Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі е



бет2/4
Дата20.02.2023
өлшемі77,02 Kb.
#69437
1   2   3   4
Хронологиялық шеңбері. Курстық жұмыстың тақырыбы негізінен XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы,құрылуы және территориясы, сонымен қатар басқару жүйесі зерттеліп, Ақ Орда мемлекетінің жорықтары мен сыртқы қарым-қатынасы жеткізіледі.
Мақсаты: Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихының зерттелуін, ел басқарудағы, сыртқы қарым қатынасындағы ерекшеліктері қаралады. Ақ Орда мемлекетінің сыртқы қарым-қатынастарын зерттей отырып, геосаяси орнын анықтау, сонымен қатар Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихын жан-жақты қарастыру. Белгіленген мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды.
Міндеттері:
-Ақ Орда мемлекетінің құрылуы және территориясын анықтау;
-Ақ Орда мемлекетінің мемлекеттік басқару және саяси құрылымын талдау
-Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамын сипаттау;
-Ақ Орда мемлекетінің дамуы жөнінде ашып айту;
-Ақ Орда мемлекетінің құлдырауы және құлауы себептерін анықтау;
Тарихнамасы: Қазақстан тарихының II-томында көрсетілгендей М.П.Вяткиннің еңбектері Жошы ұлысының Шығыс бөлігін зерттеудегі жаңа тарихнамалық кезеңнің басталуын көрсетеді. П.П. Ивановтың Очерки по истории Средний Азий (XVI-середина XIX веков)еңбегінде XII-XIV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың қысқаша тарихын Ескендір Анонимі негізінде тоқталып өтеді. Хандарға сипаттама береді. Зерттеуші Ақ Орданың құрылуы мен оның саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай арнайы зерттелмегеніне мән береді .
М.П. Вяткиннің Очерки по истории Казахской ССР еңбегінде Жошы ұлдарының ұлыстарының шекаралары шамамен көрсетіледі, негізгі Жошы ұлыстарының атына мән беріледі. Ақ Орда мемлекеттік статус беріп, тәуелсіз саясат жүргізді деп көрсетеді. Қазақстан тарихының II- томында көрсетілген Белая Орда и ее падение еңбегі алғаш рет Жошы ұлысының тарихы комплексті түрде барлық белгілі деректер мен зерттеулер негізінде-құрылуынан ыдырауына дейінгі тарихы қарастырылды деп айтылады. Еңбекте Ақ Орда тарихы да қаралды. Ақ Орда тарихына Жошы мемлекеті тарихымен бір контексте қарау тұрғысынан келді. Онда Ақ Орданың тарихи географиясы мен халқының этникалық құрамы мәселелері зерттелді .
Қазақстан тарихының II-томында бұл мәселенің сенін бұзғандар К.А. Пищулина және Н.Н. Мингуловтар болды деп айтылады. К.А. Пищулина әйгілі «Бахр ал-асрар» және Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди»негізінде «Қазақ хандарының Ақ Орда хандарымен династиялық үрдіс жалғастығын» айқындап, Ақ Орданы «Қазақ мемлекетінің алғашқы үлгісі»деп жазды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет