Байланысты: Тәрбие сабақ, Әзілхан Нұршайықов (10 В)
Шығармашылығы Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы «Алыстағы ауданда» 1956 жылы жарық көрген. Осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары «Тың астығы» 1958 жылы, «Ертіс жағасында» 1959 жылы, «Жомарт өлке» 1967 жылы жарияланды.
Жастардың өмірін, арманға толы ой-сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикалық повестері «Махаббат жыры» (1964), «Әсем ( 1966), Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігін паш еткен «Махмет Қайырбаев» (1967), «Батырдың өмірі» (1969), замандастарымызды интернационалдық рухта тәрбиелейтін «Тоғыз толғау»( 1977), «Невель түбінде» (1977) жинақтары жарық көрді.
Қалың көпшілікке етене жақын «Махаббат қызық, мол жылдар» романы (1970) мен «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығармашылығының шырқау биігі саналады.
Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сүйіп оқитын махаббат гимніне айналды.
Ал екінші роман‑дилогиясы аты аңызға айналған ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған.
2000 жылы жазушының тағы да екі туындысы жарық көрді. "Қаламгер және оның достары" деген эпистолярлық романы мен "Өмір өрнектері" атты күнделік - роман эпопеясының бірінші кітабы. Осы күнделік – роман эпопеядан жазушының кім екенін терең танып білуге болады.
Біріншіден – еңбекқор, ол қайда жүрсе де, шығармаға ерінбей еңбектеніп, қажетті материал жинайды. Бар уақытын жазу, оқу қаракетіне жұмсайды.
Екінші қасиеті-адалдық, адамгершілік, әділдік, шындық.
Әз - ағаның өзіне қоятын басты талабы - тәртіп. Сол себептен тәртіп - адалдық арқаны деп біледі. Ұстанған өмірлік мақсаты - өзге үшін өмір сүру. Ел үшін етер ісіңді тіріңде тиянақтап, тындырып кет !" Өмір сүрудің мәні осында деп біледі.
Аудармалары Орыс тілінде «Песня любви» (1965, 1975, 1982);
«Истина и легенда» (1980), «Дорогой памяти» (1985) кітаптары жарық көрген.
Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды.
Бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне аударылған. Жазушының шығармалары негізінен Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді басты мақсат тұтады.