Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі



бет2/20
Дата20.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#108995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
fizika zerthanal k zhum ska adistemelik nuskau

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
әдістемелік нұсқау

Оқу үрдісі барысында әр студент оқу бағдарламасында жоспарланған зертханалық жұмыстарды орындап, тапсырулары тиіс.


Зертханалық жұмысты орындап, тапсырулары үшін төмендегі нұсқауларды орындауы тиіс:

  1. Жоспар бойынша орындалмауға тиісті зертханалық жұмыстың теориясы, жасалу әдісі дәптерге конспектілеп көшіріп алу керек.

  2. Жасаған конспект бойынша студент қысқаша баяндап, жұмысты орындауға рұқсат алу керек, яғни зертханалық жұмыстың атын, мақсатын, керекті құрал-жабдықтарды, орындалу ретін және жұмыс формуласын білу керек. Жұмыс формуласындағы физикалық шамаларды қалай өлшеуін немесе қалай анықталатындығын білу керек. Осы талаптарды орындаған студентке жұмысты орындауға рұқсат беріледі.

  3. Жұмысқа рұқсат берілгеннен соң 2 немесе 3 студент бірге осы зертханалық жұмысты орындаулары керек.

  4. Жұмыс орындалғаннан кейін алынған мәліметтер бойынша есептеу жұмыстары жүргізіледі.

  5. Есептеп болғаннан соң нәтижесін оқытушы тексереді.

  6. Жұмыс дұрыс орындалған болса, барлық есептеу жұмыстары мен нәтижелер кестеге толтырылып жұмысты қорытындылайды.

  7. Ең соңында зертханалық жұмысты әр студент жеке қорғаулары тиіс.

Зертханалық жұмыстарды орындау барысында техника қауіпсіздігі сақталу керек.



ФИЗИКА КАБИНЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.  Зертханалық жұмысты оқытушының қадағалауынсыз орындауға болмайды.
2.  Оқытушының рұқсатынсыз зертханалық жұмысты орындауға кірісуге болмайды.
3. Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды оқытушы-ның нұсқауы бойынша орналастыру керек.
4.  Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоюға болмайды.
5.  Жұмысқа кірісер алдында мақсаты мен нұсқауларын мұқият оқу қажет.
6.  Электр тізбегін құрастыру, жалғау, монтаждау және электр приборларды ремонттау токкөзі ажыратылған кезде жасалуы керек.
7.  Ток көзін оқытушының рұқсатынсыз қосуға болмайды.
8.  Ток көзіндегі және тізбек бөлігіндегі кернеудің бар екенін прибормен 
тексеру керек.
9. Сымдардың изоляциясы бүтін болуын қадағалау қажет.
10. Бақылау және өлшеуді орындағанда, ашық сымды қолданбаған дұрыс.
11. Конденсаторға ток көзі ажыратылған соң да тиісуге болмайды, оны зарядсыздандыру керек.
12.Приборлардың бұзылғанын байқағанда ток көзінен ажыратып, оқытушыға хабарлау керек
13. Сынап организмге қауіпті, сондықтан термометрді дұрыс қолдана білген жөн.
14. Шыныдан жасалған приборлармен жұмыс істегенде, сақ болған жөн.
15. Жұмыс орнын оқытушының рұқсатынсыз бос қалдыруға болмайды.
17. Жұмысты аяқтағаннан соң құрал жабдықтарды орнына қойып, жұмыс орынын жинау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет