Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-5. Тәрбиенің түрлері



Pdf көрінісі
бет15/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   299
Сурет-5. Тәрбиенің түрлері 
 
Экологиялық тәрбие 
– тұлға бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім 
жүйесін қалыптастырып, сол арқылы оның табиғатқа, қоршаған ортаға 
парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып, 
дамыту.
Құқықтық тәрбие 
– өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ережесін, 
белгілі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, сана-сезімі 
мол, белсенді, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-құлыққа қарсы күресетін, 
қоғамдық тәртіпті бұзушыларға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны 
тәрбиелеу. 
Экономикалық тәрбие 
– тұлғаны экономикалық білімдер негіздерімен 
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, 
бөлісу және тұтыну аумағындағы негізгі экономикалық қатынастарды 
тәжірибеде меңгерту. 
Дене тәрбиесі –
тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту 
процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты 
жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды 
қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Тәрбие 
түрлері
Экономикалық
тәрбие
Экологиялық
тәрбие
Адамгершілік 
тәрбиесі
Ақыл-ой
тәрбиесі
Еңбек
тәрбиесі
Эстетикалық
тәрбие
Құқықтық
тәрбие
Дене
тәрбиесі
Отбасы 
тәрбиесі


20
Отбасы тәрбиесі 
– болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның 
бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму 
ортасы. 
Отбасы тәрбиесі тәрбиеленушілердің отбасындағы адамгершілік негіздерді 
игеруіне, отбасы қатынастары мәдениетін, ұлттық отбасы дәстүрлерін, толық 
отбасын құру үшін денсаулықтың бірегейлігі түсінігін қалыптастыруына, 
балаларына тәрбие ықпалдылығын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен 
ынтымақтастық қатынас құруға, ата-аналардың өз міндетін табысты атқаруына 
ықпал ететін функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына бағытталған.
 
Тәрбие процесін оқыту процесімен салыстырғанда, кездесетін тәрбие 
жұмысының өзіндік ерекшеліктері: 
Бірінші ерекшелігі –
тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі. 
Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта, 
жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін 
сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану. 
Екінші ерекшелігі –
тәрбиенің ұзақ мерзімді процесс екендігі. Адам өмір 
бойы тәрбиеленеді, тәрбиеде тез табысқа жету мүмкін емес. Ол ұзақ уақытты, 
қажымай-талмай, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет 
ететіндігімен ерекшеленеді. 
Үшінші ерекшелігі –
тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы. 
1-сатыда:
отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп 
ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен
мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады. 
2-сатыда: 
этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами 
бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, 
орындау дағдысы қалыптасады. 
3-сатыда: 
дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы
мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі 
қарай тереңдеп дамуы іске асады. 
Бұл сатылар бір-бірімен тығыз байланыста өрбиді. 
Төртінші ерекшелігі –
тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа 
жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп 
берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып түсіндірілуі. 
Бесінші ерекшелігі –
тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. 
Сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен, 
ниетімен, өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлесім табуы жұмыстың 
нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Алтыншы 
ерекшелігі 
– 
тәрбие 
ісінде 
педагогтар 
ұжымының 
ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор.
Жетінші ерекшелігі –
тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, 
бағалау өте қиын процесс. Тәрбиеленушілердің қаншалықты білімді екендігін 
тез анықтауға болады, ал қаншалықты тәрбиелі екенін анықтау өте қиын. 
Сегізінші ерекшелігі –
тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет, бүгінгі мен 
ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы. 


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет