Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-бап. Мемлекеттік органдар және баланың құқықтарын қорғау



Pdf көрінісі
бет283/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   299
44-бап. Мемлекеттік органдар және баланың құқықтарын қорғау 


363
Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды 
өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
45-бап. Осы Заңды орындау кезінде дауларды шешудің сот тәртібі 
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға білім беру, 
оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау мен 
оған әлеуметтік қызмет көрсету, оның әлеуметтік бейімделуіне, әлеуметтік 
оңалуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды және (немесе) ол қатысатын іс-
шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіпте, баланың денсаулығына, мүлкіне келтіретін зиянды, 
сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге 
құқылы. 
46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы 
мемлекеттік баяндама 
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы 
мемлекеттік баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкілетті орган 
Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады және ол ресми басылымда 
жарияланады. 
47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың 
құқықтарын қорғау 
1.
Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерінің 
қорғалуына құқығы бар. 
2.
Баланың тұрып жатқан жеріндегі қорғаншы және қамқоршы органдар
аумақтық көші-қон қызметтері ата-анасының не өзге де заңды өкілдерінің бар 
екендігі және олардың тұратын жері туралы мәліметтер алуға жәрдемдеседі
қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала 
құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге де 
ұйымдарға орналастырады. 
9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШІЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет