырма: 21-жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жаз. Мағынасы қаама- қарсы сөздердің астын сыз. 
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
  «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі Кокенова Динара Асылбековна
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы.
Мақсаты: оқушыларды сөздің түбірі, жұрнағы, жалғауы туралы білімдерін тиянақтауға, ажырата білуге, сауатты жазуға 
үйрету; ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту; адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік 
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі
224

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 21-жаттығуды тексеру. Жұмбақтың шешуі Мысық. Қарама- қарсы сөздер күн бойы, түн 
бойы. ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздің құрамына не жатады? 3) көрнекілікке 
сүйене отырып түсіндіріп, еске түсіру.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс а) өткенді еске түсіру Сөздер қандай мағыналары бар? Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі
қандай сөздерді білесіңдер? Мағыналары қарама-қарсы сөздер ше? Мағыналары жуық сөздерді білесің бе?
ә) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға В в В в вагон жаздырту. 
25-жаттығуды Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата, сөздің қандай бөліктері қарамен берілгенін анықта? 
Дәурен-нің,күй-ші, кітап-хана,арыстан-дар.одан әрі бөлінбейтін бөлігі; Дәрен, күй,кітап, арыстан.нің, ші,хана, дар бөліктері 
қосымша.
26-жаттығу Сызбаға қара. Оны толтыр.
27-жаттығудағы Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Қай сөзде бір ғана қосымша, қай сөзде екі қосымша бар
кенін анықта. Өзің қалаған екі-үш сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
28-жаттығу Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың қайсысын жалғауға болады. Түбір сөздердің мағыналары жұрнақ 
жалғанғанда қалай өзгеред? Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жаз.
ҮІ Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздің құрамы деп нені айтамыз? Сөздің түбіріндегі соңғы әріп 
өзгеретін мысал келтір?
ҮІІ Үйге тапсырма: 29-жаттығудағы Сендердің алдарыңда- қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін қалай 
баратыныңды түсіндір.Керекті сөз топтары: мектептен шығамын, көшеден өтемін, стадионға келемін.Құраған әңгімеңді жаз.
Жалғаулардың астын сыз.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Сөз және оның құрылымы
Мақсаты: сөздердегі я, ю әріптерінің ерекшеліктерін, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету; сөздік қорын, 
қисынды ойлауын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; еңбек, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік.
 Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру : 29-жаттығудағы Сендердің алдарыңда- қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін
қалай баратыныңды түсіндір.Керекті сөз топтары: мектептен шығамын, көшеден өтемін, стадионға келемін.Құраған 
әңгімелерін оқытамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 1. Қоян сөзінде неше әріп бар? Неше дыбыс естіледі? Аю сөзінде ше? 
Я және ю қанда дыбыс болып есептелінеді?
2.Я және ю дыбыстары кездесетін сөздерді айту. ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу: Ғ ғ Ғ ғ Ғалия 36-
жаттығуды Өлеңнен в әрпі бар сөздерді теріп жаз. Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап ал. «Сөздерді 
жина» ойыны: «Шахтада» тақырыбы бойыншы құрамында в, х,ф,э әріптері бар сөзреді жинақта. 
37-жаттығу Көп нүктенің орнына э,ф,х,ц әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Экватор жер шарының 
белдігі.Райхан әжесіне хат жазды. Фатима тігін фабрикасында жұмыс істейді.Циркте қонжықтардың өнерін тамашаладық.
39-жаттығудағы суреттерге қара. Қай ертегіден? Білгішбек, ертегі неліктен «Қарлығаштың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет