Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет3/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

 
 
 


6
АЛҒЫ СӨЗ 
 
ХХ ғасырда бүкіл әлем ауқымды өзгерістерді бастан кешіруде. Төрткүл 
дүние Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші 
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуының жаңа мүмкіндіктері» 
Қазақстан халқына кезекті Жолдауындағы: «Барлық жастағы азаматтарды 
қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. 
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім 
болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Педагогтарды 
оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» 
– деп көрсетілген 7-ші бағытының басты идеясы адами капиталды дамытуға 
бағытталған. 
Елбасының Жолдауында атап көрсетілгендей, өзінің тарихын, тілін, 
мәдениетін білетін, қоғамымыздың идеалына айналатын қазақстандық
жастарды тәрбиелеу ұстаздардың міндеті. Олай болса, барлық жастағы 
азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруда бізді 
ауқымды істер күтіп тұр. 
Осы тұрғыда, «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы – 
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне тәрбие жайында терең 
білім беретін пән.
Пәннің мақсаты:
тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру 
технологиясын, тәрбие процесінің негіздерін танып білуде болашақ 
мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып 
табылады. 
Пәннің міндеттері: 

студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының 
әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті 
меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту; 

студенттерде жалпы педагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: 
мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, 
диагностикалық, аналитикалық және т.б. қалыптастыру; 

студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз 
креативтілігін дамытуға ынталандыру. 
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығында Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және 
типтік оқу бағдарламасына сәйкес қысқаша лекциялар мен семинар-
практикалық сабақтар, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары 
(СОӨЖ), студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), глоссарий берілген.
Әрбір тақырып бойынша болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін 
қалыптастыратындай 
шығармашылық 
тапсырмалар, 
тест 
және 
ұлы 
ойшылдардың тәрбие тағылымдары жайлы ой-пікірлері жинақталған. 
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқулығы педагогикалық 
жоғары оқу орнының барлық мамандықтары бойынша білім алып жатқан 
студенттеріне арналады.


7


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет