Мысалы, қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:
•
Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу;
•
Аудиожазба тыңдағаннан кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы екенін топпен талқылап,
мазмұндайды;
•
Мәтінді тыңдатып, бір-біріне сұрақ қояды. Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен
аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады;
•
Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды;
•
Бірнеше сөйлем беріп, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін табу және т.б.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.«Жаңа технологияларды оқытудың тиімді жолдары», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде». №11/2011ж.
2.Сариева К. Жаңа технологияны қолдану жолдары. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
3. «Мемлекеттік тілді оқытудың кейбір мәселелері», «Білім кілті». №6/2012
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі
Абдирайимов Азизжан Махаммаджанович
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-
экономикалық зардаптары. Сыныбы: 11-сынып
Қазақстан тарихы
Сабақтың
тақырыбы
1931-1933 жылдардағы ашаршылық.Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-
экономикалық зардаптары.
Сілтеме
Білім стандарты,пән бағдарламасы.11-сынып оқулығы,электронды оқулық,интернет материалдары
Жалпы мақсаты
1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық туралы білімдерін ғылыми тұрғыда меңгеруге
қолайлы орта жасау
Міндет-тері
Ашаршылық,нәубет жылдары,ұжымдастыру қорытындылары туралы ұғындыру
Күтілетін нәтиже
1931-1932 жылдардағы қуаңшылық пен ашаршылық, жергілікті халықтың республикадан тыс
жерлерге қоныс аударуы туралы мағлұматтар алады
Негізгі идеялар
Күштеп ұжымдастыру,ашаршылық және зардаптары туралы біледі.Жергілікті халықтың
республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы, зорлық-зомбылықтарға қарсы
наразылықтар,көтерілістер жөнінде біледі, ұжымдастырудың қорытындыларын саралай алады.
Тапсыр-малар
Тақырып туралы материалдарды электронды оқулықтан, интернеттен қарап,іздену
Үйге тапсыр-ма
Тарихи және әдеби шығармалар оқу, тақырып бойынша іздену,БАҚ-нан материалдар
қарап,әзірлену
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
200
Сабақ бойынша
мұғалім жазба-
лары
2 минут
5 минут
2 минут
5 минут
6 минут
4 минут
15 минут
2 минут
2 минут
2 минут
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А)
Сәлемдесу.
Зейіндерін
шоғырландыру.Сергіту сәті: «Тілек
шеңбері»
Ә) Сабаққа дайындығын тексеру.
Б)Оқушыларды
геометриялық
фигуралар арқылы топтарға бөлу
Б)Топ ережесін құру
В)Бағалау критерийлері арқылы
өзін-өзі бағалау реті түсіндіріледі.
ІІ.Маңызын арттыру. «Ой қозғау»
Үй тапсырмасы бойынша «Жабық
тест» арқылы негізгі мағынаны
түйіндеу.
«Білемін.Білгім келеді.Білдім».
Өзін-өзі бағалау.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Ыстық орындық» әдісі бойынша
оқушылардың қойған сұрақтарына
жауап беру арқылы үй тапсырмасы
қорытындыланады.
Мадақтама сөздер арқылы бағалау
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
1.«Миға шабуыл»
(Оқушыларды жаңа сабаққа
дайындау)
Жаңа
тақырып:
«1931-1933
жылдардағы ашаршылық.
Қазақстандағы
жаппай
ұжымдастырудың
әлеуметтік-
экономикалық зардаптары.»
«Оймақтай ой» стратегиясы арқылы
жұптық жұмыс жасау
Топтық жұмыс: «Ұлы нәубет
жылдарында» және «Тарихқа тағзым»
тақырыптарында газеттер шығару.
ІҮ.Жаңа сабақты қорытындылау.
«Мен шыққан биік» кестесі
Сабақты қорыту. Бағалау:
Кері рефлексия.
«Білемін.Білгім келеді.Білдім»
кестесі
Ү.Үйге тапсырма.
Өзіміздің өлкеміздегі ұжымдастыру,
отырықшыландырудың
жүргізілуі,тарихы
туралы
мағлұматтар жинау тапсырылады.
Оқушылар бір шеңберге, ортаға
топтасады.11-сынып бітірушілер ретінде
бір-біріне игі тілектерін жеткізеді
«Көшпелілер» және «Отырықшылар»
тобы болып екі топқа бөлінеді
Оқушылар табан іздерімен берілген «Мен
шыққан биік» кестесіне өзін-өзі
бағалайды.
Әр топқа үй тапсырмасына байланысты 5
сұрақтан беріліп, «Жабық тест»
тапсырмаларын орындайды.
«Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестесі
бойынша өзін-өзі бағалау
«Ыстық орындыққа» отырған бала
сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың
қызығушылығы,
белсенділігі артады
Жаңа сабақты электронды оқулық
,интернет материалдарын пайдалана
отырып меңгереді
«Оймақтай ой» стратегиясы арқылы
жұптаса отырып,тақырыпты меңгереді,
дәптерге түйінді ойларын түсіріп
отырады.
Топпен жұмыс жасай отырып,
шығармашылықпен ізденеді, орындайды,
жұмыстарын қорғайды.
«Мен шыққан биік» кестесі арқылы өзін-
өзі бағалайды
«Білемін.Білгім келеді.Білдім» кестесін
толтыруды аяқтау.
Тарихи дереккөздер іздеу,мұражайға
бару, көнекөз қариялардан сұрау
тапсырылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
201
№41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Абдирайимова Саида Каримжановна
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 4
Тақырыбы: «Ілік септік»
Мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;
Ілік сепігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білім қалыптастыру;
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйрету
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға
машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы
Сабақтың типі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойындар,
жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі : Кесте, житондар, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Көршіңді тексер.
2. Өткенге шолу.
3. Білгім келеді.
4. Демалыс.
5. Біліміңді пайдалан.
6. Не үйрендік? Не білдік?
7. Нәтиже.
8. Қойын дәптер.
- Сабаққа дайын болсақ, әр сайыс өткен сайын орындаған топқа
бағалау житондарын беріп отырамын. Сабақ соңында бағалау осы
житондар арқылы жүзеге асырылады.
І. «Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)
Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағалайды, житондар беріледі.
ІІ. «Өткенге шолу».
Септік атаулары
Сұрақтары
Септік жалғаулары
Атау септік
Кім? Не?
Ілік септік
Кімнің? Ненің?
-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.
Барыс септік
Кімге? Неге? Қайда?
-ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс септік
Кімді? Нені?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс септік
Кімде? Неде?
-да, -де, -та, -те.
Шығыс септік
Кімнен? Неден?
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.
Көмектес септік
Кіммен? Немен?
-мен, -бен, -пен.
Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады. Қар
қалың жауды.
ІІІ. «Білгім келеді»
Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, қосымша қай септікте тұрғанын анықтау.
Атақ-даңқ қалай шығады?
Көмірдің аты
Жанумен шығар.
Балғаның аты
Қағумен шығар.
Шегенің аты
Бекумен шығар.
Қашаудың аты
Шекумен шығар.
Батырдың аты
Жеңумен шығар.
Жомарттың аты
202
Берумен шығар.
Ақынның аты
Жырлаумен шығар.
Шәкірттің аты
Тыңдаумен шығар.
- қарамен жазылған сөздер түбір сөзге ілік септік жалғауларының жалғануы арқылы жасалған.
ТҮЙІН: Ілік септіктегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септік
жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.
ІV. «Демалыс» (Сергіту сәті)
V. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)
А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:
Туған ... түтіні де ыстық.
... өзегі талмас.
Ас - ... арқауы.
... шиесін шын шығарады.
Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің
Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.
1. (Құндыз) терісі аса құнды болады. 2. (Шебер) қолы – алтын. 3. (Сәуле) әжесі ауылдан келді. 4. (Шошқа)
көзі нашар көреді. Есесіне дыбысты жақсы естиді және иіс сезгіш.
VІ. «Не үйрендік? Не білдік?» (Сабақты қорытындылау)
А) «Дұрысын тап!» ойыны -
Ілік септіктегі зат есімдер кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап береді.
Атау септік жалғаулары: -ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің.
Ә) Венн диаграммасы
Зат есімнің септіктері
VІІ. «Нәтиже» (Бағалау)
Оқушылар берілген житондар бойынша бағаланады.
VІІІ. «Қойын дәптер» (Үйге тапсырма)
296-жаттығу: Мәтінді түсініп оқу, ат қою.
Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу, сұрақ қою.
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
«Далабазар» негізгі орта мектебі І- санатты ІІ деңгей бағдарламасы
бойынша сертификатталған тарих және география пәні мұғалімі
Ахмедов Ирисдавлат Джамалович
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. А. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға Солтүстік Америка материгінің жер бедерінің көп бөлігін жазықтар ,ал
3\1 бөлігін таулар алып жатқанын мұз басу дәуірінде платформалары майысқанын соның нәтижесінде архипелагтар пайда
болғанын 51-суреттен көрсете отырып ұғындыру және пайдалы қазбаларын картаға түсірте отырып меңгерту,бағалау
критерилерін жүзеге асырту.
Күтілетін нәтиже: ОқушыларСолтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбаларын карта арқылы меңгереді
және оқулықпен,картамен жұмыс жасай отырып біледі,картадан тауып бере алады.
Түйінді идеясы:
Жалпы Солтүстік Америка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбаларын сыни ойлау мен
көшбасшылық жасау арқылы өздеріне жұмыс жасату арқылы толық білдірту.
Сабақтың әдісі:Топтық таныстырылым,электронды оқулық тапсырмасы,кесте мен картамен жұптық,топтық жұмыстар
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірмелі қағаздар
Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясын қолдану(Смайлингтер)
Сабақтың барысы:
Уақыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Мұғалім
оқушылармен
амандасып,сынып
оқушыларының көшбасшылығымен топқа ынтымақтаса
отыртып бөлдірту.
2. Жалпы географиялық шолу жасау,оқушыларға
үлестірмелі қағаздарды тарату арқылы 3 топтан «Кім
жылдам?» әдісі мен үй тапсырмасынан сабақ сұрау.
3 «Мені анықта»картадан көрсету арқылы үй
тапсырмасын пысықтату.
1.Оқушылар
амандасады,топтарға
бөлінеді. Топтағы міндеттерімен
бөліседі.
2.Сұрақтарға жауап береді, «Кім
жылдам»әдісімен топтарға тапсырмалар
беріледі тез жауап беру керек.
3.Картадан көрсету арқылы үй
тапсырмасын пысықтату.
203
10 мин
Тұсаук
еср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
2. Электронды оқулықтан Солтүстік Америка
материгінің жер бедері мен Кордильера тауының құпия
сыры және «Йеллоустон»ұлттық паркі туралы
мәліметтерді бере отырып сыни ойлау арқылы АКТ-ны
ұштастыра отырып жаңа сабаққа деген
қызығушылықтарын оята отырып мәлімет беру.
1.Оқушылар берілген тапсырманы
орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни
тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге
тырысады.
2.Дәптерге электронды оқулықтан
берілген мәліметтерге көз жүгірте
отырып керікті мәліметтерді сандарды
дәптерлеріне қысқаша мәліметтерді
жазып алады.
25
мин
Негізгі
Негізгі
бөлім
1.-тапсырма:Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен
танысуға тапсырма береді.
А)«Қара ,оқып шық,жап,жаз»әдісімен жеке тапсырма
ретінде тақырыппен танысу беріледі.
Ә)Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс:
Оқушылар 3-топқа бөліне отырып жұмыс жасауға
әрекеттенеді.
1топ:Жер бедеріне сипаттама бердірту.
2топ:Географиялық орнына жалпы сипаттама бердірту.
3топ:Литосфералық плиталарына сипаттама бердірту.
2-тапсырма: Глоссарий: бүгінгі сабақта кездескен жаңа
ұғымдар
мен
терминдерді
анықтайды-
(Сьерра,Йеллоустон,мореналар)
3-тапсырма: «Жадыңда сақта»картамен жұмыс: 51-
суретпен және қосымшадағы 4-7 кестелермен жұмыс
жасату
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,
бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын
айтып қорытындылайды.
1.Топтық жұмыс: оқушылар «Қара,оқып
шық,жап,жаз»әдісі
мен оқулықтан оқи отырып ,постерге
берілген тапсырмаларды топтаса отырып
сипаттама береді.
2-жеке жұмыс: Бүгінгі сабақтан
кездескен жаңа сөздерді дәптерлеріне
түсірту. «Сьерра-ара», «Мореналар-
мұздықтар»
3-жұптық жұмыс:Оқушылар «жадыңда
сақта»ойыны арқылы картаға түсіреді,51-
суретпен және қосымшадағы 4-7
кестемен жұмыс жасайды.
5
мин
Қорыт
ынды
1.Мұғалім сабақты қорытындылайды. «Ұяшықтар
бойынша Кордильер тауын»сипаттату.(Ұяшықтан
сұрақтар таңдап оған дұрыс жауап берсе сол топқа
«Йеллоустон» ұлттық паркіне жолдама беріледі.
2. «Смайлингтер арқылы»топтардың өзара бағалау
критерийлері(формативті бағалау)
3.Үйге тапсырма: 3топқа жеке тапсырма орындап келу
беріледі.
1-топқа:Материк қандай пайдалы қазбаларға өте
бай(шартты белгісімен жаттап келіп номенклатура
тапсырту)
2-топ:Ірі
тау
жоталары
мен
жазықтарын,ойпаттарын,шығанақтарын таптыртып
келу.
3-топ: «Өлім аңғары»деп неге аталған және ол
Солтүстік Американың қай аймағы екенін интернет
мәліметтерін жинақтап келдірту.
1.Оқушылар «Ұяшықтар бойынша»
сұраққа-жауап беріп әр топ өздеріне ұтыс
билетін алады.
Оқушылар «Смайлингтер» бағалау
критериімен топтра өзара бірін-бірі
бағалайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы
№ 57 И.В. Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі Джаналиева Клара Бекполатовна
Пәннің аты: Дүниетану
3 сынып
Сабақтың атауы
Табиғат құбылыстары
Мақсаты
1.Табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді;
2) Оқушыларды қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан
түсінуге, зерттеуге бақылау жасау;
3) Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық:
«Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін.
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін»
Қызығушылықты ояту
Ойын
- Күз қандай?
- Күзде не болып жатады?
- Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап беретін тірек
сызбаларды жасайды. Кім жылдам, жүйрік және дұрыс жауап берген болса, сол жеңімпаз
деп аталады. Қыз болса, қамшысын алып шығады, ұл болса қызға әдемі гүл сыйлап береді.
Балалардың пікірлеріне мынандай сызба жасалады.
Күз?
204
Жапырақтар түсіп жатыр,
жеміс жидек жиналады,
алтын жиналды, берекелді, бай
түн ұзарды, суық
аспан қорғасындай ауыр болады
жыл құстары ұшып кетеді
күн қысқарды,
жаңбырлы,
- Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ солыпты»- дегендей Абай
Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім айтып береді екен? (мәнерлеп оқыту).
Мағынаны тану
Табиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен
жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам
баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да
- табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін
болсақ, сол ауа мен судың өзі жан - жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен
ғажайып сыйы.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы ,
найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы
өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің
тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы
өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия,
география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның
табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық
қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін
табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Сергіту сәті
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.,
Ой толғаныс
Сұрақ жауап
1.Қандай табиғат құбылыстарын білесің?
2.Өзімізді қоршаған заттарды қалай атаймыз?
3.Заттың қасиеті деген не?
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы
№ 57 И.В. Панфилов атындағы жалпы ортамектебі
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі Канибекова Хадиша Тохтасиновна
Сабақтың тақырыбы: Түйе Ана тілі 2 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Түйе – өте
киелі жануар, оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру.Тіл
байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер, тест тапсырмалары.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру.
Типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларға 6 жолды тақпақ айтқызу.
Кел,балалар,ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
205
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық,
Екілікті алмайық.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Балалар ,үйге қандай тапсырма берілді?
«Сиыр » өлеңін мәнерлеп оқу, оның пайдасын әңгімелеп айтып беру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.Топтастыру стратегиясы .
ІV.Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Балалар, төрт түлік малға нелер жатады?
Қой,ешкі, сиыр, жылқы,түйе.
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі мал бағу. Өздерінің ең жақсы көретін балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де
сондықтан.Мысалы: «Ботам», «Бота көзім» , «Құлыным» т.б деуі.Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік
екенін әрбір сабақта оқып үйрендік.
Мақал- мәтелдерді оқытып, мазмұнын түсіндіру.
-Ендеше, балалар, бүгін біз төрт түлік малдың бірі – түйе туралы жырды өтеміз .
Түйе - Шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайды.
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаған қызыл өкімет тұсында өркешті жануарлар елімізде азайып
кеткен. Түйе бағуды тиімсіз деп тапты ма кім білсін бертіндегі колхоз-совхоз тұсында да бұл түліктің саны соншалықты
көбейе қойған жоқ. Ал, осы күні елімізде 150 мыңдай ойсыл қара тұқымы өрісте жүр. Маңғыстау, Қызылорда секілді
облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазірде іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.
Айыр түйе, қос өркеш – түйе тұқымының бір түрі.
Аруана - сыңар өркеш түйе.
Айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі-үш есе), бірақ жүні аз болады төзімді келеді. Аруана Қазақстанда
Атырау облысында ғана өсіріледі.
Желмая – жалғыз өркеш түйенің (нардың) жүйріктігіне байланысты аңызға айналған түрі. Қазақ аңызында
өмір бойы «Жерұйықты» іздеп өткен халық мұңшысы Асан қайғының көлігі. Дана қарт желмаяға мініп, жетпіс жыл жаһан
кезген деседі. Шөл мен аштыққа қырық күн шыдаған. Ыстық – суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайтын мықты болғаны
үшін, халық желмаяны «қара жердің қайығы» деп атап кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |