II.Негізгі бөлім 1. Өмір жолымен таныстыру ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов - 15 желтоқсан 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Поэзияға қадамын 14 жасында бастаған. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды.
1941 – 1945 жылдары — Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері, әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық, облыстық газеттерде басылды.
Соғыстан кейін 1949 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін (ҚазМУ-ды) бітірген. Әзілхан Нұршайықов еңбек жолын мұғалім болып бастаған.
Жұмыс жасаған жылдары
1947-48 жылдары Семей облысында «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары,
1948-49 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі,
1949-53 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі,
1956-61 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орынбасары,
1961 -63 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Социалістік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
1968-73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі,
1973-79 жылдары ҚР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген. Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.