Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет279/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
 
6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 
 
31-бап. Мүгедек баланың толымды өмірге құқықтары 
1.
Мүгедек баланың қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін өз 
қадір-қасиетін қамтамасыз ету жағдайындағы толымды өмірге дені сау 
балалармен бірдей құқығы бар. 
2.
Мүгедек бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай 
білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық 
қызметтерге қатысуға құқылы. 
3.
Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды 
қоса алғанда, мүгедек балалар мамандандырылған балалар ұйымдарында 
медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы. 
 
 
32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік 
кепілдіктер 
1.
Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары 
мүгедек баланың денсаулық жағдайын, қажеттері мен мүмкіндіктерін ескере 
отырып, оны оқыту, кәсіптік даярлау, лайықты жұмыс тауып беру және 
жұмысқа орналастыру үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. 
2.
Мүгедек балалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, оларды 
кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жеке 
жүзеге асыратын және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заң 
актілері мен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін. 
33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттік көмек 


360
1.
Мемлекет мүгедек балаларды қолдауға бағытталған медициналық, 
құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады. 
2.
Мүгедек балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан 
Республикасының заң актілерімен белгіленеді 
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз).
3.
Мүгедек балаларды тәрбиелеуші және оларды күтіп-бағуды жүзеге 
асырушы ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек 
алуға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет