Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет6/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299
 А.С.Макаренко
: «Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-
жақты дамыту» деген пікірді қолдаса, ал 
В.А.Сухомлинский
оны жүзеге 
асырды. 
Ұлы ұстаз
әл-Фараби: 
«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. 
Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық 
өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталды. 
Қазақтың кемеңгер-ағартушысы
А.Құнанбаев
талап, еңбек, терең ой, 
қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын 
қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты 
зиянды әдеттерді жоюға шақырса, ал педагог 
М.Жұмабаев:
«Көркем денелі, 


9
түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, 
әдемі түрден ләззат алып, жаны толқитындай болса, баланың дұрыс тәрбие 
алып шын адам болғандығы» – деп ерекше атап өтті.
Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы 
Тәрбие педагогика ғылымының категориясы ретінде нені білдіреді?
«Жас бала – жаңа өркен жайған ағаш тәрізді» – дейді халқымыз. Жерге 
отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңнен, жапырағы жайқалып, саялы 
ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді қажет етеді. 
Тәрбие адам қоғамының барлық кезеңдерінен орын алған. Осыған орай, 
«тәрбие» ұғымына берілген анықтамаларға сараптама жасап, оларды төмендегі 
кестеге сәйкес жүйелеуге болады (1-кесте). 
Кесте-1. «Тәрбие» ұғымына берілген анықтамалар 
 
Ғалымдардың
аты-жөні 
 
Анықтамалары
 
Әбу Насыр
әл-Фараби 
Тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. 
Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек... 
 
М.Жұмабаев
 
Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне 
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген 
сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл 
жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген 
мағынада жүргізіледі 
В.А.Сухомлинский 
Тәрбие – кең мағынасында, бұл рухани жағынан үнемі жетілу және 
баюда көпсалалы процесс 
Л.Н.Толстой 
Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... 
Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат 
көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі
 
Н.К.Крупская 
Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен 
жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала 
ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал 
кең мағынасында ...қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл 
жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді
 
К.Д.Ушинский 
...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана 
тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда 
күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, халық ...және оның тілі 
болады 
Т.А.Ильина 
Тәрбие – жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау 
мақсатын көздеп, оларға қоғамдық, тарихи тәжірибені ауыстыру 
процесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет