26
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап «тұлғалық бағдарлы педагогика»,
«тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғаға бағдарланған технология»
терминдері пайда болды.
«Тұлғалық-бағдарлы»
сөз тіркесі білім беру процесінде қолдануына
байланысты педагогикалық сөздікке ағылшынның
«person-centered»
(«тұлға
орталықты») және
«pupil-centered»
(«оқушы орталықты») сөздерінің
аудармасынан енгізілген. Олар К.Роджерстің гуманистік педагогикасы және
гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі болып табылады.
Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл
пікірлердің көптігі төмендегідей түсіндіріледі: кез келген оқытудың түрі
тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғаға бағдарланған
оқыту деп тануға болады.
Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы
барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын
тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді.
Тұлғаға жаңаша көзқарас 8-суретте ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: