2.2 Қарақалпақтар арасындағы білім деңгейі
1999 жылғы санақ бойынша қарақалпақтардың екі жынысын бірге 6 жастан бастап жоғары санағанда 1329 адам, оның ішінде білім деңгейі бойынша; жоғары білімі бар – 152 адам, аяқталмаған жоғары білім – 19 адам, орта кәсіби білім – 201 адам, жалпы орта білім – 427 адам, негізгі орта білім – 151 адам, жалпы бастауыш білім – 206 адамда тіркелген.
Енді қарақалпақ ер азаматтардың білім деңгейіне тоқталайық. 6 жастан бастап жоғары санағанда 699 адам, оның ішінде білім деңгейі бойынша; жоғары білімі бар – 76 адам, аяқталмаған жоғары білім – 13 адам, орта кәсіби білім – 100 адам, жалпы орта білім – 230 адам, негізгі орта білім – 88 адам, жалпы бастауыш білім – 110 адамда тіркелген.
Енді қарақалпақ әйелдерінің білім деңгейіне тоқталайық. 6 жастан бастап жоғары санағанда 630 адам, оның ішінде білім деңгейі бойынша; жоғары білімі бар – 76 адам, аяқталмаған жоғары білім – 6 адам, орта кәсіби білім – 101 адам, жалпы орта білім – 197 адам, негізгі орта білім – 63 адам, жалпы бастауыш білім – 96 адамда тіркелген.
Жалпы 1999 жылғы халық санағының білім деңгейі бойынша статистикаға қарасақ қарақалпақтар арасында ер мен әйел адамның білім деңгейлері тең деп айтсақта болады [44].
2009 жылғы халық білім деңгейі және ұлттары бойынша қарақалпақ ұлтының білім деңгейіне тоқталсақ.
15 жастан жоғары қарақалпақтардың білім деңгейі. Барлығы – 2828 адам тіркелген. Соның ішінде білімі бар: Жоғары оқу орнынан кейінгі (аспирантура, магистратура, докторантура) – 2 адам, екі және одан көп – 6 адам, жоғары – 307 адам, аяқталмаған жоғары – 46 адам, орта арнаулы – 528 адам.
Бастауыш кәсіптік – 58 адам, жалпы орта – 954 адам, негізгі орта – 365 адам, бастауыш – 175 адам, мектепке дейінгі – 103 адам, сауатсыз – 284 адам тіркелген [45].
1999 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар адамдар артқан. Мұны 2000-ші жылдардан кейін қарақалпақтардың Қазақстанға көшіп келу қарқыны күшеюінің әсері барын ескеру керек.
Қарақалпақ этносы, әдеттегідей, ауылшаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысады, бірақ басқа да мамандықпен жұмыс істейтіндері де бар. Мұны мәліметін ұсынған 37 респонденттің төмендегі жауаптарынан көре аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: |