Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Ой толғаныс Екі таңбалы санға толық ондықты қосу. Екі таңбалы саннан толық ондықтарды азайту



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37

Ой толғаныс
Екі таңбалы санға толық ондықты қосу. Екі таңбалы саннан толық ондықтарды азайту.
1-топ
1) 23+10 43-10 60+35 92-60
 17+30 65-30 42+40 83-50
 40+54 94-60 39+20 48-30
 20+72 85-40 48+30 72-60
 2) 24+30-20 47+50-7 75-50+40
 60+31-50 29+70-9 26-20+90
 49-20-20 67-40+50 34+30-60
2-топ
1) 49*69 91*81 25*25+10
 73*43 56*66 37*37-20
ә)45-40*6 72-40*35 49+20*30
 22+70*91 63-50*15 95-40*52
Сабақты бекіту
Бүгінгі сабақта біз не істедік? 
Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.          
Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс
* * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам  ауданы Ақсукент ауылы
№ 7 «Бабыр» атындағы жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі  
Хажиметова  Хилала   Фархадқызы
Пәннің аты
Математика               2  сынып
Сабақтың атауы
Қосу және азайту. 45+23, 68-23
Мақсаты
Мақсаттары: 45+23 және 68 - 23 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдерін меңгерту. 
Оқушылардың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, 
табиғатқа қамқорлықпен тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жазбаша қосу слайд, карточкалар, кесте
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау
Түрі: жаңа сабақ
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық 
ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты 
ояту
Қазір біз математика сабағы. Күндегіден ерекше сабақ. Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
Көңіл күйлерің қалай?
Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, 
бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де 
осындай керемет!
Онда жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
214

Бүгінгі біздің тақырыбымыз. 45+23 және 68 - 23 жағдайларындағы қосу және азайту.
Сабағымызда жазбаша қосу және азайту тәсілдермен танысып, әртүрлі тәсілдермен есептер 
шығарамыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - есеп. Санды кестеге цифрлармен жаз 
3
2
6
3
5
2
4
5
7:
Барлығымыз дәптерімізді ашып бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып алайық.
Ү. Математикалық диктант: Оқушыларға сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы 
түрінде жазып көрсету:
18, 28, 37, 72, 45, 53, 67, 76, 81, 93.
5 - слайдтан /тексеру/
10+8------20+8
30+7------40+5
50+3------60+7
70+6------80+1
90+3------70+2
Топтарға тапсырма:
1-топ
Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)
2-топ
Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, 
Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. 
г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.)
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Оқулықтағы өрнектердің мәндерін табуға оқушыларға ұсынамын, одан кейін тақтаға 45+23
өрнегін жазамын.
40+20= 60
5+3= 8
60+8=68
45+23= (40+5)+(20+3) = 68
- Қосындының мәнін табу үшін алғашқы үш өрнекті пайдалануға бола ма?
Оқушылар қорытынды жасайды: осы қосындының мәні 1 және 2 - өрнектер:
40+20 және 5+3 мәндерінің қосындысына тең.
№ 2. Ауызша орындалады. Оқушылар алгоритмді қолданып, өрнек мәнін табуды өздері 
түсіндіреді және екі таңбалы сандарды қосу әдісі туралы қорытынды жасайды:
Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда бірліктерді
бірліктерге және ондықтарды ондықтарға қосады.
№ 3, 4. Осы тапсырма бойынша жұмыс ауызша жүргізіледі. Қандай өрнектердің көмегімен 68 - 
23 мысалын шығаруға болатынын анықтауды оқушыларға ұсынамын.
 Оқушылар №3, 4 - шешу алгоритмдерін пайдаланып, екі таңбалы сандарды азайту әдісі туралы 
қорытынды жасайды:
Екі таңбалы сандармен азайту амалын орындағанда бірліктерден турады.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма:
№ 5 Түсіндіре отырып тақтада шығарады.
76 - 34= (70 - 30) + (6 - 4) = 42
42+35= (40+30) + (2+5) = 77
85 - 32= (80 - 30) + (5 - 2) = 53
37+41= (30+40) + (7+1) = 78
94 - 52= (90 - 50) + (4 - 2) = 42
31+42= (30+40) + (1+2) = 73
56 - 24= (50 - 20) + (6 - 4) = 32
81+17= (80+10) + (1+7) = 98
Жұмбақ шешу.
Мүйізі бар – ешкі емес,
Жүгіргенде жеткізбес (киік)
Математикалық диктант (слайд №2 )
215

1.Көлікте 8 адам келе жатты.Жолда 5 адам түсіп қалды.Көлікте неше адам қалды?
2.Қораптан 5 қарындашты алғанда 4 қарындаш қалды. Қорапта барлығы неше қарындаш 
болған?
3. Айдос 7 жаста, ал Қанат одан 4 жас үлкен. Қанаттың жасы нешеде?
4.9 бен 5 сандарының қосындысын тап.
5. 10 нан 9 ды кеміт
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Өзін-өзі бағалау парағы____________________
Тапсырма
Баға
Математикалық диктант
№3(мұғалімнің бағасы)
Карточкамен жұмыс
№5
№6
Жиынтық баға
* * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы  Шымкент  қаласы
№27 «Мәртөбе» жалпы орта  мектебі  бастауыш  сынып мұғалімі
Сапакова Рабия  Кусановна
Пәннің аты
Математика  1  сынып
Сабақтың атауы
Есеп (Қанша қысқа?)
Мақсаты
Білімділігі:оқушыларды есеп және оның құрамды бөліктері,қанша 
қысқа ұғымына байланысты амалдар таңдау  тәсілдерімен таныстыру.
Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту.Есеп шығаруда еркін 
пайдалануға үйрету,
білімдерін қалыптастыру.  
Дамытушылығы:оқушылардың білім, іскерлік,білік дағдыларын 
қалыптастыру.
Қабылдау,түйісу процестерін,есте сақтау қабілеттерін,қосу және 
азайту амалдарының
өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту. 
Тәрбиелігі:оқушыларды сауаттылыққа,ұқыпты,әдемі,көркем етіп 
жазуға жетелеу.
Сандарды дұрыс айтуға,орынды сөйлеуге,адамгершілікке,топтық 
жұмыс жасауға тәрбиелеу.   
Сабақтың түрі:дәстүрден тыс ертегі ,кіріктірілген сабақ.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Қызығушылықты ояту
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақты 
қайталау,пысықтау.Бүгін біз математика
сабағымызды ертегімен байланыстырып өтеміз.Біз бәріміз ертегіні 
ұнатамыз ба?Ендеше «Мақта қыз бен мысық »ертегісін білеміз бе?
Олай болса «Мақта қыз бен мысықтың » үйін құрастыруға 
көмектесейік.
216

Ауызша тапсырмалар орындау.
Әр топқа тапсырмалар беру: 
  1-топ:     5+5=      2-топ:  7+3=        3-топ:  4+6=
                 13-3=                 11-1=                     15-5=
Сандарды  құрастырыпа   отырып,  үй құрастыру.
 Біз тапсырманы тез әрі жылдам есептей отырып,үйді жылдам соқтық.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен 
кіріседі.
Мағынаны тану
ІІІ.Жаңа сабақ:Олай болса,біз бүгін сабақта есеп және 
қанша қысқа ұғымына    
 байланысты есептер шығару арқылы «Мақта қыз бен 
мысық»ертегісін                     
 тамашалаймыз.Үш топтан бір-бір мүшелері шығып,ертегіні
үзіп-үзіп айтады. 
 -Ал,енді балалар,бәріміз бірге мысықтың құйрығын қайтып 
алуына                                                                                           
 көмектесейік.Ол үшін алдымен 1- топ сиырдың 
тапсырмасын орындайды.
 Тақтамен жұмыс: Есептерді салыстыру және шығару.
 Қызыл лента-10 см
 Көк лента-? 5 см қысқа 
 Шешуі:10 см-5см=5 см
 Жауабы:көк лента 5 см қысқа.
-Балалар,мысық сиырдан кейін тағы неге барады?Талға 
барады.Бірақ, балалар, талдың    
да сендерге арналған тапсырмасы бар екен.Қане оны 2-
топтың оқушыларына арнап отыр.
Тапсырма:Сатып алғаны-10 см
217

                   Қиып алғаны-5 см
                   Қалғаны- ?см
                   Шешуі:10см-5см=5см
                   Жауабы:5 см лента қалды.
-Дұрыс балалар,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді 
мысық көмек сұрап тағы
 кімге барды?
-Иә ,су әкеле жатқан қыздарға жолығады.Ол қыздардың да 
мысыққа және сендерге
 3-топ деп дайындаған тапсырмасы бар екен.
Есептерді салыстырады,ұқсастығы мен айырмашылығын 
табады.
Есептің шартында 10см және 5см ленталар жайында 
айтылған,шешуі азайту амалымен орындалады(ұқсастығы).
Есептің айырмашылығы:шарттары әр түрлі,1-ші есептің 
сұрағы неше сантиметр лентаның қысқа екендігі 
айтылған,2-ші есепте неше сантиметр лента қалғаны 
жайында айтып отыр.Жауаптары әр түрлі.
 Кестені толтыр.
а
5
3
8
7
4
6
а+2
а-2
Мадақтау әдісін қолдана отырып,оқушыларды мадақтау.
Сергіту сәті
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Ой толғаныс
V.Ойын ойнау:  Көбелектердің гүлдерге қонуына көмектес!
 Көп көмек берген топты мадақтау.
                          2+3+1       4+2-3        5-5+4         2+5+3
                          6+1-4        10-7+2      7-4+3         3+2+5
 -Балалар,дүкенші апай мысыққа жұмыртқа алып кел,- деді.Ал 
жұмыртқаны неге барып сұрады?(тауыққа)Сонымен тауық мысыққа 
қандай тапсырма дайындаған екен,көрелік.
4- тапсырма:   Азайтудың компоненттерін атау.Азайғышы 5 болатын 
айырмаларды ата.Айырмалардың мәндерін өсу ретімен жаз.
5-5=0          5-3=2        5-1=4
5-4=1          5-2=3        5-0=5
Балалар,сендер білесіңдер тауық жұмыртқа беру үшін оған керек?
(тары,бидай).
Мысық бидай іздеп келе жатқанда алдынан не шығады?Тышқан 
қандай тапсырма берер екен.
V.Сабақты қорыту: Шығармашылық тапсырма:
 Торда жоғалған мысық табу.Мысық отырған тордың түсі әр 
түрлі.Қай түстің   
 торындағы мысық жоқ.
 Осыдан кейін Мақта қыз мысыққа біреудің еңбегіне қол сұқпа, 
үлкендердің тілін ал, әдепті болып жүр, - деп ақылын айтып, екеуі дос
болыпты.
- Ал біз қандай болуымыз керек?
- Біз де әдепті, алған затымызды уақытында қайтаратын, үлкенді 
сыйлайтын адал болайық! 
Үйге тапсырма
Дәптермен жұмыс
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
* * * * * *
218

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы  Қарабұлақ  ауылы
№89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта   география  пәні  мұғалімі
Касымова Мухаббат Нематуллаевна
Сыныбы:   7                              
Сабақтың тақырыбы : Африканың аймақтарына шолу
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға Африка аймақтарымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына 
тоқталу, халқының байланысын анықтау.Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін таныта отырып, тез 
ойлауды және картамен жұмысты дамыту. 
Күтілетін   нәтиже:Оқушыларға   Африка   аймақтарымен   таныса   отырып,   ерекшеліктері   мен   маңызына   білетін   болады,
Оқушыларды   өз  бетімен  жұмыс   істеуге,   танымдық   қабілетін  таныта   отырып,  тез   ойлауды  және  картамен жұмыс  істеу
қабілеттін артады.
Түйінді идеясы:
 
  Африкада жер шарындағы негізгі үш нәсілдің өкілдері кездеседі
Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі:Дайындал,назар сал,түсінік бер,Білім шеңбері,Егер де мен 
Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.
Сабақтың барысы:
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе
1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, гүл 
сыйлау тренингін жүргізеді, Карта қиындыларынан 
құраған Африка аймақтары бойынша топқа 
бөледі,бағалау парағын береді 
2 Үйге берілген рефераттарын тексереді.Қызықты 
Африка айдары.
3 Білім шеңбері тапсырмасы
1.Оқушылар амандасады, сабаққа назарын 
аударады,үйден дайындап әкелген гүл 
стикерге жазылған тілекті бір-біріне 
сйлайды,топқа бөлініп,топтық міндеттерді 
бөліседі,бағалау парағын топхатшысы 
толтырып отырады.
2 Оқушылар рефераттарынан Африка  
жайында тың және қызықты мәліметтер 
береді.
3Оқушылар ортаға шығып "Білім 
шеңберінде"үй тапсырмасын сұрақтар қою 
арқылы талқылайды.
Тұсаукеср
Бенебаян көрсетіп,тақырыпты ашуға,мағынасын 
нақтылауға көмектеседі.
Бейнебаянды тамашалап,сұрақтарға жауап 
беру арқылы тақырыпты ашып,мағынасын 
нақтылайды.
 Негізгі     
 бөлім
 1Дайындал...Назар сал…Түсінік бер! тапсырмасы 
арқылы жаңа сабақты бөліп береді
2.Геосұрақ  деңгейлік тапсырмасын орындатады
.3.Түсінікке жеңіл тірек-сызба тапсырмасы
Сергіту сәті
1.Әр оқушы берілген тақырыптағы 
түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын 
дәптерге жазып алады. Топта 
талқылап,ортаға 2 оқушы шығып жаңа 
тақырып бойынша түсінік береді Оқушылар 
қосымша мұғалімнің сұрақтарына жауап 
береді 
Геосұрақтар тапсырмасын жеке орындап 
,интерактивті тақтадан тексереді,мұғалімге 
тексеруге береді 
3.Топтарға тірек -сызба бөлініп 
беріледі,тақтадағы картадан қарай отырып 
толтырады.Қарсы топтар тексереді 
Қорытынды
  Мұғалім   сабақты   қорытындылайды.Крюгер   паркі
бейнебаян көрсетеді
Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға 
алынған жерлерде сақталып қалған. Елдегі ең ірі 
Крюгер ұлттық паркінде материктегі жануарлардың 
барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді 
туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп 
аралайды
 Үйге тапсырма береді :
Өтілген тақырыпты оқуға,  Африка мемлекеттері және
Қазақстан   арасындағы   байланыс   тақырыптыарына
мәлімет   іздеу  және   "Егер   де   мен   Африкаға
саяхаттасам" ойтолғаныс жазуға  береді.
Оқушылар   сабақтан ұққандарын айтып 
бірге қорытынадылайды.
Кері байланыс блоб ағашы
Тірек-сызба арқылы Африканың жекелеген аймақтарының елдерін толтырады
219

Бағалау  парағы(0-3 балл аралығы) Бағалаушының аты-жөні
Оқушының аты-
жөні
Топтық 
жұмысы
Геосұрақ
Тірек-сызба
Дайындал...Назар сал…
Түсінік бер!
Қорытынды баға
Гео тапсырмасы
1. Африканың ең ірі аралы.
2. Солтүстігіндегі суық ағыс.
3. Виктория сарқырамасын ашқан  зерттеуші.
4. Африканың ең терең көлі.
5. Орталық  Шығыс Африканы зерттеген орыс саяхатшы ғалымы.
6. Қатты бидайдың отаны.
7. Тік жарлы әрі жақпарлы  таулы  қыраттар.
8. Мұнай мен газ қорының мол жері.
9. Тропиктік белдеудегі құмды дауыл.
10. 20  о с.е пен  о.е аралығымен  Мадагаскар аралын алып жатқан белдеу.
11. Африканың  ең  биік нүктесі.
12. Материктің ең төмен орналасқан нүктесі. 
13. Материк аумағының  40 % алып жатқан зона.
14. Материктің экваторлық орманындағы ең аласа халық.
15. Экономикасы жоғары дамыған мемлекет. 
Жауаптың нұсқалары:
1. Эфиопия
2. Ахаггар, Тибести
3. Мадагаскар
4. Самум
5. Канар 
6. Давид  Ливингстон
7. Танганьика
8.  Субэкваторлық белдеу
9. Ассаль көлі (-153 м)
10. В. В Юнкер
11. Саванналар мен сирек ормандар
12. Гвинея шығанағы, Жерорта теңізі  жағалаулары
13. Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
14. Килиманджаро  жанартауы (5895м)
15. Пигмейлер 
Дұрыс жауабы: 1-3; 2-5; 3-6; 4-7; 5-10; 6-1; 7-2; 8-12;
9-4; 10-8; 11-14 ; 12-9; 13- 11; 14-15; 15- 13.
* * * * * *
Оңтүстік  Қазақстан облысы  Сайрам  ауданы Қарабұлақ ауылы
Далабазар негізгі  орта мектеп  қазақ тілі және қазақ әдебиеті  
пәні мұғалімі  Рашидов  Откиржан Қудратулла  ұлы
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры
Мақсаты:
1. Жырдың тақырыбын, идеясын анықтай отырып, басты кейіпкерлер Төлеген мен Жібек бейнесін жан - жақты 
ашу. Жыр желісі туралы білімдерін ортаға салып, қорытындылау.
2. Махаббатты, достықты қадірлеуге, сөзге тұрақты, сезімге берік болуға, салт - дәстүрімізді дәріптеуге тәрбиелеу.
3. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салуға, талдай білу дағдыларын 
қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын тауып айту.
Типі: СТО
Түрі: қорытынды сабақ
Әдісі: ой шақыру, топтастыру, талқылау кестесі, соңғы сөзді мен айтайын стратегиясы, эссе.
Көрнекілігі: кейіпкерлер суреті, слайдтар, кітаптар көрмесі, «Қыз Жібек» фильмі.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Сабақтың мақсатымен таныстырып, үй тапсырмасы, шығарма мазмұнына құрылған тест жұмысы. (интерактивті тақтамен 
тексеріс өткізу)
15 сұрақтың 13 дұрыс болса -«5» деген баға
10 дұрыс болса – «4»
8 дұрыс болса - «3»
5 дұрыс болса «2» деген баға қойылады.
1. Базарбайдың Төлегеннен бұрын қанша ұлы болды?
А. 6.
Ә. 7.
Б. 8.
220

В. 9.
2. Базарбайдың ұлдары қалай опат болды?
А. Жол апатына ұшырады.
Ә. Жау қолында қалды.
Б. Оба ауруына ұшырады.
В. Шетінеп кетті.
3. Төлеген мен Сансызбайдың арасы неше жас?
А. 9.
Ә. 5.
Б. 3.
В. 7.
4. Төлеген қай жасында қалыңдық іздеуге шықты?
А. 10.
Ә. 11.
Б. 12.
В. 13.
5. Төлеген өзіне лайық қалыңдық барын кімнен естиді?
А. Көршісінен
Ә. Анасынан
Б. Досынан
В. саудагерден
6. Төлеген елден қанша жорға алып шығады?
А. 40
Ә. 100
Б. 200
В. 250
7. Төлеген мен Жібекті таныстыруға кім себепші болады?
А. Шеге Ә. Қаршыға Б. Қасындағы қосшылары В. Жібектің 
жеңгесі
8. Жібектің әкесі кім?
А. Сырлыбай
Ә. Тоқтарбай
Б. Қарабай
В. Сарыбай
9. Жібектің қанша ағасы бар?
А. 3
Ә. 6
Б. 7
В. 5
10. Төлеген кімнің қолынан қаза табады?
А. Қаршыға
Ә. Бекежан
Б. Қалмақ
В. Қарақшы
11. Төлеген өлген соң, Жібекті кім айттырады?
А. Бекежан
Ә. Қорен
Б. Шеге
В. Сансызбай
12. «Кыз-Жібек» фильмі қай жылы шыққан?
А. 1980ж.
Ә. 1960ж.
Б. 1970ж.
В. 1990ж
13. Сценарийдің авторы кім?
А. А. Құнанбаев.
Ә. Ғ. Мүсірепов
Б. С. Мұқанов
14. Жібектің рөлін сомдаған актриса?
А. Айгүл Иманбаева
Ә. Меруерт Өтекешова
Б. Фарида Шәріпова
15. Жырдың сюжеті қандай?
А. жігіттің елін қорғауы
Ә. жігіттің егін салуы
Б жігіттің үйленуі
ІІ. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту
Ит - ның көмегімен «Қазақтың қызы» атты әнді қойып, әрі қарай әңгімеміздің жалғасы қандай болмақ деген сұрақ қоямын 
(оқушылардың жауабы).
Әрине, бүгін «Қыз Жібек» жыры бойынша білімдеріңізді толық көрсетіп, сарапқа саласыздар. Топтастыру:
І топ  Топтастыру арқылы «Қыз Жібек» жырының мазмұнын айту.
ІІ топ  «Қыз Жібек» жырының кейіпкерлеріне топтастыру жасау.
ІІІ топ  «Қыз Жібек» жырындағы салт - дәстүрлерді топтастыру.
Иә, дұрыс айтады. Ендеше сіздерге менің де бүгін шашу шашқым келіп тұр. Бұл шашудың ішінде сіздерге талқылау 
кестесінің сұрақтары жасырынып жатыр. Әр топ өз сұрақтарының жауаптарын алдарыңдағы флипчартқа түсіреді.
Талқылау кестесі:
І топ   Не болды
1. Төлегеннің дүниеге келуі, ер жетуі.
2. Төлегенді Ақжайық сұлуларын кім ынтық етеді, Ақжайыққа жөнелуі.
3. Қыз Жібекті Төлегенге кім жолықтырды?
Дәлел. ІІ топ
1. Жібек Төлегенді неге менсінбейді?
2. Жібектің Төлегенді еліне неге жібергісі келмеді?
3. Төлеген қандай уәде берді, уәдесін орындады ма? Неге орындамады?
Дәлел. ІІІ топ
1. Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін басына қандай пәле тап болды?
2. Жібек Хорен қалмақтан құтылудың жолын қалай табады?
3. Сансызбай деген кім? Жібек неге оған тұрмысқа шығады?
Дәлел. Фото жұмбақ: Мына үзіндіде Төлеген мен Жібектің бір - бірімен әңгімелесіп отырғаны берілген. Бірақ дыбысы 
шықпай тұр. Сіздер Төлеген мен Жібектің не туралы сөйлесіп отырғанын болжап, диалог құрайсыздар. Диалог құру 
барысында кейіпкерлердің бет - ажарына, бет қимылындағы өзгерістерге назар салып отырыңыздар (диалог тыңдалады).
ІІІ. Қорытынды бөлім: Ал енді соңғы сөзді мен айтайын деп, үш топ өз ойларын қорытындылайды.
І топ. Төлегеннің әкесі Базарбайдың баласына қойған талабы дұрыс па? Теріс бата туралы не айтасыз?
ІI топ. Төлегеннің жырдың басынан жасаған іс - әрекеті дұрыс па? Қазіргі қоғамда ондай ер азаматтар бар ма?
ІІІ топ. Жібектің Сансызбайға тұрмысқа шығуы дұрыс па?
ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы: «Махаббат деген....» тақырыпқа жырдан алған әсерлерің бойынша эссе жазып келу.
* * * * *
221

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы  Ынтымақ ауылы
 Т.Рысқұлов атындағы №17 жалпы орта мектебі. 
Абильдаева Айнұр қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі 
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға құрмалас сөйлемнен теориялық білім беріп, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыру; 
берілген тілдік материалды талдата білу;
Дамытушылық: оқушыларды өз бетінше ойландыруға төселдіру, сөздік қорларын көбейту, шығармашылық жұмыс арқылы 
қиялдарын ұштау.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақ тілін қастерлеуге, сөйлеу мәдениетін көтеруге тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін 
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, салыстыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылықты ояту кезеңі. 
Өткен сабақты еске түсіру. Үй тапсырмасын сұрау.
2. «Мағынаны тану» кезеңі. Жаңа сабақ
«Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем жай
бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем - екі немесе одан да көп ойды, күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемнің 
құрамына енген жай сөйлемдер бір - бірімен қосымша шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады.
 Мысалы:
Жай сөйлем    Құрмалас сөйлем       Құрмаласу тәсілі
Жаңбыр жауды. Жер көгерді. Күн шықты.   Мал өріске кетті. 
Жаңбыр жауды да, жер көгерді. Күн шыққан соң, мал өріске кетті. Баяндауыштары тиянақты. Шылаулар арқылы 
байланысып тұр.
Бет қаратпайтын болды. Қапан далаға бармады.
 Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Қапан далаға бара алмады. 
Қосымша арқылы байланысқан, біріншісінің баяндауышы тиянақсыз.
Іс бітті. Қу кетті. 
Іс бітті - қу кетті. 
Орын тәртібі - интонация арқылы байланысқан.
Сонымен құрмалас сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді. Құрмаластың 
құрамындағы жай сөйлемдер бір - бірімен салаласа және сабақтаса байланысады. Салалас байланысқан құрмаластың 
құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір - біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде 
байланысады. Ал сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақсыз келіп, 
бірі екіншісіне бағына, сабақтас байланысады.
3. Оқулықпен жұмыс. 93 - жаттығу. Мәтінді оқушыларға оқытып, сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас 
сөйлем екенін ажыратқызу.
 Жай сөйлемдер: 
Мінезі жақсы төрге озар. Ыстық асқа үрме. Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы. Дос адам артық сұрамайды.
Құрмалас сөйлемдер:
 Досыңды барда сына, жоқта да сына. Сыйлағанды сыйла, илегенді иле. Құлағанның сұрағанын өтесең, өтеуін Құдай береді. 
Қорқақ - махаббатқа қабілетсіз, махаббат - ержүректің еншісі.
94 - жаттығу. «Достық деген не?» Мәтіндегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаздырту.
4. Мына сызбаны оқушыларға толтыртып, осы сызба бойынша оқушыларды сөйлету.
Мысалдар   Құрмалас сөйлемнің қай түрі?
5. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
1. Күлдей күңгірт шашы бар,.......(М. Жұмабаев)
2. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,.....(Қ. Аманжолов)
3. Ереуіл атқа ер салмай,......(Махамбет)
4. Өзіңмен бірге өлмесін өлеңім деп,.... (Қ. Аманжолов)
5. Ақылды сөзге тоқтайды,....... (Мақал)
1.........., білім - өнер қазығы(Мақал)
2........., шешеннің сөзі ортақ
3.........., шеше көрген тон пішер
4..........., білімді мыңды жығар
5.........., жалқаудың жаны тәтті.
6. Сабақты бекіту. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет