Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет5/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Сабақтың мақсаттары
1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және 
мәнін түсіндіру
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар 
жүйесіндегі орнын анықтау 
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын
түсіндіріп, мысалдар келтіру
Жетістік критерийлері
1.Отбасы мүшелерінің атқаратың қызметтерін білу. 
2.Отбасылық дәстүрлерді білу.
39

Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. 
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану математика.
АКТ қолдану дағдылары
Жаңа сабақты таныстырылым.
Тірек сөздер.
Отбасы ,Шежіре, отбасы дәтүрі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық 
атмосферасын қалыптастыру
5 минут.
 .
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп 
үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Тыңдалым.
Сен не үйрендік?
Жауаптар дұрыспа.? «ия» немесе » жоқ»деп жауап бер.
1.Мектепте білім аласың.
2.Кітапханашы дәрі береді.
3.Егер жаяу келе жатсаң,сен жаяу жүргіншісің.
4.Мектепте асхана,кітапхана, шаштараз бар.
5.Әңгімелесу кезінде адамның сөзін бөлуге болмайды.
6.Сабаққа кешігіп келуге болады.
Сергіту сәті
2 минут
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Жаңа сабақ
10 минут 
1.Әкеңнің әкесі саған кім болады? ( ата)
2.Әкеңнің анасы саған кім болады?(әже)
3.Отбасының басшысын ата.
4.Ақ сүт беріп өсірген адамды ата.
5Өзіңнен үлкен ұл бала  саған кім болады?
6.Сенен кішіұл саған кім болады?
7.Саған қамқор болатын қыз бала саған кім болады?
8.өзіңнен кіші қыз бала ше ?
Осы сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады .
 Менің отбасым.Жаңа сабақтың тақырыбын мұғалім өзі таныстырады.
Кел талқылайық!
Суретте кімдер бейнеленген?
Бұл адамдарды не біріктіреді?
Отбасы- ең жақын және туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым –қатынас болуы өте 
маңызды Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
 Сурет бойынша отбасы жайлы балалар әңгімелейді.
Оқушылар өз отбасы жайлы әңгімелейді.
 
Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы 
туралы сұрау.
Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныс суретті таңдауын сұраңыз («Шашу», «Бата», 
«Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл 
дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.
«Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашыңыз. Оқушылардың 
назарын ағаштың суретіне аударыңыз. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» 
деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз. 
Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұраңыз.Адамның өмірі, азамат ретінде 
қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл 
бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып 
өтіледі.
Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз.Оқушылар үшін өз ата-аналарының 
40

Аяқталуы
8 минут
Сергіту сәті.
балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін 
сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының 
бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және 
қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.
Орындап көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшін үлгілер таратып беріңіз. Өз жақын 
туыстарына тілек жазуды сұраңыз. Ашықхаттың арғы бетіне үй мекен-жайын жазсын. 
Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады.
Сергіту сәтті.
Дәптермен жұмыс 
17-жұмыс парағы .Менің бауырым-Бос уақытыңда бауырыңмен не ісегеніңді 
ұнатасың?
-суреттен тауып белгіле.
«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.
Сен білесің бе?
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте 
мерекелейді.
Сабақтың соңы
2 минут
Бағалау. Оқушылар
– отбасылық дәстүрлер туралы;
– Наурыз мерекесі туралы білді;
Оқушылар
– өз отбасы шежіресін жасауды;
– қонақжайлылық ережелерін сақтауды үйренді.
«Тату-тәтті отбасы» ойыны Сенің анаңның анасы саған кім болады?
(Нағашы әже). Менің анамның қызы, бірақ мен емес?
(Әпке, сіңлі).
Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады?
(Көке).
Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі 
сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? 
Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14  мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі  Әбзейтова  Элмира  Сұлтанқұлқызы
Әдебиеттік оқу 3- сынып  мерзімі:    16.11.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр мен Байшұбар ат
Сабақтың мақсаты:  
Білімдік: Ауыз әдебиетінін бір түрі батырлар жырымен таныстыру. 
Қазақ батырларының шайқастағы ер жүректіліктерін елестете отырып, кейіпкер әрекетін талдауға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу арқылы болашақ Отан қорғаушы екенін сезіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу,пікір алмасу статегиясы,ойын әдісін қолдана отырып сөз тіркесін
құрау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.  
-амандасу   -оқушыларды түгендеу  сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық дайындық: 
II.Үй тапсырмасын тексеру.
-үйге берілген өлеңді жатқа айтқызу.
-қосымша сұрақтар арқылы толықтыру.
-Өлеңнің авторы кім?
-Бұл қала қай елде орналасқан?
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
1)Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2)Ауыз әдебиеті шығармаларының қандай түрлерін білесіңдер?
41

3)Бүгінгі сабақта тағы ауыз әдебиетінің түрімен танысатындығын айтып өту және таныстыру.
І. Қызығушылықты  ояту
 «Батырлар жайлы суреттер галереясына  саяхат»
-Бұл суреттерде кімдер бейнеленген?
-Бұл суреттерден кімдерді тани алдыңдар?
-Бұл батырлар қандай заманның батырлары?
-Қандай ерекше белгілеріне қарап таныдыңдар?
-Алпамыс батыр жайлы не білесіңдер?
-Нені білгіміз келеді?  Неге үйренуіміз керек?
-Қазақ батырлары жайлы не білесіңдер?
-Бес  қару   туралы  не білесіңдер?
-Тұлпарлар жайлы не білесіңдер?
Жаңа сабақ:  Тақырыбы: Алпамыс батыр мен Байшұбар ат.
1.Топқа  бөлу 
1-топ   Алпамыс  батыр
2-топ  Қобыланды батыр
3-топ  Ертарғын  батыр
2.Алпамыс батыр жайлы бейне ролик.
ІІ - Мағынаны тану:
3.«ЖИГСО  2»  стратегиясы бойынша жаңа  сабақты  талдау
4. «Түртіп алу » стратегиясы 
Мәтінді оқушылардың таныс емес сөздерді белгілей отырып, мәтінді абзацтарға бөліп оқыту, әңгімелету, сұрақ-жауап алу.
5.Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс.
Байбөрі- Алпамыстың әкесі.
Құлтай- Байбөрінің немере ағасы.
Мәдет- сенер үмітім, қорғанышым.
6.Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
Мәтіннен түсінгендерін сұрақтар қоя отырып талдау:
1.Жырдағы қай үзінді ертегілік кейіпкерлерді еске түсіреді ?
2.Байшұбардың іштей айтылған сертін тауып оқы.
3.Байшұбардың сөзін қандай сөз дейміз?
4.Монолог дегеніміз не?
5.Мәтіннің ішінде диолог сөз бар ма? 
6.Диалог сөзді тауып оқы. Ол кімнің сөзі?
7.Диолог дегеніміз не?
8.Мәтіннен тұлпардың бейнесін суреттейтін жерін тауып оқы.
9.Батырдың аты өзіне сай екендігін дәлелде.
7.Сергіту сәті
«Сурет көрмесі»  
«Оқиғаны тап» ойыны
8. «Кім тапқыр» ойыны
Батыр сөзіне сөз тіркесін құра.
1-ші сөзі сын есімнен  2-ші сөзі зат есімнен болу керек.
Мысалы:Ер жүрек – батыр.
1.Сын есім - зат есім.
2.Сан есім – зат есім.
3.Зат есім – зат есім.
4.Зат есім – етістік.
9. Алпамыс батыр және Байшұбар ат жайлы не білдіңдер?
Білемін
Білгім келеді
Білдім
10. Топтастыру стратегиясы.  Алпамыс батыр қандай батыр екен?
11. Кері байланыс.
1. Егер сендерге сабақ ұнаса  және тапсырманың барлығын,сәтті орындаған болсаңдар желкенді жасыл түске бояңдар.
2. Егер сендерге сабақта белгілі бір қиындықтар кездескен болса, желкенді сары түске бояңдар.
3 Егер сендерге сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып,мұғалімнің көмегі қажет болған болса, желкенді 
қызыл түске бояңдар.
IV.Сабақты қорыту.   -Сабақта қандай ауыз әдебиетімен таныстық?
-Жырда қай батыр жырланған?
V.Үйге тапсырма беру.
1. 72-73-бет мазмұндау.
2. Алпамыс батыр жырының толық нұсқасын тауып оқу
VI.
Бағалау парақшасын сарапқа салу
*****
42

Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14  мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі Калыбаева  Жазира Келдибековна
Тақырыбы: Жерасты суы
Сабақтың мақсаты:
а) білім беру: Жерасты суының пайда болуы және оның шаруашылықтағы маңызын түсіндіру.
ә) дамытуы: Ойлау, есте сақтау, баяндау қабілетерін дамыта отырып, жеке шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
б) тәрбиелік мәні: Табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелеу
Сабақта қолдану әдіс-тәсілдері:
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Пән аралық байланыс: Математика, қазақ тілі
Көрнекі құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар
1.Сабақ барысы: 
а) Ұйымдастыру кезеңі   Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Табиғат сен – тіршілік тұнып тұрған, 
   Сен күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
   Сен – көлсің, сен ормансың, сен – бұлбұлсың,
   Адамға сұлулықты сен ұқтырған – деп табиғат құдіретінің мәнін түсініп,айнала қоршаған дүнйені танып білуге ат 
салысып,сабағымызды бастайық.
2.Үй жұмысын тексеру
Жұмбақ
Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі  (Су)
Ия біз өткен сабақта Су.Табиғаттағы су айналымы тақырыбын өткенбіз. –Қазақстан физикалық  картасын көрсете отырып 
баяндау.
Қазақстанның физикалық картасы
Тұма, бастау, бұлақ туралы айту.
Табиғаттағы су айналымы суретке қарап баяндау.
Тәжірибие.Шәшнекке су құйып, оны отқа қою.Біраздан кейін су қайнап, одан бу шығады.Сен қайнаға судың 
біртіндеп азайғанын байқайсың.
Судың қатты,мұз.                 Сұйық, су.                                   Газ,бу түрлері 
Су туралы мақал-мәтел
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер береке,
Ел жүргенжермереке.
Су патшасы – мұрап,
Түнпатшасы – шырақ.
Су - ырыстыңкөзі,
Еңбеккірістіңкөзі.
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Таументасты су бұзар,
Ел арасынқубұзар.
Судың да сұрауы бар. 
Суғакеткен тал қармайды. 
Су жетпейіндемейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейіндемейді, малжеткізбейді.
Су туралы жұмбақ
Жылт-жылт еткен, 
Жырадан өткен.
43

Ұзын-ұзын ұз келеді, 
Ұзын бойлы қыз келеді.
Қасы қалтырап, 
Көзі жалтырап
Аяғы жоқ жүреді, 
Сылқ-сылқ күледі.
Сергіту сәті. Жоғары ұзақ қарадым .Бұлттарды санадым.Кенеттен күн күркіреп,Жауды жаңбыр сіркіреп.Жерге 
түсті тамшылар,Қайда кетті ол сулар.Сіңіп кетті жерге олар.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.  Сөзжұмбақ шешу арқылы 1-тоқсанда өтілгенді еске түсіріп пысықтап, жаңа сабақ тақырыбын 
ашу.  Жерасты сулары туралы өзім түсіндіремін.
Тапсырма
Жер асты суларының негізгі көзі жауын-шашын   . . . . . .   суы.
     Топырақтағы еріген минералды заттары бар суды    . . . . . . .   тамыры арқылы сіңіріп, жапырағы арқылы буландырады.
     Топырақ қабатынан өткен . . .  сүзіліп тазарады.
     Терең қабаттарға жиналған жер астын суын        . . . . .    қазу арқылы пайдаланады.
         Керекті сөздер: қар, өсімдік, су, құдық   
Экологиялық есеп
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады Осылай тұра берсе 1 сағатта және 1 тәулікте қанша 
литр су бекерге ағып шығын болады?                                                                                                       Шешуі.60-минут10 стакан.
1 тәулік 24 сағат*10стакан=240 стакан.                                      Бағалау.жауаптарына қарай бағалаймын
Үйге тапсырма 
Жерасты сулары оқу.  44-45 бет.
*****
Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14  мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі Алимтаева  Акмарал  Еркинбековна
Сабақтың тақырыбы:  Құдайы қонақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қонақжайлылық , қонақ түрлері және олардың қадірі туралы білімдерін кеңейту,нығайту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,ойлау белсенділігін,сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,жауаптылыққа,сыйластыққа,қонақ күте білуге,салт-дәстүрімізді сақтауға және 
жеке тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қажымұқан Мұңайтпасов, Аян Нысаналиннің суреттері, көріністі суреттер,сызбалар,мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу,сабаққа әзірлеу.
Топқа бөліп отырғызу, топбасшысын сайлау,бағалау парағын таратып беру.
1 топ. Жазушылар орталығы.
2 топ. Ғылым  орталығы.
3 топ. Өнер  орталығы.
4 топ.Сурет орталығы.
Психологиялық дайындық.
Білім  деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім  деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.- деп
Әр топ бір-бірлеріне сәттілік тілейді.
- Биыл Тәуелсіздігіміздің  неше жылдығын тойлағалы отырмыз?
-Біздің бастуыш сыныптар апталығы осы мерекенің құрметіне орай өтіліп жатқанын сендер жақсы білесіңдер.
- Олай болса,бүгінгі сабақта көрсеткен білімдерің осы торқалы тойымызға қосқан зор үлестерің болсын.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақты еске түсіру,мәтін мазмұнын әңгімелету,сұрақтарға жауап алу.
"Кубизм " стратегиясы.
Текшенің қырларына жазылған тапсырмалар:
1." Диқан баба" аңызымен мәтінді салыстыр
2. Қазір Сыр өңірінде дәнді дақылдардың қайсысы көбірек егіледі?
3. Туған жерге,халқына адал еңбек еткен адамдар қандай құрметке лайық?
4.Қарт кісінің арманын кім орындады?
III.Жаңа сабақ.
    I. Қызығушылықты ояту.
Оқушыларға бейнеролик көрсету,сұрақтарға жауап алу.
- Роликтен не көрдіңдер? Нені байқадыңдар?
-Қазақ халқы қонағын қалай қарсы алып, күтеді екен?
- Қонақ деп кімді айтамыз?
-Қонақтың түрлерін білесіңдер ме?
44

Қонақ
Оқушылардың пікірлерін тыңдау,"Білемін". "Білдім". "Білгім келеді"кестесінің бірінші бағанын толтырту.-Ал енді бүгінгі 
сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар? -Олай болса, бүгінгі сабақта Аян Нысаналиннің" Құдайы қонақ" 
әңгімесімен танысамыз.
-Алдымен мәтін авторымен қысқаша танысайық.
Аян Нысаналин жайлы мағлұмат беру.
  II. Мағынаны тану.
Мәтінді ДЖИГСО әдісі бойынша бөліктерге бөліп оқыту, әр топтан бір оқушы өздері оқыған бөліктерінен түсінгенін  келесі
топқа барып, әңгімелеп береді. Ал ол топ түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мәтін мазмұны бойынша топтарға тапсырмалар орындату
1топ. Жазушылар орталығы.
- Қонақасы,ет асату, құдайы қонақ сияқты халқымыздың дәстүрлеріне анықтама-сөздік жаздыру.
2топ. Ғылым орталығы.
-Құдайы қонақ кім?Ол туралы зерттеу жұмысын жүргізу.
3топ. Өнер орталығы.
 Мәтіндегі айтылатын ойды көрініс арқылы көрсету.
4 топ. Суретшілер орталығы.
   Салауатты өмір салтына байланысты сурет салдыру.
"БББ" кестесінің "білдім" деген бөлігін толтыру.
Дәптермен жұмыс
Дәптерлеріне қажетті деректер мен түсіндірмелерді жаздыру,жаңа сөздіктердің мағынасын түсіндіру.
Әудемдегі-жақын жердегі.
Төртпақ-дембелше,мығым денелі.
Күш киесі қону-күш қасиеті пайда болу.
Зауқы соқпау-тәбеті тартпау.
Қайқаң- өрлеу  жол.
 III. Ойтолғау.  Оқылған мәтін бойынша сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.
-Автор неліктен әңгімені " Құдайы қонақ" деп атады екен?
-Құдайы қонақты көрген сәттен бастап баланы қандай сезімдер биледі?
-Асылмұраттың өмір жолына, болашағына құдайы қонақтың келуі қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?
-Бүгінгі сабақты қорытындылайтындай қандай мақал-мәтелдер тауып айтуға болады?
Қорытынды.
Сабақты" БББ" кестесінің" Білгім келеді" деген бөлігін толтыру арқылы қорытып, бекіту,оқушыларды комплимент әдісімен 
бағалау.
Үйге тапсырма.  Әңгімені оқып, қонақты қалай қарсы аласың? Өз ойын жазып келу.
* * * * * *
Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14  мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі  Манашова   Нұрбану  Мұратқызы
Тақырыбы: Табиғат құбылыстары  (3сынып)  Пәні: Дүниетану  
Мақсаттары: Балалардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; 
заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге оқыту; табиғат құбылыстары туралы білімін толықтыру және 
жүйелендіру.  Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту,табиғат-адам өмірінің тірегі екенін оқушы 
санасына жеткізу. Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.Топта  жұмыс  істей білу 
дағдыларын  дамыту. Қоршаған ортаны  аялауға  баулу сезімталдыққа  адамгершілікке  тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі:  Оқушыларда табиғи құбылыс  туралы түсінік қалыптасады. Тірі және өлі табиғат денелерінің 
айырмашылығын біледі.  Дене мен заттың тәуелділігін  анықтайды. Дене, зат және табиғаи құбылыстардың  өзгеруі 
кезіндегі өзара байланысты анықтайды. Түйінді ой қорытынды жасайды. 
Әдісі:   әңгімелеу,талдау,сұрақ-жауап, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс, «Нақты жауап» айдары графикалық диктант, 
миға шабул,ой қозғау.
Түйінді идея: Нақты ойлау арқылы ой қорыту 
Түрі:  аралас сабақ,топтық  жұмыс.
Көрнекілігі:  оқулық, табиғи құбылыстар мен табиғи апаптардың су, парақ плакат жапырақ,  түрлі-түсті қағаздар,  күн, гүл, 
қар, жаз мезгілінің суреті,интер белсенді тақта.
Өзекті  мәселе: Табиғат  құбылыстары  адам өміріне қауіпті бола ала ма?
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
1. 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру 
Психологиялық дайындық. 
Күн  Гүл  Қар  Жаз  
 суретттерге қарап осыған байланысты жылы лебіздер айту.
2. 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру.Бағалау парақшасын тақтаға іліп айтып кету. 
3. 2 мин Топқа бөлу
 Балаларды туған күндеріне байланысты жыл мезгіліне қарай топқа бөлінеді .
Оқушыларды топқа бөлу арқылы алдағы сабақтың не туралы болатынын пайымдату, назарларын жаңа сабаққа қарай 
бағыттау. 
45

 № Аты-жөні  Үй тапсырмасы  сұрау. Сұрақтар арқылы бекіту.
«Миға шабуыл»
1. Бұрынғы уақыттарда жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелерді жазып алу үшін нені жетілдіру қажет болды? Өз білімін 
2. Әсіресе нені үйрену қажет? Жаза, оқи білуге, математикалық есептеу әдістерін 
3. Бүгінгі күнге дейін жеткен қандай жұмыстарын білеміз? Тасқа салған суреттер, зерделеу жұмыстары 
4. Бақылау құралының негізгісі не? Көз 
5. Түрлі тәжірибелерді жасаған кезде кімдер аспаптарды қолдана білді? Адамдар 
6. Күннің шығуы мен батуына қарай нені анықтады? Уақыт 
7. Бара - бара не ойлап тапты? Сағат 
8. Қандай сағатты ойлап тапты? Су, құм, күн, гүл сағаттар 
 9. Уақыт бірліктерін ата. Секун,дминут,сағат,тәулік,апта,ай,жыл,ғасыр.
10. 1 сағ -? Мин 
11. 1мин -? Сек 
12. Күн мен түннің ауысуына негіздеп нені анықтаймыз? Тәулік, жұма, ай, жыл 
13. 1 тәул -? Сағ 
14. 1 жұма -? Күн 7күн 
15. 1ай -? жұма 4ж 
16. 1жыл -? 12 Ай 
17. 1 жыл --?  365 Күн 
18. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,см,,дм,м,км
19. Салмақ өлшем бірліктерін ата. Гр,кг,ц,т
20. Заттың салмағын анықтау үшін нені пайдаланылған? Таразы 
21. Бақылау  , зертханалық жұмыс деген не? 
4. 5 мин Жаңа сабақтың ашылуы 
І.Білу. «Ой қозғау» әдісі
Табиғат құбылыстары туралы бейнеролик. 
1. Балалар, сендер бейне  роликтен не тамашаладыңыздар? 
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Кейбір табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір уақытында ғана болып тұрады. Тірі және өлі табиғатта үнемі өзгерістер 
болып тұрады. 
Жылдың 4 мезгіліне байланысты табиғатта өзгереді. Мысалы: ағаштар мен шөптер көктейді және құрайды. Жаңбыр, 
бұршақ, қар жауады. Жел, боран соғады. Осының барлығы табиғат құбылыстар.
- Балалар жаңа  сабақты батамас бұрын  7 санына  байланысты нелерді  білеміз? 
-ия  дұрыс  айтасыңдар  жеті шелпек, жеті қазына, жеті ата, жеті қарақшы, осы жеті санына  байланысты жеті жұт деген 
сөзде бар екен ол жеті жұт нелерден тұратынын білеміз ба? 
1 . жер сілкіну  2. құрғақшылық  3.өрт  4. соғыс  5.мал қырылу  6. індет  7. су тасқыны
Кемпір қосақ шығу 
 -Ал енді балалар бізде қай табиғат құбылысы шықты? 
-Бұл не деп аталады?
-Қандай  құбылыстан  кейін  пайда  болады?
5 5 мин ІІ. Түсіну. 
«Табиғатқа  саяхат»   Оқулықпен жұмыс. Мәтінді іштей  оқыту.
 1 -топ:   1-2  Азат жолды  
 2 -топ:   3-4  Азат жолды
 3 -топ:   5-6 Азат жолды
 4 -топ:   Күз мәтіні. Авторы кім ол жайлы мағұлмат.Табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздер білеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет