Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Сурет-82. «Отбасы» ұғымының мәні



Pdf көрінісі
бет190/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   299
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрілігі сынады

Сурет-82. «Отбасы» ұғымының мәні
 
 
Отбасы тәрбиесінің ықпалды болуы төмендегідей факторларға тікелей 
байланысты: 
1) отбасының әлеуметтік құндылығына;
 
2) балаға ересектер тарапынан қойылатын тәрбиелік талаптың бірлігіне;
 
3) отбасы ішіндегі қарым-қатынастың салиқалы болуына;
 
4) отбасылық дәстүрлердің қоғамдық талаптармен ұштасуына;
 
5) отбасындағы еңбекке деген қатынасқа;
 
6) отбасындағы эмоциялық ахуалға.
 
Отбасының белгілері: 
1)
отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі 
құқылы адамдардан біріккен ұжым;
 
2)
оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық міндеттері байланыстырып 
тұрады;
 
ОТБАСЫ
Ғасырлар бойы адам 
баласы тәрбиесінің 
құралы
Бала үшін ең жақын 
әлеуметтік орта
Баланың азамат 
болып өсуінің кепілі
Белгілі дәстүр, өнеге,
мұралардың 
сақтаушысы
Баланың өмір 
болмысын 
қабылдауға 
бейімделген сезім 
мектебі
Оқыту мен тәрбие 
жұмысындағы 
мектептің одақтасы


246
3)
ата-аналар мен балалар бір-бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері 
сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді;
 
4)
отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шаруашылық) және 
рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) процестермен 
сипатталады. 
 
Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға 
тікелей қатысымен анықталады.
 
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы 
ата-аналардың борышы.
 
Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар: 
-
Отбасының этникалық құрамы мен құрылымы:
толық, толық емес 
отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
 
-
Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары:
отбасы мүшелерінің 
білім дәрежесі, жалпы материалдық әл-ауқаты.
 
-
Отбасының мәдени әлеуеті:
тұрмыс мәдениеті, музыкаға бейімділігі, 
спортпен айналысуы, кино, театр, кітапханаға баруы, теледидар көруі.
 
-
Ішкі отбасылық қатынастар:
отбасындағы ішкі көзқарастың бірлігі 
және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
 
-
Отбасы мүшелерінің қоғамға көзқарасы:
еңбек және қоғамдық 
міндеттерге қатысы.
 
-
Отбасының тәрбиелік әлеуеті:
отбасы мүшелерінің адамгершілік 
қатынастары, өмірге деген көзқарастары, ата-ана және басқа мүшелердің 
педагогикалық мәдени дәрежесі.
 
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін 
ашқаннан бастап, сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабадан қалған 
асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. 
 
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұл 
балалар әкелері мен аталарының бойындағы қасиет пен өнерді үйреніп өскен. 
Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі 
кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, 
зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер 
қазір де баршылық.
 
Сондай-ақ, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз 
баланың тәрбиесіне аса үлкен назар аударған. Кәмелетке толғанға дейін 
бойжеткен болашақ отбасы өмірінен басты сабақ алады. Ол – ерінің адал жары, 
ана болу, отбасы беріктігін сақтау, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп 
жүргізу, қонақты лайықты қарсы алу және туыстарын сыйлап қадірлеуге 
дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, 
қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. 
Сол себепті «Шешесіне қарап қызын ал» – делінген. 
 
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап бой түзейді. Бүгінгі ұл – ертеңгі 
әке, ол әкеге қарап өседі. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, 
оны жалғастырып демеуші – ата-ана. 
 


247
Олай болса, мектептің сенімді одақтастарының бірі – отбасы. Отбасындағы
басты мәселенің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың 
тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-
әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.
 
Сондай-ақ, кейбір жас отбасыларда ата-аналар тарапынан жіберілетін 
кемшіліктер:
- отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқару, билеуден айырып, өз 
күші, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің 
төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
 
- баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік;
 
- отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы 
алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім 
болып өсуі;
 
- ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, оның 
қалыптасуына кері әсер етуі;
 
- ата-ананың баласына немқұрайлы қарап, жауапсыздық танытып, оның
кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
 
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен 
мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде отбасының дәстүрлері 
мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің 
ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді 
мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің негізі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет