1. Транзисторлардың классификациясы Транзисторлар негізгі екі класқа бөлінеді – биполярлық (БТ) және өрістік – (арналық) транзисторлар. Сонымен қатар, жартылай өткізгіштер қандай материалдан жасалғанына байланысты кремний немесе германий негізінде деп бөлінеді. Олардың: жалпы міндеті, компьютерлерде - күшейткіштер, электр кілттерінде, ажыратқыштар мен қосқыштар ретінде, т.б. қолданылады.
Биполярлық транзистор - үш электродты шала өткізгіш транзистордың бір түрі. Электродтар үш тізбектей орналасқан қоспа өткізгіштері кезектесетін үш тізбектей орналасқан шалаөткізгіш қабаттарына жалғанған. Осы кезектесу тәсіліне байланысты және транзисторлары ( (negative) – қоспалы өткізгіштің электронды түрі, (positive) – кемтіктік түрі) болады. Биполяр транзисторда негізгі заряд тасушылар ретінде электрондар мен кемтіктер («би» — «екі» сөзінен) алынады. Орталық қабатқа жалғанған электрод база деп атайды, сыртқы қабаттарына жалғанған электродтар коллектор және эмиттер деп аталады. Қарапайым сұлбада коллектор мен эмиттер айырмашылығы көрінбейді. Негізінде коллектордың негізгі айырмашылығы өткелінің үлкен аумағы, ал транзистордың жұмысына өте аз аумақ қажет. Активті режимде транзистордың эмиттерлі өткелі тура бағытта жылжытылған (ашық), ал коллекторлы өткелі кері бағытта жылжытылып қосылған. Анықтау үшін транзисторын қарастырамыз, ал транзисторы үшін барлығы да дәл осылай қайталанады, тек «электрондар» сөзі «кемтіктер» сөзіне ауысады және керісінше, сонымен қатар, барлық кернеулердің таңбалары керіге өзгереді. транзисторда эмиттердегі негізге тасымалдаушылар, электрондар.
Транзисторлардың классификациясы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. Транзисторлардың классификациясы
Төмен жиілікті (ТЖ)
ТЖ дыбыс қосымшаларына арналған транзисторлар (100 кГц-тен төмен)
Жоғары жиілікті (ЖЖ)
Арнайы жоғары өнімді радиожиілікті өңдеу үшін арналған транзисторлар, (100 кГц-тен жоғары)
Қосқыш
Сызбаның барлық компоненттерін қосып, ажыратады
Шуы аз
Амплитудасы кішкентай сигналдарды күшейту үшін, шуы өте аз сипаттамасы бар транзистор
Қуаты орташа кернеу деңгейлері жиі қолданылатын транзисторлар, соңғы сатыда істеуге арналған транзисторлар
2. Биполярлық транзисторлар Биполярлы транзисторлар үш кезектелген электрондық () немесе кемтіктік () өткізгіштік аймақтардан тұрады. Олар және типті болып ажыратылады. Биполярлық транзистордың ортаңғы облысы база, қалған екеуі эмиттер және коллектор деп аталады. База, эмиттер мен коллектордан тиісінше, эмиттерлік және коллекторлық ауысуларымен бөлінген. Биполярлық транзистордың жұмыс істеу принципі база арқылы өтетін негізгі емес заряд тасушылардың ағынын бақылауға негізделген. Эмиттерлік ауысу тура бағытта ығысқан және ол негізгі емес заряд тасушылардың инжексиясын (итерілуін, ендірілуін) қамтамасыз етеді, ал коллекторлық ауысу кері бағытта ығысқан, ол эмиттер итерген негізгі емес заряд тасушыларды жинап алуды қамтамасыз етеді. Биполярлық транзисторлар негізінен электр сигналдарын өндіруге, күшейтуге арналған. Транзисторлар физикалық және басқа да параметрлеріне байланысты төмен (-ке дейін), жоғары (-ке дейін), аса жоғары жиілікті (-тен жоғары), аз қуатты (шектік жұмсалу қуаты 1 Вт-қа дейін), үлкен қуатты (шектік жұмсалу қуаты 1 Вт-тан жоғары), жоғары және төмен кернеулі, дрейфтік, т.б. түрлерге бөлінеді. Транзистор қазіргі кездегі микроэлектроника құрылғыларының негізгі элементі болып табылады. Қазіргі кезде транзисторлар өмірімізде түпкілікті орын алды. Аналогты және сандық құралдар құрамында бола отырып, олар электр құралдарының негізі болып саналады. Ең бірінші транзистор алтын фольгасына оралған үшкір пластиктен, аз мөлшерде германийден тұратын. Басында бұл құрал арқылы тек радио тыңдалды.
Биполярлық транзисторлар әдетте, кремний немесе германий материалдарының түйіндерінде немесе ауысуларын қамтиды. Түйіндер іс жүзінде, қоспасы бар кремнийдің бір бөлігі сызбада көрсетілген. Жартылай өткізгіштердің ішінде кейбір қолайсыз қоспалардың енуіне кедергі жасау үшін диффузиялық қоспа, фотографиялық тәсілдер қорғайтын материалдың қабаты алынады. Кремний транзисторларының германий транзисторларымен салыстырғанда қолданатын жерлері әлдеқайда көп, әсіресе, жоғары температурада, олай болса, германий құрылғылары қазіргі кездегі электрондық құрылғыларда сирек кездеседі.
1-сурет
ауысуларының символдары мен жеңілдетілген үлгілері 1-суретте келтірілген. База аймағының (транзисторлары үшін -типті материал немесе -типті материал транзистор үшін) өте тар екенін айта кету керек.
2-сурет
1-сурет пен 2-суреттерде және транзисторларының құрылымдары (конструкциясы) келтірілген.