3.Жары Халимамен қалай танысқаны бейнеролика көру (10 минут). 4. «Махаббат қызық, мол жылдар» романы туралы қысқаша бейнеролик (1 минут.) 5. Жастарға арналған өсиеттері Қыздарға арналған өсиеті (видео)
3 топқа берілген тасырма, Әзілхан Нұршайықовтың өсиеттерін интернет желісінен іздеп, тауып мәнерлеп оқып беру. Қыздар-қыздардарға арналған өсиеттерін, ұлдар-ұлдарға арналған өсиеттерін. 3 топтан, 2 оқушыдан шығып, мәнерлеп оқып береді.
III.Қорытынды. 6. ПОПС (ПТМС) формуласы кері байланыс Бірінші сөйлем. «Менің ойымша,…»
Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем. «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …»
Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім. ».
Жауынгер — жазушы Әзілхан Нұршайықов еліне қосқан елеулі еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қазақтың бір туар азаматы, еліне ерен еңбек сіңірген қайраткер.
«Кісі кемшілігін көруге емес, түзеуге әуестен» -дей отырып, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.