Қазақстан республикасы қарақалпақтары арасындағы этно-мәдени үрдістер кіріспе



бет15/30
Дата07.01.2022
өлшемі214,19 Kb.
#18388
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
диссертация оконч вариант

12 адам (32,4%) – жұмыссыз;

адам (16,2%) – қызмет көрсету саласында;

адам (18,9%) – басқа салада;

3 адам (8,1%) – жұмысшы;

3 адам (8,1%) – студент;

адам (5,4%) – мемлекеттік қызметкер;

адам (5,4%) – мұғалім, оқытушы;

1 адам (2,7%) – сатушы;

1 адам (2,7%) – мәліметі көрсетілмеген

Көріп отырғаныңыздай, қазақстандық қарақалпақтардың басым көпшілігі жұмыссыз. Мұның себебін жауап берушілердің басым бөлігінің әйелдер болуымен түсіндіруге болады. Сауалнама соңындағы «Сіз өз жауаптарыңызға тағы нені қосқыңыз келеді? Сіздің мектепте оқыту, мәдени-ағарту жұмыстары, ана тілінде кітап пен үнқағаз шығару туралы қосып-алатын ұсыныстарыңыз бар шығар?» деген сұраққа олар ұлттық мерекелерін тойлап, үлкен буын мен жас буынның өзара байланысын нығайту үшін және жастарға халық ауыз әдебиетін үйрету үшін қарақалпақ этномәдени орталықтарының көптеп ашылуын, әсіресе Қарағандыда ашылса деген тілектерін білдірді.

Зерттеу нәтижелерін мынадай тұжырымдармен қорытындылауға болады:

  • қарақалпақтар мен қазақтардың саяси-әлеуметтік, экономикалық және тілдік тұрғыдан ықпалдастығы өте ерте кезден бастау алады;

  • ғалымдардың көбі қарақалпақтарды қазақ және ноғай этностарымен тарихы, тілі, діні, мәдениеті, антропологиясы бір немесе өте жақын деп қарастырады;

  • Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының өкілдері Маңғыстау, ОҚО және Жамбыл облыстарында шоғырланған.Олардың елу пайызға жуығы Қарақалпақстанда дүниеге келген.

  • Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының халық саны 1970 жылдан 2009 жылға дейін алты есе артқан. 1989-2006 жылдар аралығында қарақалпақтардың түрлі себептермен қазақ жеріне көптеп көшіп келуі байқалады;

  • Қазақстанда 1999 жылдан бері қарақалпақ қоғамдық бірлестіктері жұмыс істеуде;

  • Қарақалпақтардың салт-дәстүрлері жергілікті қазақтармен өте жақын, сондықтанда қазақстандық қарақалпақтар ұлттық дәстүрлерін толық сақтауда және кейбір ерекшеліктерін де жалғастырып келуде;

  • Қарақалпақ тілі – Қарақалпақ Республикасының мемлекеттік тілі, қазақстандық қарақалпақтардың экзогенді тілі болып табылады. Қарақалпақ тілінің екі диалектісі бар. Диаспора өкілдері мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілін еркін меңгерген;

  • Қазақстандағы қарақалпақтарда аралас некеге шектеу жоқ және олардың қазақтармен некелесуі жиі кездеседі. Олар ешқандай этносаралық қақтығыссыз өмір сүруде.

1914/15 оқу жылында Қарақалпақтарда 200 оқушысы бар 4 жалпы білім беретін мектеп болды. 1971/72 оқу жылында 729 жалпы білім беретін мектептерде 200 мыңнан астам оқушысы, 16 арнаулы оқу орындары 10 мыңға жуық оқушысы, Нүкістегі педагогика институтында 5 мыңнан астам студент оқыды. 1971 ж, мектепке дейінгі мекемелерде 15 мыңдай балалар тәрбиеленді. 1972 ж. 1 қаңтарда Қарақалпақтарда 405 кітапхана (2 млн данаға жуық кітап, журналдар), 236 клубтық мекемелер мен 279 киноқондырғы, Тарих-өлкетану және өнер музейі болды.

Түркі тілдерін тілдік  тұрғыдан топтастыру –классификациялау,  сөйтіп әрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау Махмуд Қашқаридан басталады. Ол өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» деген сөздігінде түркі тілдерін орналасқан орнына қарай және тілдердің тазалығына қарай  Рұмнан бастап Синға (Қытайға) дейін орналасқан түріктерді екіге бөледі. Махмуд Қашқаридың айтуынша, «Сахара, қыр халықтарынан шыққан жомұлдардың тілдері өз алдына жеке тіл. Олар түрікшені жақсы біледі. Қай, ябақу, татар, басмыл тайпаларының да өз тілдері бар. Олар түркі тілдерін әлімсақтан бері біледі. Қырқыз, қыпшақ, оғыз, тохси, яғма, чігіл, оғрақ, жарұқ тайпалары тек түркі тілімен ғана сөйлейді. Иәмәк пен башқырт тілдері оларға жақын» [46,11 б].

     Ғұлама ғалымның пікірін қазіргі қазақ тілі мен қарақалпақ тілдеріндегі ұқсастықтар арқылы дәлелдей түсуге болады. Мысалы,  қазақша бас- қарақалпақша бас; қазақша бау – қарақалпақша бау; қазақша батыс- қарақалпақша батыс; қазақша бекініс – қарақалпақша бекініс; қазақша бәсекелеу- қарақалпақша бәсекелеу; қазақша баяғыдай – қарақалпақша баяғыдай, т.б. Дегенмен қазақ тілі мен қарақалпақ тілдерінің ешқандай айырмашылығы жоқ екен деуге болмайды. Ондай айырмашылықтар болады. Мысалы, қарақалпақтар озал бастан (бастапқы), усы бастан (қазірден бастап), берк тарту (қатты байлау), биймурат (мақсатсыз, тілексіз), бир қия (ұзақ, бір шет жер), бир майдан (азғана, шамалы) т.б. сияқты сөздер қазақ тілінде қолданылмайды немесе мағынасында өзгешелік бар. Мысалы, қарақалпақ тілінде бәнде (бенде), бәдбақ (бетпақ), бәйбәтше (бәйбіше), әрмансыз (армансыз), бирлесу (бірдесу), т.б. [47, 12 б].

       Қарақалпақ тіліндегі сөзжасам жүйелері өте дамыған. Олар мына жұрнақтар негізінде жасалады:

        1) –шы, -ші: аңшы, етікші, т.б. – Шы, -ші қосымшасы өтирикши, өсекши сияқты сындық мағыналы туынды түбір зат есім жасаумен бірге, қазақ тілінде қолданылмайтын ойыншы (биші мағынасында), урлыкшы, тамашашы сияқты зат есімдер де жасайды;

        2) –лық, -лик: жақсылық, байлық, гедейлик, дузлық, т.б.

        3) –шылық, -шилик: дийқаншылық, егиншилик, пахташылық, т.б.

        4) – гершилик: жаугершилик, ләмгершилик, адамгершилик, т.б.

        5) –ыс, - ис, -с: айтыс, тартыс, урыс, кирис, т.б.

        6) –лы, -ли: ақыллы, ғайратлы, кәдирли, т.б.

        7) –сыз, -сиз: сансыз, жерсиз, малсыз, т.б.

        8) – дай, -дей: қақпақтай, мендей, адамдай, қазандай, т.б.

        9) –дәк, -дек: дәрьдәк, пәрийдек, гүлдек, т.б.  Мағынасы жағынан бұл қазақ тіліндегі –дай, -дей қосымшаларымен сәйкес келеді де, екі затты салыстырады.

        Осындай тілдік элементтердегі ұқсастықтарды татар тілінен де байқауға болады.

       Қазақ  және  татар  тілдеріндегі фразеологиялық параллельдер олардың сөздік құрамында әбден орныққан. Мәселен, отпен ойнау / ут белан уйнау; отқа май құю / утка май сибү; от ала келу / ут алырга килгән; отқа жанбас, суға батпас / утта янмас, суга батма; оқу – инемен құдық қазғандай / уку – энә белан кое казу; ойыннан от шығады / уеннан уймак чыга; ортақ тіл табу/ уртак тел табу; ойнап айтсаң да, ойлап айт / уйнап әйтсәң дә уйлап әйт; ұрыға мал құтаймас / угры малга котаймас;  аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі / уйламый сөйләсәң, авырмый үләрсәң;  өз үйінде сызу сызбаған кісі үйінде ою ояр / үз өендә умач умаганны кешеге барып токмач жәйгән; қызу қанды / кызу канлы; қызым, саған айтам, келінім сен тыңда / кызым,  сиңә әйтәм, киленем, син тыңла т.б. сияқты фразеологизмдер екі халыққа ортақ. Семантикалық аспектіде ескерту, сақтандыру, тыйым салу, әдеп т.б. білінеді.   

       Түркі тілдес халықтардың о бастағы тарихи және генетикалық бірлігі кейінгі дербестену үдерісіне қарамастан, жойылып кетпегені осы, күні бүгінге дейін түркі тілдерінде ортақ айтылып келе жатқан фразеологиялық тіркестерден де байқалып отырады. Бұл параллельдік құбылыс түркітануда фонетикалық, лексикалық, фразеологиялық, семасиологиялық, этимологиялық, сөзжасамдық және грамматикалық өлшемдер тұрғысынан қарастырылады.

        Осы  өлшем негізінде қазақ және татар тілдеріндегі фразеологизмдерді түрлі топтарға бөлуге болады.

Мысалы: 1 «Білім»  және «ақыл» сөздері тірек болған  фразеологизмдер (қазақ татар): ақыл бастан – асыл тастан /акыл баштан – асыл таштан;  білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар / беләге юан берне егар, белеме юан меңне егар ;  білімсіз достан,   білімді дұшпан артық / белексез дустан, белекле дошман артык; білім инемен құдық қазғандай  / белем алу – энә белән кое казу т.б.

          2 «Достық пен «дұшпандық» сөздері тірек болған  фразеологизмдер: дұшпаныңа өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле / дошманга үлем теләгәнче, үзеңө гомер телә; дос басқа – дұшпан аяққа қарар / дус башка - дошман аяққа карар т.б.

         3 «Сөз» сөзі тірек болған  не байланысты фразеологизмдер: айтылған сөз –  атылған оқ /әйткән сүз - аткан ук; көп біл де, аз сөйле; сөз атасы – құлақ / күп бел дә аз  сөйлә, сүз атасы – колак, т.б.

         4 «Ана» мен «бала» сөздері  тірек болған  фразеологизмдер: алып  анадан туар,  арғымақ биеден туар/ алып надан туар,  аргамак биедән туар; ананың көңілі балада, баланың көңілі далада / ана күңеле балада, бала күңеле далада; жұмақ ананың аяқ астында / жәннәт - әниләр табаны астында т.б.

         5 Жан – жануарлармен байланысты фразеологизмдер: аюға намаз үйреткен таяқ /  аюга намаз өйрәткән таяк; бір оқ пен екі қоян атып алу / бер атуда ике  куян үтеру; бір қазанға екі қошқардың басы сыймас / бер казанга ике тәкә башы сыймас т.б.

        6 Соматикалық фразеологизмдер: аузына шайнап бергенді  жұта алмайды /  авызына чәйнәп салганны көтә ( йота алмый); бір аяғы жерде,  бір аяғы көрде / бер аяғы жирдә, икенчесе гүрдә;  қолыңмен істегенді,  мойныңмен көтер / кулың белән эшләгәнне иңнең белән күтәрерсең; екі көзі төрт болды / ике күзе дүрт булды т.б.

        Қазақ тілінде фразеологизмдер көп реттерде адамның дене мүшелеріне (көз, аяқ, қол, жүрек, кеуде, өкпе, шеке, иық, саусақ т.б.) қатысты болып келеді. Тілдік деректер мұндай құбылыс татар тіліне де тән екенін көрсетеді.

       8 Сан есімді фразеологизмдер: Сан есімді фразеологизмдер екі тілде де молынан ұшырасады. «Бұл халықтың ежелгі дәуірдегі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр,- дейді І.Кеңесбаев [48, 612]. Демек, шығу, қалыптасу негізі бір. Алайда олардың арасында лексикалық параллель бола алмайтындары да бар : бір ауыз сөз айтпау / бер авыз сүз дә әйтмәү;  бір атқа екі ер салмайды / бер атка ике камыт кидермиләр; бір оқпен екі қоян ату / бер атуда ике куян үтерү; бір аяғы жерде, бір аяғы көрде / бер аягы жирдә, икенчесе гүрдә  т.б.    

     Мұндай  лексикалық бірліктер  қазақтар, қарақалпақтар,  татарлардың ұқсас өмір салты немесе ортақ әлеуметтік, мәдени, рухани аядағы тығыз байланыстарын білдіреді. Қорыта айтқанда, жоғарыдағы мысалдар қазақ, қарақалпақ, татар халықтарының «түбі бір - түркі»  екендіктерін дәлелдейді.

Кеңес Одағының 1936 жылы Қарақалпақстанды Өзбекстан құрамына қосуы геосаяси қателіктердің бірі болды. Ел шекарасының Қазақстанның Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарымен шектесетіндігі, қазақ пен қарақалпақ тілдерінің ұқсастығы да ескерілмей, Кремльдің шешімімен 1930 жылы Қарақалпақ автономдық облысы Қазақстан құрамынан шығарылып, жеке отау тіксе, артынан, 1936 жылы Өзбек КСР құрамына өтті. Әйтсе де, Кеңес Одағының күйреуі Қарақалпақстанға тәуелсіз ел болуға үміт сыйлады.
1990 жылы 14 желтоқсанда «Тәуелсіздік туралы декларациясы» қабылданғанымен, 1992 жылы өткен референдумда Қарақалпақстан Өзбекстан құрамында 2013 жылға дейін болатындығы жөнінде келісімге қол қойылды. Сөйтіп, Қарақалпақстан көрші елдің құрамында болғанымен, оларда азат мемлекетке тән барлық құқықтары сақталатын болды. Мәселен, 1992 жылы 14 желтоқсанда мемлекеттік туы белгіленсе, бір жылдан кейін, дәл сол күні қарақалпақ әнұраны ресми түрде бекітілді. Өзінің Конституциясы тағы бар. Осыған қарамастан қарақалпақтар өз республикаларында тең құқыққа ие болмады. Қағаз жүзінде мемлекеттік тіл саналатын қарақалпақ тілі іс жүзінде ешқандай мәртебеге ие емес. Ресми тіл ретінде де, білім беру жүйесінде де өзбек тілінің мәртебесі жоғары қойылады. Кезінде Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтің тоталитарлық жүйесіне қарсы қарақалпақ оппозиционерлерінің мәлімдемелері Қарақалпақстан мәселесінің халықаралық деңгейде дау-дамайдың пайда болуына ықпал жасады. Сырттағы беделді қарақалпақтар әлі де үнсіз отырған жоқ. Каримовтің көзі тірісінде қуғынға ұшыраған қарақалпақ оппозиционерлері бүгінде әлемдік саяси ареналарда Қарақалпақстанның Өзбекстан тарапынан көріп отырған түрлі кемсітулер мен қысымдарды жариялау арқылы БҰҰ назарын өзіне аударуда.
«Алға, Қарақалпақстан!», «Оян, Қарақалпақстан!» саяси қозғалыстары түрлі бағытта тәуелсіздік жолында күрес жүргізіп жатқанымен, олардың арасында өзара ынтымақтастықтың болмауы жетістіктерге қол жеткізуге кедергі болуда. Солардың ішінде әлемге қарақалпақ оппозиционері ретінде танылған «Алға, Қарақалпақстан!» қозғалысының жетекшісі Аман Сағидуллаевтың да саяси портреті біржақты емес. Қозғалыс жетекшісі Аман Сағидуллаев – 1994 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысқан саясаткер. Ол Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласының маңындағы Қараөзек автобазасында 1998 жылы экономист болды. Қараөзек ауданында беделді Мұратбай Абировтің сеніміне ие болған ол түрлі басшылық қызметтер де атқарды. Абировтің демеуімен Сағидуллаев кейіннен Қараөзек ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы болып тағайындалды. Билігін «асыра пайдаланған» Сағидуллаев аудан ақшасын жымқырып, орталықтан саяжай сатып алып, қызметін аяқтаған соң жеке кәсібін одан әрі дамытты. Оған 2003 жылы «Туысқаны Күмісайды зорлады» деген айып тағылды, артынша ондай айыптардың қатары көбейді

Өзбек билігі «Алға, Қарақалпақстан!» қозғалысының жетекшісін қамау үшін қылмыстық кодекстің 167-бабы бойынша «Есірткіні заңдастыру және сату» және 209-баптағы «Ресми түрде жалған мәлімет тарату» айыптарымен қуғындады. Саяси қуғынға ұшыраған Аман Сағидуллаев Қырғызстан арқылы шетелге қашып, өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар екендігін мәлімдеп, саяси босқын мәртебесін алды. Аман Сағидуллаев 2017 жылы ЕҚЫҰ-ның саммитінде өз ұсыныстарын білдірді. Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамында болу мерзімі 2013 жылы аяқталғанын айтып, алдағы уақытта Қарақалпақстанды Қазақстан құрамына қосуды ұсынды. Тілі, діні, тамыры бір Қазақстанмен болу Қарақалпақстанды болашақта жарқын күндерге бастайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, БҰҰ назарын Қарақалпақстандағы Арал теңізінің апатқа ұшырауы жергілікті халықтың өміріне зиянын тигізіп жатқандығына да аударды. «Алға, Қарақалпақстан!» қозғалысы жетекшісінің ұсыныстары мен өтініштерін бүгінде БҰҰ қызу талқылауда. Дегенмен, сарапшылар Қарақалпақстанның болашақта қайтадан Қазақстанға қосылуы екіталай екенін айтады. Неге десеңіз, бұл жағдай Орталық Азияны үлкен жанжал ошағына айналдыруы мүмкін. Демек, бұл Нұр-Сұлтанға да, Ташкентке де керек емес. Ал, Нүкістің өз алдына азат ел атануы бөлек әңгіме. Оның үстіне қазіргі заң бойынша әрі Нүкіс пен Ташкенттің арасындағы бұрынғы келісім бойынша бұл мүмкін жағдай. Мәселе Ташкенттің Нүкіске бұған мұрша бермеуінде болса керек.


Рас, қарақалпақ халқының көпшілігі алдағы уақытта өзгенің етегіне тығылмай, тәуелсіз ел болуды аңсайды. Құрамдас ел болудан көңілі қалған Аралдың ар жағындағы ағайындар тек өздеріне, сосын батыстың демократиялық елдеріне ғана үміт артады. Ал, олардың үміті ақтала ма, жоқ па, ол алдағы уақыттың еншісіндегі шаруа.

Өзбекстанға тиесілі қарақалпақ халқы өзбек билігінен бірнеше рет елеулі кемсітуге тап болды. Иә, Өзбекстан Қарақалпақстанды жеке аумағы, конституциясы бар мемлекет ретінде мойындамай келеді. Оның үстіне Қарақалпақ халқы алдағы уақытта өзбектерге сіңісіп кетудің аз-ақ алдында тұр. Мысалы, Өзбекстанда 33 млн халық тұрса, соның 83%-ын (27,4 млн) өзбектер, тек 5,6%-ын ғана қарақалпақтар (1,8 млн) құрайды. Ал, жер көлемі біздің Қарағанды облысынан сәл-ақ көп Өзбекстанның 28% жері қарақалпақтарға тиесілі. Демек, Ташкентке қарақалпақтың халқынан бұрын жері керек. Содан Өзбекстан билігі қарақалпақтарды өзбек жеріне, сондай-ақ ТМД елдеріне (әсіресе Қазақстанға) жаппай қоныс аудару саясатын қолдауда. Осы арқылы Өзбекстан жаңа аумаққа ие болады. Жоспарды жүзеге асыру үшін Қарақалпақстанның қуыршақ үкіметінің қолдауымен қарақалпақтарды жаппай жұмыссыздыққа ұшыратып, жергілікті халықтың күн көріс қамымен жер-дүниені кезіп кетуіне «жағдай» жасауда.



Соңғы халық санағы Қарақалпақстанда ең көп қоныстанғандар – өзбектер (400 мың), екінші орында қарақалпақтар (390 мың), үшінші орында қазақтар (320 мың) екенін көрсетті. Яғни, қарақалпақтар өз жерінде азшылыққа айналған. Осылайша, өзбек билігі конституциялық заңға сәйкес Қарақалпақстанның Өзбекстаннан бөлінуіне кедергі жасайды. Себебі, Қарақалпақстанда өзбектер басым болғандықтан, жердің қарақалпақтарға ғана тиесілі екенін дәлелдеу мүмкін болмай қалады. Бірақ, Ислам Каримовтің тоталитарлық жүйесі бір нәрсені ескермеді. Қарақалпақ жерінде тек өзбектер мен қарақалпақтар ғана тұрмайды. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл елдегі үшінші ұлт қарақалпақтармен тілі де, діні де, ділі де, тіпті салт-дәстүрі де ұқсас тамыры бір қазақтар бар. Бұған Қазақстанда тұратын 60 мың этникалық қарақалпақты, Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты үлкен қалаларда нанын тауып жеп жүрген мыңдаған еңбек мигрантын қосыңыз. Яғни, күні ертең Нүкіс Қарақалпақстанның Өзбекстан құрамынан шығу туралы рефендум өткізетін болса, оның нәтижесі Ташкенттің қалауындай болмай шығады. Дегенмен, Ташкент Нүкістің қалағанын істеуіне жол бермеді, бермей де келеді. Ислам Каримовтің тұсында қарақалпақтарды жан-жаққа қоныс аударуға мәжбүрлеуден бөлек, олардың демографиялық ахуалын бақылауға алу арқылы қатаң саясат жүргізді. Тиесілі жері, тарихы бар қарақалпақтарға өзбек билігі төрт бала дүниеге әкелуге тыйым салған. Мұндай тыйым жергілікті халықты ұлт ретінде жоғалтуға ықпал етеді. Тіпті, медициналық ота барысында да қарақалпақтарға тиісінше ем-дом жасамау да өлім-жітім деңгейінің артуына септігін тигізуде. Бұған апат ошағына айналған Аралдың экологиясын және қосыңыз! Тағы бір өзекті мәселе – қарақалпақ тілі. Заңнамалық тұрғыда Қарақалпақстанда өзбек тілі мен қарақалпақ тілінің дәрежесі тең. Бірақ, іс жүзінде қарақалпақ тілінің дәрежесі өзбек тілінен кейінгі орында тұр. Бұл барлық мемлекеттік қызмет орындарында көрініс тапқан. Яғни, қарақалпақ тілі ресми тіл дәрежесіне ие болмаған. Тіпті, білім беру саласында оқулықтар да қарақалпақ тілінде емес, өзбек тілінде шығуда. Ана тілінің мәртебесінің жоқтығы қарақалпақтардың ұлттық рухын түсіріп, «өзбекпіз» деп айтуға дейін апаруда. Қарақалпақстанда ұлттық кадр мәселесі де айтарлықтай мәз емес. Елдегі мемлекеттік қызмет орындарындағы қарақалпақ қызметкерлерінің үлесі 20-30%-ға жетпейді. Қарақалпақ жерінде мемлекеттік қызмет орындарында өзбектердің саны көш бастап тұр. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түркімен мамандары Қарақалпақстанның үкімет басшылығында мүлдем жоқтың қасы. Осы арқылы Өзбекстанның аз ұлттарды кемсіту саясатын жүргізіп жатқандығын байқауға болады. Өзбекстан билігі мемлекеттегі өзбектер мен қарақалпақтардың құқықтары тең екендігін айтып, конституциялық заңдарын алға тартып, бұлтаруда. Халықаралық құқықтарды бұзған өзбектер қылмыстарын мойындамай, жалтару арқылы дау-дамайдың өркениетті түрде шешілуіне жол бермеуде.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1960 жылғы 14 желтоқсанда «Отаршыл мемлекеттердегі халықтарға тәуелсіздік беру» туралы декларациясы қабылданды. Декларация бойынша «Барлық халықтар өз мәртебесін сақтауға құқылы. Осы құқықтың арқасында олар өздерінің саяси бағытын тәуелсіз бағдарлап, халқының әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуын еркін қамтамасыз ете алады»[49, 34 б].

Тәуелсіздігін алмаған және автономия мәртебесіне ие бола алмай жүрген аз ұлттардың құқығын қорғау үшін БҰҰ 1966 жылы 16 желтоқсанда «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы» заңды қарастырды. Аталмыш заңды азаматтық және саяси халықаралық қатынастарда толықтай жаңартып, 3 қаңтардан бастап күшіне енгізді.


Және де 1970 жылы 24 қазанда аз ұлттарға империалистік қысым жасауға қатаң тыйым салынып, саны аз халықтардың бостандық алып, өз құқықтарын халықаралық заң аясында қорғауларына жәрдемдесуге тікелей тапсырыс берді. Сөйтіп, тәуелсіз мемлекеттерді құрамындағы аз ұлттардың еркіндігіне, тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
«Халықаралық құқық ұстанымдары» туралы декларацияның ережелеріне ерекше назар аударуымыз қажет. Себебі, онда барлық мемлекеттердегі азаматтардың ұлтына, нәсіліне, дініне қарап алаламай, тең құқық беру керек екендігі баса айтылған.

БҰҰ заңдарының негізінде алып қарайтын болсақ, Өзбекстан билігінің қарақалпақтарға жасап отырған 30 жылдағы саясаты халықаралық қатынастардың талабын орындамаушылық және саяси қылмыс болып саналады. Қарақалпақтар өз тәуелсіздігін алу үшін әскери қимылдарға, яғни қан төгіске барғысы келмейді. Егемендік үшін күресті халықаралық қатынастар және Қарақалпақстан конституциясының шеңберінде жүргізгенді жөн көреді. Себебі, қандай да бір әскери әрекет жасайтын болса, Өзбекстан үкіметі сепаратизм, экстремизм сынды желеумен аяусыз қырғынға ұшыратуы мүмкін. «Қарақалпақ қозғалысы» БҰҰ заңдарының және Өзбекстан конституциясының 74-бабына және Қарақалпақстан конституциясының 1-бабына сүйене отырып, күрес жүргізуде. Заңнамалық тұрғыда олардың тәуелсіз ел болуға толықтай құқықтары бар.

Егер заң туралы айта бастайтын болсақ, қарақалпақтардың барлық құқықтары қорғалған, құжат жүзінде бақытты, тәуелсіз елдей көрінеді. Бірақ, сол заңдардың ешқайсысы іс жүзінде күшіне енбеген. 1992 жылы мемлекетаралық келісімде Өзбекстанның Қарақалпақстанның ішкі саясатына араласпауы туралы «заңға» қол қойылған. Сөйтсе де, өзбек билігі азаттық идеясын қолдаушыларды қуғынға ұшыратып, билікке өзбек кадрларын ғана қоюда. Қарақалпақ қозғалысының белсенділері Қарақалпақстанның әлемнің барлық елдерімен дипломатиялық қатынас орнатып, батыс елдерінің даму жолына түскенін, тәуелсіз һәм зайырлы мемлекет болғанын қалайды. Егер әлемдегі демократиялық күштер тәуелсіздік алып беретін болса, Қарақалпақстанда парламенттік-демократиялық басқару жүйесін орнататындарына уәде беруде. Қарақалпақстан саясаткерлері посткеңестік мемлекеттердің ішіндегі Грузияның демократиялық жетістіктерінен үлгі алатындықтарына сендіруде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет