Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


-сабақ  Құстардың сыртқы және ішкі құрылыстары



Pdf көрінісі
бет41/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
12-сабақ 
Құстардың сыртқы және ішкі құрылыстары. 
Систематикасы 
Хордалылар типі – Chordata 
Омыртқалылар тип тармағы – Vertebrata 
Құстар класы – Aves 
Қырлы төсті құстар отряд үсті тармағы – Carinatae 
Көгершіндер отряды – Columbiformes 
Өкілі: Көк көгершін (кептер) - Columba livia 
 
Сабақтың  мақсаты:  Көгершінді  мысалға  ала  отырып,  құстардың 
систематикалық  жағдайымен  танысып,  сыртқы  және  ішкі  мүшелер 
жүйелерінің ерекшеліктерін талдау. 
Сабаққа  қажетті  құрал-жабдықтар:  Көгершіннің  және  жергілікті 
жердің  құстарының  тұлыптары,  көгершіннің  ішкі  құрылысының  ылғалды 
препаратты,  қауырсын  үлгілері,  түрлі-түсті  таблицалар  және  ішкі 
құрылысын талдайтын микро-кестелер. 
 
Жалпы түсінік 
Құстардың  терісі  жұқа,  оның  сыртқы  эпидермис  қабаты  нашар 
жетілген.  Тері  қабатында  ешқандай  бездері  және  сүйекті  туындылары 
болмайды, тек қана құйрық түбінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. 
Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын 
етеді.  Құйымшақ  безі  су  құстарында  жақсы  дамыған,  құрлықта  тіршілік 
ететін құстарда болмайды. 


 
Сүйекті  туындыларының  болмауына  байланысты  эпидермистің  түрін 
өзгерткен  түрлі  мүйізделген  туындылары  тері  бетінде  көп  кездеседі. 
Мысалы,  жоғары  және  төменгі  жақтарының  үсті  азды-көпті  болсын 
мүйізденген  қапшықпен  қапталып,  тұмсықты  құрайды.  Тырнақтары  мен 
сирақтарының  сыртын  мүйізді  қабыршықтыар  қаптаған.  Құстардың 
көпшілік  түрелерінің  денесі  бір  тегіс  қауырсынмен  қапталып  тұрмайды. 
Қауырсын бар жерін птерилия, ал денесінің қауырысыны жоқ жерін, немесе 
сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды. 
Құс  қауырсындары  құрылысына  және  атқаратын  қызметіне  қарай 
түрліше  болады.  Денесінің  сыртын  қалыпты  қауырсын  жауып  тұрады.  Ол 
негізі  қаламнан  және  екі  жағында  симметриялы  орналасқан  азды-көпті 
пластинка  опахаладан  тұрады.  Қауырсынның  теріге  еніп  тұратын  бөлімін 
қалам  қауырсын  дейді.  Қауырсын  сабағының  жоғарғы  пәр  бекіген  бөлімі 
сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші  дәрежедегі мұртшалардан және оған 
орнаған  кішкене  екінші  дәрежедегі  кіші  мұртшалардың  ұсақ,  көптеген 
ілмешектері  болады.  Осы  ілмешектер  өзара  байланысып,  бір  серіппелі 
тақташа желпуіш құрайды. 
Қалыпты-контурлы  қауырсын  бүкіл  денесін  сыртқы  механикалық 
әрекеттерден  және  дене  жылуының азаюынан  сақтайды.  Құстың  қанаттары 
мен  құйрығы  осы  қауырсындардан  қалыптасады.  Бұл  қауырсындарды 
орналасу  жерлеріне  қарай  бірнеше  топтарға  бөледі.  Мысалы,  көгершін 
қанатында  қанат  үстін  жабушы  қауырсындар,  кіші  және  үлкен  қақпа 
қауырсындары  болады.  Құйрық  қанатындағы  үстін  жауып  жататын 
қауырсындарын-құйрық  үсті  қауырсындар,  ал  астындағы  ұзын  қанаттарын 
бағыттаушы қауырсындар деп аталады. 
Қалыпты 
қауырсындардың 
астыңғы 
жағында 
ұсақ 
мамық 
қауырсындар  орналасқан.  Бұл  қауырсындардың  сабағы  жіңішке,  екінші 
дәрежедегі  ұсақ  мұртшалары  жоқ,  сондықтан  олардан  серіппелі  тұтасқан 
пластинкалар  қалыптаспайды.  Кейбір  мамық  қауырсындардың  сабағы  өте 
жіңішке  болады,  сондықтан  мұртшалары  сабақтың  жоғарғы  жағында  бір 
шоқ  болып  орналасады.  Мұндай  мамық  қауырсындарды-  нағыз  мамық 
қауырсын  деп  атайды.  Мамық  және  нағыз  мамақ  қауырсындар  су 
құстарында, әсіресе салқын жақта  тіршілік ететін құстарда көбірек болады. 
Олардың  негізгі  қызметі-  организимдегі  жылуды  жоғалтпайды.  Мамық 
қауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да 
кездеседі. 
Қауырсындары  үздіксіз  түлеп  отырады.  Көпшілік  құстар  жылына  1-
3ке дейін түлейді. 
Ет  жүйесі.  Құстардың  бұлшық  еттері,  олардың  тіршілік  әрекетіне 
байланысты  бірнеше  ерекшелігімен  сипатталады.  Біріншіден,  балықтарға, 
қосмекенділерге  және  бауырымен  жорғалаушыларға  қарағанда  құстардың 
бұлшық  еттері  біршама  жіктеліп,  барып  күрделенген.  Ол  ұшу  кезіндегі 
күрделі  қозғалысқа,  жүруге,  өрмелеуге  және  тамағын  табуға  мүмкіндік 
береді.  Екіншіден,  аяқтарын  қозғауға  икемделген  көлемді  бұлшық  еттер 
дене  қаңқасына  орналасып,  екінші  сіңір  ұштарымен  аяқтарға  бекінген. 


 
Үшіншіден,  негізгі  қимылын  қанаттары  атқаратын  болғандықтан, 
қанаттарын қозғалатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, 
қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына 
орналасқан.  Әсіресе  аяқтарының  бұлшық  еттері  назар  аударарлық.  Төс 
сүйегінің  қырына  бекінген  ірі  төс  еті  құстың  жалпы  салмағының  20 
пайызына  жетеді  де,  қанаттарын  төмен  түсіруге  қатысады.Оның  астында 
жатқан  бұғана  асты  еттері  көлемі  кіші  болса  да,  қанатты  жоғары  көтеруге 
мүмкіндік  береді.  Артқы  аяқтарын  қозғайтын  35-ке  жуық  күрделі  бұлшық 
еттері  болады.  Бұлардың  ішінде  көбірек  көзге  түсетіні  оралымды  бұлшық 
ет. Бұл ет жамбастан басталып, ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің 
үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарын 
иіп  тұратын  сіңір  созылады,  саусақтары  бүгіліп  бұтақты  бүреді.  Құс 
неғұрлым  төменірек  басылып,  орнықтырақ  отырған  сайын,  оралымды  ет 
күштірек  созыла  түседі.  Сондықтан  да,  бұтақта  қонақтап,  ұйықтап  отырған 
құстар құлап кетпейді. 
Ас  қорыту  жүйесі.  Ауыз  қуысындағы  жақтарында  тістері  болмайды. 
Тілінің ұшы жіңішке, мүйізделген өткір болады. Тіл түбінің артқы жағы мен 
көмекей  саңылауынан  өңеш  басталады.  Өңеш  көгершіндерде  кеңейіп 
жемсауға  айналады.  Көгершіндер  балапандарын  шығарған  кезде, 
жемсауының  ішкі  қабатынан  «сүт»  деп  аталатын  майлы  бөртбе  тәрізді  зат 
шығарады, онымен олар балапандарын қоректіндіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
41-Сурет. Кептердің асқорыту жүйесі 
1-өңеш; 2-жемсау; 3-безді қарын; 4-етті қарын; 5-12-елі ішек; 6-
бауыр; 7-өт жолдары; 8-ұйқы безі; 9-ұйқы безінің жолдары; 10-ащы ішек; 
11-соқыр ішек; 12-тік ішек; 13-клока; 14-ішек шажырқайы;15-бауыр; 16-
көкбауыр. 
 
 
 


 
Өңеш  қабырғасы  жұқа,  безді  қарынға  барып  жалғасады.  Безді 
қарынның  ішінде  қоректік  заттарды  қорытатын  ас  қорыту  шырын  болады. 
Бұл  ас  қорыту  шырынын  қарын  бездері  жасап  шығарады.  Безді  қарыннан 
қоректік  заттар  үгіледі.  Ірі  қоректік  заттарды  үгуге,  бірінщіден  -  етті 
қарынның  қабыршағы  себепші  болса,  екіншіден-  құстың  жұтқан  ұсақ 
тастарының  да  әсері  тиеді.  Қарыннан  кейін  он  екі  елі  және  аш  ішектер 
кетеді.  Ішектері  тоқ,  тік  ішектерге  жіктелмеген,  ішектерінде  соқыр 
өсінділері  болады.  Ас  қорыту  бездері  -  ұйқы  безі,  бауыр  жақсы  жетілген. 
Көгершіндердің бауырында өті болмайды. 
Тыныс  алу  жүйесі.  Құстарда  ауа  тесікетері  арқылы  ауыз  қуысына 
өтеді. Одан әрі көмекей саңылауы мен жоғарғы көмекей арқылы кеңірдекке 
барады.  Көмекей  қуысына  оның  сыртқы  жағынан  келетін  сыртқы  дыбыс 
жарғақтары  болады,  осы  жерде  кеңірдектің  төменгі  тарамданған  жерінен 
ішкі  дыбыс  жарғақтары  де  келіп  түйіседі.  Дыбыс  жарғақтары  бекіген 
арнаулы  еттердің  жиырылуынан,  яғни  тітіркенуінен  олардың  формалары 
және қалыпасуы да өзгереді де, дыбысы түрліше құбылып шығады. 
 
 
 
42-Сурет. Құстардың өкпесі мен ауа қапшығы 1-кеңірдек; 2-төстегі 
ауа қапшықтарымен байланыс; 3-кеңірдек; 4-ауа капиллярлары; 5-
бронханың үстінгі бұтақтары; 6-өкпе түтіктері; 7-бронханың астынғы 
бұтақтары; 8-өкпе; 9-мойын қапшығы; 10-бұғанааралық қапшығы; 11-12-
астынғы және үстінгі көкірек қапшықтары; 13-құрсақ қапшығы; 14-
тоқпан жілік. 
 
Дене  қуысына  кіре  берісте  кеңірдек  екі  бронхыға  тармақталып,  оң 
және сол өкпеге енеді. Өкпеден бронхылардың тарамдарынан тұйық бітетін 


 
түтіктер  тарайды,  оны  бронхиолалар  деп  атайды.  Бронхиолдардың 
айналасына қан капиллярлары шоғырланады. 
Ішіне  енген  бронхолар  тарамдарының  кейбір  салалары  өкпені  тесіп 
өтіп  ауа  қапшықтарын  құрайды.  Мұндай  ауа  қапшықтарының  көлемі, 
өкпенің  көлемінен  бірнеше  есе  үлкен  болады.  Ауа  қапшықтары  түрлі  ішкі 
мүшелерінің  аралығына  орналасады.  Олардың  түтіктері  бұлшық  еттердің 
араларынан  өтіп,  тері  астын  қуалап  орналасады  және  сүйектердің 
қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын 
бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2-3жұп және  құрсағында 
үлкен бір жұп болады. 
Ауа  қапшықтарының  ең  басты  маңызының  бірі  құстар  ұшқанда, 
олардың тыныс алу механизмін реттейді. 
Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішіреюі 
арқылы  тыныс  алады.  Құстар  ұшқанда  кеуде  еттері  керіліп  тұрады, 
сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы 
кезде  құстар  ауа  қапшықтарындағы  ауалармен  және  солардың  әрекетімен 
тыныс  алады.  Құстардың  қанаттарын  көтергенде,  ауа  қапшықтарының 
көлемі  үлкейіп,  ішіне  ауа  толады,  ал  қанаттарын  төмен  түсіргенде  ауа 
қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа  өкпе арқылы сыртқа шығарады. Ауа 
қапшықтарының  ішінде  ешбір  газ  алмасу  болмайды.  Анығырақ  айтқанда, 
құстар денесіне ауа ендіргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу 
процесі  болып  отырады.  Бұл  құбылыс  қос  тыныс  деп  аталады.  Мұндай 
жағдай құстардың ұшу кезінде, денесінің тез қимыл жасалуына байланысты, 
газ  алмасу  процесін  тездетеді.  Ұшқанда  құстардың  тыныс  алуы  олардың 
қанатының  қимылының  шапшандығына  байланысты.  Неғұрлым  құс 
қанатын  тез  сермеп,  тез  ұшатын  болса,  соғұрлым  тыныс  алуы  күшейеді. 
Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды. 
Қан  айналу  жүйесі.  Құстар  жүрегінің  бауырымен  жорғалаушылардан 
айырмашылығы  жүректерінің  төрт  камералы  болуында.  Оның  жоғарғы 
екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан 
қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол 
қарыншадан  жалғыз  оң  жақ  қолқаға  шығып,  өз  тарапынан  екі  атсыз 
артерияға  тарамдалады,  ал  қолқаның  негізгі  бөлімі  оң  жақтағы  бронхыны 
айналып,  дененің  арқа  бөліміне  қарай  созылып  барып,  одан  ішкі 
мүшелердегі  артерияларға  тарамдалады  да  омыртқа  жотасының  астыңғы 
жағын  қулай  отырып,  арқа  қолқасына  айналады.  Сегізкөз  тұсына  барғанда 
арқа  қолқасынан  сан  және  шап  қос  артериялары  тарамдалып  шығады  да, 
қолқаның  өзі  кішкене  құйрық  артериясына  айналады  және  ол  құйрықтың 
ұшына  барып  бітеді.  Диаметрі  қолқадан  кеңірдек  болып  келетін,  өте  үлкен 
атсыз артериялар, бас бөліміне қан апарушы ұйқы артериясына (күре тамыр) 
алдыңғы  аяқтарына  (қанатына)  баратын  бұғана  асты  артериясына  және  өте 
үлкен  кеуде  еттеріне  баратын  көкірек  артериясына  тарайды.  Жүректің  оң 
жақ  қарыншасынан  бір  ғана  сабақпен  басталатын  қолқа  келешекте  екі  өке 
артериясына тарамдалады. 


 
 
 
 
43-Сурет.  А-Құстардың  артериальды  жүйесінің  үлгісі  (Есжановтан 
алынған):  1-аортаның  оң  доғасы;  2-оң  атсыз  артерия;  3-оң  жалпы  ұйқы 
артериясы;  4-  сыртқы  ұйқы  артерииясы;  5-  ішкі  ұйқы  артериясы;  6- 
бұғаасты  артерия;  7-  оң  кеуде  артериясы;  8-ішек  артериясы;  9-арқа 
аортасы; 10-сол бүйрек артериясы; 11- оң сан артериясы; 12-оң шонданай 
артериясы;  13-оң  мықын  артериясы;  14-құйрық  артериясы;  15-өкпе 
артериясы. 
Б-Құстардың  веноздық  жүйесінің  үлгісі:  1-оң  яремді  вена;  2-оң 
бұғанаасты  венасы;  3-оң  кеуде  венасы;  4-оң  алдынғы  қуыс  венасы;  5-өкпе 
венасы; 6-құйрық венасы; 7-бүйректің оң қақпа венасы; 8-оң бүйрек венасы; 
9-оң сан венасы; 10-оң мықын венасы; 11-артқы қуыс венасы; 12-құймышақ 
шажырақай  венасы;  13-ішекүсті  венасы;  14-бауыр  қақпа  венасы;  15-сол 
бауыр венасы; 16-сол бүйрек; 17-бауыр. 
 
Құйрық  венасы  екі  бүйрек  қақпа  веналарына  жіктеледі.  Бірақ  бүйрек 
қақпа  жүйесінің  капиллярына  қанның  барлығы  тұтас  енбейді.  Қанның 
біразы  бұйрек  денесіндегі  арнаулы  түтіктермен  өте  шығады.  Бүйректен 
шыққан  қан  тамырлары  сан  веналарымен  қосылып  мықынның  қос 
веналарын құрайды. Бұл екі  қан тамыры қосылып, дененің артқы бөлімінің 
негізгі  вена  қандары  құйрық  шарбы  венасына  келіп  құйылады,  ал  дененің 
құрсақ  бөлімінің  ішкі  жақ  қабырғасынан  қан  ішек  үсті  венасына  келіп 
құйылады.  Бұл  екі веналар  бауырдың  қақпа  венасына  қосылады.  Бауырдан 
шыққан қан бауыр веналарымен ағып артқы қуыс венаға құйылып отырады. 
Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы қуыс 
вена арқылы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады. 
Шықшыт  веналары  бұғана  асты  венлармен  қосылып  алдыңғы  қуыс 
венаға  айналады.  Бас  жақтан  жиналған  қан  осы  веналар  арқылы  оң  жақ 
жүрекшеге келіп құйылады. 
Зәр  шығару  және  жыныс  жүйелері.  Құстардың  ұрықтарында 
мезонефрос-  дене  бүйрегі  болса,  ересектерінде  метанефрос-  мықын  бүйрек 


 
деп аталатын бүйрегі болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып 
ашылатын  несеп  түтігі  шығады.  Денесімен  салыстырғанда,  құстардың 
бұйрегінің  көлемі  үлкен  болады.  Құстар  бүйрегінің  үлкен  болуы,  олардың 
денесінде  зат  алмасу  процесінің  белсенді  жүруіне  байланысты.  Құстарда 
қуық болмайды. 
 
 
 
44-Сурет. кептердің зәр-жыныс жүйесі А-аталығы, Б-аналығы. 
1-сол тұқым безі; 2- сол бүйрек үсті безі; 3-оң тұқым жолы; 5-сол 
бүйрек; 6-оң несепағар; 7-сол жұмыртқа безі; 8-сол жұмыртқа жолы; 9-
жұмыртқа жолы шанағы; 10-жатыр; 11-оң жұмыртқа безінің қалдығы; 
12-клоака. 
 
Аталық  жыныс  безі-  сопақша  пішінді,  жұп  қара  түсті  тұқым  безінен 
тұрады. Тұқым безінің ішкі жақ сыртында кішкене төмпешік тәрізді  тұқым 
безінің  өсінділері  болады.  Осы  тұқым  безінің  өсінділерінен  тұқым  жолы 
шығады.  Бұл  тұқым  жолдары  клоакаға  құяр  алдында  аздап  кеңейіп,  тұқым 
қалтасы деп аталатын жетілген жыныс жасушалар үшін қуысты құрайды. 


 
 
 
45-Сурет. Құстардың жұмырқасының қалыптасуы  
1-фолликул; 2-пісп жетілген жұмыртқа; 3-воронка; 4-қылта; 5-
жұмыртқа жолының негізгі бөлігі; 6-жатыр; 7-қынап; 8-тік ішек; 9-оң 
жұмыртқа жолының қалдығы; 10-клоака. 
 
Аналықтарында  сол  жақ  бүйрегінің  маңында  жұмыртқа  безі  болады. 
Жұмыртқа жолының бір ұшы клоакаға келіп ашылады, екінші ұшы воронка 
арқылы  дене  қуысына  келіп  ашылады.  Жетілген  жұмыртқа  дене  қуысына 
келіп  ашылады.  Жетілген  жұмыртқа  дене  қуысынан  жұмыртқа  жолының 
воронкасына  түседі  де,  оның  бойымен  қозғалады.  Оң  жақ  жұмыртқа  безі 
мен жұмыртқа жолы болмайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет