ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТИРЛІГІ «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ Тақырыбы: «Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойы»
Сынып: 10 «В»
Дайындаған: Нуржамилова Ш.М.
Алматы-2022 жылы Ашық тәрбие сағаттың тақырыбы: «Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойы».
Ашық тәрбие сағаты 10 «В» сынып Мақсаты: Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру. Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру.
Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: суреттер, кітаптар мен баспасөз материалдары бойынш көрме, бейнежазбалар, презентация.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Өмір жолымен таныстыру.
2. Сұрақ-жауап сайысы.
3. Жары Халимамен қалай танысқанытуралы бейнерлик көру (10 минут).
4. «Махаббат қызық, мол жылдар» романы туралы қысқаша бейнеролик (1 минут.)
5. Жастарға арналған өсиеттері.
6. ПОПС (ПТМС) формуласы кері байланыс.
І. Кіріспе бөлім 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің бүгінгі «Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Дәуірдің кеменгер қаламгері әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейінен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы болады.
Әзілхан Нұршайықов ел басына күн туған сәтте қолына қару алып, оқ пен оттың арасында елі үшін соғысты. Әзілхан Нұршайықов жалынды жырларымен майдангерлердің рухын көтерген жауынгер — жазушы. Әзілхан Нұршайықов қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі.
Биыл Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері атанған ұлы тұлғаға 100 жыл толады. Өзінің сүрелі ғұмырында артына өшпестей із қалдырған жазушы мәңгілік ел жадында сақталады.
Бүгін біз Әзілхан Нұршайықовтың өмірі және шығармашылығы жайында ақпарат аламыз. Сабақ барысында сол мәліметтерді қортындылау мақсатында сұрақтар қойылып және де біздерге қалдырған өсиеттерін мәнерлеп оқып, сайыс өткізетін боламыз.