Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі



Pdf көрінісі
бет38/71
Дата09.02.2022
өлшемі4,3 Mb.
#25099
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71
 
 
11 –сабақ 
Бауырмен  жорғалаушылардың  орталық  жүйке  жүйесі  және 
қаңқасы. 
Сабақтың  мақсаты:Бауырмен  жорғалаушылар  өкілі  кесірткені 
мысалға 
алып  орталық  жүйке  жүйесімен  қаңқасының  құрлысындағы 
ерекшеліктермен танысу. 
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Кесірткені миының ылғалды 
препараттары,  кесірткенің  дене  бөліктерінің  жеке  қаңқалары,  түрлі-
түсті таблицалар. 
 
Жалпы түсінік 
Жүйке  жүйесі.  Бауырымен  жорғалаушылардың  жүйке  жүйесі  қос 
мекенділерге қарағанда анағұрлым жақсы жетілген. Кесірткенің ми жарты 
шарлары  үлкен,олардың  мидың  сұр  затынан  тұратын  қыртысы 
болады.Әйткенмен  бұл  қыртысы  әлі  де  жақсы  жетілмеген,сондықтанда 
алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың 
үлкенірек  болуы,  аралық миды  үстінен  жауып  қарағанда  көрсетпейді.  Төбе 
мүшесі  мен  эпифиз  жақсы  жетілген.  Төбе  мүшесі  өзінің  құрлысына 
қарағанда  көзге  ұқсайды.  Ол  төбе  сүйектерінің  аралығында  тесікте 
орналасып жарықтың әсерін өте жақсы қабылдайды. 
 
 
 
39-Сурет. Кесірткенің жүйке жүйесі:1-алдынғы ми, 2-аралық ми, 3-
мишық, 4-сопақша ми, 5-ортанғы ми. 
Мишық 
өте 
жақсы 
дамыған 
басқа 
жоғарғы 
сатыдағы 
омыртқалылардың  миы  сияқты  бауырмен  жорғалаушылардың  сопақша 
миыда вертикал бағытта айқын иін жасайды. 


 
Сезім  мүшелері.  Механикалық  қозуларды  қабыршықтарының  үстіне, 
эпидермистің  астындағы  сезім  жазушаларының  жиналған  жеріне,  сезім 
дақтарына орналасқан сезгіш «түтіктері арқылы қабылдайды». 
Бауырмен  жорғалаушыларда  да  қосмекенділер  сияқты  дыбыс 
мүшелері  ішкі  және  ортаңғы  құлақта  тұрады.  Ортаңғы  құлақта  бір  ғана 
үзеңгі  сүйегі  болады.  Жарғақты  лабиринт  иірімді  байқауға  болады.  Ол 
көпшілігінде қалта тәрізді түрінде болады. 
Олардың  көздерінің  қозғалмалы  қабақтары  болады.  Оның  төменгісі 
жақсы  дамыған,тез  қозғалады.  Көзінің  алдыңғы  бұрышында  көзін  ашып, 
жұматын 
– 
үшінші 
қабағы 
болады. 
Сонымен 
бауырымен 
жорғалаушылардың  көзінің  құрылысында  заттарды  әр  түрлі  қашықтықтан 
көруге бейімделушілік байқалады. 
Қаңқасы. 
Бауырымен 
жорғалаушылардың 
қанқасындағы 
ми 
сауытының  бір  ерекшелігі  ондағы  алғашқы  шеміршек  сауыт  толық 
сүйектеніп,  көптеген  тері  сүйектер  дамып,  төбе  сүйегі,  бүйір  және  ми 
сауытының түбі негізделген. 
Бас сүйегінің 140-сүреті шүйде бөлімі (хондарльдық)шеміршек тектес 
төрт сүйектен: жоғарғы шүйде,негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен 
құралған.  Бұл  сүйектер  қарақұс  тесігінің  айналасына  орналасқан.  Оның 
қалыптасуына  екі  бүйір  және  негізгі  шүйде  сүйек  қатысады.  Парасфенойд 
сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің ұшына жалғасып жатады. 
Есіту  капсуласының  маңынан  үш  құлақ  сүйегі  пайда  болады.  Оның 
біреуі-алдыңғы құлақ – бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі – 
артқы  құлақ  сүйегі:  бүйір  шүйде  сүйекпен,  үстіңгі  құлақ  сүйегі-жоғарғы 
шүйде сүйегімен бірігіп кетеді. 
Иіс  бөліміндегі  шеміршектер  сүйектенбей,  сол  шеміршек  күйінде 
қалып  қояды.  Ми  сауытының  төбесі  мынадай  жұп  сүйектерден:  мұрын, 
мұрын  алды,  маңдай  және  маңдай  артындағы,  төбе  және  тақ  төбе  аралық 
сүйектерден  құралған.  Төбе  аралық  сүйегінің  ортасында  төбе  мүшесінің 
тесігі болады. 
Ми  сауытының  бүйір жақтары  мына  сүйектерден  тақ  жақаралық,жұп 
жоғарғы жақ, көз үсті, бет және бұдыр бетті сүйектерден қалыптасады. Ми 
сауытының төбесінің астыңғы жағында, самай маңында, кесірткелерде бүйір 
самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады. 
Төменгі  жағы  Меккелов  шеміршегіне  ұқсас,  буындасқан  сүйектен 
тұрады.Бұл  шаршы  сүйектен  ұштасады.  Тіс,  бұрыш  және  бұрыш  үсті, 
садақша сүйектерде жақ құрамына кіреді. 
Тіл  асты  доғасының  үстіңгі  бөлімі  гиомандибулярға  ұқсас,  ол  есіту 
сүйегі-үзенгі  деп  аталады.  Висцеральдық  қаңқаның  басқа  элементтері 
шеміршек  пластинкаларынан  және  үш  жұп  өсіндіден  тұратын  тіл  асты 
аппаратын құрайды. 
Омыртқа  жотасы.  Кесірткелердің  көпшілігінің  омыртқа  жотасы, 
процельдік  омыртқалардан  қалыптасқан.Төменгі  сатыдағы  түрлерінің 
омыртқа  денесі  амфицельді.  Омыртқа  жотасы  қосмекенділерге  қарағанда 
қозғалмалы болып,бес бөлікке бөлінген:мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық. 


 
Кесірткелердің  мойын  омыртқасының  саны  8,  бұлардың  алғашқы  екі 
омыртқасының  құрылысында  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Басқа 
амниоттардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын ауыз омыртқа, екіншісін-
эпистрофея деп аталады. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және 
төменгі  жартыға  байланыс  ұлпасы  арқылы  бекінеді.  Жоғарғы  тесігі 
жұлынмен  байланысыды  да,  төменгі  тесігіне  екінші  мойын  омыртқаның 
эпистрофеяның  тіс  тәрізді  өсіндісі  еніп  тұрады.  Мойын  омыртқасы  осы 
өсіндінің айналасында айналып тұрады. Мойынның мұндай құрылысы оның 
қозғалмалы болуына әсерін тигізеді. 
Бел-көкірек  бөлінімінің  омыртқаларын  кесірткелерде  22  болады. 
Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді. Бірақ алдыңғы бес омыртқаның 
қабырғалары  төс  сүйегіне  барып  бекиді.  Соның  нәтижесінде  көптеген 
бауырымен  жорғалаушыларға  тән  нағыз  көкірек  қуысы  болмайды. 
Кесірткелердің  төсі  шеміршекті  болады.  Ол  ұрықтық  даму  кезінде  көкірек 
қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған. 
Сегізкөз  екі  омыртқадан  қалыптасады,  бұлардың  көлденең 
өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді. 
Құйрық 
бөлімі 
ондаған 
омыртқалардан 
тұрады. 
Оның 
алдыңғыларында  бүйір,өсінділері  және  қабырғалардың  да  нұсқалары 
болады.  Құйрық  омыртқаларының  сонғы  бөліктерінде  өсінділері  жойылып, 
таяқша  тәрізді  сүйекке  айналған.  Әрбір  омыртқа  денесінің  ортасында  жігі 
болады.  Егер  әр  түрлі  себептен  құйрығы  үзіліп  қалса,  онда  омыртқа  осы 
жігінен  екіге  бөлінеді.  Анығырақ  айтқанда  –  бір  омыртқамен  екінші 
омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығының арнаулы 
еттердің жиырылуының нәтижесінде құйрығын үзіп,қалдырады. 
Бауырымен  жорғалаушылардың  иық  белдеуі  негізінен  үш  сүйектен 
қалыптасады.  Иық  белдеуінің  құрсақ  жағында  тоқпан  жіліктің  басы  еніп 
тұратын  шұңқыры  бар  коракоид  болады.  Иық  белдеуінің  арқа  жағы-
жауырыннан  және  жауырын  үсті  шеміршегінен  бұғана  жатады.  Коракоид 
төспен  байланысады,  ал  оның  алдыңғы  жағында  бұғана  жатады.  Крест 
тәрізді  төстің  сүріншегі  бұғана  мен  коркоидтың  арасын  жалғастырып 
тұрады. 
Жамбас  белдеуі  мықын  сүйектен,  шонданай  сүйегінен  және  шап 
сүйегінен  тұрады.Бұлардың  бір  жақ  ұштары  түйісіп  келіп,ортан  жіліктің 
басы  еніп  тұратын  шұңқырды  құрайды.  Мықын  сүйегі  екі  жағынан  да 
сегізкөз  омырткаларының  көлденең  өсінділеріне  бекиді.  Оң  және  сол  жақ 
мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады. 
 
 


 
 
40-Сурет.  Кесіркенің  қаңқасы:1-төменгі  жағы;  2-жоғарғы  жақ;  3-
маңдай;  4-мойын  омыртқа;  5-бел-көкірек  бөлімі;  6-сегізкөз;  7-төс;  8-
қабырға  сүйектері;  9-қабырға  аралары;  11,  12,13-алдынғы  иық  белдеуі;14-
артқы  жамбас  белдеуі;15-тоқпан  жілік;  16-кәрі  жілік;  17-алақан 
сүйектері;  18-ортан  жілік;  19-асықты  жілік,  жілік  шыбығымен;  20-
толарсақ, табан саусақтары.
 
 
Аяқтарының  қаңқасы  жалпы  алғанда  бес  саусақты  аяқтан  құрылған. 
Атап  айтқанда  әр  аяқ  қаңқасы  үш  бөлімнен  құралған.  Бірінші  бөлім, 
алдыңғы  аяқтан  тоқпан  жілік,  артқы  аяқта  ортан  жілік.  Екінші  бөлім 
алдыңғы аяқта кәрі жілік  пен шынтақ сүйек, артқы аяқта асықты жілік пен 
шыбық  сүйегі.  Үшінші  бөлім-  аяқ  бастарының  сүйектері  үш  бөлімшеден 
түзілген:  бірінші  бөлімше  алдыңғы  аяқта  білезік,  артқы  аяқта  толарсақ 
сүйектері,  екінші  бөлімше  алдыңғы  аяқта  алақан  сүйектері,  артқы  аяқта 
табан  сүйектері,  үшінші  бөлімше  алдыңғы  және  артқы  аяқтарда  болатын 
саусақ сүйектері. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет