244
B) Пікірталас
C) Кейс-стади
D) Ашық сабақ
E) Эстафета
F) Спартакиада
G) Педагогикалық жағдаят
H) Саяхат
Тәрбие тағылымы
Махмұд Қашқари
( 1029-1101
ж.ш.т.
)
Ұлыдан ұлағат
Тәрбие басы – тіл, өнер алды –
тіл
Кішілік пен кісілік – ұлылықтың
белгісі
Ақылмен
арыстан
ұстауға
болады, ал күшпен тышқан да ұстай
алмайсың
Людвигван Бетховен
(1770-1827)
Білгенге маржан
Табандылық
–
ең
қиын
кедергілерді жеңу
12-тақырып. Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық
әрекеттестік технологиясы
Отбасы – сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын
құраушы
Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалпының қалыптаса бастауының
бастапқы ошағы – ана сүтінен, әке, ата тәрбиесінен тәрбиелік дәстүрлерді, әдет-
ғұрып пен адамгершілік қадір-қасиеттерді
балалық шақтан бастап бойға
сіңіретін отбасы.
Бала отбасындағы ересектердің әрбір іс-әрекетін,
өзара және басқалармен
қарым-қатынасын еліктей отырып қабылдайды. Сондықтан,
бала тұлғасының
245
сапалы қалыптасуы, отбасы өмірінің
тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру,
эмоциялық-адамгершілік тынысы, қалыптасқан дәстүрлері тәрізді салаларымен
тығыз байланысты. Отбасылық ахуалдың дұрыс болуы педагогикалық тәрбие
ықпалының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы
мен әсерін өмірдегі еш
нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, отбасы мүшелерінің
бір-біріне деген кісілік қарым-қатынасы,
эмоциялық сезімдері, ілтипат
ықыластары – отбасы тәрбиесінің негізгі күші.
Олай болса, «Отбасы» ұғымының мәні 82-суретте ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: