Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет31/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? 
ҮІІ. Үйге тапсырма: 38- жаттығу Ребусты шешіп келеміз. 
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы 
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі  Аксутова Зауре Жанарбековна
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Зат есім.
Мақсаты: сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін 
дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап. 
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. 
Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - 
біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 38-жаттығудағы Ребустың шешуін таптық па?Дәптерлерінен тексеріп шығамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып 40-жаттығудағы сөздерді талдау.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой?Әр 
топтағы сөздерге қойылатын сұрақтың әр басқа болуы неліктен деп ойлайсың?Сызба бойынша сөз таптары туралы 
білетініңді айт. Анықтаманы еске түсіру. Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не?
Кімдер? Нелер?
Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?
Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?
225

Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті? Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп 
айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы 
бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш. 
Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден 
басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс. 
Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 41-жаттығудағы Кестені толықтыр.
Зат есім
Жалқы есім
...
Баянауыл
...
Жалпы есім
Адам
...
өзен
Негізгі зат есім
Көл
...
орын
42-жаттығу Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз. 
Мысалы: Кітаптың беті, жаңбырдың суы, қуыршақтың көйлегі, бөлменің ауасы.43-жаттығуды Өлеңді мәнрлеп 
оқы.Тәуелдеулі зат есмідерді тап.
ҮІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? 
ҮІІ Үйге тапсырма: 44-жаттығу Ребусты дәптерлеріңе жазып шешімін тап?Ребустың шешуіндегі сөзді жекеше, көпше 
түрде үш жақта тәуелдеп жаз. 
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы
 «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
бастауыш сынып мұғалімі  Айтмуратова Клара Кошмуратовна
Сабақтың  тақырыбы: Етістік.Сын есім.
Сабақтың мақсаты: етістік жайында түсініктерін пысықтау, етістіктің сұрақтары мен түрлерімен таныстыру; 
оқушылардың сөз байлығын арттыру, сын есім жайында түсініктерін пысықтау, сын есімнің сұрақтарымен таныстыру, сын 
есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; 
адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.                                             
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 44-жаттығу Ребустың шешуін дәптерлерінен тексеру.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру Етістік дегеніміз не? (Етістік дегеніміз – заттың не құбылыстың қимылын білдіретін 
сөздер) Ол қандай сұрақтарға жауап береді? (не істеді? қайтты?) Сын есім дегеніміз не? ӨҚандай сұрақтарға жауап береді.
Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 45- Сызбаны пайдаланып, етсітік туралы білетініңді айт.
Сөз табының атауы
Беретін мағынасы
Қандай сұраққа жауап беретіндігі
Тұлғасына қарай түрлері (негізгі, 
туынды)
Құрамына қарай түрлері (дара, 
күрделі)
Іс-әрекеттің жүзеге асу- аспауына қарай 
түрлері (болымды, болымсыз)
46-жаттығуды Зат есім туралы біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.Бұлар зат есімдер. Әркімнің өз жеті атасы 
болады. Ол жеті ата адам аттары. Зат есім ішінде жалқы есімге жатады. 47- жаттығуды Жұмбақты оқып, жатқа жаз.
Аузымен сурет салады, Демімен ағаш жарады.
Етістіктердің астын сыз, дара немесе күрделі кенін айт. Осы етістіктерді күрделі етістікке айналдыр. Етістік салады, 
жарады.Бұл етістіктер дара етістік.Күрделі етістікке айналдырғанда.Аузымен сурет салатын болыпты.Демімен ағаш жарады
екен.
48-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Туынды етістіктерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
49-жаттығу Зат есімді етістікпен сәйкестендіріп, сөйлем құрап жаз.Етістік қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып 
тұр.Адам жүреді.Ат шабады.Қарлығаш ұшады. Бақа секіреді.Жылан жылжыйды.Балық жүзеді.Етістік сөйлем мүшесінің 
баяндауыш қызметін атқарып тұр. 50- жаттығу Сызбаға қатысты етістіктерді тауып, әңгіме құрап жаз.
ҮІІ Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын. 
ҮІІІ Үйге тапсырма: 51- жаттығу Етістік туралы алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр. 
ІХ Оқушыларды бағалау
226

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Орақбаева Венера Балтабаевна
Test 1. The Noun (Зат есім)  Дұрыс жауап таңда
1.There are some ____near the bus
A) people
B) peoples
C) peopless 
2.The ... is full.
A) moons
B) moon
C) moones
3.The two ... live in that house.
A) ladys
B) lady
C) ladies
4.There are six ___in the line for the bus
A) man
B) men
C) mans
5.A dark ... is over London.
A) clouds
B) cloud
C) cloudes
6.I saw two ... in the street.
A) women
B) womans
C) woman
7.She put that singular ... to me.
A) question
B) questions
C) questiones
8.Islam has two___, Aibek and Murat
A) friends
B) friend
C) friendes
9.I have two ___
A) exercise-book
B) exercise-bookses
C) exercise-books
10.The names of Sasha’s ____are Rita and Helen.
A) sisters
B) sisterses
C) sister 
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Естемесова Молдир Айамбековна
Сабақтың тақырыбы: look at me. Маған қараңыз!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың монологтік және диалогтік сөйленімін қалыптастыру, тақырыпқа байланысты жаңа 
сөздерді енгізу, үйренген сөздерді жағдаятта қолдану, тыңдау дағдыларын дамыту, тақырыптық сөздік бойынша 
орфографиялық дағдысын қалыптастыру. Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілік: суреттер, таратпа материалдар, оқулық, жұмыс дәптері, ноутбук.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Warming up.
- Good morning/afternoon, children!
- Good morning/afternoon, teacher!
- How are you, Nargiz?
- I’m fine, thank you.
- Who is on duty today?
- Who is absent?
ІІ. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз адамның сыртқы келбеті туралы әңгімені жалғастырамыз және өзіміз бен достарымыздың 
келбетін сипаттауға үйренеміз.
III. Тірек білімді белсендіру
“Flash words” дидактикалық ойыны
Мақсаты: бұрын үйренген лексиканы бекіту
Фонетикалық жаттығу
Егер оқушылар мұғалімнің айтқан сөздерінде ai дыбысын естісе, 2 рет алақандарымен шапалақ соғуы тиіс, ал егер бұл 
дыбыс болмаса, онда оқушылар мұғалімнің сөздерін елемейді
My, hit, bye, sell, eye, sky, hi, fine.
IV. Жаңа сабақ.
Pupils, look at the board. Our new theme is “Look at me”.
Ex. 1 Listen and learn the new words. Blonde. Red. black. long. Short. Red hair - жирен шаш.
Оқулықпен жұмыс
2 - жаттығу
Describe yourself and your classmate.
Have/ has
227

3 - жаттығу
Listen. Read. Guess.
Track 21.
4 - жаттығу
Describe the characters.
Жұптық жұмыс
5 - жаттығу
Сипаттама бойынша өз сыныптасынды тап.
Сергіту сәті.
- Let’s relax.
Stand up, hands up,
Turn around, close your eyes,
Touch your nose,
Hands down and sit down.
Жұмыс дәптермен жұмыс.
Ex. 1 read and match
Track 20
Ex. 2 read and draw
Ex. 3 read and colour
Ex. 4 write have or has
ІV. Сабақты қорытындылау
V. Үй тапсырма беру
VI. Бағалау.
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Пралиева Саним Жанузаковна
Тақырыбы: «Colours. Letter Ff»
Мақсаты: 1. Жаңа red, blue, orange, green, yellow лексикалық бірліктерін беру. Жаңа Ff әрпін және осы әріптен басталатын 
«fish» сөзін үйрену. Жаңа How many? сұраулы сөз тіркесін пайдалануды және оған жауап беруді үйрету. «How many?» 
сұрағына жауап беруді, қажетті әріптен басталатын сөздерді табуды үйрету. Тыңдау және сөйлеу, түстерді анықтау және 
атау дағдыларын дамыту.
Тілге қызығушылық пен анаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жапсырмалар, түрлі түсті қарындаштар, оқылатын түстер бейнеленген карточкалар 
аудиодиск, CD плеер.
Билингвальді компонент: red - қызыл - красный, blue - к - синый, уеllow - сары - желтый, grееп - жасыл - зеленый, оrange - 
қызғылт сары — оранжевый, fish - балық — рыба.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Педагог балалармен амандасады: Неllo, boys and girls. Таңертең ұйқыдан оянғанда ең бірінші
кімді көресіңдер? Ұйқыдан оянып, аналарын көрген балалар қалай күлімсіреп «smile» дейді.
Балалар шеңберге тұрып, амандасады. «Ана» деп жауап береді. Бір - біріне күлімсіреп, жаңа «smile» сөзін қайталайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік 1 - тапсырма.
Педагог: Біздің түлкішек те өз анасын жақсы көреді. Анасы үшін қандай әдемі
гүлшоғын жинағанын қараңдаршы!
Ғоху - жақсы әрі қамқор бала. Педагог ағылшын тілінде түстерді атайды: green, yellow, orange, blue, red.
Түстер туралы ән тыңдап, жаттап алуды ұсынады.
Тгаск 1
Green and yellow,
Green and yellow,
Orange, blue.
Red and blue
Colours, colours, colours
Red and blue
2 - тапсырма.
Педагог барлық балалардың,
жануарлардың аналары болатынын айтады.
Түлкішектің достарының да аналары бар. Олар да аналарына гүлшоқтарын
сыйға тартқысы келеді.
Гүлшоқтарын салуға көмектесетін кейіпкерлерді атауды сұрайды. Балалар, анасы үшін кім бірінші гүлді салғысы келеді.
Бірінші гүл – the bear, draw a red flower.
Екінші гүл – the bee: draw a yellow flower.
Үшінші гүл – the cat: draw a blue flower.
Төртінші гүл – the mouse: draw an orange flower.
Өз аналарына арнап гүл салуларын және
оның түсін айтуларын ұсынады.
Сергіту сәті.
Тгаск 8. Ән.
228

What is it? It s a house.
What is it? It s a tree.
What is it? It s a flower.
What is it? It s a bee
3, 4 - тапсырмалар.
Педагог балаларды Ff әрпімен таныстырады, әріпті айтып, балалардан тақпақты қайталатады. Аталған әріптен басталатын 
fish сөзін айтуларын сұрайды. Педагог әріпті бояуды усынады.
5 - тапсырма
Балықтардың түстерін айтады: red fish, yellow fish және т. б. Балалардың тапсырмаларды орындауын бақылайды.
6 - тапсырма.
Түлкішек - ана балықты өте жақсы көреді. гүлшоғына қоса анасына ашық хат салуды ұйғарыпты. Оған толқындарды 
бастырып сызуға көмектесіңдер. Балықты бояңдар. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (10 - 6.) Педагог боялатын суреттердің 
саны мен түстерін атайды. Бояу керек:
Three yellow chicks.
Two blue fish.
One orange butterfly
Four red flowers.
Five green trees.
Балалар педагогтің артынан сөздерді қайталайды: red, blue, orange, green, yellow.
Балалар әнді тыңдап, педагогпен бірге айтып үйренеді.
Балалар түлкішектің достарын ағылшын тілінде атайды.
Педагогтің тапсырмасына сәйкес гүлдердің суретін салады.
Өздерінің аналарына арнап гүл салады және түсін айтады.
Балалар әнді тыңдап, үйді (балалар қолдарын төбелеріне қойып үйдің шатырын бейнелейді), ағашты (қолдарын жоғары 
көтереді) қауызын ашқан гүлді (отырады, одан кейін жабулы гүл қауызы іспетті қолдарын жинап. одан кейін қолдарын 
ашылған гүл сияқты жан - жаққа жаяды), аран (араның қанат қаққаны сияқты қолдарын қозғалтады) бейнелейді.
Балалар тақпақты қайталайды, әріпті дауыстап айтады.
Әріпті бояйды.
Сөз тіркестерін қайталай отырып, балықтарды сәйкес түспен сызық арқылы қосады.
Балалар толқындарды бастырып сызады. Балықты бояйды.
Балалар педагогтің тапсырмасы бойынша суреттерді бояйды.
Рефлексиялық – түзетушілік Педагог оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
Түлкішек балалардан үйренген сөздерді қайталауды сұрайды. Ол балаларға көмек көрсеткендері үшін алғысын айтып, 
қоштасады. Goodbye, children. Балалар жаңа сөздерді айтып, түлкішекпен қоштасады. Goodbye, Foxy.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Жаңа red, blue, orange, green, yellow лексикалық бірліктерін, жаңа: Ff әрпін және осы әріптен басталатын «fish» 
сөзін үйрену.
Түсінеді: Түстерді және олардың ағылшын тіліндегі атаулары туралы ұғымды.
Қолданады: түстерді ажырата білуді.
* * * * * * * * 
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  
«Ә. Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ 
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Молдабаева Лаура Сарсеновна
Сабақтың тақырыбы: Early to bed, early to rise…
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Present Continuous формасындағы етістікті қолданудағы грамматикалық дағдыларын қалыптастыру бойынша 
оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастыру; Early to bed, early to rise… тақырыбы бойынша лексикалық дағдыларының 
қалыптастыру жетілдіру; осы шағын тақырып аясында рецептивтік және репродуктивті коммуникативтік дағдыларды 
жетілдіру; орфографиялық; Ее әрпін ашық және жабық буында оқылуын үйрету және оның транскрипциясын дұрыс оқу 
дағдыларын қалыптастыру.
дамытушылық: талдау, салыстыру қабілеттерін дамыту; сенсорлық қабілеттерін артуына жағдай жасау; сабақтағы өз 
әрекетін және сыныптастарының әрекетін өз бетіме бағалау білігін дамыту.
тәрбиелік: салауатты өмір салты мен күн тәртібін дұрыс сақтауға жетелеу; шет тілін оқуға деген оң қарым – қатынасын 
қалыптастыру үшін жағдай туғызу; сыныптастарының жетістіктеріне қуану және ықтимал сәтсіздіктеріне қайғыру 
сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: Present Continuous етістігінің уақытша формасын болымдылық тұлғасында білу және қолдана алу;
тұлғалық: оқылатын тілге/ мектеп сабақтарына қызығушылық таныту, күн тәртібін білу және оның маңыздылығын және әр 
оқушының өмірінде қажеттілігін түсіну;
жүйелік - әрекеттік: оқыған лексиканы және грамматикалық материалдарды Early to bed, early to rise… жағдаяты шеңберінде
әңгіме құру үшін пайдалану.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD ойнатқыш, карточкалар;
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: қазақ / орыс тілдері, музыка.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті
229

Мұғалім балалармен амандасады:
- Good morning, children! I am glad to see you! How are you?
- Good morning, teacher! We are fine. And you?
- Fine, thanks. Sit down, please.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- - Балалар, өткен сабақта біз күнделікті жасайтын үйреншікті іс – қимылдарды атап үйрендік. Бүгінгі сабақта біз сөйлеп 
жатқан сәтте болып жатқан іс – қимылдарды атап үйренеміз.
III. Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
- Балалар, қазір біз әдеттегідей әріппен, дыбыспен және оның транскрипциясымен жұмыс істейміз. Бүгін әліпбидің келесі 
әрпімен танысамыз. Е дауысты дыбыс, ағылышын тілінде барлық дыбысты береді.
Now let’s open our books on p. 78. Repeat after me [е],[е],[е] – egg, pen. Let’s say together: a pen, a ten..
IV. Жаңа білім мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру.
1 - жаттығу. Learn the new words.
V. Бастапқы түсінікті тексеру.
Оқулықпен жұмыс.
2 - жаттығу. Listen and sing.
Мұғалім өлеңді оқиды, балалардың өзінің артынан қалауын сұрайды. Оқушылар жазбаны тыңдап, ән айтады. Әнді 
оқушылармен кем дегенде 3 рет тыңдаңыз.
Track 9.
He is sleeping now. I am brushing my teeth now. She is having lunch now.
3 - жаттығу. Describe the pictures, make the sentences.
1. He is reading a book
2. They are dancing
3. He is watching TV
4. He is getting up
4 - жаттығу. Look at the pictures in ex 5, guess and say.
5 - жаттығу. Listen and read
Сергіту сәті.
Stand up, sit down
Clap, clap, clap
Point to the window
Point to the door
Point to the board
Point to the floor
Stand up, sit down
Clap, clap, clap
VI. Білім мен әрекет ету тәсілдерін бекіту
Дәптермен жұмыс
1 - тапсырма. Write m’re or s
2 - тапсырма. Read and match.
Keys: 1. I’m washing my face. 2. They are jumping. 3. She is singing. 4. We are cooking. 5. It is flying. 6. You are swimming
3 - тапсырма. Recorder the words to make sentences
Keys:
They are swimming.
You are sitting.
It is standing.
She is getting dressed.
He is going to bed.
4 - тапсырма. Read the story in ex 5 in your Pupils books. Close the book and complete the sentences with the right words from the 
box.
Keys: 1. dressed 2. is 3. time 4. o’clock 5. early, early 6. still.
VII. Сабақты қорытындылау.
- Your work today was brilliant! Tell me, please the translation of the next words you have learnt at the lesson. Good! I see that now 
you can tell about your day.
VIII. Үйге тапсырманы беру.
Жұмыс дәптеріндегі 4 – жаттығуды орындау.
V. Бағалау.
230

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы  
«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
 психолог, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі  Базелькаламова Алмагуль Насепханқызы
Баяндаманың тақырыбы: Өзін – өзі тану пәні мен халықтық педагогиканың өзара үйлесімділігі .
 12 жылдық білім тұжырымдамасында “тәрбиенің мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге
дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді
тұлғаны дамыту және қалыптастыру”-делінген.
   Халықта  “Ағаш түзу өсу үшін оны шыбық кезінде баптау және түзеу керек, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың”  деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты
адамгершіліктің   құндылықтарын   сіңіріп,   өзіне-өзі   сенімді   болуға,   өзіндік   таңдау   жасауына   ықпал   етуде   отбасы   мен
педагогтар шешуші рөл атқарады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан”
деп ұстаз рөлін жоғары бағалаған.
    Өзін-өзі   тану   пәні   мұғалімдеріне   қойылар   талап   жоғары.  Өзін-өзі   тану   бағыты-жалпыадамзаттық   рухани
құндылықтарды  өз  бастауы  деп  білетінін  айтсақ,  ол  ұлтымыздың   салт-санасымен,  дәстүр-қалпымен  сабақтасып  жатыр.
Қазақта әр маусымның өзі табиғи қалпына сай халықтық дәстүрлермен ерекшеленеді. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз
мерекесіне   қатысты  “Самарқанның   көк   тасы   еріген   күн...”  деген   тіркес   ежелден   бар.   Жастарды   кішіпейілділікке,
достыққа,   кешірімге   баулу   арқылы   “Самарқанның   көк   тасы   ерігенде,   біздер   неге   татуласпаймыз?”   дей   отырып,   өзара
достыққа,   кешірімге   баулудың   маңызы   зор.   Мектепте   өтетін   Наурыз   мерекесінің   түрлендіріліп,   жаңаша   заманауи
бағдарламалармен айшықталып  жүргізілуі  әр балаға қуаныш сыйлап, қазақ халқының  ұлттық  мерекелерінің мәртебесін
көтереді.  
   Халықтың   денсаулығы-ел   дамуының   аса   маңызды   тұтқасы,   болашағымыздың   кепілі.  Қазақ   халқы  “Бірінші
байлық-денсаулық”, “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”  деп жан саулығы мен тән саулығын, қоршаған
ортаның тазалығын сақтауға, нығайтуға мән берген. Салауатты өмір сүру, адам денсаулығына зиян заттардан аулақ болуды
балалар   бойына   қалыптастыруда  “Денім   сау   болсың   десең...”,  “Менің   денсаулығым-менің   болашағым”  тақырыбы
бойынша   өткен   сабақтарда     эссе-   толғаулар   жазып,   нақыл   сөздердің   мағынасын   ашты.   Экологиялық   мәдениетті
қалыптастыру, табиғатты қорғау, аялау туралы тақырыптарда оқушылар табиғат-тіршіліктің бастауы, адам табиғаттың бір
бөлшегі екендігін түсініп, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы білімдерін кеңейтті. “Табиғат- тал бесігің , аялай біл!”
тақырыбына   эссе-толғау   жазып,   пікірталас   өткізді.  “Табиғатты   қорғау-дәстүріміз”  атты   тәрбие   сағатында   оқушылар
табиғатпен   үйлесімділік   таба   біліп,   табиғатты   аялау   туралы   түсініктерін   кеңейтті,   табиғатқа   жауапкершілікпен   қарап,
ұқыпты болу-әр азаматтың міндеті екенін түсінді. “Көгалдандыру-көптің ісі” атты мектеп маңын көгалдандыру жұмысына
белсене араласып, әр оқушы өз үлесін қосып, әр тіккен шыбықтың еңбекпен отырғызылуына мән берді.
     Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік, ешқашан ескірмек емес.  Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрінде.  “Әлдилеген әлемді бесігімен...”  тақырыбында өткен сабақта
оқушылар ана туралы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдердің мағынасын ашып, аналарының балаға мейірімін,
махаббаты мен үлкен еңбектерін ақтауға, балалық сүйіспеншілікпен жауап беріп, құрметтеуге тәрбиеленді. 
   Көрнекті педагог  В.Сухомлинский   “Егер  балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,  ол  бала солай   қалыптасады”
дегеніндей, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,
ертеңгі азамат-жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
    Өз   халқының   мәдениетін,   тарихын,   өнерін   сүю   арқылы   басқа   халықтардың   да   тілі   мен   мәдениетіне,   салт-дәстүріне
құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптасады. “Ынтымағы жарасқан қазақ елі” тақырыбында өткен сабақта
оқушылар Қазақстан Республикасында мекендеп, бақытты өмір сүріп отырған 131 ұлт пен ұлыстың өзара достық қарым-
қатынасы және еліміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің маңызы туралы түсінді. Әр ұлттың әнін айтып, биін билеп, достық
көңілмен, ынтымақты өмір сүруге, отанын сүюге тәрбиеленді. 
  Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау-ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, қоғамдық орындарда үлкенді
сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.  “Үлкенді сыйла”, “Сәлем бер, жолын кесіп

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет