Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтардың тарихи тағдырлары – сол халықтардың этникалық территориясы деп аталына алатын қандайда бір географиялық аймақпен тығыз байланысты. Бұл территорияларды мекендеушілер осы халықтардың этникалық ерекшелігін айқындайтын өзіндік шаруашылық тәжірибесі мен салт дәстүрін ұрпақтан – ұрпаққа мұра етті. Әлем халықтарының, ал соның ішінде Орта Азия халықтарының тұрмысы мен мәдениеті өзара тығыз байланыста дамығандығына сан ғасырлық тарихтың барысы куә.
Бүгінде, әр халық өзінің тарихи тағылымын толық игеріп, өткенін саралап, ұлттық сипатын зерделеген шақта салт-дәстүр мәселесі біз үшін маңызды.
Көпэтносты Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге этностардың бірі – қарақалпақ халқы болып саналады. Қарақалпақ халқы ежелден қазақ халқымен бірге өмір сүрген түбірі бір түркі тілдес халықтарынан шыққан туысқан халықтардың бірі болып табылады. Қарақалпақтардың отаны қазіргі Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстан Автономиялық Республикасы болып, олардың негізгі бөлігі сонда өмір сүреді. Қазіргі кезде қарақалпақ халқы Қазақстанда өмір сүріп жатқан ең негізгі халықтардың бірі болып, ендігі кезде олардың этникалық шығу тегін, діні мен тілін нақтылау және Қазақстан өңірлерінде қоныстануын анықтау мен саралау, сондай-ақ шаруашылығы мен әлеуметтік тарихын, этнодемографиясы мен этномәдени байланыстарының дамуын көрсету көпэтносты Қазақстан қоғамы үшін маңызды болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |