Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


ЕЛ БОЛАШАҒЫ  КЕЛЕШЕК ҰРПАҚ  ҚОЛЫНДА



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

ЕЛ БОЛАШАҒЫ  КЕЛЕШЕК ҰРПАҚ  ҚОЛЫНДА
 Оңтүстік Қазақстан облысы   Сайрам ауданы  Қарабұлақ ауылы
№ 89  «Қайнарбұлақ» жалпы орта мектеп химия пәні мұғалімі
Абдуллаева  Раъна  Маккамбаевна 
  
             Ел болашағы   және келешегіміз   жастар қолында. Ол дегенім ел болашағы   ғылым   мен білімде. Сондықтан   да
оқушылардың   сапалы білім алып, ғылым негіздерін   игеру   үшін   барлық   жағдайды жасауға тиіспіз. Пән олимпиадасы,
ғылыми жоба  жарыстарды  әр оқушының білімге деген өз бейім- қабілетін, талант-дарынын айқындауға  және  дамытуға
мүмкіндік   жасайтын   білім сайысы. Бұл сайыстарда оқушылардың   біртұтас интелектуалды   құрылымының бір-бірімен
ажырамас  екі болігі іріленіп, айрықша  қуатымен айқын көрінуі тиіс. Біріншісі, оқушының   жан-жақты  да, терең білімі, ал
екіншісі, сол білімді   қолданып,жетілдіріп дамыта   алатын табиғи   шығармашылық, ғылыми   жоба   жарыстары,ғылыми
ақыл- парасат. Түрлі пән  олимпиадалары,ғылми жоба  жарыстары тек білім талас емес, сонымен қатар шығармашылық ой
мен ақыл –парасат талас  десек дәлілрек болар. Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды
білім беру мен ұлтын сүйер патриот  азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы. 
         Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала
қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі 
ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр 
атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты 
жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін 
әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның 
ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.
       «Бұлақ көрсең― көзін аш»― демекші оқушы дарындылығы мен шығармашылық  қабілетін  дамытуда  мұғалімнің  рөлі
ерекше.  Мұғалім  оқушыға бағыт-бағдар  беру арқылы  ізденімпаздығын  арттырып, өз бетінше жұмыс  жүргізуге  
дағдыландырады. Шығармашыл оқушының  білім шыңына жету, мұғалімнің  талмай еңбек етуінің  жемісі  болмақ.
             Ұлы ойшыл Плутарх : «Көптеген  табиғи талант дарынсыз ұстаздардың  кесірінен  жойылып кетеді. Олар дарынның 
табиғи  құбылысына терең бойлай алмай ,құрытып тынады» дегендей , ұстаз осындай  келеңсіздікке  жол бермеу керек. 
Біздің  мақсатымыз тек пәндік  білімді меңгерген  оқушы емес , жан-жақты  дамыған  шығармашыл  тұлға  дайындау.
         Елімізде  болып жатқан түрлі бағыттағы  өзгерістер білім беру  қызметіне жаңаша  қолдауды, қол жеткен  табыстарды  
сын  көзбен  бағалай отырып, оқушылардың  шығармашылық әлеуетін дамытуда ,мұғалім іс-әрекетін  жаңаша 
ұйымдастыруды талап етеді. Сондықтан  қазіргі  қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде  қажетті өзгерістерді әр түрлі  
тәжірибелер жөніндегі мағылуматтарды , инновациялық әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап,дұрыс пайдалана білу керек. 
          Химия, биалогия пәнін  оқытуда  осы  тиімді әдістерді  пайдалану  арқылы  оқушының білімге деген қызығушылығын 
арттыруға , терең ойлау  қабілетін, белсенділігін  қалыптастыруға  болады. Сабақ  оқушыларды  жалықтырмауы тиіс. Ол 
үшін  сабақтың  құрылымы  көп  түрлі болуы қажет. Оқушылардың  пәнге  деген қызығушылығын  арттыру― мұғалімнің  
өз еңбегін  жаңаша  ұйымдастырып , шығармашылыққа дамытуға  бағыттау болып  табылады. Сондықтан жаңашыл  
ұстаздардың  тәжірибесін оқып, үйреніп  оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін  сабақта  тиімді пайдалана  білудің  маңызы  зор.  
Электронды  оқыту жүйесінде  техникалық  қолдау  көрсету мен  АКТ  пайдалануда  оқушы  мүмкіндігін  арттыратыны 
сөзсіз. Компьютер  және интерактивті  құралдар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  
қабілетін  қалыптастырып, оларды  жүйелік  байланыстармен  заңдылықтарды  табуға  бағыттап ,  нәтижесінде өздерінің 
кәсіби  потенциалдарының  қалыптасуына  жол  ашады. Интерактив  тақтаны  қолдану  негізінде мектепте химия , биология 
пәндерінің  оқытылу  сапасы  артып, білім  беруді  ақпараттандыру  жүйелі  түрде  іске асырылады  деуге  болады. Осы  
орайда  электрондық  оқулықтарды  әр  сыныпқа  сапалы  дайындап таратылуы қарастырылған  жағдайда  бұл  дәрежеге  
жетуге  қажетті  білім алуына  жас  ұрпақтың  қабілетінің  жететініне  сенім  мол.  Қазақстан  Республикасының  Білім  
туралы  заңында, білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті ― ұлыттық және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен  
практика  жетістіктері  негізінде   жеке  адамды  қалыптастыруға , дамытуға  және  шыңдауға  бағытталған  білім  алу үшін  
қажетті  жағдай  жасау  қажет делінген. Мектептерде  материалдық- техникалық  базаны  нығайта  отырып,  теория  мен  
практиканы   ұштасқан  жағдайда  оқушылардың  білім  сапасының артары  анық.    
   Қазақстан  Республикасының «Білім  туралы» Заңында  мемлекеттік  саясат негізінде ең  алғаш  рет  «әр баланың  жеке
қабілетіне интеллектуалдық    дамуыны  , жеке   адамның   дарындылығын    дамыту» сияқты   өзекті    мәселелер еңгізіліп
отырғаны   белгілі.   Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды мектептерінің қасындағы
педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік
тәжірибеге сай арнайы 3 айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші, екінші,
үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде.
Қазіргі заман мұғалімінен қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына  жауап беруін  көздейтін,
жаңашылдыққа   жаны   құмар,   әр   ісіне   гуманистік   сезіммен   қарайтын,   педагогикалық   күрделі   құбылыстарды   идеялық
адамгершілік   тұрғыдан   шеше   алатын,   жаңашыл   ойлау   дағдыларын   меңгерген,   шығармашылықпен   еңбек   ететін   маман
болуы талап етіледі. 
Елбасының қолдауының нәтижесінде қазақстандық білім беру жүйесі жаңа даму деңгейіне өтуде. Бүкіл әлемдегі сияқты
Қазақстанның   мектепке   дейінгі   білім   берудің   әдістеріне   көшуі,   «Балапан»   бағдарламасын   2020   жылға   дейін
жалғастырылуы,   «онлайн»   жүйесін,   инженерлік   білім   беруді   дамытуды,   балаларды   мектепке   дейінгі   білім   беру   және
тәрбиемен 100% қамту үкімет пен әкімдерге міндеттелді. Жылдан жылға білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі өсіп
келеді. Бұл орайда ел Президентінің «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа білім мен ғылымды игеруге, жаңа машықтар алуға,
білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең
қолайды жағдайлармен қастамасыз етуіміз керек» деген қанатты сөзін басшылыққа алып, еліміздің жарқын болашағы үшін
аянбай қызмет етуіміз, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына ат салысуымыз қажет деп білеміз. Ұрпағы
білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, «мәңгілік ел» болу жолындағы игі істеріміз арта берсін.
* * * * * 
232

ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №92 "Ақсу" жалпы орта мектебінің
 бастауыш сынып мұғалімі Тажиметова Саяра Халматовна
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін пысықтау, сөйлем ішінен сан есімді табуды, оның басқа сөзбен 
байланысын анықтауды, сұрақ қоя білуге үйрету, өткен сабақтан алған ұғымдарын кеңейту.
Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу аясын кеңейту, сөз таптарын ажырата білуқабілетін дамыту
Ұжымшылдыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.             Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиеттік оқу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, суреттер, үлестірмелі парақтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достым, қайырлы күн болсын.
Дүйсенбінің күні сәттілікке толсын!
Кезекшінің мәліметі.
-Балалар, көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба?
Біз екі топқа, яғни, «Алғырлар», «Тапқырлар» болып бөлініп отырмыз. Әр топтың топ басшысы бағалау парақтары 
бойынша ұпай сандарын есептеп отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Берілген сын есімдердің қарама-қарсы сыңарын тауып жазу. Қандай айырмашылық бар, -дай, 
-дей, -дау, -деу жұрнақтары арқылы жасалып тұр.
ІІІ.Өткен сабақты еске түсіру үшін тест жұмыстарын орындаймыз.
ІҮ.Тест жұмысы.
1.неше сөз табын білеміз? А) 4                           ә) 2       б)3
2.Сын есім дегеніміз не?      А) заттың атын        ә) Заттың қимылын, іс-әрекетін      б) Заттың түрін, түсін
3. Етістікті табыңыз.  А)тоғай      ә) ойнап жүр                 б) сары
4. Күрделі етістік қайсысы?    А) отыз алты     ә) тасу     б) барып кел
5. Қарсы мәндес сын есімді тап.  А) кішкене-кішкене  ә) жап-жасыл    б) биік-аласа
7. Негізгі сын есімді көрсетіңіз  а) ағаш       ә) адалдық    б) таза
8. Заттың сынын білдіретін сөз таптары   а) етістік     ә) зат есім    б) сын есім
9. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.  А) Не істеді?   Ә) неше?   Б) қандай?
10. Зат есімді табыңыз. А) биік      ә) кітап      б) он
11. Туынды сын есімді табыңыз.  А) отыз алты    ә) ажарлы    б) жүріп кетті
12.. Етістіктің сұрақтарын табыңыз.  А) не?   Ә) неше?   Б) не істеді
13. Негізгі сын есімді көрсетіңіз   а) білімді   ә) гүл    б) таза
Ү. Ой қозғау. 
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
-Осы өлеңдегі сан есімдерге сұрақ қоямыз.
ҮІ. Жаңа сабақ. Сан есім.(Электронды оқулықпен жұмыс)
-Балалар, математика сабағында біз сандармен берілген әр алуан тапсырмаларды орындай аламыз, бірақ біз санды қосу, 
азайту, бөлу, көбейту амалдарының объектілері ретінде санау таңбасы деп ұғынамыз. Ал қазақ тілінде сан есімдер негізгі 
есім сөздердің бірі ретінде саналады. 
-Қай сыныпта оқисың?  -Сенің жасың нешеде?  -Сенің туған күнің қашан?   Бұл сұрақтарға жауап беру үшін санды 
пайдаланамыз. Мысалы, -біз ауылға дейін 3 сағат жүрдік.
-Сыныпта он бала оқиды. Бұл сөйлемдердегі 10,3, деген белгілі бір заттың санын, ретін, мөлшерін білдіреді.
-Қандай киелі сандады білесіңдер? 
-7 нан, 7 ата, 7 күн, 7 байлық деген не?      (Оқушылардың жауабын тыңдау)
2-жаттығу. Ерекше жазылған сөздерді қандай сандармен ауыстырып айтуға болады?  
ҮІІ. Дәптермен жұмыс. Әр топтың мүшесі тапсырманы тақтаға жазады.
ҮІІІ.Сергіту сәті. 
ІХ. «Мозайка құрастыру» ойыны. Құрастырған суреттері бойынша сан есімі бар сөйлем құрап жазып, сан есімдердің астын 
сыз.
Х.Оқулықпен жұмыс. 4-жаттығу. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, олар қай сөз табымен байланысып тұрғанын сұрақ 
қою арқылы анықтау.
ХІ. «Сыңарын тап» ойыны. Плакаттағы құрамында сан есімі бар мақалдардың жалғасын табамыз. 
-Тағы қандай мақал білесіңдер?
Болар бала жетісінде бас болар, Болмас бала қырқында жас болар.
ХІІ.Математикалық сөзжұмбақ. Бір буыны саннан құралған сөздер білеміз бе? Ендеше, математикалық сөзжұмбақ шешу.
100ік, 100ім, к2лік, 3ем
ХІІІ.Жаңа сабақты қорытындылау.  
-Бүгін қандай сөз табын есімізге түсірдік?
-Оның қандай түрлерін білеміз?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
ХІҮ. Семантикалық карта. Осы кестеде тек қана сан есімдерді табамыз.
ХҮ.Бағалау парағы бойынша мадақтау.
* * * * *
233

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ – ӘДІСТЕМЕЛІК ІЗДЕНІСТЕР ӘЛЕМІ
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №101 жалпы орта 
мектебінің өзбек тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
 Абдираимова Махбуба Абдирашитовна
¥стаз   алдындағы   басты   мақсат  -    сапалы   білім   мен   саналы   тәрбие  беру,  тұлғаның   заман   талабы   мен   ағымына   сай
қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны  ОҚО,  Сайрам  ауданы  Қарабұлақ  ауылы  №101  жалпы  орта  мектебінің  өзбек  тілі
және әдебиет пәнінің мұғалімі Абдираимова Махбуба Абдирашитовна
Педагогикалық – әдістемелік ізденістер әлеміжан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды
қалыптастыруға   жол   ашатын   оқыту   мен   тәрбие   технологиясын   жете   білу,   меңгеру,   біліктілігін   арттыру,   әлемдік  даму
үрдісіне қатысар тұлға даярлау - мұғалім мақсатының бастау көздері.
Қазақстан   Республикасының   Президентінің:   «¥лттық   бәсекелестік   білімділік   деңгейімен   айкындалады.   Қазіргі   заманда
жастарға   ақпараттық   технологиямен   байланысты   әлемдік   стандартқа   сай   мүдделі   жаңа   білім  беру  өте   қажет»   -   деген
бағдарлы сөзі педагогтардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын
алға койып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа
технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті
айкын көрсетілген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді,
ұтымды нұсқаларын таңдап-талғау алдыңғы кезекте тұрады.
Жалпы өз пәнінің шебер маманы педагогикалық технологиялардың өзіндік болмысы мен тарихи бастауларын жете білгені
жөн. Осы тұрғыдан педагогикалық технологиялар жөнінде қажетті деп тапқан мәліметтерді ұсынуды жөн көрдім.
Зерттеушілер американдық және еуропалық мектептердегі оқытуды технологиялық тұрғыдан құруды бастау қозғалысын 50-
жылдар ортасымен байланыстырады.  Бастапқы кезде педагогикалық  технология  ұғымы оқытуды  техникаландыру деген
түсінік ретінде негізге алынып, бүгінгі күнде көріп отырғанымыздай кемел ізденістерге жол ашты, түрлі педагогтар мен
әдіскерлердің   анықтамалары   негізінде   кеңейе   түсті.  В.Беспалько,  Б.Блум,   М.Кларина,  В.Монахов  және   басқалардың
пікірлеріне   сүйенсек,  педагогикалық   технология  (нақты   -   оқыту   технологиясы)   дегеніміз   оқытудың   ұйымдастыру
формалары, құралы және дидактикалық үрдісімен байланысты білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Алыс және жақын шетелдік ғалымдар мен педагогтардың жаңашыл ізденістерімен танысып, білім беру технологияларын өз 
тәжірибесінде қолданумен қатар қазақстандық ұстаздар ұлттық дүниетаным ерекшеліктеріне бейімделген өздерінің 
авторлық технологияларын да қалыптастырды. Бұл жаңашыл ізденістер оқу материалын ұйымдастыру жолдары мен 
құралдарының ерекшелігі, қағидалық құрылымы және оқыту жүйесінің белгілі бір әдістемелік жақтарымен айқындалады.
Қазақстандық   технологияларға   тоқталар   болсам,   кеңінен   қолданылатын   танымал  технология  түрлері:   «Оқытудың
үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (Ж.Қараев, Ж.Кобдикова) және «Модульдік окыту технологиясы» (М.Жанпейісова) туралы
сөз саптай кеткенді жөн көрдім.
* * * * *
ОКО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы "№100 жалпы орта мектебінің
 қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Халкулова Унсинай  Базартаевна
Сабақтың тақырыбы:  Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:  Сан есімнен өткенді қайталай                                
                                          отыра, сөз қолданыста пайдалана   
                                          білуге, емле- ережелерін дұрыс 
                                          қолдануға қалыптастыру.          
                                                 
Күтілетін нәтиже:  1. Сан есімдерді мәтін ішінен 
                                            тауып, мағынасына, құрамына 
                                            қарай талдай алады.           
                                        2. Талдау барысында ой 
                                            еркіндігіне, ізденімпаздыққа,   
                                            шығармашылыққа көңіл бөле                                     
                                            отырып, сөйлеу мәдениетін       
                                            жетілдіреді.
                                        3. Туған еліне, тарихына ондағы 
                                             ұлағатты адамдар өміріне баға 
Не арқылы бағаланады
 
 ?1. Көрнекілік стратегиясы
                                   2.  Ассоциоция құру
                                             3.  Бес жолды өлең  
4.
«Кластер» стратегиясы
5.
* * * * *
234

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп 
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Каумбаева Шарифа Алмурзаевна
Сабақтың тақырыбы: 
1-10-ға дейін санау
Сабақтың мақсаты:
1-10-ға дейін тура және кері санауды үйрету. 
Пәнге қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы:
есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі:
ұқыптылыққа, тазаллыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу  
Әдіс-тәсілі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын
Көрнекілігі: 
кеспе сандар, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Жыл мезгілі
3. Апта күндерін ата
4. Топқа бөлу
ІІ.Негізгі бөлім:
Сабақтың тақырыбын хабарлау: 1-10-ға дейін санау
1-тапсырма: «Адасқан сандар» ойыны
Мына сандарды ретімен қойып шығамыз
Әр топтан бір баладан санату
2-тапсырма: «Ормандағы туған күн»
Балалар, мына жануарлармен бірге қонаққа барайық? 
Олар қайда барады екен?
- Балалар, мыналар қандай жануарлар?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Балалар, қараңдашы қандай сыйлық алып келіпті?
- Аң патшасы не?
1-қонақ: Қоян
Қандай сыйлық алып келіпті?
Балалар Арыстан сәбіз жейма?
Олай болса Қоянды Арыстаннан 
құтқарып алайық? 
Ол үшін Қоянның тапсырмасын 
орындауға көмектесейік.
Қоян мынандай тапсырма алып келді:
мысал: 3 + 2                4 – 1 
2-қонақ: Аю
Аю сыйлыққа бал алып келіпті.
Арыстан бал жейма?
Олай болса Аюғада көмектесейік. 
Аюдың тапсырмасы:
Сауат ашудан алып келіпті
БАЛ               НАН
3-қонақ: Қасқыр
Ал енді Қасқырдың сыйлығын көрейік.
Ол не алып келіпті?
Әрине Арыстанға бұл сыйлық ұнайды.
4-қонақ: Түлкі
Түлкі қандай сыйлық алып 
келіпті? 
Балалар қараңдаршы, мына не 
қылған сыйлық? 
«0» саны қандай мағынаны 
білдіреді?
Демек, түлкігеде көмекке келейік? 
Түлкінің тапсырмасы:
Мына геометриялық пішіндер қалай аталады? 
Олай болса, мына фигураларды атап шығайық?
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ,
Алақанды ашамыз
Бесті-беске қосамыз.
Қане санап көрейік 
Неше болды барлығы?
Балаларды бағалау:
Жарайсындар балалар.
Барлық аңдарды Арыстанның ашуынан құтқарып қалдындар. 
Қорытынды:
Қане қанша ұпай жинадық?
Ұпай көп топқа қошемет көрсету.
 
* * * * *
235

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта 
мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Жасек Оңлагүл Әмзеқызы
Сабақтың тақырыбы: 2 санын  көбейту  және   бөлу  кестесін  құрастыру.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:  Оқушыларды деңгейлеп оқыту арқылы 2-ге көбейту кестесін құру, түсіну, меңгерту  және  есте  сақтауға  
жаттықтыру.
Дамытушылық:Оқушылардың   ой   өрісін   дамыту.Өздігінен   түсініп   орындау   дағдысын   жетілдіру.Жұппен   оқытуға
дағдыландыру.Зерек болуға  тәрбиелеу.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Оқыту әдісі: жұппен оқыту
Көрнекіліктер: интер белсенді тақта кітапхана ресурстары
2.Оқушылардың  жылдам  ойлау,есептеу  қабілетін,ауызша  сөйлеу  мәнерін  дамыту,есептер  шығаруда  өз  бетінше  іздеп
шешімін  табуға, пікір  айтуға  қалыптастыру
3.Оқушыларды   шапшаңдыққа,білгірлікке, ұтымды  ой  айтуға  тәрбиелеу.
Сабақтың  типі:  білімді  пысықтау
Сабақтың  түрі:  ойын  сабақ
Сабақтың  көрнекілігі:оқулық,слайдта  жазылған  есептер,қима  қағаздар
Сабақтың  барысы:  1.Ұйымдастыру  кезеңі. Психологиялық  дайындық.
Қуанамын  мен де,
Қуанасың  сен де.
Қуанайық  бәріміз
Арайлап  атқан  күнге
2.Үй тапсырмасын  тексеру.
3.Өткенді  қайталау
«Кім     нәтижеге       бірінші     жетеді?   ойыны.  Тізбек
бойынша  есептер  шығару
Пысықтау»  сөзі   шығады.
-Балалар,  біз   бүгінгі  сабақта  нені  пысықтаймыз?
- Білімімізді
-Дұрыс   айтасыңдар, бүгін   білімді   пысықтау   сабағы.
Сабағымызды    әртүрлі    ойындар   арқылы    жүргізетін
боламыз.
Оқулықтағы  1-тапсырманы  орындау.
«Белгісіз  санды  тап»  ойыны   кесте  бойынша    бөліндінің   мәнін  табу Топпен  орындалады.
    Ітоп
Көбейткіш
  3
    5
   8
Көбейткіш
  2
    4
   3
Көбейтіндінің   мәні
   ІІ  топ
 
«Жаңылмай     тап»  ойыны.   «+»,   «-»таңбасының
тиістісін  қойып  жазу.
60…15…5=80                       60…(15…5) = 40
60…15…5=70                       60…(15…5) = 50
№2 Қосуды  көбейтумен  алмастыр.
4+4+4+4=4х4             50+50+50=50х3
9+9+9+9=9х4     17+17+17=17х3
14+14+14=14х3
Барлығын  вуыстыруға  бола ма?
Сергіту  сәті. 
Өзіндік  жұмыс.  Оқулықтағы  №6 тапсырманы  орындайды
   «Ойлы болсаң,озып  көр»  ойыны Оқулықтағы №7  тапсырмаға  ауызша  жауап  беру
    «Иә» немесе «Жоқ»  ойыны  Топпен  жұмыс.

18 санын 6-ға арттыратын болса, 25 шығады;       •
7 саны 20 санынан 17-ге кем;

100-ден 30-ды  азайтқанда  70  шығады            •
егер 35 санын 10-ға кемітсе, 25   шығады;

26 мен 7 сандарының айырмасы 18-ге тең;

4 дм-де 40 см  бар

азайғыш - 24, азайткыш - 8. Айырманың мәні 16-ға тең;

15 саны 7 санынан 9-ға артық.
18.
   1кг-да  1000 г  бар
ҮІ. Сабақты қорыту. Ауызша  жаттығулар  орындау
Үйге   тапсырма:
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылы 
236
Бөлінгіш
 10
   18
   15
Бөлгіш
  5
    9
    3
Бөліндінің  мәні

Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің 
бастауыш сынып мұғалімі Маябас Нұржамал Әліпбекқызы
Тақырыбы:   Б дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 
Оқушыларды  жаңа б дыбысымен таныстыра отырып, тілін дамыту,
өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру. Дыбыстау кезіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды 
ажырату. Буыннан сөз , сөзден сөйлем құрауға дағдыландыру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақтың барысы:
I.Алғашқы ұйымдастыру
ІІ.  Психологиялық дайындық
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз-білім алу,
Міндетіміз-еңбектену
Еңбектену арқылы білімге қол жеткізу.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. 
а) «Е» дыбысын қайталату мақсатында «е» дыбысы кездесетін адам аттарын  айтқызу. Ерік, елемес, Әселім, Еркебұлан, 
Көркем, Сержан Елемес, Берік
Үй тапсырмасын сұрау. «Асқар» мәтінін оқыту

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет