Қондырғы жарық көзінен, поляризатор мен анализатордан тұрады. Поляризацияланған жарық интенсивтігі анализатормен беттестірілген фотоэлементке жалғанған люксметрмен өлшенеді (5-сурет).
1. Анализатор лимбасын a =00 қою керек. Поляризаторды өз осіне қатысты айналдыра отырып, люксметрдің максимал көрсетуін анықтаймыз. Осыдан кейін поляризаторды қозғамау керек. Лимбаның осы жағдайы санақтың басы ретінде (нольдік) алынады (a =0, I=I0 ).
2. Анализаторды өз осіне қатысты айналдыру арқылы әрбір 300 сайын люксметр көрсетуін жазып отырамыз.
3. Лимбаның толық бір айналысы 3600 екенін ескере отырып, өлшеу
жұмыстарын үш айналысқа орындаймыз.
4. Бақылау нәтижелерін кестеге жазып, жарықталудың орташа тәжірибелік мәнін есептеу керек.
5. формуласымен жарықталудың мәндері есептеледі.
6. Жарықталудың тәжірибелік орташа мәнінің анализатордың бұрылу бұрышына тәуелділік графигін салу керек: Х осі бойымен a бұрыш мәндері, Y осі бойымен тәжірибе бойынша жарықталудың Iорт орташа мәндері алынады.
7. Жарықталудың есептелген мәндері бойынша график салынады. Жарықталудың тәжірибелік және есептелген мәндерінің графиктері бір диаграммада салыну керек.
кесте