Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір – демекші күніне 40-50 шақырым жүрмесе қаны тарамайтын ойсыл қара
негізі екі жылда бір боталайды. Дегенмен күтімін тапса өзге түліктер секілді өсімтал. Пайдасы шаш етектен.
-Балалар, түйе сүтін не деп атайды?
-Шұбат.
Түйе етiнен өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады. Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана
нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе
сүтi сиыр сүтiнен асып түседi.
Төрт түліктің ішінде түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт-май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады.
Сосын бір ерекшелігі – інген-мая 15-16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік
қасиеті мол аса пайдалы тағам.
Түйенің терісінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат.
Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті ем, шұбаты шипа.
Көрпе
Жүні шекпен
тоқыма киімдері
шекпен
-Балалар, түйенің төлін қалай атайды?
- Бота.
-Түйе атасын атаңдаршы?
- Ойсылқара.
- Түйені қалай шақырады?
- Көс-көс.
-Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
-Жантақ, алабота, ащы қурай.
Оқулықпен жұмыс.
«Түйе» жырды түсініп, мәнерлеп оқу. Парта бойынша оқыту.
Түйенің пайдасын сызбаға түсіру:
206
Түйе жүнінен істелетін бұйымдар:
Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар:
Түйе терісінен істелетін бұйымдар:
1.
1.
1.
2.
2.
2.
3.
3.
3.
4.
4.
4.
V. Сабақты бекіту.Мақал- мәтелдерді оқытып, мағынасын түсіндіру.
* Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.
* Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
* Бір түйенің екі өркеші, бірі кетсе – күші жоқ, Бір биенің екі емшегі, бірі кетсе – сүті жоқ.
* Түйе қашып, жүктен кете алмас.
* Түйе көп болса, жүк сыймайды.
* Түйе өлген жерде жүк қалады.
Тест тапсырмалары:
1. Түйе баласын қалай шақырады?
А) Пұшайт-пұшайт
Ә) Көс-көс
Б) Құрау-құрау
2.Түйе не істейді?
А) Кісінейді
Ә) Мөңірейді
Б) Боздайды
3. Түйе атасы кім?
А) Шопаната
Ә) Қамбарата
Б) Ойсылқара
VІ.Үйге тапсырма: «Түйе» жырды түсініп, мәнерлеп оқу.
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы
№ 57 И.В. Панфилов атындағы жалпы орта мектебі
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі Муратова Нилуфар Махкамовна
Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 0 сынып
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
а) Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз?
- Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т.с.с.
ІІІ. Жаңа сабақ. 3-слайд.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
46.
Олар қайда өмір сүреді?
47.
Орманда.
48.
«Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
49.
О дыбысынан.
50.
Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол
арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.
1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
51.
Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
207
52.
Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
5-слайд.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
53.
Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
6-слайд.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің
соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
7-слайд.
3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
8-слайд.
4. Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Отанымыз қалай аталады?
- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на
Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд «Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы қандай дыбыс екен?
Әріп таңбасы неге ұқсас?
О дыбысына байланысты сөздер айту.
Мадақтау.
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылы
№ 57 И.В. Панфилов атындағы жалпы ортамектебі
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі Турсунбаева Шохиста Полатовна
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына
тоқталу. Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін
дамыту. Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,
сұрақ –жауап, ойын, кесте толтыру.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,
слайд
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Оқушылар назарын сабаққа аудару. 3топқа бөлу
1 топ – «Мұнай», 2 топ – «Темір», 3 топ – «Гранит».
208
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
І топ: Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін
білесіңдер?
(тас көмір, мұнай, газ)
ІІ топ: Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар
пайдаланылады?
(мыс, темір, қорғасын, алюминий)
ІІІ топ: Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрлыс материалдарын пайдаланғанын көрдің?
(құм,саз, тас, әк)
Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.
(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі)
Есте сақта! «Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат
байлықтары адамның қажетіне жаратылады»
ІІІ
Жаңа сабақ
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай үшке бөлінеді
Жанғыш пайдалы қазбалар
Кенді пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Түсіндіру:
Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді? Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді? Қаныш Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик,
ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.
Пайдалы қазбалар суреті бойынша әңгімелеу.
- Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір,
газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол
аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен
орны деп мақтан етеміз.
(слайд бойынша түсіндіру)
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді оқыту (3 минут)
І топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.
ІІ топ: Кен пайдалы қазбалар.
ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелеу
Сурет бойынша жұмыс
Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту.
Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:
- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.
Тас көмір - Мұнай- Газ- Темір - Алтын -
Мыс - Тұз - Әктас - Саз - Алюминий - А
Дәптермен жұмыс: Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу
Қимылды сергіту сәті:
Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.
Ойын: «Бұл не?»
Ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады, машина жасауда қолданылады. Бұл не?
(Темір кені)
Қара түсті, аздап жалтырайды, қатты, суға батпайды, жанады. Қарағанды, Екібастұзда өндіріледі. Бұл не?
(Таскөмір)
Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін.
Құрылыс жабдығы ретінде қолданылады. Бұл не?
(Гранит)
Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, газ, бензин мен мазут алынады.
(Мұнай)
Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түстес келеді. Ол оңай үгіледі. Суды өткізбейді. Созылмалы қасиеті бар. Біз оны үй
жөндегенде, кірпіш соққанда құмыра жасауда пайдаланамыз. Бұл не? (Саз)
Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)
Көзге сергіту сәті: (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер
қойнауынан табуға болады екен.
209
ІV. Сабақты қорытындылау: Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.
Таскөмір, құм
, м
ұнай, саз, темір, әктас
1. Жанғыш 9. Су өткізгіш
2. Қатты 10. Сусыма
3. Сұйық 11. Судан жеңіл
4. Судан ауыр 12. Газтәріздес
5. Қара түсті 13. Ақ түсті
6. Сары түсті 14. Ериді
7. Морт сынғыш 15. Созылмалы
8. Иісі бар 16. Су өткізбейді
17. Қоңыр түсті
көмір, шымтезек, темір, қорғасын, гранит, әктас,
мұнай, табиғи газ мыс, алтын, алюминий құм, саз, тұз
V. Үйге тапсырма:
Мәтінді оқу, Қазақстан картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу.
VІ. Оқушыларды бағалау.
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
«Далабазар» негізгі орта мектебі математика пәні мұғалімі
Халмуратова Гулназа Абдирахимовна
Сыныбы: 6 сынып Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Алгебралық өрнектерді
түрлендіруді,ықшамдауды пысықтау;
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Математика сабағында ойын
технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жауапкершілігін, сүйіспеншілігін
арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын
арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,карточкалық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: пысықтау
Байланысы: тарих пәнімен
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,есептер шығару,ой туғызу
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амандасу,түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу
ә)олардың көңіл-күйіне,денсаулығына баса назар аудару.
б)топқа бөліп отырғызу
2)Топтардың өзін таныстыруы
Қазақстан тәуелсіздік төрінде,
25 жыл болды егеменді еліме.
Бостандықтың қырандары қалықтап,
Ырыс- дәулет шалқығандай жеріме.
деп бүгінгі сабағымызды тәуелсіздіктің 25—жылдығына арнаймыз.
Сабақ ойын түрінде өтеді.1-кезекте екі топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.2-кезеңде,математикалық лото ойыны
ойналады.3-кезеңде капитандар сайысы «Блиц турнир». Әр топтың шығарған есептеріне қарай фишка беріліп отырады.
Ауызша есепте:
42:3=14 48: (-12)=-4
78: (-26)=-3 28: (-7)=-4
45:15=3 (-15)•4=-60
-3•(-8)=24 27•(-2)=-54
Қайталау сұрақтары:
1.Алгебралық өрнек дегеніміз не?
2.a(b+c)=ab+ac көбейтудің қандай қасиеті
3.Айнымалы дегеніміз не?
4.3а- өрнегіндегі коэффициентті көрсет
5.(a•b) •c=a•(b•c)-көбейтудің қандай қасиеті?
6.Алгебралық қосынды дегеніміз не?
1-кезең.Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей.
1)Алгебралық өрнек құрастыр:
А)-0,8m,-0,7n,9k,-q
b)7a,-3c,9в 6,2d
2)Өрнектің мәнін тап:
210
А)7a- 2b, a=1,b=-2
7- 2•(-2)=3
b)3x – y,x=-1,y=-8
3•(-1)-(-8)=5
3)Өрнектің мәнін тап:
А)cd+5, c=0,3, d=-5
0,3•(-5)+5=3,5
b)7- mn, m=-6,n= 1/2
7-(-6) 1/2 = 10
2-кезең «математикалық лото»ойыны
1.Алгебралық қосындыны ықшамда:
А)-3,7+b-1,3=b-5
2.Жақшаны аш:
7(3a-b)=21a-7b
3.a/ac
4.Бөлшекті қысқарт: 2m/5m
5.2•m•(-3)=-6m
6.25 раушан гүлінен және 21қалампыр гүлінен гүлшоқтары дайындалды.Раушан гүлінен дайындалған гүлшоқтарының
әрқасында 5гүлден,ал қалампыр гүлдерінен дайындалған гүлшоқтарының әрқасында 3гүлден.Барлығы неше гүлшоғы
дайындалды?
Ш:25:5+21:3=12
1.Алгебралық қосындыны ықшамда:
-6,7-с-3,3=-c-10
2.Жақшаны аш:
8(2а-3)=16a-24
3.3xy/8x = y/8
4.ab/ac =b/c
5.-6•n•(-5)=30n
6.Оқушы 3дәптер және 3альбом сатып алды.Дәптердің бағасы а тг,альбомның бағасы в тг.Оқушы неше теңгеге сауда
жасады? a=90,b=150
3-кезең капитандар сайысы Блиц турнир
1.Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгере ма?
2.8а өрнегінде коэффициентті ата?(8)
3.ҚР ресми тілі?(орыс)
4.Жақша алдында «+»таңбасы болса,жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар қалай өзгереді?(өз таңбалары қалады)
5.2,1с- өрнегіндегі айнымалы қайсы?(с)
6.ҚР БҰҰ құрамына қай жылы мүше болды?(1992)
1.Көбейткіштнрдің орнын ауыстырғанан көбейтінді өзгере ма?
2.ҚР мемлекеттік тілі?(қазақ)
3.7в – өрнегіндегі айнымалы қайсы?(в)
4.Жақша алдында «-» таңбасы болса,жақшаны ашқанда ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қалай өзгереді?(қарама-қарсы
таңбаға өзгереді)
5.-12а – өрнегіндегі коэффициентті ата?(-12)
6.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды (1995)
Әр топтың жинаған фишкалары саналып жеңімпаз анықталады.Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма:№731,732 есептер
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын,сырын көруге,
Көкірегіңде болсын кез деп Абай атамыз айтқандай бүгін сабақтағы еңбектеріңіз үшін көп рахмет айта отырып, келесі
сабақтарда табыс тілеймін.
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
№ 41 Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі
өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Юлдашбекова Мухайё Миракбаровна
Мавзу: Сифат – сўз туркуми
Мақсад:
а) ўқувчиларнинг сифат сўз туркуми юзасидан олган билимларини кенгайтириш;
б) ўқувчиларнинг сўз бойлигини орттириш, ўзбек тилига бўлган қизиқишларини ошириш, сифатларнинг ёзилишига доир
имло қоидаларини тушунтириш, чиройли ёзув малакасини ривожлантириш, топқирликка ўргатиш;
в) ватанпарварлик, инсонпарварлик фазилатларини камол топтириш, нафосат тарбиясини сингдириш.
Дарснинг тури: БиС технологиясининг тринажер картаси.
Дарс усули: тушунтириш, кўрсатиш, биргаликдаги амалий фаолият (БАФ)
Дарснинг жиҳози: «Ўзбек тилининг изоҳли луғати», баҳолаш доскаси (МПМ), рангли расмлар,компьютер.
Дарснинг бориши:
Ташкилий пайт. Давоматни аниқлаш, дарсга ҳозирликни кузатиш.
Уй вазифасининг бажарилишини текшириш.
211
Ўқувчилар билимини баҳолашда ўқитувчи алгоритм доскаси (МПМ) дан фойдаланиши қулай. Ўқувчилар ҳам ўз навбатида,
бу доска орқали ўз баҳоларини билиб борадилар. Яъни, ҳар бир ўқувчи ўтирадиган ўрни кўрсатилган рақамлар қаршисидаги
катакчаларга баҳо қўйилади. Баҳолар қуйидаги тартибда, маълум белгилар орқали қўйиб борилади:
“5” – +
“4” – ۷
“3” – ─
“2” – 0
Шу ўринда 5 –синфда ўтилган сифат сўз туркуми юзасидан олган билимларимизни эсга туширамиз.
1. Ўтилган мавзуни текшириш учун ўқувчиларга қуйидаги саволлар берилади.(Ақлий ҳужум)(5 мин)
Ўзбек тилининг қандай бўлимлари бор?
Ҳозир биз қандай бўлимни ўрганяпмиз?
Морфология бўлими нимани ўрганади?
Сўз туркумлари ҳақида маълумот беринг.
Сўз туркумлари нечта гуруҳга бўлинади?
Ўзбек тилида мустақил сўз туркумлари қайсилар?
От – сўз туркуми ҳақида маълумот беринг.
Атоқли отлар нима?
Турдош от деб нимага айтилади?
Шахс отларининг асосий турларини атанг.
Ёшига кўра шахс отларига мисоллар келтиринг.
Қариндошлигига кўра шахс отларига мисоллар келтиринг.
Истиқомат жойига кўра шахс отларига мисоллар келтиринг.
Феълнинг вазифасига кўра турларини айтинг.
Ҳаракат номи ясовчи қўшимчалар қайсилар?
Сифатдош гапда қандай бўлак вазифасини бажаради?
Равишдош нима?
Сифат – сўз туркуми ҳақида маълумот беринг.
Сифатлар маъно ва грамматик белгисига кўра неча турли бўлади?
Аслий сифатларга мисол келтиринг.
Нисбий сифатлар қайсилар?
Сифатларнинг отлашиши деб нимага айтилади?
Даражали сифат деб қандай сифатларга айтилади?
Даражасиз сифатларга мисол келтиринг.
Даражали сифатлар англатадиган маъносига кўра нечта даражага бўлинади?
Оддий даражадаги сифатларга мисоллар келтиринг.
Қиёсий даражали сифат қандай қўшимча ёрдамида ясалади?
Орттирма даражали сифатга мисол келтиринг.
(Ўқувчиларнинг жавоблари МПМ да белгиланиб борилади.)
Хотира машқи.
Баланд, ширин, митти, эзгу, бебаҳо, меҳрибон, ёқимли, қўнғир
Ўқувчиларга ушбу сўзлар экран орқали кўрсатилади ва уларнинг диққати жалб қилинади. 15 дақиқадан сўнг, экрандаги
сўзлар яширилади. Ўқувчилар шу сўзларни хотираларида тиклаб, ўз ўрнида ёзишлари талаб қилинади.(2 мин)
Ўқувчиларнинг умумий сўз бойликларини аниқлаш (ОСЗ). (5мин)
5 – минут вақт ичида ўқувчилар ўзлари билган сўзларни ёзадилар. Ўқувчиларга маълум сўз туркумларига оид сўзларни
ёзишни ҳам топшириш мумкин.
Ўқувчилар қаторларга бўлиниб ҳам сўзлар ёзишлари мумкин.
Бу ерда эса ҳар уч партага қуйидаги топшириқ берилади.
1-қатор. А
2-қатор Б.
3-қатор Н ҳарфларидан бошланувчи сифатларга мисоллар топиб ёзадилар. Ёзилган сўзлар сони МПМ га белгилаб борилади.
Янги мавзунинг баёни:
Сифат юзасидан мустаҳкамлаш
1 – топшириқ қуйидагича.(3 мин)
Сифат сўз туркумига оид 12 та сўз ёзинг. (Дастлабки 5 ўқувчи ёзиб бўлгач, 30 секунд вақт берилади).
12 та сўз ёза олмаган ўқувчилар сони аниқланади, шу орқали синф ўқувчиларининг неча фоизи мавзуни
ўзлаштирмаганликлари аниқланади.
2 – топшириқ. (3 мин)
-ли, -чи, -дор, -и, -ман, -симон қўшимчалари ёрдамида ясама сифатлар ясанг. (10 тадан)
(Дастлабки 5 ўқувчи ёзиб бўлгач, 30 секунд вақт берилади).
10та сўз ёза олмаган ўқувчилар сони аниқланади, МПМга белгиланади, синф ўқувчиларининг неча фоизи мавзуни
ўзлаштирмаганликлари аниқланади.
3 – топшириқ. (3 мин) Сифат даражаларига доир гап тузинг. Шундай гап тузингки, битта сифат уч хил даражада келсин.
212
(Дастлабки 5 ўқувчи ёзиб бўлгач, 30 секунд вақт берилади).
Гапни ёза олмаган ўқувчилар сони аниқланади, шу орқали синф ўқувчиларининг неча фоизи билмасликлари аниқланади.
4 – топшириқ. (7мин)
Ўқувчиларга рангли расмлар экран орқали кўрсатилади. Расм асосида матн тузиш топширилади. Бунда сифат туркумига оид
сўзлардан фойдаланиш кераклиги тушунтирилади.
Достарыңызбен бөлісу: |