Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Ойын: Буыным қайда? Ой қозғау



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Ойын: Буыным қайда?
Ой қозғау.
Шеп-шеп, шөжелерім
Сары алтындай балапаным
Тез жетіңдер, жем берейін,
Дәнге толы алақаным
-Өлең не туралы?
-Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Балапан сөзін буынға бөліңдер, неше буын бар? Ба-ла-пан
-Балапан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
-Айтып көрейік, б б б
Жаңа сабақ –Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Б дыбысы мен әрпі.
Оқулықтағы берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру, сөздік жұмысын жүргізу. 
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
Бақа ол суда тіршілік етеді
Балық- өзендерде тіршілік етеді.
 Бота түйенің баласы
 Болат-берік, қатты деген сөз,
бөрік-бас киім
 көрік-келбет, яғни адамның әдемілігіне қатысты айтылады.
Дәптермен жұмыс. Б дыбысының баспа және жазба түрімен таныстырып, б дыбысының бас және кіші әрпінің салу 
ережесін түсіндіру.
Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламамымызды қоямыз. Төмен қарай сәл көлбеу сызықты астыңғы сызыққа жетпей 
жоғары қарай жарты доға жасай отырып иеміз. Енді сәл имегі бар түзу сызықтан тұратын қалпағын кигіземіз. Кіші әрпін 
салу үшін жазу жолының ортасынан сәл жоғары қаламымызды қойып, оңнан солға қарай иіп, үлкен жолдың ортасына дейін 
созып оңға қарай сәл сызамыз.
 Мазмұнды суретпен жұмыс. 
-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? 
-Олар қай жерде жүр?
-Қолдарында не бар?
-Қандай тақырып қоюға болады?
« Көл жағасында» 
Мәтінмен жұмыс. Интербелсенді тақтадан мәтінді оқу.
 –Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көкөністер мен жемістер қай мезгілде піседі?
-Ендеше, күз болды,  бақта өсіп тұрған алмаларымызды жинап алмасақ не істейді? Үсіп кетеді, слндықтан үсіп кетпей 
тұрғанда жинап алайық.
«Алма жинау» ойыны.
-Қане, кім еңбекқор екен, ол үшін әрбір алманың артында сөздер бар, соны оқыған бала алманы мына себетке салады.  
(көрік, қағаз, шелек, тарақ)
Суретпен жұмыс. «Бақшада» тақырыбына сөйлем құраймыз.
Қорытындылау. –Сонымен, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Мадақтау. Қызыл гүл, сары гүл, көкөністер.
237

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп Мектепалды 
даярлық тобының тәрбиешісі Жумабаева Динара Куркембаевна Сабақтың тақырыбы:  «Хх» дыбысы және әрпі.  
Сабақтың мақсаттары:    
1) Білімділік:  «Хх» дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.Кеспе әріптерден буын , сөз, 
сөйлем құрату. Хх дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.  
2) Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін 
дамыту , сауатты жазуға баулу.  
3) Тәрбиелік: Әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,  көрсету, түсіндіру, ойын,  қол жаттықтыру жұмысы. 
Сабақтың көрнекіліктері:  кеспе әріптер, суреттер,  Хх әрпінің баспа және жазба түрі.  
Сабақтың барысы:   
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Керек заттарын дайындату;
3. Назарларын сабаққа аудару.
4. Ережелерді еске түсіру.
5. Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері.  Балалар қол ұстасып шеңбер құрап,
мынадай өлең жолдарын айтады.  
Арайлап таң атты  
Алтын сәуле таратты.  
Жарқырайды даламыз,  
Қайырлы күн, достарым!  
Қайырлы күн, Ұстазым!  
Психологиялық дайындық. 
Бір, екі, үш,  
Сынып іші тып-тыныш  
Жалқаулықты тастаймыз 
Сабақты біз бастаймыз.    
2. Өтілген сабақты еске түсіру  
1.- Балалар өткен сабақтағы әріптерді еске түсірейік:  
Аа,  Тт,  Пп,  Нн,  Ғғ,  Рр,  Лл,  Уу,  Шш,  Йй,  Ққ,  Дд,  Мм,  Бб, Сс,  Ыы,  Жж,  Ұұ,  ң,  Ее,  Кк,  Іі, Әә,  Ии,  Зз,  Өө,  Үү,  
Гг,  Яя,  Юю.  
- Бір жылда қанша мезгіл бар?    
- Қазір қай мезгіл?
- Бүгін аптаның қай күні? 
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? 
- Балалар дыбысты не істейміз? 
- Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? 
- "Юю"-қандай дыбыс? 
- "Юю"-дыбысынан келетін сөздер айт  
3. Жаңа сабақ. 
Ой шақыру  
Жұмбақтар шешу 
Аяғы жоқ, қолы жоқ. 
Жүрмейтұғын жолы жоқ.  
                      (Хат
Сәлем алып алыстан  
Туысынан таныстан, 
Келетұғын хат, хабар  
Қай әріптен басталар? 
                         (Х)   
- Хат сөзінің басында қандай әріпті естіп тұрсыңдар?  
- Енді бізге "Хх" әрпі қонаққа келіпті. 
- "Хх" әрпін хормен айтқызу.  
- "Хх" әрпі дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. 
- "Хх" әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.  
- "Хх" әрпі бар сөздер айтқызу. 
Сөздің басында:  Хат,  хабар,  халат,  хор,  Хамит,  хоккей.    
Сөздің ортасында: Шахмат, саяхат, дәріхана, кітапхана, шеберхана, асхана.  
1-тапсырма. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.  
2-тапсырма. "Қай дыбыстан басталады?" Сызып көрсет.  
3- тапсырма. Сөздерді буынға бөл. Сызып көрсет.  
4-тапсырма. Буындардан сөз құра.  
Сергіту сәті  
Жазу жұмысы. 
Қолға қалам алайық, 
238

Әдемі етіп жазайық.  
1. Ауада жазу. 
2. "Хх" дыбысын үлгі дәптерге жазу. 
Сабақты қорыта келіп, жаңылтпашты жаттау. 
Хабиба сумка көтерген,  
Хат-хабар күнде әкелген.   
4. Жаңа сабақты бекіту.
 Ой қорыту.  
1. Балалар бүгін сабақта қандай әріппен таныстық?  
2. "Хх" әрпінен басталатын қандай сөздер талдадық?  
3. Қандай буындардан сөз құрастырдық?
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы № 3 Хамза  атындағы  жалпы орта
 мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Талипова Саяра  Каримжановна 
Тақырыбы: Абай «Ескендір» поэмасы
Шығармашылық жоба тақырыбы: «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»
Жобаның қысқаша мазмұны: Жобамен жұмыс жасау барысында оқушылар 
поэмаға талдау жасайды , онда көтерілген әділдік пен жауыздық арасындағы тартысты ұғынып, идеясын ашу және 
автордың көзқарасын таныту мақсатында проблемалық сұрақтарға жауап іздей отырып ақпаратты алу, талдау, салыстыру 
арқылы өз ойларын айтуға, дәлелдеуге қалыптасады. Топтық жұмыс жасай отырып коммуникативті, проблеманы шешу 
құзыреттіліктері дамиды. 
Жобаның ұзақтығы: 1 апта 2 сағат
Жоба кезеңдері
І.  Дайындық кезеңі
  «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?»
(“Ескендір” поэмасы Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатыны 
жөнінде пікір алмасу). 
ІІ.  Негізгі  кезең
Оқушылар үш топқа бөлінеді: «Тарихшылар», «Зерттеушілер», «Журналистер». 
«Тарихшылар». Еліміздегі Ескендірге қатысты жер атаулары.
4.
Ақпарат көздерінен Ескендірге қатысты жер атаулары туралы мәлімет жинайды.
5.
Ақын-жазушылардың шығармаларынан Ескендірге қатысты жер атаулары туралы мәлімет жинайды.
6.
Мәліметтерді қолдана отырып карта  әзірлейді.
«Зерттеушілер». Абай шығыс аңызын өмір шыңдығына жақындата жырлады
11-
Шығыс ақындары Низами, Фердауси шығармаларын оқи отыра ондағы Ескендір мен Абай жырлаған Ескендірді 
салыстыра отырып, мінездеме дайындайды.
 «Журналистер». Александр Македонский сіз үшін қандай тұлға. 
2-
Мұғалім, ата-ана және жоғары класс оқушыларына сауалнама қоя отырып, интервью алады. 
3-
Интервью нәтижесін кесте түрінде ұсынады. 
ІІІ. Жобаны қорғайды. 
Ескендір Зұлқарнайынның Орта Азиядағы жаулап алған жерлері 
Шығыс ақындары жырлаған Ескендір 
Абай жырлаған Ескендір 
1. Қолбасшы 
2. Империя құрушы 
3. Айлалы әскербасы 
4. Аристотель шәкірті 
5. Өз саясатын жүргізуші 
1. Ел жаулағыш 
2.Зұлым патша 
3. Баққұмар 
4. Көзі тар 
5. Көрсеқызар 
6. Тойымсыз 
1. Александр Македонский сіз үшін қандай тарихи тұлға? 
1.
Әлемді жаулап алып, өз саясатын жүргізуді мақсат еткен тарихи тұлға. 
55% 
 Қоғамдық пікір 
2. 
Тарихта қанқұмар, қанішер атымен қалған, ақындар жырлаған тұлға 
45% 
2. Македонский жорықтарының қазақ даласымен, қазақ тарихымен қандай байланысы бар? 
1.
Байланысы бар екенін білемін 
13% 
 Қоғамдық пікір 
2. 
Ешқандай байланысы жоқ 
37% 
3. 
Ол жөнінде білмеппін 
50% 
3. Александр Македонскийдің әлем тарихынан ерекше орын алып, даңққа бөлінуінің сыры неде? 
1. 
Жер жүзін жаулап аламын деген саясатында 
15% 
 Қоғамдық пікір 
239

2. 
Өз заманынан озып туған тұлға екендігінде 
20% 
3. 
Ол – қолбасшы, айлалы әскербасы, империя құрушы 
75% 
4. Александр Македонский тұлғасына қатысты қандай жайттар сізді ерекше қызықтырады? 
1. 
Ескендірдің қолбасшылық дарыны 
55% 
 Қоғамдық пікір 
2. 
Македонскийдің ұстазы Аристотель болуы 
40% 
3. 
Ескендірдің «Қос мүйізді» аталуы 
5% 
* * * * *
ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІ
ОҚО, Сайрам ауданы Арыс ауылы №12 Т.Рустемов атындағы мектеп-гимназиясы 
биология  пәні мұғалімі Тохтарова Саодат  Равшанбековна
        Өзгергіштік деп — бір топқа жататын даралар  арасындағы айырмашылықтарды, сонымен  қатар  тіршілік  циклінің
кезеңі, өрісі және  жасындағы  айырмашылық    жазылмайтын  дараның  сол  түрдің  дараларынан  ерекшелігін  айтады.
             Өзгергіштіктің   екі   түрі   бар:   тұқым   қуалайтын   және   тұқым   қуаламайтын.   Біріншісі   тұқым   қуалаушылық
материалының     өзгергіштігіне   қатысты   болса,       екіншісі   организмнің     қоршаған   орта   жағдайына   жауап   қайтару
нәтижесі  болып табылады.  
       Тұқым  қуалайтын өзгергіштік мутациялық және комбинативтік болып  бөлінеді.
Мутациялық   өзгергіштіктің   алғашқы   себебі   мутация   болып   табылады.   Оларға   генетикалық     материалдың     тұқым
қуалайтын     өзгерісі     деп   анықтама     беруге   болады.   Ыдырау   мен   мутацияның   алмасуы,   және   гендердің   әркелкі
аллельді  күйде  болуына  негізделген  өзгергішті  комбинативті  деп  атайды.
         Мутациялық  теория  ХХ  ғасырдың  басында  Г. Де Фриздің  еңбектерінде  туындаған.  Оның  мәні  қазіргі  күнде
қызығушылық  тудыратын  келесі  негізгі  жағдайларға  байланысты:
        1.  Мутация  ауысымсыз,  секірмелі  түрде  пайда  болады.
        2.  Түзілген  жаңа  формалар  тұрақты
        3.  Мутация  сапалы  өзгергіштік  болып  табылады.
        4.  Мутация  әркелкі  бағытталған  ( жағымды  және  жағымсыз )
        5.  Мутациялардың  көрінісі зерттелетін  организмдердің  көлеміне байланысты.
        6.  Бір  мутация  қайта  пайда  болуы  мүмкін.
Мутациялық   өзгерістер   әр   түрлі   болады.   Олар   организмнің   морфологиялық,   физиологиялық   және   биохимиялық
белгілерін   қозғауы,   және   қалыптан   өте   тез   немесе   әлсіз   көрінерлік   фенотиптік   ауытқу- ларды   тудыруы   мүмкін.
Мутацияның  жіктеудің  бірнеше  принциптері  белгілі.  Авторлардың  айтуынша  мутацияның  тиімді   жіктелуін  жасау
өте  қиын,  және  қазіргі  жіктелулер  өте  жүйелі  түрде жасалған. 
   І. Генотиптің  өзгеруі  бойынша:  
 1.  Гендік  мутация.
 2.  Хромосома  құрылымының  өзгеруі  немесе  хромосомалық қайта  құрылымдар.                         
 3.  Хромосома  санының  өзгеруі.
          ІІ.  Фенотиптің  өзгеруі  бойынша:    
 1.  Летальді.
 2.  Морфологиялық.
 3.  Физиологиялық.
 4.  Биохимиялық.
 5.  Мінез-қылықтың.
         ІІІ.  Гетерозиготадағы  көрінісі  бойынша.               
 1.  Доминантты.
 2.  Рецессивті.
         ІV.  Пайда  болу  жағдайына  байланысты:
 1.  Тәжірибе  жасаушы  жағынан  еш  себепсіз  және  жағдайсыз  пайда  болатын  өзгергіштік.  Негізінен    
      спонтанды  мутация  деп,  пайда  болу  себептері  белгісіз  болған  жағдайда  айтады.
 2.  Индуцияланған, яғни  белгілі  бір  іс – әрекет  нәтижесінде пайда  болған.
         V.   Нормалы  фенотиптен  ауытқу  дәрежесі  бойынша: 
               1932 жылы  Г. Меллер  мутацияны  мынадай  категориямен  жіктеуді  ұсынды:   
                   Гипоморфты,  аморфты, антиморфты, неоморфты  және  гиперморфты. 
         VІ.  Клеткадағы  орналасуы  бойынша:
 1. Ядролы.    2.  Цитоплазмалы.  
           VІІ.  Тұқым  қуалау  мүмкіншілігіне  қарай:
1.
Генеративті, яғни  жыныс  клеткаларында  болатын
2.
Соматикалық, соматикалық  клеткаларды  болатын  мутациялар.
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы  №100 жалпы орта мектептің 
240

тарих пәні мұғалімі Сайфуллаева Раъно Эшонқуловна
Сабақтың тақырыбы:ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы  қазақ шаруаларының азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
 
 
Білімділік. 
Оқушыларды ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің негізгі алғышарттары, 
себептері, мақсаты, көтеріліс барысы, жеңілу себептерімен таныстыра отырып, ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ 
шаруаларының азаттық күресінің Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына тигізген ықпалын ашып көрсету. 
Дамытушылық: 
Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақ мазмұнын түсіндіре отырып, тарихи 
оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту, тарихи деректер бойынша 
тұжырым жасау білу дағдысына үйрету. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. 
Тәрбиелік: 
Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Оқушылардың туған жерге деген 
сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қадір-қасиеттерді үлгі ету, ерлікке, батырлыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,кесте,тест,мултимедиа,слайдтар,карта
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі:проблемалық ізденіс,материалды құрылымдау
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасымен жұмыс
3.Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
1.Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған шаруалар көтерілісінің алғышарттары,басталуы
2.Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс,басталуы,барысы
3.1858 жылы Оңтүстік Қазақстандағы қазақ шаруаларының күресі
1858 ж. қазақ шаруалары көтерілісінің барысы
1858 ж. наурыз - Әулиеата маңында көтеріліс басталды.
1858 ж. - Әулиеата, Шымкент, Тоқмақтағы Қоқан горнизиондарын  қоршады.
1858 ж. – Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.
1858 ж. -  Ташкент билеушісі Мырза Ахмет 3000қолмен Әулиета бекінісін қоршап, көтерілісшілерді жеңе алмады.
1858 ж. – Қоқан ханы Кенесарұлы Тайшық сұлтанды Ахмет ханға  көмекке жібереді, қазақтар шегінді.
1858 ж. мамыр – Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын алды, Жаңақорған мен Түркістанды   қоршайды.
1858 ж. - қазақ билеушілері Қоқан билеушілерімен ымыраға  барады(жеңілдіктер береді) Көтеріліс аяусыз басып 
жаншылады.Ташкент билеушісі Мұрат Аталық болады.
1868 ж. - Қоқан хандығы, 1873ж. Хиуа хандығы, 1867ж. Бұхар  хандағы Ресей құрамына кірді.
Толықтыру тесті.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы ................... руынан шықты.
Хиуа ханының ұлы ............... Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызды.
1856 жылы жазда ..................... ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.
................ жылы Қазалы порты қоршауға алынады.
Жанқожа бастаған көтерілісшілер саны ............. адамға жетті.
Есет Көтібарұлы көтерілісі ................... жүзді қамтыды.
1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы .........................лагеріне шабуыл жасап сұлтанды сыбайластарынмен қырып салды.
1858 жылы қыркүйекте ......................көтерілісті тоқтатып, патша билігін лажсыз мойындауға мәжбүр болды.
1858 жылы наурызда .....................маңында Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс басталды.
1858 жылы көтеріліс ...................халықтары тізе қосып, бірігіп қимылдады.
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атаниязов Нематжон Мирзаханович
 Сабақтың тақырыбы:             Сәкен Сейфуллин     (1894-1938)
Сабақтың мақсаты:
                                 а)   С.Сейфуллиннің өмір жолын,шығармашылығын, қоғам қайраткері екенін таныту; 
                                   ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі-өнеге ету;
                                   б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу, өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға 
дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу;
Сабақтың түрі:     жаңа    сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары, портреті,шығармалар жинағы  т.б
Пәнаралық байланыс:          тарих
Сабақтың барысы:
                                                     а) Ұйымдастыру кезеңі:
                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
                      Үйге берілген тапсырманы  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
                                           б) Жаңа сабақты түсіндіру:
241

        С.Сейфуллин  Ақмола облысы,Нілді болысында туған. Ауыл молдасынан арбша хат таныған Сәкенді ата-анасы 
Нілдідегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен  1908-1913 жылдары  Ақмолада Прихордская школады, 
қалалық училищеде білім алады.
Тірек сызба арқылы шығармаларымен таныстырамын.
Кітаппен жұмыс:   Сәкенің өлеңдерін  мәнерлеп оқиды
 Білімді бекіту:   Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Сәкен неге жазықсыз жалаға ұшырады?
Үш бәйтерекке тағы кімдерді жатқызамыз?
Қандай газетте еңбек етті?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма:              С.Сейфуллиннің өмірбаянын оқып келу.
* * * * *
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №77 Хамза атындағы жалпы орта
 мектебінің жоғары санатты физика пәні мұғалімі Халаев Миркурбан Хасантаевич 
Күш және масса
Тақырыптары бойынша берілген есептердің
1 нұсқасының «А» деңгейі
55. Массасы 45 кг бала су бетіндегі массасы 1,5 тонна қайықтан 1,5 м/с жылдамдықпен жағаға қарай секірді.Қайық қандай
жылдамдыққа ие болды?
56. Шойын шардың V=125 см³ көлемдегі массасы  m=800 кг.Бұл шар тұтас па әлде қуыс па?
57. Серіппе 150 Н күштің әсерінен 23 мм ұзарады.Серіппенің қатаңдығы қандай?
«В» деңгейі
58. Көлемі 2 см³ заттың массасы 27,2 г, ондағы атомдар саны 8,2∙10²² болса, заттың бір атомының массасы қандай?
59. Жүк көтергіштігі 5 т болатын машинаға өлшемі V=0,003м³ кірпіштің қаншасын тиеуге болады? ρκ=1800 кг/м³;
60. Телемұнараның биіктігі 108 м, ал массасы 305 т. Осы телемұнараның макетінің биіктігі 108 см болса, оның массасы
қандай болар еді?
«С» деңгейі
61. Массасы 860 г шыныдан жасалған текшенің толық бетінің ауданы 300 см² болса, шынының тығыздығы қандай болғаны?
62. Сумен толтырылған ыдыстың массасы 70 г.Осы ыдысқа массасы 15 г металл кесегін салғанда жалпы оның массасы 83,5
г болды.Металдың тығыздығы қандай?
63. Көлемі 5,4 м³ бакты керосинмен толтыру үшін өнімділігі минутына 20 кг болатын насосты пайдаланса осы бакты қанша
уақытта толтыруға болады? ρκ=0,8 г/см³;
Күш және масса
тақырыбы бойынша берілген есептердің
11 нұсқасының «А» деңгейі
64. Көлемі 2 л өсімдік майының массасы m=1840 г.Майдың тығыздығы қандай?
65. 3 Н  күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.
66.
Массасы 2 кг ыдысқа көлемі 6 л бензин құйылған.Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?
67.
«В» деңгейі
67. Көлемі 15∙10 м³  заттың массасы 110-ға тең болса, осы заттың 1 м³-нің массасы қандай?
68. Гипстен жасалған плитаның іші қуыс болады, массасы 5 кг, көлемі 0,0042 м³ плитаның ішіндегі қуыстың көлемі қандай?
69. Мензуркадағы көлемі   V
1
=110 мл суға шыны тығын салғаннан кейін судың көлемі       V
2
=180 мл болған.Тығынның
массасы қандай?  ρш=2,5∙10³ кг/м³.
«С» деңгейі
 70.Массасы 3кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бір қалыпты сүйрегендегі
үйкеліс коэффициенті 0,3 ке тең болса, серіппе қаншаға ұзарады?
71.Темірден және алюминийден жасалған заттардың көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминийдің массасынан
12,75 г артық болса, осы заттардың массалары қандай?
    ρ
1
=7,8 г/см ³;           ρ
2
=2,7 г/см³;
72.Қабырғаға сүйеулі тұрған сүймеге әсер 
ететін күштерді атаңдар және оны салып көрсетіңдер.
* * * * *
                                                   
ОҚО, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы №10 "Қарабұлақ"  жалпы орта 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақназарова Ёқутой Мадрахимовна
Сабақтың тақырыбы:            І. Жансүгіров  «Жетісу суреттері»
Сабақтың мақсаты:
 а)   І. Жансүгіровтің  ақындық шеберлігін таныту,жер жаннаты Жетісудың көркем табиғаты туралы әңгімелесу;
 ә) оқушылардың сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрістерін  дамыту;
б) Ілияс шығармаларын талдау арқылы  эстетикалық тәрбие  қалыптастыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:     лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену  т.б
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы,   портреті ,пейзаждық сурет  т.б
Пәнаралық байланыс:          тарих
Сабақтың барысы:         а) Ұйымдастыру кезеңі:
242

                         Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
                                               ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
                 Үйге берілген І.Жансүгіровтің  өмірбаянын  сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
                                                 б) Жаңа сабақты түсіндіру:
           І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңі пейзаждық  лирика жанрына жатады. Өлең 1925 жылы жазылған. «Жетісу 
суреттері» 5 тараудан тұрады.
1. Жалпы сын              2. Тау суреті               3. Жетісуда су суреті
      4. Жетісу жәндігі                  5. Жер түгі
Өлеңді мәнерлеп оқу
          Өлеңде туған жері мен елінің тау-тасын,өзен –көлін беріле сүйген ақынның өзін қоршаған  ортадан нәр алған 
шабытты шалқар сезімі беріледі.  Ақын табиғат көрінісін айшықты бояулармен кестелейді. 
        Енді оқушылар назарымызды мына бейне сөзге аударайық. 
         Жетісу-жер жаннаты. Қазақстанның ең сұлу  өңірі төрт түлікке құт болған,тарихы мол,қазыналы өңір.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет