Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін теориялық және практикалық тәсілдер мен қабысатын қазіргі заманғы кешенді зерттеу әдістері құрайды. Аталған жұмысты орындауда тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері басшылыққа алынды : қажетті деректерді табу және оларға сипаттама берудегі тарихи таным, оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи обьективтік нақтылық, танымдағы жан-жақтылық және «диаспора», «ирредент», «этномәдени үдерістер» т.б. теорияларында көтерілген концептуалдық мәселелер өткен және қазіргі кезеңдегі байланыстық мағына дәрежесінде пайдаланылды. Еңбекте анализ, синтез, тарихи жүйелілік, тарихи – салыстыру, хронологиялық және басқа да әмбебаптық жалпыға мәлім зерттеу әдістемелері қолданылады. Осыған байланысты Қазақстандағы қарақалпақтардың этномәдени үрдістері мен үдерістеріндегі бағыттар республикааралық көлемде салыстырылып, жүйеленді.
Сонымен бірге этнографиялық мәліметтерді тарихи – генетикалық салыстыру принципі негізінде зерделеу тәсілі де басшылыққа алынды. Салыстырмалы мәліметтерді кірістіре отырып, Орта Азияның басқа да халықтарының этнографиясындағы мәлім болған деректерді саралау, отбасылық –некелік қарым –қатыныстарға байланысты әдет – ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жүйесінің озара әсерлері мен байланысын анықтауға негіз бола алды. Мұндай талдау барысында жекелеген халықтардың отбасылық –некелік қарым – қатынастарына байланысты әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін әркелкі дәреже деңгейінде ескеріледі.
Қарақалпақтардың отбасалық некелік қарым – қатыныстарына байланысты әдет ғұраптары мен салт-дәстүрлерін сол халықтың рухани қазынасының негізгі саласы ретінде қарастырған Т.А.Жданконың, Л.Толстованың, Х.Есбергеновтың әдісқамаларын басшылыққа ала отырып, рухани мәдениет аспектісі негізінде сараланды.
Достарыңызбен бөлісу: |