23
ХХ ғасырдың 70-жылдарында жалпы орта білім беретін мектептердің
тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда Ф.Ф.Королев, М.М.Поташник
еңбектерінің маңызы зор болды. Жүйелік әдіс арқылы тәрбие жұмысын түрлі
деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін
Л.И.Новикова зерттеді.
Тәрбие жүйесінің өзегі мектеп ұжымы болып табылады. Ұлы педагог
А.С.Макаренко айтқандай, тәрбие жұмысы – бұл тәрбиелік іс-шаралар
ұйымдастырушының жұмысы.
Мектеп жасындағы тәрбиеленушілерге тәрбие беру жүйесі мектеп, отбасы,
әлеуметтік ортаның ынтымақтастығы негізінде құрылады.
Мектеп жасындағы тәрбиеленушілерге тәрбие берудің мақсаты – өзін-өзі
тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға
қабілетті, еркін, шығармашылығы дамыған, жаңашыл, креативті тұлғаны
қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: